«Зима 2025»

Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы

Данная работа для русских школ с казахским языком обучения. Разработка содержт материал в виде презентаций, занаимательных заданий. Учащиеся принимают активное участие в ходе урока. В конце занятия дети заполняют анкету в виде таблицы на группу- что позволяет получить быстро оценку своих знаний и умений.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Әдістемелік тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында зерттеушілік Пән мұғалімі: Жомартова Баян Тусупхановна

диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру «№187 ЖББМ» КММ

Сабақ жоспары : Алматы қаласы Наурызбай ауданы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «»

Оқыту тілі: қазақ тілінде

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы туралы біліп, зерттеушілік диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгерту. 
2. Оқушыларды жаман мінез-құлықтардан, іс-әрекеттерден сақтандырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. 
3. Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуге қол жеткізу.

Сабақтың нәтижесі:

1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері кеңейеді;

2. Абайдағы Ескендірдің келбеті туралы біледі;

3. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын біледі;

4. Жаман мінез-құлықтар мен адамгершілікке тән қасиеттерді айыра біледі.

Сабақтың табыс критерийлері:

1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері талдау,

2. Поэмадағы кейіпкерлердің образын аша біледі.

3. Поэмадағы негізгі кейіпкер туралы мәлімет алады.

4. Жаман және жақсы қасиеттерді көрсете біледі.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ. Жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Үнсіз қадам» әдісі, т.б.

Көрнекілігі:

Тақырыпқа қатысты суреттер, флипчарт, түрлі-түсті маркер,

Сабақта қолданылған құралдар:

интербелсенді тақта, компьютер.

Пән аралық байланыс:

тарих,

Сабақтың барысы:

45 минут


САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ

УАҚЫТЫ

МОДУЛЬ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ұйымдастыру кезеңі


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1. Сәлемдесу.

2. Психологиялық дайындық.

“Мен саған...” тренингін өткізу.

1. Оқушылар дөңгеленіп шеңбер құрады, бір-бірлерімен амандасады.

2. “Мен саған...” тренингі арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.


1 минут




1 минут




ОЖЕСОжО, “Мен саған..” тренингі, «Үнсіз қадам» әдісі, топқа бөліну

3. Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды осы үш сөз бойынша«Қанағатсыздық», «Адамгершілік», «Мейірімділік» топқа бөлу

3. 1. Оқушылар алдарында жатқан сөздердің біреуін таңдап алады;

2. Сөздердің таңдалуы арқылы оқушылар топтарға үнсіз қадам арқылы бөлінеді.

І. Білу.


1. «Ой шақыру» әдісі.

Презентацияда «Таразының» суреті көрсетіледі.
- Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айтыңыздаршы?

- Сабақ эпиграфы:
Қу жолдас болмас, әлі-ақ өтер, 
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! 
Ұятың мен арыңды малға сатып, 
Ұятсыз иман жоқ түпке жетер.

- Мына 4 шумақты өлеңде асты сызылған сөздер бар. Олар не деген сөздер?
- Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық. (2 топтың оқушылары қағазға жаман, жақсы қасиеттерді жазады, ал 3 топ оқушылары таразыға салып өлшеп отырады)

- Қасиеттер:

Жақсы:

Жаман:

Талап

Жігер

Еңбекқорлық

Отансүйгіш

Адамгершілік

Мейірімділік

Ерлік

Әділеттік

Ар-намыс


Жауыздық

Қанағатсыздық

Ашу

Тойымсыздық

Қызғаныш

Ерегісу

Мақтаншақ

Өсек-өтірік


2. «Миға шабуыл» әдісі.

- Оқушылар, қай жазушының шығармасында таразыға қатысты оқиға суреттеледі?

- Дұрыс айтасыңдар!

- Мұхтар Әуезов былай деген: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»



3. Инсерт әдісін қолданамын, яғни сабақтың басында, ортасында және аяғында (ауызша түрде сұраймын):



- Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?



- Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар?
- Дұрыс, балалар, Абайдың 3 поэмасы бар екен.
- Біз бүгін сол поэмалардың бірі "Ескендір" поэмасымен танысамыз.
- Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?

Оқушылардың жауаптары:


- Бұл – таразының суреті.

- Таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы.

























- Абай Құнанбаевтың;

- «Ескендір» поэмасында.




Білетінім

Білдім

Нені білгім келеді




- Абай шығармалары: Өлеңдері; Қарасөздері; Аудармалары; Поэмалары; Әндері

- Абай поэмалары: "Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі".

- "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.

«Бас бармақ» бағалауы:

жоғары қараса – үздік, жанына қараса – жақсы, төмен қараса – нашар.


2-3 минут





























1 минут






1 минут

АКТ, СТО, ОЖЕСОжО, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі,

ІІ. Түсіну.


1. «Ескендір» поэмасы туралы.

Шығыс ақындары Фирдоуси, Низами, Науаилардың суреттері көрсетіледі.

- Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да – «Ескендір». «Ескендір» — поэмасы, зерттеушілердің пікірінше, 1900 – 1902 жылдар аралығында жазылған. Қазақ әдебиеттану ғылымында Абайдың «Ескендір» поэмасы назира түрінде Низамидың «Ескендір — намасының» негізінде жазылған деген пікір айтылып келеді.
- «Ескендір» — поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
- Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүниежүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады. Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді.

- "Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы 4 тармақты 42 шумақтан тұрады.






- «Ескендір» поэмасындағы негізгі кейіпкер кім?

- Негізгі кейіпкер кімнің прототипіне сай құрылған?


3. Александр Македонский туралы деректіфильм көрсетіледі.


Оқушылар интербелсенді тақтадан слайдты көреді.





































- Ескендір-Зұлқарнайын - Александр Македонский – белгілі қолбасшы. 






































5 минут










































7 минут

СТО, ОмОЖТ, АКТ, ТжДБО

ІІІ. Қолдану.

1. Абайдың «Ескендір» поэмасын жатқа сұрау.


2. Проблемаға шығу:

- Поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына шығамыз. 
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не? 
Негізгі тақырыбы:

- Ескендір Зұлқарнайын туралы.

- Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс.


2. Поэма желісі бойынша жоспар құру.
Жоспар:
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары

2. Жорықтағы бұлаққа кездесуі
3. Ескендірдің бұйрығы
4. Күзетшінің сыйлығы
5. Аристотель шешімі
6. Ақын өсиеті

- Абай поэмасындағы Ескендір бейнесіне сипаттама беру.
- Аристотель кім? Ол поэмаға неліктен енгізілген? (Анықтама беру)

Түсіндірме сөздік:
1. Хакім - ғалым

2. Данышпан - оқымысты
3. Иман - дін, Алланы мойындау
4. Ғибрат - үлгі
5. Нәпсі - құмарлық
6. Араны - көз тоймау
Аристотельге мінездеме беру:
Ғұлама, байсалды, әділ
Ғалым, ақыл иесі, қазы



Оқушылар поэманы жатқа айтады.

















Оқушылар Аристотельдің поэмаға не үшін енгізілгені туралы ойланып жауап береді.















Топ басшысы бағалайды (ауызша)

2 минут


3 минут








2 минут
























ТжДБЖ, ЖЕСОжО, АКТ

ІҮ. Талдау (анализ).

1. КУБИЗМ стратегиясы.

Суретте. Шығармадағы аталған тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны. 
Салыстыр. Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады) 
Зертте. Абай ақын туралы не білесің? 
Қолдан. Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс) 


2. Бекіту: 
Сұрақ: 
1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек? 
2. Осы поэмалардан қандай қорытынды шығаруға болады? 
3. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма? 



Топтық жұмыс.

І топқа:

1) Шығармадағы тарихи тұлғалар туралы Абай қалай жырлаған? Әңгімелеп айту.

ІІ топқа:

2) Венн диаграммасын қолданып, Ескендір мен Аристотельді салыстырады.

ІІІ топқа:

3) Абай Ескендірдің психологиялық жағынан қалай суреттеген? Әңгімелеп айту.



Смайлик дәптерлеріне жабыстырылады:

- керемет, тамаша;

- жақсы;

- қанағат.

7 минут











4 минут


Ү. Жинақтау (синтез).

«Инсерт» әдісін сабақтың соңында да ауызша түрде қолданамын:


Білетінім

Білдім

Нені білгім келеді?





Оқушылар «Инсерт» әдісі арқылы поэма бойынша «Не білетінін? Нені білгенін? Нені білгісі керектігін?» өз ойларын, пікірін айтады.

Стикер ар-қылы баға-лау («Екі жұл-дыз – бір ұсы-ныс» – реко-мендация, бір тілек - пожелания)

1 минут

ОүБжОБ

ҮІ. Бағалау.

«Ой толғау» стратегиясы.

Оқушыларға «Қанағат - қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атты сойғызар»  тақырыбына 3 минуттық эссе жазады (7-8 сөйлем):

  • не ұққанын,

  • өзіне ұнаған жерлерін,

  • несімен ұнағанын,

  • қандай қорытындыға келгенін,

  • өз ойларын,

  • нені әлі де білгісі келетінін жазады.

ОҚУШЫНЫҢ ЖАУАБЫНА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАРДЫҢ БАСЫ

менің ойымша, бұл..

менің айтқанымдай

сондықтан мен үшін

...яғни мен үшін

менің шешімім бойынша

мен сенімді емеспін, бірақ

менің бұл жағдай бойынша пікірім басқа

түсіндіріп берші, неліктен?

неге? неліктен? не үшін?

сенің бұл жайлы пікірің қандай, айтып берші...

неге сен бұлай ойлайсың

мен не айтарымды білмеймін

. себебі мен келісемін немесе келіспеймін

. себебі, неліктен -

.мағынасына сәйкес –

өйткені -

менің пікірімше

қорыта айтқанда

Жиынтық бағалау (мұғалім эссені жинап алып, өзі бағалайды)

5 минут

ОүБжОБ, СТО, ТжДБЖ, ЖЕСОжО

Үй тапсыр-масын беру

- «Масғұт», «Әзім әңгімелері» поэмаларын оқу.

- Мүмкіндігің келсе, поэма желісі бойынша сурет салу. 



1 минут


Қоштасу

- Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.

 
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, 
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? 
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, 
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
 

- Сау болыңыздар!



1 минут





1 топ

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Оқушының аты-жөні

Орындалатын тапсырмалар

Жалпы ұпай саны

Жаман, жақсы қасиеттерді жазу

Поэманы жатқа айту

Топтық жұмыста белсенділігін таныту

Сұрақтарға жауап беру

Эссе жазу


1.









2.









3.









4.









5.









6.










2 топ

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Оқушының аты-жөні

Орындалатын тапсырмалар

Жалпы ұпай саны

Жаман, жақсы қасиеттерді жазу

Поэманы жатқа айту

Топтық жұмыста белсенділігін таныту

Сұрақтарға жауап беру

Эссе жазу


1.









2.









3.









4.









5.









6.











3 топ

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Оқушының аты-жөні

Орындалатын тапсырмалар

Жалпы ұпай саны

Жаман, жақсы қасиеттерді жазу

Поэманы жатқа айту

Топтық жұмыста белсенділігін таныту

Сұрақтарға жауап беру

Эссе жазу


1.









2.









3.









4.









5.









6.












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее