«Зима 2025»

Абай әлеміне саяхат

Сынып сағаты: "Абай әлеміне саяхат"

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сынып жетекшінің аты-жөні:

Ибишева М.Т

Мектеп: БАББ «Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ


Тақырыбы:

Абай әлеміне саяхат


Сабақ мақсаты

  • Білім алушыларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, талдауға бейімдеу;

  • Білім алушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • Білім алушыларға эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.


Күтілетін

нәтиже

А.Құнанбайұлының өмір жолы, еңбектері мен шығармаларымен танысады, өлеңдерін талдау арқылы ақын шығармашылығының түпкі идеясын анықтайды.


Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік


Пәнаралық

байланыс

Қазақ тілі мен әдебиеті.


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан видео, презентация көреді


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин




Оқушыларымен амандасу, тәрбие сағатына назарларын аудару. (Өзін таныстыру)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, сәттілік тілеу)

Ой қозғау: тақтадан «175» саны көрсетіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бұл санды қандай атаулы оқиғамен байланыстырасыздар?

  • Осы санды көргенде ойларыңызға бірден келген ой қандай?

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы


2 мин












«Миға шабуыл» әдісі:

3 мин









3 мин






























3 мин


Топқа бөлу

2 мин








«FILA» әдісі

4 мин

Олай болса балалар бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы Абай әлеміне саяхат. (Тақырып тақтадан көрсетіледі)

Мұғалім сөзі: құрметті оқушылар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше болмақ, себебі біз бүгін Абай әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхатымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:

  1. А.Құнанбайұлына арналған бұрышқа саяхат.

  2. А.Құнанбайұлы атындағы кітапханаға саяхат.

  3. А.Құнанбайұлы атындағы кинотеатрға саяхат.

А.Құнанбайұлы атындағы мектепке саяхат.

Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру: А.Құнанбайұлының өмір жолы, еңбектері мен шығармаларымен танысу, өлеңдеріндегі ақын шығармашылығының түпкі идеясын анықтау.

1.Саяхат: Оқушылар А.Құнанбайұлы атындағы бұрышқа саяхат жасайды. Өмір жолымен танысады.

1.Тапсырма(А.Құнанбайұлы атындағы бұрыштағы тапсырманы орындайды)

Сандар сөйлейді: 45, 1845, 60, 1904, 170, 56, 20, 3

Жауабы: 45 (А.Құнанбайұлы қара сөздерінің саны), 1845 (А.Құнанбайұлы дүниеге келген жыл), 60 (А.Құнанбайұлының шығармалары 60 тілге аударылған), 1904 (А.Құнанбайұлы дүниеден өткен жыл), 170 (А.Құнанбайұлының 170 өлеңі бар), 56 (А.Құнанбайұлының 56 аудармасы бар), 20(А.Құнанбайұлының 20 шақты әні бар), 3 (А.Құнанбайұлының аяқталған 3 поэмасы бар)

2. Саяхат:А.Құнанбайұлы атындағы кітапханаға саяхат.

2-тапсырма.Кітапханада «Абай» журналынан ақынның үш тілде аударылған қарасөзің оқиды.

Отыз бірінші қара сөзі: Естілген нәрсені ұмытпастыққы төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Орыс тілінде:Существует четыре причины, способствующие восприятию и запоминанию услышанного:

  • во-первых, нужно утвердиться духовно и быть непреклонным;

  • во-вторых, слушать советы умных людей со вниманием и открытым сердцем, с готовностью и желанием уяснить смысл сказанного;

  • в-третьих, вдумчиво, неоднократно повторять про себя эти слова, и закреплять их в памяти;

  • в-четвертых, следует избегать вредных свойств ума, если даже придется подвергнуться искушениям этими силами, не поддаваться им.

Вредные свойства ума: беспечность, равнодушие, склонность к беспричинному веселью, тяга к мрачным раздумьям и губительным страстям.
Вот эти четыре порока способы разрушить и ум, и талант.

Ағылшын тілінде: There are four reasons why you should not forget what you heard:first,your chest should be firmly tied,secondly,when you hear or see something,it must be worshiped,it should be fun,heartfelt and diligent,the third is to think about it for a while and think about it,If this happens,it should be ignored.Thougts:carefree,withoutgrief,playfulhumor,orgrief,or passion for something.These four things are all the wisdom and intelligence that absorbs


3.Саяхат:А.Құнанбайұлы атындағы кинотетрға саяхат. Кинотеатрдан А.Құнанбайұлы туралы қысқаша ақпарат беретін бейнефильм көреді.


4.Саяхат: А.Құнанбайұлы атындағы мектепке саяхат жасайды.(Мектепте оқушыларға арналған тапсырмаларды орындайды)

Оқушыларды Абай өлеңдерінің қиындылары арқылы екі топқа бөлу:

І-топ «Ақыл» (Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап)

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме

ІІ –топ «Ғылым»(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы-бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім,

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

«FILA» әдісі арқылы екі топ ақынның екі өлеңіне талдау жасайды.

F-дерек

I-түпкі ой(идея)

L-сұрақтар(өлеңдерін қандай сұрақтар арқылы ашуға болады)

А- Әрекет жоспары (ақын өлеңдерін өмірде қолануға қандай әрекеттер қажет)

Интербелсенді тақта














Суреттер, бүкемелер









Кітаптары мен туындылар






Интербел-сенді тақта










Қима қағаздар





















А3 форматта қағаз

Сабақтың соңы

2 мин


Кері байланыс

«Аяқталмаған сөз» әдісі:

(Оқушыларға таратып беремін).

1.Мен бүгін білдім...

2.Мен бүгін сезіндім...

3.Мен келесі сабақта білгім келеді...

Құрметті оқушылар «Абай әлеміне саяхат» атты тәрбие сағатына өз үлестеріңізді қосқандарыңызға алғыс білдіремін!

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды,- дей келе әр жеке тұлға бойындағы дарындылығын көрсете білсе Қазақ елінің атар таңы әрқашан жарқын болмақ дегім келеді. Сау болыңыздар.


Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?


Келесі сабаққа ұсыныс






Тексердім:




























































































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее