«Зима 2025»

7 мен 8 арасындағы сыныптан тыс іс- шара

Бұл іс-шара биология апталығына арналған. 7 мен 8 сыныптарға арналған іс-шара

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сайыстың тақырыбы: « Үздік биолог» сыныптан тыс іс- шара. 


Сайыстың мақсаты: 
-Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр оқушыны анықтау. 
-Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. 
- Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс сабақ. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау. 
Сабақтың жоспары: 
I. Ұйымдастыру кезеңі 
II. Сайыс кезеңдері: 
Сайыстың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі 
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Үздік биолог» атты сайысына қош келдіңіздер. 
Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын интеллектуалды ойынды бастаймыз. 
Сайысқа қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болып, ортаға шақырайық. 
Оқушыларды екі топқа бөлемін: 
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ-бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар: 
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін: 
І кезең: «Бәйге» 
ІІ кезең: «Ойлы болсаң,озып көр 
ІІІ-кезең «Кім тапқыр»
ІҮ кезең. «Көп тіл біл»
Ү кезең. «Ойлы болсаң,озып көр
ҮІ кезең. «Ізенген жетер мұратқа» 
VІІ - кезең. «Шешендік онер» 
ҮІІІ кезең. Егер мен суретші болсам …… 

Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. 
І кезең – «БӘЙГЕ» 

Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады, жауап беруге 5 секунд уақыт беріледі, сұрақ қойылған кезде жауап беру үшін жасыл, қызыл, сары түстерді пайдаланады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпаймен бағаланады. 
1. мидың орташа салмағы қанша: (1300-1400г) 
2. Құлақ үш бөлімнен тұрады : (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ) 
3. Адам денесіндегі буындар саны: (230) 
4. Пішіні үрмебұршақ тәрізді без: ( Гипофиз) 
5. Инсулин жетіспегенде болатын ауру:(Қант ауруы) 
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: (Дальтонизм) 
7. Кеуде қуысының қаңқасында арқа омыртқа саны: (12) 
8. Ересек адамда қанша литр қан болады: (4,5-5 л құрайды) 
9. Қан жасушалары: (Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) 
10. Қан ұйымайтын ауру: (гемофилия) 
11. Иммунитет туралы ілімнің негізін салған ғалым: (Мечников) 
12. Ұйқы безінен бөлінетін гармон: (инсулин) 
13. Қысқа сүйектерді ата: (омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері) 
14. Иммунитет екіге бөлінеді: ( жасанды және табиғи) 
15.Қол басы сүйектерін ата: (білезік, алақан, саусақ) 
16. Ересек адамның жүрегінің салмағы: ( 250-300 г) 

II топ

. Сұрақтар:
1.Ең ірі су жануары? (көк кит)
2.Адамда қанша тіс болады? (отыз екі)
3.Ақ аюлар қайда мекен етеді? (Арктикада. Солтүстік полюсте)
4.Ең биік өсімдікті атаңдар. (бамбук)
5.Атақты күрішші (Ы. Жақаев)
6.Жылқының пірі кім? (Қамбар ата)
7.Қай жануар басын 180 градусқа бұра алады? (үкі)
8.Қандай құс ұя салмайды? (көкек)
9.Қанқыз шағады ма? (жоқ)
10.Әлемдегі ең жүйрік жануар (гепард)
11.Кішкентай құс (колибри)
12.Ең жылдам ұшатын жәндік (инелік)
13.Затты үлкейтіп көрсететін құрал (микроскоп)
14.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (ботаника)
15.Аққудың балапанын не деп атайды? (көгілдір)
16.Түйенің пірі кім? (Ойсылқара)

ІІ-кезең «Ойлы болсаң,озып көр

1минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді есте сақтап, параққа жазу ұсынылады. (қанша сөз жазылса сонша ұпай беріледі). 
1. Үй 6. Ауа 11. Жалбыз 16. Құлпынай 
2. Орман 7. Митохондрия 12. Тұқым 17. Кептер 
3. Жаңбыр 8. Лизосома 13. Экология 18. Мүйізтұмсық 
4. Күнбағыс 9. Жапырақ 14. Қоян 19. Кесіртке 
5. Жасуша 10. Шегіртке 15. Барыс 20. Микроскоп 


ІІІ кезең. «Кім тапқыр» мақал-мәтел жалғасын табу.

Тау бұлағымен сәнді, көл... құрағымен сәнді.

Бағым өссін десең бақ өсір, .... бағың өссе тағы өсір.

Ер – елдің көркі, .... орман –тоғай жердің көркі

Дана – көптен шығады, .... дәрі шөптен шығады.

«Жұмбақтар»

Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс (жүгері)

Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады (пияз)

Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр (қызылша)

Ұзын мұртты сарылар, қырман толы дәні бар (бидай)


ІҮ кезең. «Көп тіл біл» ойыны.

Қыз өссе елдің көркі, .... жердің көркі (гүл,цветок, flower)

Адам көркі шүберек, .... көркі жапырақ (ағаш,дерево, tree)

Бабалар еккен шынарды, .... саялар (балалар, дети, children)

Біреуге .... қайғы, біреуге жан қайғы (сиыр, корова, cow)


Көрермен оқушыларға сұрақ:

«Кім көп біледі?» Барлық оқушыға бірдей 20 сұрақ қойылады. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді.

Сұрақ:

  1. Микроскоптың ең негізгі бөлігі (көру түтігі)

  2. 1 метрде неше саниметр бар? (100)

  3. 1 жылда неше ай бар? (12)

  4. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (ботаника)

  5. Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? (1978ж)

  6. 64 қай санның квадраты (8)

  7. Жыл санаудағы жыл басы (тышқан)

  8. Қазақстанда қанша қорық бар? (9)

  9. Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)

  10. Балаға ең жақын адам кім? (ана)

  11. Ұлттық валютамыз не? (тенге)

  12. Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3)

  13. Күн гүлі деп аталатын өсімдік (күнбағыс)

  14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

  15. Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)

  16. Мектептегі ең жоғарғы баға (бес)

  17. Түрі өзгерген жер асты өркендері (тамыр, сабақ, пиязшық)

  18. Түрі өзгерген жер үсті өркендері (сояу, шырынды)

  19. Қай жануар өз үйін арқалап жүреді (тасбақа)

  20. Түйнекте жетілмеген жапырақтың қурап, түсіп қалған ізі (көзше)



Ү кезең. «Ойлы болсаң,озып көр

PISA тапсырмалары. Жеке жұмыс

  1. Жазда жылы, ал қыста .... (суық)

Құстар ұшады, ал жыландар .... (жорғалайды)

Күзде жапырақтар сары түсті, ал жазда .... (жасыл)

Қант тәтті, ал лимон .... (қышқыл)

Құстар әндетеді, ал ит ..... (үреді)

Көлік жүреді, ал ұшақ .... (ұшады)

Мысықта жүн, ал үйректе .... (қауырсын)


  1. Бір сөзбен атаңдар:

Раушан, қызғалдақ, пион, лала (гүлдер)

Қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз (көкөністер)

Алма, алмұрт , апельсин, лимон (жемістер)

Қайың, терек, емен, шырша (ағаштар)

Шанышқы, қасық, пышақ (ас үй құралдары)

Орындық, үстел, шкаф (жиһаз)



ҮІ кезең. «Ізденген жетер мұратқа» 
Тақтаға 20, 30, 40 деген жазулар бар 9 шаршы ілінеді. Әрбір санның артына сұрақтар жасырылған. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы шаршыда жазылған тиісті ұпайға ие болады. 
20---20---20 
30---30---30 
40---40---40 
20 (оң). Қызыл, сары түсті пластид түрі. (хромопласт) 
20 (орта) Құлақтың есту сүйекшелері (балғашық,төстік,үзеңгі) 
20 (сол) адамда негізі сезім мүшесі бар олар (көз, құлақ, мұрын ,тері, тіл) 
30 (оң). Ішкі секреция бездерінен бөлінетін ерекше сұйқтық (гармондар) 
30 (орта). Ересек адамның қаңқасында қанша сүйек болады (200) 
30 (сол). Адам денесінде қанша буын бар (230) 
40 (оң). Ұлпалар топқа бөлінеді (эпителий,дәнекер,бұлшық ет, жүйке ұлпасы) 
40 (орта). Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды (цитология) 
40 (сол). Көз алмасы 3 түрлі қабаттан тұрады олар (ақ қабық, тамырлы қабық, торлы қабық) 
VІІ - кезең. «Шешендік өнер» 
Тақтаға 1, 2, 3, 4, деген жазулары бар 5 шаршы ілінеді. Әрбір санның артында тақырыптар берілген. Оқушы санды таңдайды, қандай тақырып шыққанына байланысты, өз ойын жеткізеді. Жоғарғы ұпай - 50, төменгі ұпай - 30. 
1. Гүл - адам өмірінің сәні. 
2. Темекі - денсаулық дұшпаны. 
3. Қымыз - шипалы сусын. 
4. Пияз - ауруға қарсы мың да бір ем. 

ҮІІІ кезең. Егер мен суретші болсам …… 
1.Жүректің суретін сал 
2.Бүйректің суретін сал 
3.Асқазанның суретін сал 
4.Өкпеның суретін сал 

Қорытынды.

Қазіргі білім – ХХІ ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр- бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры. Сондықтан білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасайық.

































  1. Тау бұлағымен сәнді, көл... құрағымен сәнді.



  1. Бағым өссін десең бақ өсір, .... бағың өссе тағы өсір.









  1. Ер – елдің көркі, .... орман –тоғай жердің көркі



  1. Дана – көптен шығады, .... дәрі шөптен шығады.



«Жұмбақтар»

  1. Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс


  1. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады





«Жұмбақтар»


1.Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр



2.Ұзын мұртты сарылар, қырман толы дәні бар






Қыз өссе елдің көркі, .... жердің көркі


Адам көркі шүберек, .... көркі жапырақ






Бабалар еккен шынарды, .... саялар


Біреуге .... қайғы, біреуге жан қайғы






PISA тапсырмалары. Жеке жұмыс

  1. Жазда жылы, ал қыста .... (суық)

Құстар ұшады, ал жыландар .... (жорғалайды)

Күзде жапырақтар сары түсті, ал жазда .... (жасыл)





Қант тәтті, ал лимон .... (қышқыл)

Құстар әндетеді, ал ит ..... (үреді)

Көлік жүреді, ал ұшақ .... (ұшады)




  1. Бір сөзбен атаңдар:

Раушан, қызғалдақ, пион, лала (гүлдер)

Қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз (көкөністер)

Алма, алмұрт , апельсин, лимон (жемістер)




Қайың, терек, емен, шырша (ағаштар)

Шанышқы, қасық, пышақ (ас үй құралдары)

Орындық, үстел, шкаф (жиһаз)



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее