«Зима 2025»

Абаеведение 11 класс "Бөтен елде бар болсаң" өлеңі

Абаеведение 11 класс "Бөтен елде бар болсаң" өлеңі

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Пән: Абайтану

Пән мұғалімі: Наурзалина А.Т.

Күні:

Сынып: 11 «А, »«В»

Сабақтың тақырыбы: «Бөтен елде бар болса» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Бөтен елде бар болса» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.

  • Дамытушылық: Өлеңнің мазмұнын түсіну, әдеби - теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білу қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелік: Абайдың ұлылығын терең сездіру, адамгершілік қасиеттерге баулу, Абай мұрасына қызығушылықты арттыру, оқып - білуге, тани түсуге ұмтылдыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі
Әдістері: жинақтау, талдау, салыстыру, сұрақ - жауап, қорытынды жасау,
Көрнекіліктері: электронды слайдтар, кітаптар, интерактивті тақта, Абайдың портреті, ақын туралы жазылған кітаптар, ақын өлеңдерінің жинақтары;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылармен өтілген тақырып бойынша, жаңа сабаққа кіріспе ретінде блиц - турнир өткізіледі)
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев -..................(ақын, ойшыл)
2. Қай жерде дүниеге келген.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Ол қай жылы туылған..................( 1845 жылы)
4. Алғаш хат таныған....................... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған медресе....................(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын аты...................(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы.....................(Өскенбай)
8. Өз әкесі...............................(Құнанбай)
9. Абайдың шешесі...............,(Ұлжан) әжесі....................(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды.........................(ел билеуге үйретеді))
11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік................(ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде басталады)
12. Абай оқыған шығыс ақындары....................... Низами, Сағди, Хафиз, Фзули)
13. Абай дос болған орыс демократ ғалымдары.........................(Михаэлис, Долгополов)
14. Абай шығармаларын оқыған философтар.........................(Платон, Сократ, Аристотель)
15. Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары мен ақындары..........(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков - Щедрин, Добролюбов, Чернышевский)
16. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі..................(Қансонарда)
17. Ол қай жылы жазылған..................(1882жылы)
18. Абай оқыған орысша журнал.................(«Русский Вестник»)
19. Абай рухани байлық алған үш саласы.....................(шығыс әдебиеті, орыс жазушылары, халық ауыз әдебиеті)
20. Қай жылы дүниеден озды?............... (1904 жылы)
Жаңа сабақ: Кіріспе сөз:
«Бөтен елде бар болса...» - Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 168 жол. Тобықтының Мамай атасынан шыққан Жамантайұлы Көжекбай деген кісіге арналған. Бір кезде ақынмен дос-жаран болып, кейінгі кейбір мінездері ұнамағандықтан, Абай соған бағыштай сын өлеңдер жазған. Бұдан бұрынырақ шығарылған эпиграмма түріндегі бір ауыз өлеңі «Жамантайдың баласы Көжек деген» деп басталады. Бұл өлеңнің негізгі мазмұны - Абай заманындағы қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас араздық, бақастық, солармен іштей астасып жататын ағайын арасындағы кикілжің, дүрдараздық көріністерін сынау. Өлеңде ел ішінде жақсы аты шығып, беделі артып бара жатқан адамның басына іс түскен кезде, мұнымен алыстан сыйласып жүрген бастасының бұған қарсы айла-шарғы жасап, жауларымен ауыз жаласатыны, онымен де тұрмай, бұған қайта келіп, «Жауыңнан сыр алғалы әдейі істедім» деп, тағы да алдамақ болатын екіжүзділік әрекеттері шенеледі. Басында дос болғансып жүріп, артынан жауығып кеткен мундай адамның қаскөйлігі өте қауіпті. Ол әлі де досыңмын деп жүріп, жымысқы әрекетін жасай береді. Жұртқа мұны өтірікші, аяр етіп көрсетіп, маңайына ел жуытпайды. Одан әрі ақын «жау жағадан алғанда, өздері иттей тақымдайтын» ағайын адамдардың пасықтық қылықтарын тізбектеп сынайды. Олар үйлерінде отырып ауыздарымен орақ орғандай, қосылып алып, жақсы адамдарын даттағанда да бірауызды. Ал, шынтуайтқа келгенде, шынайы азаматтық пен биік адамгершілік сыналар тұста, жақынын сатып күн көретін жансебіл пұшаймандар. Жағдай өзгеріп, жаңағы қыспаққа түскен адамның алды оңала бастаса, бұл жазғандар осы опасыздық тұрғысында табан тіреп тұра алмай, қайта өзгереді, соның сойылын соғар жанашыры болып шыға келеді. Келемді екі шумақтан тұратын ұзақ өлеңнің екінші бөліміне ақын жалған достық пен азғын ағайындыққа жинақты сипат беріп, оны жеке адамдардың басындағы көптен бүкіл қауым арасына кең тараған жалпылама құбылысқа айналдыра баяндайды, халықтың басыңдағы қырсықты қасірет ретінде суреттейді. Жақсының ығыңда жүргенде жаңағы топас ағайын шетінен күйсіген тасыр, томырық мінезді тентек, пәле іздеген жалақор. Соларды қыздырып, арасынан өз есебін түгендеп жүрген болыс, би, старшындар және бар. «Ел бүлігі Тобықты, көп пысыққа молықты» дейтін ақынның әйгілі сөзі осы елеңде айтылған. Бірақ бүл бір ғана рудың, бір ғана аймақтың дерті емес, сол кездегі бүкіл қазақ қауымының басындағы қырсық. Сондықтан да Абай өлеңнің аяғын: «Нанымы жоқ, анты бар, Ел нұсқасы кетті ғой...» - деген ауыр түйінге апарып тірейді. Шығарма жеке адамға арнап жазылғанымен, оның жинақтаушылық сипаты басым, қоғамдық мәні зор, әлеуметтік әуені күшті. Өлең 8, 7 буыңды жыр үлгісінде жазылған, кейде егіз, кейде шалыс, кейде аралас ұйқаспен қиысып, шумақтың ақырына дейін үдеп отырады. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Басылымдарында текстол. өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы жинақта 10-жол «Желіккен жауға кез болса», 34- жол, «Аулаққа шығып бірінің», 87-жол «Еркінді жерде ызақор», 96-жол «Егер күші жетпесе», 162-жол «Сенімсіз болды алашқа» деп алынған. 1933, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бүл жолдар Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Желіккен жауың кез болса», «Аулаққа шығып біріне», «Еркін жерде ызақор», «Егер күші жүрмесе», «Сиымсыз болды алашқа» ретіңде қабылданған. Туынды ағылшын, арабқарақалпаққырғызорыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Абай өлеңдері екі жүзді алмас сияқты. Жібектей жұмсақ, жанға жағымды, екінші жағынан тілі алмастай өткір. Абай шындықты шынайы жырлады. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализмді алып келген Абай болды. Абай өлеңдерінің тақырыбына тоқталып өттік. Енді бір өлеңін. Әдіскер Нұрша Оразақынованың әдеби шығарманы сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдап көрейік
Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі
1. Авторы
2. Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл –шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.
3. Жанр түрі – поэзия(өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы - автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.
5. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
5. 1. Бір шумақты
5. 2. Екі шумақты
6. Тармақ - өлеңнің әр жолы.
6. 1. Екі тармақты
6. 2. Төрт тармақты т. б.
7. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
8. Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты
8. 1. 3 - 4 буынды
8. 2. 6 - 7 буынды
8. 3. 8 - 9 буынды
8. 4. 11 - 18 буынды, т. б.
8. 5. Аралас буынды
9. Ұйқас
9. 1. Қара өлең ұйқасы(- а - а - б - а)
9. 2. Шұбыртпалы ұйқас (- а - а - а - а)
9. 3. Ерікті ұйқас (а - б - в - г - д)
9. 4. Кезекті ұйқас (- а - б - в - б)
9. 5. Шалыс ұйқас (- а - б - а - б)
9. 6. Егіз ұйқас (- а - а - б - б)
9. 7. Аралас ұйқас (- а - а - б - в - б - в - б - б - б)
10. Әдеби теориялық ұғымдар
10. 1. Троп
10. 2. Фигура
11. Түсіндірме сөздік
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Қорытынды: «Сиқырлы конверт»

1. Лирика дегеніміз не?
2. Абай өлеңдерінің тақырыбы қандай?
3. Лирика неше түрге бөлінеді?
4.. Махаббат туралы қандай өлеңдері бар?
5. Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай?
Үйге тапсырма: ««Бөтен елде бар болса...»» өлеңін оқу

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее