«Зима 2025»

Моя родина Казахстан

Моя родина Казахстан. Я рада что здесь родилась,я люблю свою родину

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Кіші «і,и,й,ш » әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «і.и,й,ш» дыбыстары мен әріптерін таныстыру. «і.и,й,ш» дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. «і.и,й,ш» дыбысы мен әріптерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: «і.и,й,ш» дыбысытарына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту. Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу.

Тәрбиешілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдырландыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: талдау- жинақтау, сұрақ-жауап, эвристикалық, мақсатты әдіс.

Көрнекілік: Әріптер, сиқырлы қапшық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастырушылық кезеңі.

Шеңберге тұрып, қол ұстасып, «Дос болайық бәріміз» өлеңінің бір шумағын бірігіп айту.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз.

ІІ Өткен сабақты пысықтау

- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

- Дыбысты естиміз,айтамыз.

-Әріпті көреміз,жазамыз

-Балалар, менде сиқырлы қапшық бар, қапшықтан әріптер табасыңдар. Егер дұрыс айтсаңдар қол соғамыз,ал дұрыс болмаса аяқпен тарсылдатамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

*Кім жылдам?* ойынын ойната отырып,жұмбақтың шешуін табу.

Тұмсығына жібін байлап

Сүңгіп батып,сүңгіп батып, бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты

(ине)

Өзі төрт қанатты,

Және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақа ұқсайды

(инелік)

Жалғыз таяқ боп тұр,

Төбесінде доп тұр.

Бұл не?

(І әрпі)

-Ине,инелік, ірімшік, шана сөздері қандай дыбыстан басталады.?

- «.и,і,ш» дыбысына

-Балалар бүгін біз «і.и,й,ш» әріптерін жазамыз

Электрондық кітаптан сөздерді қайталау

И дыбысы сөздің басында, ортасында , соңында да кездеседі

«і.и,й,ш» дыбыстары бар сөздерді ойлату, буынға бөлу


Е Р Е Ж Е:

И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді,киік,қиын. Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады: үй, айна, қаймақ, оймақ.

И – дауысты, й – дауыссыз дыбыс.

ІV Сергіту сәті:

Орындарымыздан тұрамыз,

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз

4) Берілген сөздерді хормен оқыту

5) Ойын «Кім тез» ойнату. «і.и,й,ш» дыбыстарына сөздер ойлату

V Дәптермен жұмыс:

1) «і.и,й,ш» әріптерін ауада жазу.Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерлерді қиғаш қою ерекшелігін ескерту,әдемі жазуға бейімдеу.

2) «і.и,й,ш» дыбыстарының әріп таңбасын жаздыру.


VI. Қорытындылау

-Қандай дыбыспен таныстық?

-«і.и,й,ш» дыбыстары қандай дыбыс?

VI IБағалау

Әдемі, көркем жазған оқушыларды мадақтап, үлгілі дәптерлер көрмесін ұйымдастыру
























Пәні: Көркем жазу

Сабақтың тақырыбы: Кіші «і,и,й,ш » әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «і.и,» дыбыстары мен әріптерін таныстыру. «і.и,» дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. «і.и,» дыбысы мен әріптерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: «і.и,» дыбысытарына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту. Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу.

Тәрбиешілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдырландыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: жұмбақтар,сұрақ-жауап,ребустар,суретпен жұмыс.

Көрнекілік: Әріптер, сиқырлы қапшық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастырушылық кезеңі.

Шеңберге тұрып, қол ұстасып, «Дос болайық бәріміз» өлеңінің бір шумағын бірігіп айту.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз.

ІІ Өткен сабақты пысықтау

- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

- Дыбысты естиміз,айтамыз.

-Әріпті көреміз,жазамыз

-Балалар, менде сиқырлы қапшық бар, қапшықтан әріптер табасыңдар. Егер дұрыс айтсаңдар қол соғамыз,ал дұрыс болмаса аяқпен тарсылдатамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

*Кім жылдам?* ойынын ойната отырып,жұмбақтың шешуін табу.

Тұмсығына жібін байлап

Сүңгіп батып,сүңгіп батып, бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты

(ине)

Өзі төрт қанатты,

Және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақа ұқсайды

(инелік)

Жалғыз таяқ боп тұр,

Төбесінде доп тұр.

Бұл не?

(І әрпі)

-Ине,инелік, ірімшік, шана сөздері қандай дыбыстан басталады.?

- «.и,і,» дыбысына

-Балалар бүгін біз «і.и,» әріптерін жазамыз

Электрондық кітаптан сөздерді қайталау

И дыбысы сөздің басында, ортасында , соңында да кездеседі

«і.и,» дыбыстары бар сөздерді ойлату, буынға бөлу


Е Р Е Ж Е:

И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді,киік,қиын. Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады: үй, айна, қаймақ, оймақ.

И – дауысты, й – дауыссыз дыбыс.

ІV Дәптермен жұмыс:

1) «і.и,» әріптерін ауада жазу.Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерлерді қиғаш қою ерекшелігін ескерту,әдемі жазуға бейімдеу.

2) «і.и,» дыбыстарының әріп таңбасын жаздыру.

V Сергіту сәті:

Орындарымыздан тұрамыз,

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз

4) Берілген сөздерді хормен оқыту

5) Ойын «Кім тез» ойнату. «і.и,» дыбыстарына сөздер ойлату

VI. Қорытындылау

-Қандай дыбыспен таныстық?

-«і,и» дыбыстары қандай дыбыс?

Әдемі, көркем жазған оқушыларды мадақтап, үлгілі дәптерлер көрмесін ұйымдастыру

















Тексерді:










Күні : 27.09.2016жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Үлкен И, Ш, Й әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: И, Ш, Й дыбысы мен әрпін таныстыру. И, Ш, Й дыбысы бар сөздерге талдау жасау. И дыбысы мен әрпінің ұқсас Й әрпіненайырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылығы: Сурет бойынша сөйлеуге жетелеу.

Тәрбиешілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдырландыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: жұмбақтар,сұрақ-жауап,ребустар,суретпен жұмыс.

Көрнекілік: Әріптер, сиқырлы қапшық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңберге тұрып, қол ұстасып,

«Дос болайық бәріміз» өлеңінің бір шумағын бірігіп айту.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз.

ІІ Өткен сабақты пысықтау

- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

- Дыбысты естиміз,айтамыз.Әріпті көреміз,жазамыз

-Балалар, менде сиқырлы қапшық бар, қапшықтан әріптер табасыңдар. Егер дұрыс айтсаңдар қол соғамыз,ал дұрыс болмаса аяқпен тарсылдатамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

«Кім жылдам?» ойынын ойната отырып,жұмбақтың шешуін табу.

Тұмсығына жібін байлап

Сүңгіп батып,сүңгіп батып, бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты (ине)

Өзі төрт қанатты,

Және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақа ұқсайды (инелік)

-Ине,инелік, ит сөздері қандай дыбыстан басталады.?

-И дыбысына

-Балалар бүгін біз И ,й әріптерін жазамыз

Электрондық кітаптан сөздерді қайталау ит, ине, инелік, итмұрын, иіс, ителгі, итбалық.

И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі

И дыбысы бар сөздерді ойлату, буынға бөлу

Балалар, осы әріпке ұқсас қандай әріп бар?

- Й әрпі

«И» және «Й» айырмашылықтарын түсіндіру.




Е Р Е Ж Е:

И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді,киік,қиын. Дауысты дыбыстан кейінй әрпі жазылады: үй, айна, қаймақ, оймақ.

И – дауысты, й – дауыссыз дыбыс.

ІV Дәптермен жұмыс:

1) И,й әрпін ауада жазу.Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерлерді қиғаш қою ерекшелерін ескерту,әдемі жазуға бейімдеу.

2) И,Ш,й дыбысының әріп таңбасын жаздыру.

V Сергіту сәті:

Орындарымыздан тұрамыз,

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз

4) Берілген сөздерді хормен оқыту

5) Ойын «Кім тез» ойнату. И, Ш, Й дыбысына сөздер ойлату

VI Қорытындылау

-Қандай дыбыспен таныстық?

,Ш, й дыбысы қандай дыбыс?

Әдемі, көркем жазған оқушыларды мадақтап, үлгілі дәптерлер көрмесін ұйымдастыру




Тексерді:










Күні:04.10.16 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 «Ә»

Тақырыбы:Кіші г,ғ,һ әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға г,ғ, дыбыстары мен әріптерінің ұқсастығы туралы түсінік беру

г,ғ,һ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Г,ғ,һ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Г,ғ, һ

Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісі мен шығармашылығын дамыту. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:Сөздік,көрнекілік , сұрақ-жауап түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: г,ғ,һ, әріптері,электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа псиологиялық дайындау.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Бәрімізді құрметтеп

Бас иеміз біз.

Ережені еске түсіру. Дыбыс деген не,әріп деген не?

ІІ. Жаңа сабақ.Ой қозғау.

1)Жұпар иісі еседі

Жайнап бақта (гүл)

Г (гі)-дауыссыз дыбыс (ұяң)

-Гүл-сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2)Зымыранмен аспанға ұшады,

Жұлдыздарды зерттейді

Ол кім балалар?

(Ғарышкер)

- Балалар ғарышкер туралы біз не білеміз.

Ғарышкерлер ғарышқа,

Байқоңырдан ұшады.

Қарсы алады тағы да,

Біздің елдің құшағы

Ал енді ғарышкер сөзін буынға бөлейік?

Ға – рыш – кер – неше буын?

-Бағандағы сөздерді оқыту (5 оқушыға) және мағынасын түсіндіріп,буындарға бөлу.Тасымалдану жолын айт

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық.

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық.

Г,ғ,һ, әріптерін үлгі бойынша жазу.

ІҮ.Буыннан сөз құрау ойыны

Ма ге (стрелкамен сәйкестендіру)


Ше та Да ге

ға ла Қа на

Қар рыш Не ла

Ша ға Қар рыш

Не ла Ша ға

Да ге ға ла

Қа на Ға

Ша ла тақтаға сөздерді жазу.

Дәптерге жазып болған соң ойын ойнаймыз. «Ғарышқа үшу» ойыны.

Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп ескертіледі. Бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге жұмбақ жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға дағдыландырады.

Ү. Ребус шешу: Ж + аға (аға бейнесін салу)= Жаға Шешуі: (сандық, жаға, таға)

Ойын: «Сөйлемді толықтыру»

1. Өзімнен үлкен бауырым…..... (аға)

2. Қыз құлағындағы әшекей…... (сырға)

3. Атам ат…...... (тағалады)

ҮІ . Сабақты қорыту.

- Қандай дыбыспен таныстық?

Г,ғ,һ,р,п,т

Сұрақ-жауап (топтастыру)


г,ғ,һ әріптері


Сөз басында , ортасында, соңында (ғ) келмейді

дауыссыз




ҮІІ. Көркем жазған,сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау






Тексерді:




Күні:11.10.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә" Сабақтың тақырыбы: Кіші г,ғ,һ,р,п,т әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты:1) Білімділік: р, п, т әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету,р п,т дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту.2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза жазуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Табиғат көрінісі» плакаты, аңдар бейнелері, кеспе әріптер, ойынға қажетті құралдар, интерактивті тақта.

Әдісі: ойын, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

- Бүгінгі күн шуақты, осы шуақты күннің жылуын өз бойымызға аламыз, бір – бірімізге, айналамызға таратамыз. Осы жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім:

Ерте – ерте, ертеде алыс – алыс жерлерде «Ғажайыптар» мекені болыпты. Ол мекенде неше түрлі аңдар болыпты. Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты күзетеді екен. Ал ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап, жемісінен дәм тата алады екен. Бұл ғажайыптар мекені қазіргі кезде де бар екен, біз бүгінгі сабағымызда сол сиқырлы ағашқа барып, өз білімімізбен жемісінен дәм татсақ қайтеді?! Бірақ бізге аңдар кедергі келтіруі мүмкін, ал білімімізді көрсетсек олар бізді жібереді, тіпті жол көрсетеді. Олай болса сапарға шығайық.

Саяхатта бүгінгі,

Күннің нұры төгілді.

Аңдарменен дос болып,

Көрсетеміз білімді.

Жұмбақ шешу.

Тұрады ылғи сөреде,

Іші толған өнеге.

Кітап бізге жол көрсетеді.

1 – тапсырма. Кітаптың тапсырмасы.

Өткен сабаққа шолу жасау, сұрақтар қойылып, жауап алу.

- Дыбыстар деген не?

- Әріптер деген не?

- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысыз дыбыс дегеніміз не?

ІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.

Тік жардай түсті,

Шұбатылған Тұмсығы күшті.

Таситын жүкті, Бұл қандай мықты?

(Піл)

2 – тапсырма Пілдің тапсырмасы.

Сөздік диктант жазу.

Піл, орман, аң, құс, бұлақ, қарға.

Жұмбақ шешу.

Қатарда жоқ ,

Қаһарда бар.

Қалада жоқ

Шаһарда бар. (Һ)

Айдаһар –сөзіне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.

- Неше дауысты дыбыс бар?

-Неше буын бар?

Һ- дыбысының артикуляциясымен таныстырамын.

Қазақ тілінде бірден –бір көмей дыбысын таңбалайтын әріп.Һ дыбысын айтқанда дауыс шымылдығында діріл болмайды,ауа бөгетсіз,қарқынды шығады.Ол тілімізде бірлі- жарым одағайлар.( аһ уһ,еһ,аһа) және кейбір шығыс тілдерінен енген сөздерде гауһар ,қаһарман кездеседі.

Бағандағы сөздерді оқытамын: қаһар қаһарлы қаһарман

Жұмбақ шешу.

Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді. (Ақтиін)

3 – тапсырма. Тиіннің тапсырмасы. «Не өзгерді?» ойыны

П – б дыбыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Оқыту.

Доп – добы ------ көп – көбі -------- тап – табу ------- қап – қабы ------ жауап – жауа...

Топ – тобы ------- шөп – шөбі ------ шап – шабу ----- сап – сабы ------ талап – тала…

(Жазба дәптерге жазу)

Жұмбақ шешу.

Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал

Серейіп кеп тұрады. (Керік)

ІІІ. Дәптермен жұмыс: 4 – тапсырма. Керіктің тапсырмасы

Жазба жұмысы. Тақтаға Пәрпінің бас әрпін жазып көрсету, ауада жазу. П әріптерін дәптерге жазу.

П әрпі келетін сөздерге мысалдар ойлату.Сөйлем құрату.

ІҮ. Сабақты қорыту: - Бүгінгі сабақта не туралы өттік? Нелермен таныстық?

Бұл сабақта бүгінгі Күннің нұры төгілді.

Аңдарменен достасып, Көрсеттік біз білімді.

Ү. Бағалау: Жемістердің ішінен кірпінің алма жемісін алып, тарату. Оқушыларды марапаттау

Тексерді:



Күні:18.10.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Тақырыбы: Кіші және үлкен л,м,Л,М әріптерін жазу
Мақсаты:а) білімділік: Л л, әріптерінің жазылу элементтерімен танысу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: Әріптер жазылған плакат, суреттер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық.
- Рахмет балалар.
2. Қайталау.
- Балалар өткен сабақта не өттік? Қай дыбыспен таныстық?
- Ол қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Бүгін біз Л л әріптерімен танысамыз.



Қатаң

дауыссыз

Ұяң дауыссыз

Үнді

дауыссыз




3

Л,л

. Жаңа сабақ

1 - тапсырма:
Жасыл, сары, қызыл конвертке суреттер салынған, балалар өз қалаулары бойынша түс таңдап, суреттерді атап, буынға бөліп, сөйлемдер құрау.
2 - тапсырма:

Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)

 «-Ләйлік  лайға лайланды,

Лайланған  ләйлік, лайда отырып   жайланды.»

(Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу)

 -Жарайсыңдар.

3- тапсырма:

Көркем жазу дәптеріндегі үлгі бойынша берілген жазуларды әдемі, маржандай етіп жазу
4. Сергіту жаттығуы.
«Қара жорға» әуенімен билеп неше түрлі қимылдар жасау
5. «Ұшты - ұшты» ойыны
6. Қорытындылау.
- Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Мақта қыздың тапсырмалары ұнады ма?
Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту, бағалау.





Тексерді:


































Күні:25.10.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Тақырыбы: Кіші және үлкен л,м,Л,М әріптерін жазу
Мақсаты:а) білімділік: М м , Лл әріптерінің жазылу элементтерімен танысу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: Әріптер жазылған плакат, суреттер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық.
- Рахмет балалар.

2. Қайталау.
- Балалар өткен сабақта не өттік? Қай дыбыспен таныстық?
- Ол қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Бүгін біз М м әріптерімен танысамыз.



Қатаң

дауыссыз

Ұяң дауыссыз

Үнді

дауыссыз




3

М,м

. Жаңа сабақ
- Балалар мені мұқият тыңдаңдар:
Мамырда бар
Ақпанда жоқ
Қамырда бар.
Ақ нанда жоқ.
- Қай сөзде М м дыбысы естіліп тұр?
- Мамырда, қамырда
- М қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Дауыссыз
- Неліктен? Еріндеріміз бір - біріне тиіп, кедергі болып тұр. Тақтада ілініп тұрған суреттерді атап, сөздерді буынға бөліп, сөйлемдер құраймыз.
- Балалар, Мақта қыз дегеніміз кім?
- Ол ертегі кейіпкері
- Ендеше сол Мақта қыз бүгін біздің сабағымызға келіпті, оны қарсы алайық
- Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге арнайы ертегілер елінен тапсырмалар алып келдім, орындасаңдар сендерге жұлдызшалар беремін.
1 - тапсырма: «Жұмбақ шешу»
1 қатар: Инеліктің апасы
Ызыңдаған дыбысы
Шақса белгі салады
Қаныңды да сорады. (маса)
2 қатар: Қыста жылт - жылт етеді
Қолдан суық өтеді
Күн жылынып жылбырап
Су боп ағып кетеді. (мұз)
3 қатар: Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (мысық)
2 - тапсырма:
Сөздер жазылған карточкалар, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау
3 - тапсырма:
Жасыл, сары, қызыл конвертке суреттер салынған, балалар өз қалаулары бойынша түс таңдап, суреттерді атап, буынға бөліп, сөйлемдер құрау.

Тапсырмаларды орындап болған соң Мақта қызбен қоштасу.
- Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.
4. Сергіту жаттығуы.
«Қара жорға» әуенімен билеп неше түрлі қимылдар жасау
5. «Ұшты - ұшты» ойыны
6. Қорытындылау.
- Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Мақта қыздың тапсырмалары ұнады ма?
Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту, бағалау.





Тексерді:





Күні: 08.11.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: А әрпінің күрделі элементтерін жазу
Мақсаты: А әрпінің күрделі элементтерін жазуды үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін үйрету. Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту, дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа, бір-бірінің ойын түсінуге бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: саяхат-ойын сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, көрнекілік
Технологиясы: сын тұрғысынан оқыту
Көрнекілігі: көкөністер, жеміс, заттық сурет, А әрпінің жазба түрлері, себет.
Қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, бор, тақта.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі көркем жазу сабағы өзгеше өткелі отыр. II. Психологиялық дайындық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
III. Ой қозғау.
Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.
- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
- ( балалар өз ойларын айтады)
- Қандай аңдарды білетін едік.
- Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?
Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің сазайын тартқызайын» –деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп, өздері тұрып алыпты:
- Біз түлкіге көмектесеміз бе?
- Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап түлкіге көмектесейік.
1-ші аң түлкіге кездескен – қасқыр
Қасқырдың тапсырмасы: Қандай зат артық.
1) кітап, дәптер, қалам –оқу құралдары, доп – ойын құралы
2. Ұшақ, автобус, машина – көліктер, көйлек – киім
3. Төрт түлік – жолбарыс
4. Ыдыс-аяқ – банан
Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»
- келесі кедергіде тұрған аң – кірпі.
Ол «төрт түліктің төлін тап» деген тапсырма:
Қойдың тапсырмасы:
қой –қозы (буынға бөлу, сөйлем құрау)
жылқы-құлыншақ (жылқының пайдасы)
сиыр-бұзау (Сүтінен жасалатын тағамдарды ата)
ешкі-лақ (Пірі-Сексек ата)
түйе-ботақан (Бір өркешті түйе қалай аталады?)
Сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін»
Келесі кезекті аң – аю
Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
- оқушылар мына жерде күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністер бар, бірақ ол қай себетке барарын білмей тұр? Кәне ажыратайық
Ортақ қасиет
Дәруменге бай
Денсаулыққа пайдалы
Адамның ағзасына пайдалы
Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
- оқушылар біз жаңа қандай аңның тапсырмасын орындадық? – дұрыс аюдың.
Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы?
- алма, алмұрт, алхоры
Олай болса бүгін біз А әрпінің күрделі элементтерімен танысамыз..
-А әрпі қандай дыбыс ?
-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.
Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
Әріпті біз жазамыз, көреміз.
Сергіту сәті.
Қара жорға биін билеу.
Оқушылар серігіп болсақ қане, А дыбысының таңбалануымен танысайық, таңбасын біз әріп дейміз..
А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
Жоғарыдан –оң жаққа қарай имектелген көлбеу
- сол жаққа қарай имектелген көлбеу
белін қысқа сызықпен сызамыз – бұл бас әріп.
Толық құрсау дөңгелектенген және имектелген көлбеу сол жаққа қарай(а)
А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
Ауада жазу, тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
- Балалар А дыбысынан келетін біздің сыныпта ұл-қыздар бар ма?
Қане тақтаға бері қарайық. А әрпін бекіту


Тексерді:


Күні: 15,22.11.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен с Сәрпін жазу.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Кіші және үлкен с Сәрпін жазуға үйрету,
2. Дамытушылығы: Сурет бойынша сөйлемдер ойлап, әңгіме құрастыру. Сөзжұмбақтар шешуге үйрету. Баяндап жатқа жеткізе айту қабілеттерін қалыптастыру, диктант жазу.
3. Тәрбиелігі: Қазақтың салт - дәстүрлерімен танысу. (Тоқымқағар, Жас санау, Қозы жасы, Қой жасы, Жылқы жасы, Патша жасы)
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, буындар, буклет, Салт - дәстүрлер кітапшасы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, ертегі, сұрақ - жауап, құрастыру.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру.
- Қазіргі заманда адамдар қандай болып тұрғысы келеді. Бай.
- Басты байлық не? Денсаулық
Денсаулық туралы қандай нақыл сөздерді білеміз? Денсаулық - зор байлық.
Күн нұрындай шуақты да арайлы, Барлық байлық денсаулықтан тарайды.
Денсаулыққа нелер пайдалы дедік? Көкөністер
Тақтадан сөздер оқиық. Кезектесіп дыбыстық талдау жасаймыз, тақтаға жазу.
Сергіту сәті.
Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты күйге енем.
Асықпаймын үйге мен.
Жаңа әріппен танысып,
Жазу жазып үйренем.
II. Жаңа сабақ. Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды. Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді. Қандай дыбыс шықты? С С С. Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар әлгі бүктелген қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға көмектесіп оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Сс әрпінің жазбаша түрі түсіндіріледі. Ауаға жазылады.
Талдау үлгісі: Сабақ - са - бақ, -Са (-бақ) - буын, 5 - дыбыс 5 - әріп.

С-дауыссыз, қатаң

а-дауысты, жуан

б-дауыссыз, ұяң

а-дауысты, жуан

қ-дауыссыз, қатаң

ІІІ.Дәптермен жұмыс. Кіші және үлкен с Сәрпін жазу.

ІҮ.Тақтамен жұмыс.
Суретті сөзжұмбақ шешу.( Cағат, сона, сан суреттері )
5) «Балық аршу» ойыны (Шығармашылық тапсырма )
Бір қабығын алған сайын С дыбысы бар сөз тауып, оған сөйлем ойлап айту. Мысалы: Самат судан балық ұстады. Ол сазан екен. Балық өте семіз болды. Самат оны сатты.
-Балалар, сендер құраған сөйлемдер қалай орналасты. Не туралы айттыңдар?

-Сөйлемдегі сөздер өзара байланысып тұр. Балық туралы мәтін шықты.
Ү.Қорытындылау.
ҮІ.
Бағалау.

Тексерді:





































Күні:29.11.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:Кіші және үлкен е, Е әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Кіші және үлкен е, Е әріптерін жазуға үйрету
Сабақтың міндеті: Сауатты жазу және оқуға дағдыландыру; есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: жұмбақтар, түсіндіру, сұрақ – жауап, жеке оқушылармен жұмыс, тақтамен жұмыс, кері байланыс, ойын
Көрнекілігі: электронды оқулық, Е е әрпі, жазылу үлгісі

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру
1) Оқушылармен амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
- Сәлеметсіз бе!
2) Оқу – құралдарын түгендеу
- Кітап, дәптер, қалам, түсті қарындаштарын шығарту
II. Сергіту сәті
Жел үледі,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты
Жапырақтар қол соқты
IІІ. Жаңа білімді меңгерту. Жұмбақ жасыру(Жаңа өтілетін әріпті жұмбақ жасыру арқылы таптыру)
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайық тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(Ешкі)
Қалғиған қос құлақты, 
Теңбiл түрi көрiктi, 
Мекен жерi бұлақты, 
Бiлемiсiң… (Елiктi)
- Оқушылар осы жауаптар қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ендеше бәріміз Е деп айтып көрейікші
- Е дыбысы қалай айтылады?
- Созылып айтылады
2) Е е дыбысы туралы түсінік беру
Е е дыбысы дауысты дыбыс. Себебі ол созылып, тоқтамай айтылады. Е е дыбысын айтқанда дауысымыз жіңішкеріп естіледі. Е е дыбысы ерін арқылы айтылады. Сонықтан қысаң дауысты дыбыс. Е е дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында айтылады. Мысалы, емен деген сөзде е дыбысы сөздің басында және ортасында естіліп тұр. Немере деген сөзде е дыбысы сөздің ортасында және соңында естіліп тұр.
3) Е е дыбысының жазылуымен таныстыру
Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарап салынады: Е 
Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады: е
ІҮ.Суретпен жұмыс
Бұл суреттерге сөйлем құрау арқылы оқушылар ойын толық жеткізуге дағдыланады. Сөйлемді толықтай құрап үйренеді.Мысалы: Емен орманда өседі. Емен- үлкен ағаш. Ерді жылқыға мінгенде қолданады. Ол теріден жасалады.
V. Ойын «Мен – фотоаппаратпын»
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру
Тақтаға суреттер тобын іліп, оған 1 минуттай оқушылардың назарын аудару
Содан соң суреттерді алып тастап, есте қалған заттардың атын сұрау. Кейбір оқушылар байқамаған, есте сақтамаған сурет атауларын айтқан баланы мадақтау. Мұндай жаттығуларды үйде де жасауға болатынын ескерту
VI. Жазу дәптерімен жұмыс
- Е е дыбысының бас және кіші әріптерін ауада жазып үйретіп, қолдарын жаттықтыру
VII. Кері байланыс
Мақсаты: оқушылардың осы тақырыпта алған өз білімдерін бағалауға үйрету
Оқушылардың алдындағы қызыл және жасыл карточкаларды көтерту арқылы тақырыпты түсінген- түсінбеген оқушыларды белгілеп алу.
Жасыл түс – түсіндім
Қызыл түс – түсінген жоқпын
ҮІІІ. Қорытындылау
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Е е әрпінің жазылуы
- Е е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Мысал келтірту:2 – 3 оқушыны тақтаға шығартып, немере, еден сөздерін жаздыртып, дыбыстық талдау жасату
Немере – 6 дыбыс, 6 әріп, 3 буын
Н-дауыссыз,үнді

Е-дауысты. Жіңішке

М- дауыссыз,үнді

Е- дауысты. Жіңішке

Р- дауыссыз,үнді

Е- дауысты. Жіңішке





Тексерді:








Күні:24.11.2015 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы:Кіші және үлкен ё Ё әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Кіші және үлкен ё Ё әріптерін жазуды үйрету

2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
3. Балалардың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: қоржын, тақырыпқа қатысты суреттер, электронды оқулық,қызықты тапсырмалар
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Жаңа сабақ:  Бәріміз мына суретке назар аударайық!
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Ойыншық не үшін қажет?
- Матрёшка қандай материалдан жасалады?
- Оларды қалай жиыстырады?
- Өзіңе ұнайтын ойыншық түрлерін кім атап береді?
- «Матрёшка» өлең шумағын оқып беремін.
Матрёшка
Матрёшкалар сүйкімді
Бірінен бірі аумаған.
Бояуы сырлы мың түрлі,
Көрсеңіз,көзді жаулаған.
-
Ал мына суретте қай мамандық иесін көріп тұрсыңдар?
- (шахтёр)
- Осы сөзді буынға бөлейікші.
- (шах-тер)
- ё дыбысы сздің нешінші буынында кездеседі?
- (ё)
- Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
Ё дыбысы- екі дыбыстың (й+о)бірігуі арқылы жасалған. Ол Ё әрпімен таңбаланады.
(Ё дыбысының өз ана тіліміздегі сөздерде сирек кездеседі,).
«Мон-тер» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
- «Мон-тер» сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
- (7-дыбыс, 6-әріп, төрт дауыссыз, екі дауысты дыбыс бар).
- Неше буыннан тұрады?
- (екі буыннан)
- Неге?
- (себебі құрамында екі дауысты дыбыс бар).
Электронды оқулықпен жұмыс: қызықты тапсырмалар орындау
ІІІ. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу дәптеріміздегі Ё дыбысының әріп таңбасын бастырып жазамыз. Жазылғанда әріп таңбасы Е әрпіне ұқсайды, бірақ үстіне екі нүкте қойылатынын айтамын.

ІҮ. Сергіту сәті: Дидактикалық ойын «БУЫНҒА БУЫН ҚОС»
Қоржынға буындар салынады, балалар буындардан сөз құрастырып, оны дауыстап оқиды, сөйлем құрайды.
Ү. Қорытынды. 
- Бүгін қай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?
- Ё дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
- Ё дыбысының әріп таңбасы қандай дыбыстың әріп таңбасына ұқсайды?







































Күні:13.12.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Үлкен Үәрпін жазу.

Сабақтың мақсаты: Үлкен Ү әрпінің жазылуын үйрету,әріпке байланысты жаңа сөз ойлау.Суреткеқарап,мазмұнды әңгіме құрау,Балалардың ауызша ойлау дағдыларын дамыту.Дәптерге әдемі жаза білу,оқушыларды

әдемілікке,әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа ақпарат

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілік: интерактивті  тақта, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:       Ұйымдастыру   

Жаңа ақпарат. Екі айыр, бір бұтақ,                       Көлде жоқ,

Жапырақсыз тұр жұтап.                                           Гүлде бар.

Ойлан, қара дұрыстап,                                              Нөлде жоқ,

Қайсы әріпке тұр ұқсап?  (Ү)                                   Күлде бар.  (Ү)

ІІ. Жаңа сабақ: «Ү» дыбысының дыбысталуы

Ерін түтікшеге ұқсап, алға қарай созылып,тіл ауыз қуысының түбінде жатады да ұшы сәл сүйірленіп, жоғары көтеріледі.

«Ү» дыбысының жазылуын түсіндіру.Қосымша материалмен жұмыс.

«Г»-ден баста  мен кілең

Ажарымын өңірдің

«К»-ден баста  мен кілең

Қалдығымын көмірдің

«Т»-дан бастап  оқысаң

Аты аңыз қу аңмын.

«К» болса басқы әрпім

Езу тартып қуандық.          .    (Гүл-күл, түлкі-күлкі)

Ойын:  «Ү» пойызын жалға.

Мысалы: үй, үйрек, үзеңгі, үйшік, үміт, үлкен т.б.

( бір сөзге дыбыстық талдау жасау)

Үйрек  (2-буынды сөз,  5ә  5д)

Ү-дауысты, жіңішке

Й-дауыссыз үнді

Р- дауыссыз үнді

Е- дауысты, жіңішке

К- дауыссыз, қатаң

Дәптермен жұмыс.

Сен бақытты ұлансың

Анаң күнің,жүрегің,                                        

Әкең-өмір тірегің.                                                  

Сен бақытты ұлансың                                          

Бәрі саған қуансын!  

Бәрі саған қуансын!                                             

Сабақты қорытындылап,бекіту.

Тексерді:

Күні:20.12.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Ұ,У,Ү дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ұ,У Үәрпі туралы білім беру. «У»дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуінің себебін тілдік мысалдарды байқату негізінде түсіндіру.Ұ,У дыбысы бар сөздерді сауатты оқу және көркем жазуға үйрету.
Сабақтың міндеттері: а)Өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу. Оқу және жазу арқылы ойлау сөйлеу дағдыларын дамыту.

Ә)Топпен жұмыс істеуге, толлеранттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясының стратегиялары (вен диаграммасы, топтау, топта талқылау)
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекіліктері: суреттер
Сабақтың барысы:

1. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі
2. Қызығушылығын ояту кезеңі:
Вен диаграммасы арқылы әріптерді дыбысқа бөлу.
3. Мағынаны тану кезеңі:

- Ертеде, «Дыбыс» деген үлкен шаhар болыпты. Бұл елде дыбыстар өмір сүріпті. Дыбыстардың түрлері, дауысты дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері болыпты. Олардың тіпті өздеріне тән түстері, киімдері, таңбасы, сөз ішінде өз орындары болыпты.
«У»дыбысы өзінің дауысты не дауыссыз екенін ажырата алмапты. Өзін-өзі ажырата алмағандықтан, шаршағаны сондай «У»дыбысы қашып кетіпті.
Қане іздеп табайық.
Оқушылар: Ау-у-у, У қайдасың?
- Оқушылар тауға шығып іздепті. Тау етегінен мына қағазды тауыпты.

У

Дауысты Дауыссыз

Дауыссыздан кейін келген Дауыстыдан кейін келген


- Берілген сызбаға сәйкес ережені қайталау. У дыбысының қай кезде дауыссыз болатынын еске түсіру.Сонымен у дыбысы өзінің қай уақытта дауыссыз болатынын түсініпті.

Қуанып келе жатқан балалар жол жиегінде жайқалған бау-бақшаға кездесіпті. Қарындары ашқан балалар жеміс-жидек жемекші болады. Бағбан атай олардан жөн сұрасыпты.
Әңгіме үстінде бағбан ата балардан ана тілі туралы өлең шумағын сұрапты. Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін жатқа айтады.
Өсірген ой, білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мәнін бірігіп ашу.
- Тез жаттап алған балаға жеміс бермекші екен.
- Қане, жаттап алайық.
- Атай жаттаған балаларға жеміс және қалам беріпті.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу
Құстай ұшар,
Қанатты тұлпар

(ұшақ)
Ұшақ пен тік ұшақты көргенде қандай мамандық иелері естеріңе түседі?
Қазақтың ең алғаш ұшқышы кім екенін білесің бе?
4 Ой толғаныс кезеңі.
*Интерактивті тақтадағы мәтін суреті бойынша ұшақ және ұшқыш туралы түсіндіру.

Сөздік жұмыс.
Ұлт, мұрат сөздерінің мағынасын түсіндіру.
*Рефлексия
Интерактивті тақтада берілген сөздерді жаздырып, дыбыстық талдау жасату.
Ұрт құрт мұрт жұрт
ІҮ. Сабақты бекіту
Сөздік диктант
Ұшақ, ұшқыш, ұста, жұмыс, сұрақ, ұрпақ, құлын, құрық, құлақ, жұмбақ, уақыт,елеуіш,отау,оқу,жайлау,тәулік, уақыт
Сөздердің ішінен дауысты дыбыстардың астын сыз.
Ү. Сабақты қорыту.
- Сонымен қандай дыбыс туралы айтылды?
- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- У дыбысы бар сөз ойла, сөйлем ойлап тап.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.



Тексерді:














Күні:27.12.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу



































Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші «б, ф» әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: 1 Сабақта б,ф дыбысы мен әріпін көркем жазып, ол арқылы берілген сөздерді оқытып, жазып үйретумен бірге ф дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой –өрісін, тілін дамыту көзделеді.

2. Б,ф -әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлуді,дыбыстық талдауды белгілеуді үйрету.

3. Балаларды ұқыптылыққа, ептіллікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс. Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын түрі т,б.

Көрнекіліктер. Сызбалар, электронды оқулық

Сабақтың барысы. І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Оқушыларды толық сабаққа қатыстыру, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Өткен сабақтағы әріптерін қайталау. Оқушыларға әріптер

туралы жұмбақ жасыру. 1.Тырма жатыр қарайық,ұқсайды оған қай әріп.(Т)

2.Сақинаға қарайық,оған қай әріп.(О)

3.Екі тіреу басқышы біреу.(Н)

4.Түйе өркешіне қарайық,ұқсайды оған қай әріп.(М)

ІІ. Жаңа сабақ. -әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не
- Дауысты дыбыс қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
- Бүгін біз Б,ф дыбысымен танысамыз.
- Дауысты ма? Дауыссыз ба? дауыссыз
«Орамал тастамақ» ойыны. Б,ф әріпі кездесетін сөздер ойлап айту.
Талғат пен Қанат вакзалдың қасында келе жатқан әжейдің ауыр жүгін көтеріп, автобусқа шығарып салды.
Әжей – «Көп жасаңдар!» деп бата береді.
- Батаны әр уақытта береді. 
Дастарханға бата береді.
Өздерің қандай бата білесіңдер?
Жақсы болсын бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
Мақал
Арыстан: Үлкенге құрмет- балаға міндет.
Диас: Үлкен бастар, кіші қостар.
Үлкенге кешіріммен қарағаны,
Кішінің үлкендікке жарағаны
Айым: Үлкенді сыйласаң- қадірлі боларсың
Кішіні сыйласаң- құрметті боларсың.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып- ытқып жүгірді.
Жаңа сабақ: - Балалар сендер не естідіңдер?
(Шапалақтау, үстелді тақылдату т.б.)
- Дыбыс естідік.
- Дыбысты тағы фон деп те айтады. Дыбысты құралдармен де естиміз. Микрофон, телефон, магнитофон. (фон сөзін оқушыларға айтқызу)
- Фон сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? – Ф дыбысы- тіс пен еріннің жуысуынан жасалатын ызың қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Баспа, жазба түрін көрсету.
Жұмбақ: Алыстағы апаңмен,
Әскердегі ағаңмен
Сөйлестіріп тұратын
Бұл не? 
(Телефон)
Қос бүйірін таянып,
Тұратын қай әріп?
(Ф ф)
- Мына суретке қарап сөйлем құрайық.
Балалар футбол ойнап жүр.
- Футбол деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр. Ф әріпін ауада, тақтада жаздыру. Дәптерден Ф әріпін бастырып, әрі қарай толтыру.
Бекіту.
- Мынау не? (Құлақ )
- Құлақпен не естейміз? (Дыбыс)
- Дыбысты тағы қалай айтамыз?
(Фон)
- Дыбысты қандай құралдармен естейміз?
Микро
Теле
Магнито
- Ендеше «Телефон» ойыны ойнаймыз.
Екі бала телефон арқылы Ф дыбысына байланысты сөздер айтады.
- Балалар микрофон арқылы Ф дыбысына байланысты сөздер айтады.
- Балалар микрофон не үшін керек?
- Микрофонмен кім өлең айтып береді?
- Магнитофон не үшін керек?
(магнитофон өлең тыңдату)
- Фотоппарат не үшін керек?
- Суретке түсу үшін қажет
- Суретті тағы қалай айтамыз?
- Фото деп те айтамыз.
- Сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Ф –дауыссыз дыбыс
О- дауысты дыбыс
Т- дауыссыз дыбыс
О – дауысты дыбыс
-Фото деген сөз екі буыннан 4 әріптен, 4 дыбыстан тұрады. Ендеше , бүгінгі күннен естелік қалсын деп бәріміз фотоға түсейік.
Мадақтау
факс – хат алу телефон арқылы
фартук – оқушылық форма
фирма- өндіріс орны бірдеме шығарады фабрика, завод
филе- балықтың еті
ферма – бөлімше шару қожалықтары бар
кофе – шайдың бір түрі
фонтан- су атқылайтын бұрқақ
фокус- сиқыршы

Оқушыларға үлгі бойынша жазылған «Бб,Фф» әріптерін көрсетіп, әдемі жазуға жаттықтыру Б,ф-дыбысының әріп таңбасың 1-ші ауаға жазамыз, 2-ші тақтаға жазамыз,3-ші дәптерге жазамыз әдемі жазуға дағдыландыру.

ІІІ. Қортынды: Оқушыларға бүгінгі сабақ жайлы сұрақтар қойып толық жауап алу.

-Қандай дыбыспен таныстындар?

-Б,ф дыбысы дауысты ма? Дауыссыз ба?

ІҮ. Жақсы жазған оқушыларды мадақтау



















Тексерді:


Күні:10.01.2017жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен оО,өӨ, а әріптерін жазу.
Сабақтың мақсаттары:1) Білімділік: О,Ө, а дыбыстары және әріптерімен тереңірек таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.
2) Дамытушылық: О,Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Көркемдікке, әдептілікке баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, танымдық ойлау, талдау, топтау, интерактивтік.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Көрнекілігі: О, Ө әрпінің баспа және жазба түрі , электронды оқулық
Техникалық құрал: Компьютер, мультимедиялық кешен.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?
2. Өткен сабаққа шолу.
«Буын ұстау» ойыны.
Шарты: Доппен ойналады. Өзім алғашқы буынын айтамын, доп алған оқушы сөзді аяқтайды.
Ө-рік, ө-ріс, өр-кен,о-рақ, о-тын, ой-мақ.

3. Жаңа сабақ.
«Ой шақыру» Жұмбақ жасыру.
Шөлде бар, Орманда бар,
Суда жоқ. Ағашта жоқ.
Көлде бар, Оралда бар
Буда жоқ. (ө) Арманда жоқ (о)
Олай болса, балалар бүгінгі біз «Кіші және үлкен оО,өӨ әріптерін» жазамыз.
1. Көрнекілік бойынша о,ө әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасап, буынға бөлу. Өр-мек-ші.
(бәрі алдарындағы текшелерден көрсетіп отырады)
4. Дәптермен жұмыс. Жазу жұмысы.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ә,ө дыбыстарының таңбасын көрсету. (Ә,ө әрпін тақтаға жазып көрсету). Енді «Көркем жазу» дәптерімізді ашып, Ә,ө әрпінің бас және кіші әріптерін жазайық.

Буындарды, сөздерді оқыту. Сурет бойынша сөйлем құрату.

ІҮ.Сергіту жаттығуы. Әуенмен қимыл-қозғалыс.

Компъютер арқылы Ә,ө әріптерінің жазылуымен таныстыру.

Ә,ө әріптерінің бас және кіші түрін ауада, тақтада жазу.

Ә,ө дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Үлгі бойынша бастырып жазу.

5. Сабақты қорытындылау мақсатында «Паровоз» ойыны.
Ойын тәртібі: Оқушылар төртбұрыштың орнына, дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптер қойып оқу.
Ор -...(өр) оң-...(өң) тол-...(төл)
6. Бағалау. Жақсы жазған оқушыларды мадақтау



Тексерді:







Күні:17.01.2017 жыл






















Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші д,з,в әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты:
1. д,з,в дыбыстары және оның әріп таңбасымен таныстырып келіп, балаларды д,з,в дыбыстары бар сөз, Сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту)
3. Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз, 
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, 
Атсын күліп таңымыз!
ІІ. Мотивациялық - қозғаушы-«Миға шабуыл стратегиясы»
-Дыбыс деген не?
-Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Ал дауысты дыбыстар ше?
-Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?
-Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
-Ал біз әріптерді көреміз бе?
-Ал бүгін біз д,з,в дауыссыз дыбыстарымен танысамыз. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.
Бір атым бар-
Құлың болып тұмаған.
Құнан болып өспеген.
(Балалардың жауабы: «Велосипед»)

Бала біткен соғады, 
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары, 
Жерге түсер домалап. (доп)
Тиіп кетсе ән салған, 
Дауысына ел тамсанған. (домбыра)
От шашады жалындап,

Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)
ІІІ. Топтық жұмыс:

-Балалар, сабағымызды жалғастырайық. Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар.

І-топ:
1. Вагондар тұр ........... (тізіліп)
2. Володя тұр .............. (қызығып)
3. Вокзал басын............(қызықтап)
4.Валя да жүр ..............(сызылып)
ІІ-топ:

Зымыран, жұлдыз, қарбыз, зырылдауық суретін әр топқа беру. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

ІІІ-топ:

«Денсаулық - зор байлық» Тақырыбына эссе жаз

ІҮ. Өздік жұмыс. Сөздерден сөз құрау

I - топ. II топ. III - топ.

Достармыз Зырылдауық Вокзалда

Дос Қауыз вокзал

тас Зырыл зал

сор Ауыл дала

Ү. Дәптермен жұмыс.Партада отыру ережесін айтып өту.

Кіші д,з,в әріптерін ауада жазу, дәптерге жазу.

ҮІ. Қорытынды. “Сиқырлы таяқша”

Қолдарына таяқша ұстап « Кіші д,з,в» дыбысы бар сөздер айтып шығу

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Кіші д,з,в әріптерін қатыстырып, жұмбақ жазу

ҮІІІ. Мадақтау















Тексерді:










Күні:24.01.2017 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Үлкен З,В әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты:
1. Үлкен З,В дыбыстары және оның әріп таңбасымен таныстырып келіп, балаларды үлкен З,В дыбыстары бар сөз, Сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту)
3. Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:
Дос болайық бәріміз, 
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, 
Атсын күліп таңымыз!
ІІ. Мотивациялық - қозғаушы-«Миға шабуыл стратегиясы»
-Дыбыс деген не?
-Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-Ал дауысты дыбыстар ше?
-Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?
-Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
-Ал біз әріптерді көреміз бе?
-Ал бүгін біз
д,з,в дауыссыз дыбыстарымен танысамыз. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.
Бір атым бар-
Құлың болып тұмаған.
Құнан болып өспеген.
(Балалардың жауабы: «Велосипед»)


От шашады жалындап,

Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)
ІІІ. Топтық жұмыс:

-Балалар, сабағымызды жалғастырайық. Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар.

І-топ:
1. Вагондар тұр ........... (тізіліп)
2. Володя тұр .............. (қызығып)
3. Вокзал басын............(қызықтап)
4.Валя да жүр ..............(сызылып)

ІІ-топ:

Зымыран, жұлдыз, қарбыз, зырылдауық суретін әр топқа беру. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

ІІІ-топ:

«Денсаулық - зор байлық» Тақырыбына эссе жаз

ІҮ. Өздік жұмыс. Сөздерден сөз құрау

I топ. II - топ.

Вокзалда Зырылдауық

вокзал Қауыз

зал Зырыл

Ү. Дәптермен жұмыс.Партада отыру ережесін айтып өту.

Үлкен в,з әріптерін ауада жазу, дәптерге жазу.

ҮІ. Қорытынды. “Сиқырлы таяқша”

Қолдарына таяқша ұстап « Үлкен з,в» дыбысы бар сөздер айтып шығу

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Үлкен з,в әріптерін қатыстырып, жұмбақ жазу

ҮІІІ. Мадақтау


Тексерді:

Күні:31.01.2017 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші ь, ъ, ч әріптерін жазу
Сабақтың мақсаты: : Кіші ь, ъ, ч әріптерін таныту, меңгерту
Сабақтың міндеті: 1. Кіші ь, ъ, ч әріптері бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту
2. Кіші ь, ъ, ч әріптері бар сөздерді буынға бөліп жаза алуға, сөз ішінде жіңішкелік белгіні, айыру белгісін дұрыс пайдалануға дағдыландыру
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
Сабақтың түрі: жаңа
Әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік
Көрнекілігі: ь,ъ белгісі кездесетін заттар суреттері, электронды оқулық
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Жаңа сабақ 1) мағынаны тану
- ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
2) жұмбақ жасыру
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
3) ь, ъ белгісі кездесетін сөздермен таныстыру
- Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны
рояль – музыкалық аспап
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника

Разъезд-темір жол торабы

Подъезд-көпқабатты үйдің кіре беріс дәлізі

Сөздерге дыбыстық талдау жасату: подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
4) Суретпен жұмыс:Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті , подъезд, чемодан көтерген адамдар суреттері беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату
- мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату
Мына суретке көңіл аударайық. Бұл кісі Қажымұқан деген аталарың. Ол кісі французша күрестен әлем чемпионы атанып қазақтың атын алғаш рет әлемге танытқан. Ал, мына кісі Серік Қонақбаев. Серік Қонақбаев бокстан олимпиада жүлдегері. Серік Қонақбаев өздерің сияқты талай балалардың бокс спортына келуіне себепші болды. Енді, мына кісіге көңіл аударайықшы, бұл кісінің аты Мұстафа Өзтүрік. Мұстафа Өзтүрік шығыс жекпе – жегінің таэквондо түрінен 7 дүркін әлем чемпионы. Біздің қазақ жеріне алғаш таэквондо спортын тәуелсіздік алған соң алып келді. Бұл кісілер бір сөзбен айтқанда чемпиондар. Чемпион сөзі қандай дыбыстан басталып тұр.

5) Дәптермен жұмыс: Кіші ь, ъ, ч әріптерінің жазылу түрін көрсету
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу
- Кіші ь, ъ, ч әріптеріне берілген сөздерді жаздыру
- диктант жаздыру
IV. Сабақты қорытындылау
- Біз бүгін қандай әріптермен таныстық?
- ь,ъ,ч әріптері сөздің қай жерінде кездеседі?
Ү. 1) Үйге: мәтін құру. «Лагерде»

2) Мадақтау





Тексерді:





Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен ы Ы әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрену. Сурет бойынша әңгіме құруға үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз, 
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)
Суыр, сиыр, сәбіз
сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
ІІ. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық.
Жазу дәптеріндегі ы әрпінің үлкен, кіші түрлерін жазу. Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жасау. Ы әрпін үлгідегідей жол аяғына дейін жазу. Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ы дыбысының орнын табу. У, ы дыбыстарын қосып, буын, сөз құрау.
Ыдыс, мысық, қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды. 
Үлгі бойынша ы дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ы дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді. 
 
Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, 
Алдымнан жел еседі. 
Кіп – кішкентай бөбектер
Үп – үлкен боп өседі. 

Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. 
    Балаларға балық, қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады.
Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазғызылады. Мысалы: 1. Балық суда жузіп жүр. 2. Мысық мияулады. 3. Айнұр домбыра тартты. 4. Әжемде қайшы бар
-    
Әр сөйлемде неше сөз бар?

  1. Қорытындылау. 
    «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа бөлу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.

  2. Бағалау






















Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен к К, қҚ, ңҢ әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз к К әріптерін жаза білуге үйрету.

Міндеттері: 1 Кіші және үлкен к К әріптерін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

 2 Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

 3 Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, табиғатты қорғауға баулу.

Көрнекілік: интерактивті тақта,суреттер, қима қағаздар

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:ойын технологиясы,АҚТ,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Ал, енді балалар бір – бірімізге жылуымызды жіберейік.
- Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Бір - бірімізге күннің жылуын үрейік.
II. Жаңа сабақ.

Буынға бөлу: Көбелек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)

Бүгін к дыбысымен танысамыз.

  2. К- баспа әрпі көрсетіледі.  К-деп 3 рет айтып, тілдің ортасы таңдайдың орта шетіне нық жабысып бірден кілт ажырап кетеді.

      К – дауыссыз дыбыс, өз алдына буын жасай алмайды.

  3. Мынау не? –Мынау киіз үй. Сендер киіз үй туралы не білесіңдер ме? (Ол таулы жерлерде құруға ыңғайлы). Жаз мезгілінде тауда шопандар киіз үйде тұрады.

Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)

-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)
 Бағалау (мадақтау)
 Үйге тапсырма. К дыбысы. Кеме мәтінін оқу.
 Тосын сый (кітап

ІІІ. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
- Қыс.
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
- Қар жауады, күн аяз, боран болады,
- Ал осы жылымыз қалай аталады?
- Қой
- Дұрыс. Балалар, естимісіздер? Есік қағып тұрғандай дыбыс естілді.
- Балалар, бізге жедел хат келіпті. Қане ашып оқып берейін.
- Алфавитте неше әріп бар?
- 42.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді, қандай, ата?
- Балалар, К дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер? Атаңдар.
- Кілт, күн, көз, көзілдірік, көлеңке, көгершін, күз, көкек, көк, көрпе, көбелек, кірпі. Буынға бөлейік.(интерактивті тақтадан суреттерді көрсету)
ІV. Сергіту жаттығуы:
- Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.(отыру)
- Жарайсыңдар балалар, енді К,к дыбыстарын ауада жазайық.(ауада жазу)
Ү. Дәптермен жұмыс.
Сауат ашу дәптерлерімізді ашып, к,қ дыбыстарының бас әрпімен кіші әрпін жазамыз
ҮІІ. Терме диктант Бәйтерек (монументі)
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

ҮІІІ.Суретпен жұмыс: Суреттердің атын атап, дыбыстық талдау жасаңдар

1-тапсырма: «Ақ орда»
(
Суреттердің атын атап, дыбыстық талдау жасаңдар).
Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
2-тапсырма: «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

ІХ. Қорытындылау.1) -Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
-
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?

2) Бағалау

Үйге: «көлік» мәтін құра 
Бағалау












Тексерді:



Күні:21.02.2017 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші кК, қ Қ, Ңң әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды ң әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.

2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке ,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді.

Би билейміз ырғақты, ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты , сабақты.

ІІ. Жаңа сабақ.

А) Суретпен жұмыс:

-Балалар, суретте не бейнеленген?

-Қасқыр.

-Түлкі.

-Аю.

-Тиін.

-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Аңдар.

-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?

-Орманда. Олар жабайы жануарлар.

-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)

-Жоқ.

-Ендеше Аң сөзінде соңғы қандай дыбыс естіледі?

-ң (қайталап айту).

в)Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау

г)Сызбамен жұмыс: ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.







ІІІ.Сергіту сәті:

Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұқсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.

ІV.Жаңа сабақты пысықтау:

Сұрақ- жауап:

-Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?

-Сөздерді ,мәтінді оқығанда.

- Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а)Оқулықпен жұмыс

аң аң шы таң жа ңа жаң ғақ

оң қам шы тоң жа ңа лық жаң быр

-Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?

-Жазу жазғанда.

-Олай болса дәптерімізге бүгінгі жаңа ң әрпін әдемі етіп жазайық.

Ү . Шығармашылық жұмыс:

Әр оқушы жаңғақ, аң ,жаңа сөздеріне текшелерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жасау.

VІ. Тіл ширату сәті: Жаңылтпаш айту

1 Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыл шұңғыл.

2Атты таң,

Болма таң.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия:

-Балалар бүгінгі өткен әрпімізді басқа әріптеріміздің арасынан кім шапшаң тауып береді?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-ң дыбысымен

-Ол қандай дыбыс?

-дауыссыз

-Сабақ ұнады ма?

ҮІІІ. Мадақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан балдарды жүрекшелер арқылы бағалау.



Тексерді:








Күні:28.02.2017 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен н Н, ю Ю әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Кіші және үлкен н Н, ю Ю әріптерін сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, слайдтар мен флипчарттар

Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:

1 дегенім - жаман баға, алады оны жаман бала 
2 дегенім - нашар баға, інішегім нашарлама.
3 дегенім - орта баға, сапасы да орта баға
4 дегенім - жақсы баға, алады оны жақсы бала
5 дегенім - үздік баға, оқимыз тек үздік қана
(цифрмен көрсету)

ІІ. Жаңа сабақ: Сабақты «Ас атасы - нан» деген әңгімемен бастау
«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
—Мынау өсіп тұрған не? — деп сұрады.
—Наужан, бұл пісіп тұрған - нан, - деп, жауап берді әжесі.
—Нан болса, таба наны қайда?
—Таба нан да осы дәннің ішінде.
—Ал тоқаш ше?
—Ол да осы дәннің ішінде.
—Бауырсақ ше?
—Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.
—Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып
тұр? — деп Науан таңғалды.
«Ас атасы — нан, нан атасы — дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, — деді әжесі.
Бұл жерде мұғалім оқушылардың назарын нан, дән деген сөздерге аудара отырып, «н, Н»дыбысының әрпімен таныстырады.
Мұғалім оқушылардың суретке қарап, белгілі бір жүйемен әңгіме құрауларына басшылық жасайды. Мұнда да нанның қайдан келетіні жөнінде әңгіме болады.
«Наубайхана» туралы видео көрсету.
─ Наубайханада не дайындалады?
─ Наубайханада жұмыс жасайтын адамды қалай атайды?
─ Нан дастарханға қалай келеді?

- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ою.
- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол – О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс – Ю. Ендеше, балалар бүгін– Ю әрпін жазуды да үйренеміз. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю – дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)
Ю Й + У
ІІІ. Дәптермен жұмыс:Оқушылар жазу дәптеріндегі н,ю әрпінін жазып, қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмысын орындайды. Олар үлгі бойынша н , ю әріптерінің кіші және үлкен әріптерін жазып шығады.
Нан, аю сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Сөзді берілген жолға көркемдеп жазады. Осы әріпке құрастырылған басқа да сөздерді оқушылармен бірге талдауға көп көңіл бөлінуі тиіс.Ал, енді бәріміз де
«Әжеме көмек» ойынын ойнайық!
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін ,және Ю әрпі бар сөз жазайық.
ІҮ.Сабақты қорытындылау.
─ Бүгін қандай әріппен таныстық?
─ «Нанды қадірлеу» дегенді қалай түсінесің?
─ Нан өнімдерін ата

- Жұмбақты шеш.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
Ү. Үйге тапсырма: Ю дыбысы бар жұмбақ жаттап келу.
ҮІ. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. «Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.






Тексерді:











Күні:14.03.2017 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Үлкен Г,Ғ, Р,П,Т әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты: Жаңа әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту.

Білімділік : Үлкен Г,Ғ, Р әріптері бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Көркем жазу дәптеріне үлкен Г,Ғ, Р әріптерінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,қызығушылығын арттыру,еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиешілік: Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Электронды дқулық

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап; түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ:

Балалардың үлкен Г,Ғ,Р,П,Т әріптері-алдарында таңбалары жазылған әріптерімен шеңбердің ішінде тұрады.

Р әріпі жазылған бала Үлкен Г,Ғ,Р,П,Т әріптері таңбалары бар балаларға қосылмақшы болады. Р әрпінің таңбасы жазылған бала шеңберде тұрған балалардан сұрайды, сендер кімсіңдер?  

«Ғ» Ғасыр,ғылым ғаламшар,

 Ойлаған ғалым адамдар

 Ғарышкерлер ұшқанда

 Жасайды ғажап қадамдар

Мен «Ғ» әріпімін

Ал, сен кімсің?

 мен «Р» әріпімін

Ризамыз оқуға

 Ретімен тоқуға

 «Р»-ды айту қиын-ақ

  Кейбіреулер қорқуда

Г,Ғ бір-бірлерінен сұрайды бізге Р әрпі керек пе? Жоқ керек емес. А әрпі ойланып тұрып неге бізге Р әрпі керек емес?  Мысалы: Раушан, ара, тарақ, шар деген сөздерде  р әрпі бар. А әрпі дұрыс айтады бізге Р әрпі өте қажет. Қазір біз сол Р әрпімен танысамыз. Балалар орындарына отырады. Р әрпі дауыссыз дыбыс, р әрпін айтқанда тіліміз, тісімізге тиіп р дыбысы шығады.Тісімізге, тілімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз. Қолымызға айнаны алып өзіміз айтып көреміз.

Р әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кезігеді.       Р әрпі бар сөздерді айтамыз. Радио, домбыра, жаңбыр, көгершін т.б

ІІІ. Тапсырмалар орындау:

1-тапсырма: Әйгүл, қағаз  деген сөздерге дыбыстық талдау жасайық . мысалы: «Таяқ» деген сөзде 2 дауысты 2 дауыссыз 4 әріп, 5 дыбыс бар. 

2 тапсырма:  П,Т,Р,П,Т әрпі бар сөздерден сөйлем құрастырайық. Сөйлем бас әріптен басталып, сөздің соңында нүкте қойылады.

3-тапсырма : Үлкен Г,Ғ, Р,П,Т әріптері кездесетін суреттерді шеңбердің ішіндегі қызыл қалтаға саламыз, үлкен Г,Ғ, Р,П,Т әріптері жоқ суреттерді шеңбердің сыртындағы көк қалтаға саламыз.

- Бұл сөздер неліктен бас әріптермен жазылған?

  • Себебі: Жер-су аттары, кісі аттары, жануарларға қойылған аттар бас әріптермен жазылады.

  • Бұл арды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Жалқы есімдер  

 5-тапсырма  Дидактикалық ойын: Г,Ғ, Р,П,Т әріптері әрпі бар сөздерді айтқанда қол шапалақтау,Г,Ғ, Р,П,Т әріптері әрпі жоқ сөздерді айтқанда қолдарын төмен түсіру.

 ІҮ.Дәптермен жұмыс:Үлкен Г,Ғ, Р,П,Т әріптерін жазу, берілген сөздер мен сөйлемдерді көркем жазу.

Ү.Қорытындылау:

Бүгін қандай әріптермен таныстық?

Барлық әріп бағалы.

Айтып әділ бағалы.

Әріпсіз сөз болмайды.

Буын онсыз болмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды қолдайды.

ҮІ. Көркем жазған,сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау




Тексерді:


















Күні:12.04.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен Ц ц ,Щ щ дыбысы мен әрпі
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау. Кластер әдісі арқылы сайқымазақтың бейнесін құрату;
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, сөзжұмбақ, слайд, сайқымазақтың суреті, бейнеролик;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Біз бүгінгі сабағымыздың барлық тапсырмасын орындасақ, сабақ соңында бір бейнені құрастырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы: Щ дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) Щ дыбысы бар сөздерді айту;
ә) Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу
щи, борщ, а - щы, тұ - щы, щет - ка
б) «Щеткалардың айтысы» рөлге бөліп оқу
Сайқымазақтың бірінші бөлігін құрастыру
ІІІ. Жаңа сабақ: «Ц дыбысы мен әрпі»
- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна
Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц
«Ц» дыбысы – дауыссыз, қатаң дыбыс
Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?
Сайқымазақтың екінші бөлігін құрастыру.
Дәптермен жұмыс:
Ц әрпінің емлесімен танысу. Цәрпін жұмыс дәптерлеріне жазу
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жеке жұмыс:
Тез тапсырма орындаған балаға карточкалар таратып, ондағы сөздерге дыбыстық талдау жаса
Сайқымазақтың төртінші бөлігін құрастыру
Шығармашылық жұмыс:
«Концерт» тақырыбына әңгіме құрастыру
Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би
биледі. Балалардың өнері тамаша болды.
Сайқымазақтың бесінші бөлігін құрастыру
Сергіту сәті:
«Қарлы кесек» ойыны
Соңғы дыбысқа сөз ойлау
Айна, ағаш, шеге, етік
Сайқымазақтың алтыншы бөлігін құрастыру
Ү. Сабақты қорытындылау:
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц, Щ қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.
« Кім тапқыр?» ойыны
Түсіп қалған әріптерді орнына қой
... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент
а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...
Сөзжұмбақ шешу:
1. Көру мүшесі
2. Түрлі көкөніс қосып пісірілетін тағам
3. Циркке кім барды?
4. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз.
5. Құрылыс материалы.
6. Сайқымазақтың өнер көрсететін орны.
7. Астың дәмін келтіретін тағам
ҮІ. Үйге тапсырма: Ц ц Щ щ дыбысы мен әрпін оқу
Сайқымазақтың сыйлығын үйлестіру

 





Күні:19.04.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Б, Д әріптерін жазу
Сабақтың мақсаты:
1) Бб дыбысы мен әрпін меңгерту. Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату.
2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасату. Көркем жазуға дағдыландыру.
3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, «Балдырған» журналын үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, буындар, «Ойын – саяхат» жобасы,

дидактикалық материалдар, суреттер,
«Балдырған» журналы.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.

ІІ. Өткенді еске түсіру.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Е дыбысы.
- Е – қандай дыбыс?
- Е – дауысты дыбыс.
- Е дыбысына байланысты буындарды еске түсіріп, сөздер құрастырайық.
- Оқулықтан «Асқар» мәтінін кезек – кезек оқыту. (72 – бет)

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, уәде бойынша, мен сендерге қонақтың суретін көрсетейін. (Бақаның суретін тақтағы ілу).
- Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
- Б, Д дыбысы (баспа, жазба түрлерін көрсету).
- Б – Б – Б, Д (хормен айтқызу)
- Б , Д – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Б – Д дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу).
- Бақа ,доп сөзіне дыбыстық талдау жасау. (Оқушы назарын суретке аудару).

«Бақа мен бала».
- Бақа бізге келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:
Ал, бақалар, бақалар,
Бізде қызық ойын бар.
Қане, тәртіп сақтайық
Баспалдақты аттайық,
Баспалдақты басқанда,
Батыл атта, жасқанба!
- Баланың тапсырмасы: - Өлеңдегі б дыбысы естілетін сөздерді ажырату.

«Топтастыру».
Жануар ----------------- Адамның аты
(бота) ----------------------------- (Болат)
Өсімдік -------------------------------- Зат
(бәйшешек) ------------ (бағдаршам)
Жеміс – жидек ---------- Оқу құралы
(банан) ----------------------------- (бор)

- Баламен қоштасып, бақа әрі қарай жүреді.
- Бақаның өлеңін жаттау.
Бәрі жақсы ананың
Бәрі де оның керек – ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек – ау.
- Қане қай қатар тез жаттады екен?
- Әндетіп келе жатқан бақаның алдынан су шығады. Бақаны, өздерің білесіңдер, суды да жақсы көреді ғой. Сондықтан ол суға түскісі келеді. Ал оны балықтар суға түсірмейді. Қане, бақаға тезірек көмектесейік. Ол үшін кітабымызды ашамыз.

IV. Оқулықпен жұмыс. (74, 75 – беттер)
1. Хормен оқыту. Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру.
ба қа, бо та, бө рік
ба лық, Бо лат, кө рік

2. Берілген мәтінмен талдау – жинақтау жұмысын жүргізу.
Мәтіннен б дыбысы бар сөздерді табу, буынға бөлу.
3. Бақшада (суретпен жұмыс)
б) «Не өсірді? Кім өсірді?» ойыны. (Бақша өнімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қайталау. Не? кім? сұрақтарын ажыраттыру)
- Міне, бақа сендерге риза болып жатыр. Бақа су ішіп, біраз сергіп алды. Қане, бақамен бірге бізде сергіп алайық.
V. Сергіту сәті.

«Бақа мен бағдаршам».
- Балалар, міне бақа да мектепке жақындай бастады. Оны енді не тоқтатып тұр деп ойлайсыңдар?
- Бағдаршам.
- Оның қандай көзі жанып тұр?
- Қызыл.
- Қызыл жанса, не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Қай көзі жанғанда жүретін едік?
- Жасыл.
- Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық.

VІ. Дәптермен жұмыс.
- б дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға жаттығу жұмысын ұйымдастыру. Суреттер астындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөз құрап жазу.
- Б – сөздің басында және ортасында келеді.
Бағдаршам жасыл көзін жағып, бақаның жүруіне рұқсат береді.

VІІ. Дәптердегі бос жолдарға жазба жұмыстары жүргізіледі.
ІІХ. Сабақты бекіту. «Орнын тап» ойыны. 2 – қатар жарысады.
Б...... б...
Бақа, арба
Балапан, қарбыз
Бота, асқабақ
Бағдаршам, көбелек
Балық, шыбын
Борсық, жолбарыс т. с. с.
Екі қатар оқушылары кезектесіп шығып суреттердің орындарын тауып, жапсырады.
- Оқушыларға бақаның суретін тарату.
- Әр бақаның артында суреттер жапсырылған. Сол суреттердің жазылуын кеспе әріптерімен жазу.
ІХ. Сабақты қорыту.
- Бақаның базарлығы «Балдырған» журналымен таныстыру, онымен дос болуға шақыру.
- Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік?
- Б дыбыс мен әрпі.
X. Мадақтау.










Күні 26.04.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Кіші және үлкен Әә, ЭЭ әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ә ә, Ээ дыбысымен таныстыру, ә,э дыбысының орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету, бауырмалдылыққа, еңбекшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау – жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Алфавит, Ә дыбысының таңбасы, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
- Назарларын сабаққа аудару.
Өткен сабақты тексеру
1. І дыбысына байланысты тұтас оқуға берілген сөздерді оқыту.
2. І дыбысы қандай дыбыс?
3. Неліктен дауысты дыбыс дейміз?
4. Қай буындарда кездеседі? Мысалдар келтір.
«Келесі буынды тап?»

Жаңа сабақ
1. Оқулықтағы сурет қарап; Әже деген кім? Сен әжеңе кім боласың? Әкеңнің анасы, анаңның анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме құрастыру.
2. Кеспе әріптерден әже сөзін құрастыру, оны буындап оқу, дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын түсіндіру.
3. Элеватор маңына
Экскаватор тоқтады.
Эрик ағай тағы да,
Электрикті жоқтады.
Э э дыбысын,оның таңбалануын көрсету.
«Экскаватор» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Өлең оқу.
Экскаватор «э» әрпінен келеді
Халық оның еңбегіне сенеді.
Адал болып ешнәрсеге қарамай,
Кез-келген жұмысқа бірден енеді.
Оқулықтағы «Элеваторға саяхат» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінді мәнерлеп оқу. Сұрақтар қою.


Дәптермен жұмыс.
Ә,Э дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
«Әжім – әженің әрі,
Әженің батасы – дәрі» деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу, дауыстап оқыту.
«Әже, әжім, әрі, дәрі» сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын түсіндіру.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
... ке,... демі, с... нді,... н, д... рі
Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы
Э Ә
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.


























Күні 03.05.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Тақырыбы Х х, Ж ж әріптерін жазу
Мақсаты: Жаңа дыбыспен таныстыру, әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, дыбысты дұрыс айтқызу, пікірлесу стратегиясы.


Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, тірек сызбалар, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, ұстазым!

II Өткен сабақты пысықтау, үй тапсырмасын сұрау. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

III Жаңа сабақ
Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс. Оқушылар суретті көре отырып, шағын мәтін құрайды. Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау.
Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады. Марат ауылда тұратын атасына хат жазады. Атасы Мараттың хатын алып қуанды.
IV Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)


Бос жер қалмай аспаннан
Түнде шешіп тасталған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған.
(Жұлдыз)
V Х дыбыстың баспаша, жазбаша түрімен таныстыру. «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Х - дауыссыз дыбыс, А - дауысты дыбыс, Т - дауыссыз дыбыс.

VI Оқулықпен жұмыс.
Х әрпінен басталатын суреттерді көрсету. Балалар оқулықтан не көргендерін айтады. Мысалы: хат, халат, халба, хабар, т. б.
- Балалар, Х дыбысы сөздің басында да, ортасында да және аяғында кездеседі. (Көптеген сөздер айтып, түсінік беру. ) Хабар, Хор, хат - х дыбысы сөздің басында орналасып тұр. Шахмат, Ахмет, рахат - х дыбысы сөздің ортасында орналасып тұр. Ах. Шах, пух - х дыбысы сөздің аяғында кездесіп тұр. Тірек – сызбадағы жазылған сөздерді оқытып, мағынасын сұрау.

Хана----Дәрі
-----------Ас
-----------Мейрам
----------Ұста
----------Дәм
----------Ем
----------Қымыз

жол

Осы оқылған сөздерді буынға бөлгізіп айтқызу. Мысалы Дә - рі – ха - на.
- Неше буын бар?
- Төрт буын бар. (Балалар буындағанда қолдарын шапалақтап отырып, неше буын бар екенін санайды) т. б жалғаса береді. Ем - ха - на, Қы - мыз - ха - на.

VII «Кітапхана» деген сөзді қалай түсінетіндері жайлы сұрау, ойларын ортаға салғызу.
VIII Пікір алу стратегиясы.
- Балалар, біздің мектепте кітапхана бар ма?
- Кітапхана бар.
- Кітапханада нелер бар?
- Кітапханада журналдар, газеттер, қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.

IX Кітап туралы нақыл сөздер айтқызу.
Өмірде ең жақын кеңесші - кітап.
Кітапсыз үй – жансыз дене.
Кітап – ғажап дос.
Білім – біздің шамшырағымыз.
Кітап – біздің ұстазымыз.
Кітап - ақылды қуаттандыратын құрал.
X Енді, балалардың зейіндерін тақтадағы тірек - сызбаға аудару.

Кітап

Білгір
Кеңесші
Білім
Ой - қиял
Ғалым
Ерік
Ақылшы
Ұстаз

XI Дәптермен жұмыс.
Сабақты қорыта келіп, жаңылтпашты жаттату.
Хабиба сумка көтерген,
Хат - хабар күнде әкелген.
Мадақтау (жұлдызша тарату)

Ж дыбысының ауада салынуын көрсету, элементімен таныстыру.
7-беттегі жазуға арналған жұмыстарды орындау
жаға
дыбыстық талдауды үлгідегідей жазу
жалау
XII Үйге тапсырма: Х,Ж дыбысына байланысты сөздер тауып, әңгіме құрастырып келу




























Күні 10.05.2016 жыл

Пәні: Көркем жазу

Сыныбы: 2 "Ә"

Сабақтың тақырыбы: Ф ф, Яя әріптерін жазу
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:оқушыларға Ф ф , Яя дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту
ә)дамытушылығы:сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары


Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар,үлестірмелер, интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану
Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын әзірлеу,тексеру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Ә)Психологиялық дайындық жұмысы
-Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес,ерекше сабақ болып өткелі тұр.
Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй іші ұялады, - демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Б) Ой ашар
Қайырлы таң,достым,
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру.
А)Ой сергіту. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау)Үш топқа бөлініп жарысу.
Ә)Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту.Түсініктерін сұрау.
Б)Өткен дыбыстарды еске түсіру,дауысты,дауыссыз екенін ажырату

III.Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
А)Жұмбақтар оқу,шешу.
1.Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2.Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3.Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
-Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
-Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф
-Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс?
-Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
Ф әрпінің баспа жне жазба түрімен таныстыру.
Ә)Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс

Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу,дыбыстық талдау жасау,оларды буынға бөлдіріп,Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау
Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту:
Әлемге аты тараған
Отырарда тұрағы
Әл-Фараби дана адам
Ілімнің сөнбес шырағы.

IV.Сергіту сәті
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап
V.Кітаппен жұмыс.
А)ф дыбысы бар сөздерді оқып,сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап,тұтас оқуға үйрету,түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Ә)Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.

Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.
Аяқкиімнің түрлерін анықтату.
VI.Жазу дәптерімен жұмыс.
А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.
Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп?
Ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру
Б)Тақтада жазылуын көрсету,түсіндіру
В) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу.

Сергіту сәті:
1,2,3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз
Г)Дәптермен жұмыс,отыру ережесі.
Ғ)Бір жол кіші әріп,бір жол бас әріп.
VII.Шығармашылық тапсырмалар:
А)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет,дыбыстардың астын дауысты,дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.
Футбол,ферма,телефон,фабрика
Ә)Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет:
Туфли ,фирма ,факс ,физика ,марафон .
Б)Қай әріпті жоғалттым? ойыны
Қай буынды жоғалттым? ойыны
В) «Адасқан әріптер» ойыны ф м а с б т к р о н е

VIII.Сабақты бекіту
«Жалғасын тап» ойыны.
Шарларға буындар жазылған.Шар ұстаған бала шарында жазылған буынның жалғасын табуы қажет.

IX.Сабақты қорытындылау.
-Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық? -ф дыбысы қандай дыбыс? -ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?-ф дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
X.Марапаттау
XI.Үйге тапсырма:Ф дыбысы берілген бетті оқу.














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее