«Зима 2025»

7-9 мамыр жеңіс күніне Ценари

7-9 жеңіс күніне орай ұйымдастырылған іс шара Мектеп әкімшілігінің ер азаматтарының құрметігне

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

1 Слайд монтаж қосылады

1 - жүргізуші:

Қайырлы күн, ардақты азаматтар, аяулы ұстаздар, білімге құмар шәкірттер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі, 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі келіп жетті.

Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Олар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

2 - жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін.

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін - құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар!

Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын! Қайратты, мақсатты болыңыздар! Еңбекте табыс тілейміз,- дей келе құттықтау сөз кезегін Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі №11 Жамбыл Жабаев мектеп директоры Арисов Ырысбай мырзаға сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші

6-7 сынып оқушыларының 9 мамыр күніне дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар

2-жүргізуші

Келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Абуова София апайға беріледі

1-жүргізуші

8-9 сынып оушыларының Сарбаздар әнін қабыл алыңыздар

1 – жүргізуші: Жеңіс... Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.

2 -жүргізуші:

Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады дей келе ортаға

8ә сынып оқушысы_______________________________ дайындаған «Мәншүктің анасына хаты» қойылымынан үзіндіні қабыл алыңыздар

1- жүргізуші:

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 77 - көктемі де келіп жетті.

77 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,

77 жыл - шуақты күн таратты әнін.

77 рет - көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Келесі құттықтау сөзін мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Бегалиева Гулназ апай мен Физика пән мұғалімі Асамбаева Әсем апайларға сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші

8 б сынып оқушысы __________________________________ орындауында Әлия әні

1- жүргізуші: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Мың бұралған 8 «Ә» сынып оқушыларын «Катюша» биімен орташаға шақырамыз



2- жүргізуші:

Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер ағаларымыз бен апаларымыз, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.

8 «А» сынып оқушыларының «Батырлары елімнің» атты хоры мен ортаға шақырамыз

1- жүргізуші:

Жасасын жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

1 - 2 жүргізуші:

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халық түрегел!

1 - Жүргізуші:

Осымен сіздерге арнаған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қош аман Қуанышта кездесейік.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее