«Зима 2025»

7 «А» сынып оқушысы Еркінбаева Мәншүк «Табиғат-ол анамыз, табиғатқа баламыз» (эссе)

Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет Білім бөлімі: тіл дамыту, көркем әдебиет. Тақырыбы: « Табиғат сыйы» Мақсаты: балалардың табиғатты танып білуіне, оны қорғауға, қамқорлық жасай білуге баулу, табиғат құбылыстарын, өзгерістерін білуге, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қыр - сырларын түсінеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар. Сабақтың барысы: Балалар табиғат дегеніміз не? Табиғат сыйы дегенді қалай түсінеміз? – деген сұрақтарға жауап беру үшін сабағымызды бастайық. Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, құс, адам – осылардың бәрі – табиғат деп аталады. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. «Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз» - деп табиғат туралы тақпақтарға кезек берсек.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Табиғат-ол анамыз, табиғатқа баламыз»

Мақсаты: балалардың табиғатты танып білуіне, оны қорғауға, қамқорлық жасай білуге баулу, табиғат құбылыстарын, өзгерістерін білуге, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қыр - сырларын түсінеуге тәрбиелеу.
Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет
Білім бөлімі: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: « Табиғат сыйы»
Мақсаты: балалардың табиғатты танып білуіне, оны қорғауға, қамқорлық жасай білуге баулу, табиғат құбылыстарын, өзгерістерін білуге, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қыр - сырларын түсінеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар.
Сабақтың барысы: 
Балалар табиғат дегеніміз не? 
Табиғат сыйы дегенді қалай түсінеміз? – деген сұрақтарға жауап беру үшін сабағымызды бастайық. 
Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік, аң, құс, адам – осылардың бәрі – табиғат деп аталады. 
Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз» - деп табиғат туралы тақпақтарға кезек берсек.
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауында,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Ал балалар енді білімімізді «Кім жылдам?» ойын арқылы дәлелдесек. Мен сендерге өлі табиғат пен тірі табиғаттан тапсырма жасырамын. Егер тірі табиғатқа жатса, алақанымызды соғамыз, егер өлі табиғатқа жатса қолымызды көтереміз. Күн, үй, адам, ағаш, ауа, су, кітап, сағат, сиыр, аю, құм, топырақ, тас, тырна, киім. Жарайсыңдар!
Келесі ойын «Табиғатты қорғай білеміз бе?» Сұрақтарға ойланып жауап бер
1. Өте әдемі гүлді көрдің, ол гүл саған қатты ұнады. Сен не істейсің?
Жұлып алып вазаға салып қоямын
Қатты ұнаса да жұлмай, қызықтаймын.
2. Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдім
Балаларды балапанды көруге шақырамын.
Балапанды үйге алып барамын.
Сыртынан қызықтаймын.
3. Саяхаттан қайтарда бізде бірнеше босаған ыдыстар қалып қойды.
Өзімізбен бірге алып келіп қоқысқа тастаймын
Талдың тасасына ешкім көрмейтін жерге тығып қоямын.
Тәрбиеші балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады.
Келесі ойын «Сен білесің бе?»
Табиғат бізге не береді?
Су, ауа, тамақ, киім, үй т. б
Міне балалар табиғаттың сыйы дегеніміз – осылар.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее