«Зима 2025»

Абай Кунанабаев

Абайтану 10 сынып

Тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»

Мақсаты:

А) білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен ттаныстыру, Абайдың реаллист ақын екеніні таныту;

Ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

Б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту;

Түрі: аралас сабақ;

Әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау;

Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары;

Барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі;

2 Үй тапсырмасын сұрау:

А) Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалықтары;

Ә) 8 буынды өлең /4-4/; /5-3/;

Б) 6 буынды өлең /3-3/;

В) Аралас буынды, аралас бунақты;

3 Жаңа тақырып:

І Кіріспе сұрақтар:

Абайдың табиғат лирикасына жататын қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерінен үзінділер айтқызу;

ІІ Біздің бүгінгі өткелі отырған өлеңіміз де табиғат лирикасына жатады. Өлең 1888 жылы жазылған. Әрқайсысы 4 тармақтан, 9 шумақтан тұрады. Бұл – Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі. Көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік өлең.

Енді алдымен осы өлеңнің шығу тарихына үңіліп көрейік.

Қазақ халқының маңдайына біткен екі ұлы есім бар. Олар – дана Абай, дара Мұхтар. Ұлтымыздың қадірлі де қасиетті тұмарына арналған «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мінез ерекшелігі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Абай есімі әлемнің әр түпкіріне тарады. Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық.

Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні Абай Тәкежан аулының үстінен түседі. Ол екі жұмыспен келген еді. Бірі – Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Бірі – Тәкежан мен Жігітек арасындағы қыстаудағы шабындық жөнінде туындап жатқан жаңа даудың жайы. Үй иесімен қабағы келіспеген Абай ас піскенше сыртқа шығып кетеді. Абай жүдеу кедей өмірінің тұрмысын көрді.

«Абай жолынан» үзінді оқыту:

Енді осы көрініс өлең жолдарымен қалай өрілген екен?

1 Кедейдің жүдеу өмірі;

2 Қара қи;

3 Жалшы ұлының күйі;

Көшпелі елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғарылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тіршілік кешу, жан бағы – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.

ІІІ Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік.

Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар аударайық.

Қараш, желтоқсанмен сол бір екі ай,

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.

Ерте барсам жерімді жеп қоям деп

Ықтырмамен күзеуде отрар бай, — деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық.

Ұқыпты Қайырымсыз

Үнемшіл Сараң

Жинақы Қонақжай емес

Ертеңгі күнін ойлайды Кедей еңбегін бағаламайды

Бүгінгі заман да осына талап етеді. Өзінің үнемшілдігімен, ұқыптылығымен, жинақылығымен ертеңгі күннің қамын жеп, белгілі бір кәсіп иесі болса, қоғам да байиды. Елбасымыз үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап отырған белгілі. Еліміз 2030 жылға қарай шын мәнінде өркениетті елге айналары хақ. Әрине, адамгершіліктен де асып кетпеуіміз керек. Қайырымдылық жасап, әлсізге көмек көрсету — әр адамның борышы.

ІV Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде, ықтырмада отырған бай, мал бағып, далада жүрген кедей жылынуға отын таба алмай бүрсең қағып, тоңған иін жылытып, шекпен тігіп отрған байғұс әйел – осының бәрі көшпелі қазақ аулының тұтас бейнесіне айналған. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар. Бір-біріне қарама-қарсы суреттер.

V Ай аттары. Қараша – бұл айда мал семіреді. Ертеде салық малы осы айда жиналатын болған. Оны халық «қаражшы» деп атаған, яғни, қаражат жинаушы. Қарашада жер оты азайып, тақырланып, суыйды. Қара жердегі суықты «қара суық» деп атаған. Жұрт қыс қамын аяқтап болады.

Желтоқсан – «жел» мен «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан. Яғни үш ай желді, боран деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер бұл айжы «жел айы» деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады.

Осы айларда болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

VІІ Сабақты бекіту:

1 «Қараш, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?

2 Өлең қандай қиғаға байланысты жазылған?

3 Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тп өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?

4 Өлеңнің идеясы не?

Оқушылар білімін бағалау.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Абайтану 10 сынып

Тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай»

Мақсаты:

А) білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен ттаныстыру, Абайдың реаллист ақын екеніні таныту;

Ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

Б) тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту;

Түрі: аралас сабақ;

Әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау;

Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары;

Барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі;

2 Үй тапсырмасын сұрау:

А) Абайдың өлең құрылысына енгізген жаңалықтары;

Ә) 8 буынды өлең /4-4/; /5-3/;

Б) 6 буынды өлең /3-3/;

В) Аралас буынды, аралас бунақты;

3 Жаңа тақырып:

І Кіріспе сұрақтар:

Абайдың табиғат лирикасына жататын қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерінен үзінділер айтқызу;

ІІ Біздің бүгінгі өткелі отырған өлеңіміз де табиғат лирикасына жатады. Өлең 1888 жылы жазылған. Әрқайсысы 4 тармақтан, 9 шумақтан тұрады. Бұл – Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі. Көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік өлең.

Енді алдымен осы өлеңнің шығу тарихына үңіліп көрейік.

Қазақ халқының маңдайына біткен екі ұлы есім бар. Олар – дана Абай, дара Мұхтар. Ұлтымыздың қадірлі де қасиетті тұмарына арналған «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мінез ерекшелігі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Абай есімі әлемнің әр түпкіріне тарады. Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық.

Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні Абай Тәкежан аулының үстінен түседі. Ол екі жұмыспен келген еді. Бірі – Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Бірі – Тәкежан мен Жігітек арасындағы қыстаудағы шабындық жөнінде туындап жатқан жаңа даудың жайы. Үй иесімен қабағы келіспеген Абай ас піскенше сыртқа шығып кетеді. Абай жүдеу кедей өмірінің тұрмысын көрді.

«Абай жолынан» үзінді оқыту:

Енді осы көрініс өлең жолдарымен қалай өрілген екен?

1 Кедейдің жүдеу өмірі;

2 Қара қи;

3 Жалшы ұлының күйі;

Көшпелі елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғарылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тіршілік кешу, жан бағы – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.

ІІІ Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік.

Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар  аударайық.

Қараш, желтоқсанмен сол бір екі ай,

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.

Ерте барсам жерімді жеп қоям деп

Ықтырмамен күзеуде отрар бай, — деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық.

Ұқыпты                                                                           Қайырымсыз

Үнемшіл                                                                          Сараң

Жинақы                                                                           Қонақжай емес

Ертеңгі күнін ойлайды                                                  Кедей еңбегін бағаламайды

Бүгінгі заман да осына талап етеді. Өзінің үнемшілдігімен, ұқыптылығымен, жинақылығымен ертеңгі күннің қамын жеп, белгілі бір кәсіп иесі болса, қоғам да байиды. Елбасымыз үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап отырған белгілі. Еліміз 2030 жылға қарай шын мәнінде өркениетті елге айналары хақ. Әрине, адамгершіліктен де асып кетпеуіміз керек. Қайырымдылық жасап, әлсізге көмек көрсету — әр адамның борышы.

ІV Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде, ықтырмада отырған бай, мал бағып, далада жүрген кедей  жылынуға отын таба алмай бүрсең қағып, тоңған иін жылытып, шекпен тігіп отрған байғұс әйел – осының бәрі көшпелі қазақ аулының тұтас бейнесіне айналған. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар. Бір-біріне қарама-қарсы суреттер.

V Ай аттары. Қараша – бұл айда мал семіреді. Ертеде салық малы осы айда жиналатын болған. Оны халық «қаражшы» деп атаған, яғни, қаражат жинаушы. Қарашада жер оты азайып, тақырланып, суыйды. Қара жердегі суықты «қара суық» деп атаған. Жұрт қыс қамын аяқтап болады.

Желтоқсан – «жел» мен «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан. Яғни үш ай желді, боран деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер бұл айжы «жел айы» деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады.

Осы айларда болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

VІІ Сабақты бекіту:

1 «Қараш, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?

2 Өлең қандай қиғаға байланысты жазылған?

3 Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тп өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?

4 Өлеңнің идеясы не?

Оқушылар білімін бағалау.























































Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Романды басшылыққа ала отырып,
Құнанбай мен Абай бейнесін салыстыра ашу, талдау.
ә) дамытушылық: Шәкірт бойында өзіндік көзқарас қалыптастыру: ойды еркін, жүйелі жеткізе білуге баулу. Сыни көзқарасын қалыптастырып, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
б) тәрбиелік: Оқушыларды адами қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: әдеби - пікірталас сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, зерттеу, интервью, авторға хат жазу әдісі
Өтілетін орны: Мультимедия кабинеті
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа, кітаптар көрмесі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. кезеңі
Мұғалім: – Балалар, біз бірнеше сабақ бойы көлемді туынды «Абай жолы» роман - эпопеясын талдап жүрміз. Бүгінгі сабақта романның негізгі кейіпкері Құнанбай бейнесін ашып, оған талдау жүргізуіміз шарт. Ендеше, сабағымызды романның алдыңғы бөлімдеріндегі жайларды еске түсіруден бастайық. Балалар, өздеріңе аян Абай эпопеяда бірден кемеліне келмейді. Ол өзінің биіктік дәрежесіне шытырманы мен қиясы көп қиын жолдардан өтіп жетеді.
Ол мына бөлім атауларынан да белгілі:
«Қияда»
«Бел - белесте»
«Өрде»
«Қайтқанда»
Шытырманда
Жолда
Абайдың өсу жолы
Қат - қабатта
Абай мен Құнанбай – романдағы ең биік, ең зеңгір тұлғалар. Абай - халқымыздың адамгершілігінің символына айналған жан. Ал Құнанбай – теңсіздік заманының барша зұлымдығын бойына жинаған жан.
Енді әкелі балалы екі жанның ұстанған жолына тоқталайық.
Оқушыға сауал: Құнанбай мен Абай арасында туындаған қақтығыстар мен қиындықтарды баянда.
Оқушы жауабы: «Шытырманда» бөлімінде Абай Кәмшат тағдырына кінәлілерді аяусыз сынайды. Абай әкесіне рақым, мейірбандық жоқ, не деген жаны ашымас байлау. Мал алмай, мазасыз масыл жас баланы алғанға олар қайтіп риза болады? десе, «Өрде» бөлімінде әке тілін алмай, Бөжейге ас беруге кіріседі. Байсалға істеп отырған әділетсіздігін батыл айыптады. «Оқапта» бөлімінде Әмірді Құнанбайдың қанды шеңгелінен құтқарды.
Менің ойымша, бұл жайлар әке мен бала арасындағы әділет пен әділетсіздік, қаталдық пен мейірімділік арасындағы келіспеушілік әрекет сияқты. Дәл осы тұста ескілік пен жаңалық арасындағы тартыс та айқын көрінеді.
2 - сұрақ: Қодар мен Қамқа өлімінің Абайға әсері
Оқушы жауабы: Қодар мен Қамқа өлімі кезінде Абай өте жас еді. Ол кезде 13 - 14 - ақ жаста болатын. Әкесінің Қодар мен Қамқаны жайдақ нарға тартқызып азаптағаны аздай, биік жартастан лақтырып онсыз да мылжаланған денені күл талқан еткізіп, 40 рудан 40 кесек аттыруы Абай жүрегін қатты жаралады. Сол оқиғадан соң сүзекке ұшыраған адамдай ауру халге түсті. Алғаш рет қатал әкесінің қолындағы қаннан үрікті, қатты шошынды. Оның бойында әкеге деген өкпе, наз сезімі пайда болып одан түңіледі де, жауыздық пен қатыгездіктен адам құқығын аяққа басудан, тағылықтан жиренеді. Менің ойымша, мұнда Абайдың өмір шындығына көзін жеткізу үшін әкесінің кім екенін ұға білу үшін автор Абайды осы оқиғаның куәгері етеді.
3 - сұрақ: Әкесі Абайға қандай сын тақты?
Оқушы жауабы: Құнанбай атамыздың Абайдай дана ұлын «Сен жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та ішіп кете береді», деп кінә артып, сынайтын жері бар ғой, оны оқып отырған кезімде тіліме мына шумақ үйірілген еді:
Жаны жайсаң, ойы терең, жақсы ата,
Абайыңды өктем сынмен жасқама
Өзіңнен озып ұл болған
Абай сізге басқа ма?
Бұл сынға Абай атамыз да «Қиядағы қол жетпес судан, жайдақ су болғанның өзі артық» - деп жауап береді ғой. Шынында да атадан дара туған ақын ата халқының шөлін жырымен де адамшылық арлылық қасиетімен де қандырған ғой. Солай емес пе?...
4 - сұрақ: Эпопеяда Абай қандай дәрежеде сипатталады?
Оқушы жауабы: Әуезов – Абайды халық ұлы, адам ұлы, халық жолындағы күрескер, терең ойдың адамы, ұстаз, тәрбиеші, ақылшы ретінде суреттейді. Абай – халық кегінің жоқшысы, қоғамдық күрескер адам ұлы ретінде танылады.
Ал, мен өзім Абайды шығарма арқылы былайша таныдым:
Абайым Құнанбай шешен ұлы еді,
Құнанбайша сөз маржанын нөсерлетті,
Мыңдармен арпалысып жалғыз өзі
Кестесін өлең сөздің дестеледі.
Айналған асылына қалың жұрттың
Нөсерлі жырларының балын жұттым.
Қалдырған сөздері мен әндерінен
Халқына шын берілген жанын ұқтым.
Ендеше, біз таныған Абай – халқына шын берілген, халқын шын сүйген жан.
Біз романнан Құнанбайдың ұстанған жолы іс - әрекеті арқылы қандай жан екенін жан - жақты байқадық. Сендер осы көзқарасқа келісесіңдер ме? Ендеше мына сауал төңірегінде ашық дебат өткізейік.
Сұрақ: Қара қылды қақ жарған Құнанбай шын мәнінде озбыр жан ба?
Даттаушы топ дәлелдеуі: 1 Құнанбай - қатыгез (Қодар, Қамқа, Кәмшат өлімі)
2. Құнанбай - әміршіл
3. Құнанбай - өктемдік иесі.
Құнанбай - әділетсіз, содыр ортаның нағыз типтік өкілі. Бүкіл Тобықты елін қартайғанша билеген, қартайған соң Меккеге барып қажы боп қайтқан, ұзақ өмірінде сан түрлі қиянат, зорлық жасаған, жауларын мұқатып, достарын бауырына тартқан. Құнанбай әдет - салт, ата жолын өзі мықтап ұстады, сол себепті игі жақсылар оның қай шешіміне де қарсы келе алмады.
Құнанбай мен Қодар сынды дәрменсіз кедейлерді қорлады, сан түрлі айла, әрекет жасады. Өз ұрпағын да аямайды. Мысалы: Әмірді шеңгеліне ала буындыруы ше, осының өзі оның қандай қатал жан екендігін танытады. Құнанбай өте қатал қытымыр, озбыр адам деген ой келеді
«Қара қылды қақ жарған Құнанбай шын мәнінде озбыр жан ба?» сұрауы төңірегіндегі жақтаушы топ дәлелдеуі бұл ойға дау айтып, Құнанбайды ақтап алды. Аргумент::
1 Құнанбай - Абайдай ірі дара тұлғаның әкесі
2. Құнанбай - рухани таза адам
3. Құнанбай - қолы ашық, мәрт, данышпан (мешіт салғызуы, Бөжейдің асын көтеруі).
Құнанбай – елдің тұтастығын, халқының қамын, келешегін ойлаған адам. Ол кісі әдет - салт, ата жолын мықтап ұстады. Әдептен озғанды қаламады. Мүмкін, Қодар мен Қамқаны жазалауы да әділеттің жолы болар. « Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Жаман әдет елде етек алмасын дегені болар. Құнанбай – халқының қамқор азаматы. Меккеде қонақ үй салдырды, ондағы ойы келгендер қиналмасын, жағдайы болсын деген, өз қаражатына еліне арнап мешіт салдырды. Бұл – бүкіл елге деген ықыласынан туған жағдай. Керек десе, Құнанбайдың өз тектестері, шешен кім? десе – Құнанбай, мырза кім десе – Құнанбай, жақсы кім десе – Құнанбай деп мойындаған емес пе еді. Құнанбай – рухани таза адам. Қолы ашық, данышпан. Құнанбай – қатал озбыр болса, Абайдай дана дүниеге келер ме еді? Соны ойлаңдаршы. Мен Құнанбайдың қаталдығына да, елді уысында ұстаған үстемдігіне қарсы емеспін. Олай етпесе ел бетімен кетер еді.
Екі топ та романнан мысалдар келтіре отырып дәлелдеді.
Мұғалім: - Құнанбай жауыз, өркөкірек, азулы жан емес, керісінше ақылды, барар бағытын ойлайтын терең ойдың адамы, көкірегі ояу, көреген, шешен тілді, қайсар рухты жан. Оған бүгінгі тартыс барысында көз жеткізіп отырған жоқпыз ба деп, оқушылардың өзіне құптатып алдым. Енді интервью жүргізіп көрейікші
- Құнанбайдың өзіне тән ерекшелігін аташы.
- Өткір тілді, ақылды, қайратты, қатыгездігі де бар, қызба.
- Сол заманда өзің Құнанбай орнында болсаң не істер едің?
- Мен де орынды жерінде қаталдық, ретті жерінде мейірімділік танытып, елге әділ билік жүргізер едім.

Келесі сауал: Автордың Құнанбайды қатал өктемдіктің өкілі етіп суреттеуінің сыры неде жатыр?
Оқушы пікірі: «Асқар тауға анадайдан қара» дейтін сөз бар. Қазақ кеңес әдебиетінің асқар тауы, алтын діңгегі болған сом тұлғалы дарын иесі Әуезовтің шар қайрағына айналған Құнанбайды өткен күндердің көзқарасымен оқысақ, шын мәнінде нашар озбыр адам тәрізді. Романды бар ықыласымен, әрбір сөзіне мән бере терең ықыласпен оқысаң, Әуезов оны еш жаман етіп көрсетпеген. Қайта Құнанбай – азулы, қатыгез жан емес. Ол – ақылды, жетер жерін білетін, терең ойлы адам.
Сонымен бірге, көкірегі ояу көреген. ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қайсар рухты адам екеніне көз жеткіземіз.
Автордың бұл романда Құнанбай бейнесін жасаудағы шырғалаңының сыры сол кездегі саясат пен саяси ахуалмен байланысты болып отырғаны бәрімізге аян. Құнанбайды озбыр етіп суреттеудің мәні кешегі кеңестік дүниеде жатыр. Ол кезде бай, сұлтан, молданы мақтап сөз сөйлемек түгілі, жанына жақын барудың өзі айып болғаны кешегі 30 - жылдар зобалаңынан - ақ белгілі емес пе? Олай болса, жазушы сол заман ағымына бағынды. Заман солай сөйлетті.
Мұнан кейін Құнанбай мен Абай шешендігі туралы сауал қойылады
Эпопеядағы өткір тіл өрнегін ұстанған кейіпкерлер кімдер?
Оқушы жауабы: Абай эпопеясының тілі бай, орамды, ол – қазақ халқының сөйлеу тілімен фольклорлық және жазба әдебиетінің сөздік қорын мол қамтып, бойына сіңірген тіл.
Өз басым, шешен де өткір тіл мен тіл шеберлігінің үлгісін роман - эпопеядағы Құнанбай мен Абай атамыздың шұрайлы сөздерінен ұғындым.
Мұғалім: - Толғауы тоқсан қызыл тілдің қадір - қасиетін танытатын керемет сөз өрнегі Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінде жатыр емес пе?! Ендеше ән сөзіне көңіл бөліңіздер.
«Сегіз аяқ» әнін үнтаспадан тыңдату
Қорыту: сабақ соңын З. Қабдоловтың:
«Абай емес - ау, алдымен М. Әуезовтің өзі анық ақын, тұтанбай, ұшқындамай лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын.
Әуезов – суретші, нағыз художник – қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние - тіршілікке айналдырып жіберетін шебер
Әуезов – терең психолог. Оқушысының жан - дүниесін сілкіп - сілкіп жіберетін күш! Осы сырдың бәрін тағы да айтамын, сол сырды сыртқы бұлжытпай шығаратын тілде жатыр.» - деген пікірімен аяқтап, ой - түйінін жасадым.
Үйге тапсырма: Авторға хат жолдау
(Романдағы Құнанбай бейнесіне байланысты)

















Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қосты. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б. Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен. 1. Жыр - жырдың мағынасы сазды шығарма. Жырламақ етістігінің мағынасы әуендетіп айту. Барлық дала жырлары қобыздың сүйемелдеуімен әуендетіп айтылады. Әдетте, жырдың арқауы өмір немесе ертедегі белгілі бір батырдың ерліктері болып табылады. Айта кететін жай, батырдың өмірі, ерлігі, бір сөзбен, баяндау қара сөзбен, проза тілімен айтылады, ал жыр жолдары тек басты кейіпкер немесе кейіпкерлер сөйлеген кезде қолданылады; 2. Жоқтау - қайтыс болған адамға арнау. Оны әдетте әйел адамдар шығарады және көбінесе жанынан шығарылады. Өлшемі жырдағы сияқты. Белгілі жоқтаулардың ішінде ең атақтысы және қайғылысы - Орта жүзде ханша Айғаным Уәлиеваның51833 жылы шешектен қайтыс болған ұлын жоқтауы және 14 жастағы, кейіннен суырып салмалығымен6 атағы шыққан әйелдің күйеуінің асында шығарған жоқтауы; 3. Қайым7 - үйлену тойларында айтылатын, сұрақ пен жауаптан құрылған жастар арасындағы өлең. Ол төрт жолдан тұрады, алғашқы екі жолы төртінші жолмен ұйқасады. Бұл өлеңдер әртүрлі жұмбақтар, эпиграммалар, шектен шығып кететін бәдік қалжыңдарды қамтиды; 4. Қара өлең8 - қарапайым өлең, төрт шумақтан құралады, шумақ-тардың әрқайсысы жеке тақырыпты сөз етеді. Бұл өлеңдер негізінен ашық дауысқа арналған. Көп жағдайда шумақтардың мағынасы болмайды; 5. Өлең. Бұл форманы қазір барлық жаңа ақындар табан асты тауып айту үшін де терме-жыр үшін де қолданады. Көбіне қарауыл руынан, атеке-жібірден шыққан әнші Орынбай10 және үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын, атығай, жаңа-қырғыз соқыр жырау Шөже11 жырларында көптеп кездеседі. Бұл өлеңдердің арқауы көбінесе діни қисса. Қазір олар Сейітбаттал12 қожаның*4 ерліктері, Жүсіп пен Зылиханың махаббаты, Ибрагимнің өмірін жырлайды. Олардың бәрі идеясының фанатизмі, баяндаудың солғындығынан тез жалықтырып жібереді.





























 Пәні: Қазақ әдебиеті

     Сыныбы: 9

Сабақтыңтақырыбы: Жыраулар поэзиясы

Сабақтыңмақсаты:

а)Білімділік. Оқушыларғажырауларпоэзиясынанбілімдіқалыптастыру, жырауларәлемінмеңгерту, сөзөнерініңғылыминегізінаңғарту;

ә)Дамытушылық.Танымдыққабілеттіояту, аманатжайлыөзектіойдамыту, дана, даратұлғанықалыптастыру;

б)Тәрбиелік. Ұлттыққұндылықтардыбағалау

Сабақтыңтүрі: дәстүрліемес, семинарсабақ.

Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтықжұмыс, СТО элементтері

Сабақтыңкөрнекілігі: «Қазақтыңақын-жыраулары» буклет, сызбакестелер,  жыраулартуралысуреттер,интерактивтітақта, плакаттар, жұлдызшалар,қима қағаздар т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі: Оқушылармен сәлемдесу, жаңа сабаққа дайындау, сәттілік тілеу. Құрметті оқушылар, мен бүгінгі сабақты Асанқайғының бір ауыз өлеңімен бастағым келіп отыр.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!.- өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы терең ойлары сіздерге үлгі-өнеге.

Жыраулар әлемі- ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Оқушылар біздер өткен сабақта  ежелгі дәуір әдебиетін қорытындыладық, үйден  жыраулар поэзиясы туралы ізденіп келуге тапсырма берілді. Ендеше бүгін жыраулардың өмірі мен шығармашылығына толығымен тоқталамыз.

 

Бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін:

ü  I «Кім көп білді» сұрақ-жауап кезеңі

ü  II Үй тапсырмасын тексеру (Оқушылар өздік жұмыстарын қорғау)

ü  III  «Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея, рухани үндестік» баяндама оқу

ü  IV  «Үн таспадан жырау толғауларын тыңдау»

ü  V Сабақты бекіту тапсырмалары

ü  VI Үйге тапсырма, әсерлерін жеткізу.

ü  VII Бағалау

                             І кезең. Ой қозғау. «Кім көп білді?» ойыны. 

ХҮ-ХҮІІІ ғасыр дүниесіне көз шалмас бұрын өткенімізді еске алып, бір түгендеп алайық.

Сұрақтар беріледі:

1.Ежелгі дәуір әдебиеті өкілдеріне тоқталайық.

2.Күлтегін жырлары туралы не білеміз?

3.Орхон ескерткішін не себепті ерлік жыры дейміз?

4.«Қорқыт ата кітабының» тәрбиелік мәні туралы не білеміз?

5.Шығармаларында имандылық  тақырыбына көп тоқталған кім?

                            Әр оқушыдан өз ойларын тыңдау.

II Үй тапсырмасын тексеру

Өздік жұмыстар. Оқушылар өздері дайындалып келген жырау туралы қосымша материалдармен айтып шығады. Әр оқушы жыраулардың өмірі мен шығармашылығы туралы, әр жыраудан өлеңдерінен үзіндіні жатқа оқу.

ІІІ Жаңа сабақ кезеңі

1.«Жыраулар поэзиясы»  тақырыбында баяндама тыңдау.

          Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі,  елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген.  
     Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа 
даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге, ер – азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт – бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Халқымыздың тарихи тағдырын қамтыған, оның беймаза дүрбелең кезеңдерін тек басынан өткізіп қана қоймай, бүкіл адамзаттың дұшпаны - зұлымдықпен белдесуде шыныққан ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ өлеңінің эстетикалық қуаты мәңгіліктің өзімен тіл табысқандай еді. Ол өткен ғасырларда нұрлана түсіп, жаңа кезеңде қайта түлеп, ерекше ажармен бүгінгі біздің саңлақ санамыз бен инабатты жүрегіміздің қақпасын қағады. ХҮІ ғасыр түлегі Доспамбет те, ХҮІІІ ғасырдың Ақтамбердісі де, ХІХ ғасырдың қақ ортасында кемеліне жеткен Махамбет те «өлі» дүниемен «сұхбатқа» түсіп отырады. Мәселен, осы ақындардың барлығы Жайық пен Еділ өзеніне адамша арыз айтады:       

Айналайын, Ақ Жайық!

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңісі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?  (Доспамбет )

Қайран менің, Еділім,

Мен салмадым, сен салдың... (Қазтуған)

Еділді көріп емсеген,

Жайықты көріп жемсеген

Таудағы тарлан шұбар біз едік. (Махамбет).

Махамбеттің «Жалған дүние» өлеңі Шәлгездің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауымен, «Тайманның ұлы Исатай» толғауының бірқатар жолдары Шәлгездің «Айырдан туған жампоз бар» шумағымен, Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауымен Махамбеттің «Күн қайда» толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес.

ІҮ Сабақты бекіту

v  1-жұлдызша:  Осы баяндамадан не алдыңдар. (Бұрынғы топтарға бөліне қалып, үлкен ақ параққа  не түсіндіңдер жазып шығыңдар)  

  1. Жыраулар поэзиясының өкілдері кім болып табылады?

  2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары?

  3. Жыраулар поэзиясының өкілдері мен кейінгі тұлғалар арасындағы байланыстар қандай?

v  2-жұлдызша: Қима қағаздармен жұмыс: Жыраулардың өлеңдерінен үзінді берілген. Сол берілген жырдың көркемдік ерекшелігін табыңдар.

1-Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалған бір тоқты, 
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)

Жауабы: Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен.

2-Уа, қарт Бөгембай! 
Құяр жалын аспаннан 
Қара бұлт торласа, 
Пәлекет елде көбейер 
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар, 
Алдын қазып орласа, 
Пеңденің бағы ашылмас, 
Маңдайы қалың сорласа... – (Ақтамберді)

Жауабы: Жырау табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
    3- Алп, алп басқан, алп басқан 
      Арабы торым өзіңсің” 
     “Ор, ор қоян, ор қоян, 
  Ор қоян атлы бір қоян”  (Шалкиіз).

Жауабы: Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі — өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашкы сөздердің басқы буындарының қайталануы. Бұл қайталаулар — толғаудың құлақ күйі іспеттес.
 

3-жұлдызша: Үн таспадан толғаулар тыңдау. «Меломан» студиясы шығарған «Қазақтың жыр-термелері» тыңдата отырып екі топтан жыраулар поэзиясының өміршеңдігі туралы айтады.

4- жұлдызша: Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім)

5-жұлдызша: Кімнің шығармасы? Шарты: берілген толғаулардың қай жыраудың екенін табуларыңыз керек.

  • «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп» (Асан қайғы)

  • «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». (Қазтуған)

  • «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз» (Бұқар жырау)

6-жұлдызша: «Рухани жалғастық»тапсырмасы.  Шарты: Жыраулар поэзиямен таныса отырып, қазіргі заман ақыны , былтыр өмірден өткен ақын апамыз Фариза Оңғарсыновамен байланыстыру.

Жауабы: Иә, біздің жырауларымыз елінің азаттығын ойлады, ұрпақтарының ештеңеден тарлық көрмей бейбітшілікте өмір сүруін тілеп өтті. Біздерге көп мұралар қалдыруымен қатар, мол өнеге өшпес іздерін салып кетті. Фариза апамыз да қазіргі заман ақыны бола тұра, жыраулардың мұңын түсінді, поэзияны жанымен сүйді, жырын ұқты, ұрпаққа насихаттады, өзі де еңбектер жазды. Соның ішінде айтар болсам, «Толғау»,  «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны»,  «Абылайдың Бұқарға айтқан жауабы»,  «Абылайдың жауабы»,  «Жігіттерге», «Ақкенженің өсиеті»,  «Өмір» т.б өлеңдерін атауға болады.

 

 

VСабақты қорытындылау

Ұлы адамдардың стратегиясы:


● Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.


● 2.Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.


● 3.«Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді» деп Бұқар жырау айтқандай ата-ананы, сыйлаңдар, үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық
ҮI. Үйге тапсырма

                    «Жырауларым-мәңгілік жасай бергін» тақырыбында ойтолғау жазу

VI Тақтадағы үлкен  ағаштың бейнесіне сабақтан алған әсерлерін жеткізеді.

VII. Бағалау

ü  Сабаққа қатысқан оқушылар түгел дерлік бағала



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее