«Зима 2025»

«Аяз атаға саяхат»

Әсем безендірілген залға музыка әуенімен жүргізуші кіреді. Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар, ата-аналар! Келе жатқан жаңа жыл әр отбасына бақыт, береке, бірлік әкеле берсін. Жаңа жыл мерекесі баршамызға жақсылық әкелсін! Құтты болсын жаңа жыл, ару күнім,

Қуантатын елдерді күнің бүгін.

Аяз ата, Ақша қар, бәрі-бәрі,

Балалармен билейді шаттық биін -деп, балаларымызды ортаға шақырайық!

Балалар музыка әуенімен залға кіріп би қимылдарын жасайды.

Жүргізуші: Шыршамыз да келіп қалды ортаға,

Жалтыраған ойыншықтары тізіліп.

Барлық бала шаттанады, мәз болып,

Тақпақтарын айтады бүгін шыршаға

1 бала: Жасыл шырша жайнаған

Жарқыраған нұрменен.

Қандай ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.

2 бала: Жасыл шырша, қош келдің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды

Қарсы алуға келдік біз.

3 бала: Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

4 бала: О, алақай тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Жаңа жылда бәріміз, Ән айтамыз жаңаша.

Ән: « »

Ән айтылып болған соң балалар музыка ырғағымен қолдарындағы ойыншықтарын шыршаның артына қойып, өздерінің орындарына отырады.

Музыка әуенімен залға Ақшақар кіреді: :

Қардан шыққан Ақшақар

Сұлу айдай қиылып

Жаңа жылмен құттықтап

Сәлем берем иіліп.

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Жаңа табыс, жаңа жыр

Балғын бөбек балалар

Құтты болсын жаңа жыл.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме қонақтар? Мереке басталып кетіпті ғой

Ақшақар: Балалар, мен сендердің тақылдаған тақпақтарыңды, әдемі әндеріңді естідім. Меніңше, сендер Аяз атаны күтіп отырған боласыңдар солай ма балалар?

Балалар: Ия

Жүргізуші: Ия Ақшақар біз Аяз атаны күтіп отырмыз оны қазір біздің балалар саған а өздері айтып берсін.

5 бала: Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Қызыл ала шапаны Сағындым Аяз атаны

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен.

6 бала: Аяз ата, Аяз ата Сені күтіп жүрдік біз Томпаң қағып арқаланып Келеріңе сендік біз

7 бала: Аяз ата жол салып

Ақ боранмен алысқан

Балаларға базарлық

Алып келсін алыстан

Ақшақар: Дұрыс айтасыңдар балалар жаңа жыл мерекесіне барлығы дайын бірақ Аяз ата ғана жоқ. Бір әуен естіледі Аяз ата келді ғой деймін.

Музыка ойналады залға қолында үлкен хаты бар шанаға мінген Аққала келеді

Аққала:

Мен көңілді аққала, аққала аққала.

Би билейміз шаттана, шаттана, шаттана.

Қатар-қатар түймеміз,

Байлауышпен үйлесті.

Жарасып тұр сәніміз

Би билейік бәріміз

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Ақшақар : Аққала біздің мерекеге қош келдің Ал аяз ата қайда? Сенімен бірге емес пе? Жоқ менімен достарым келді, достарымды ортаға шақырамын.

Би: «Көңілді аққалалар» Аққала:Балалар мен сендерге бір жаңалық әкелдім Аяз ата бүгін келе алмайды бірақ сіздерге хат беріп жіберді маған қайтадан қайтып кел деді (хатты жүргізушіге береді)

Жүргізуші: Аяз бізге хат жіберіпті. Балалар мен оқиын сендер мұқият тыңдаңдар « Сәлеметсіңдер ме балалар Жаңа жылдарың құтты болсын! Сендер мені кешіріңдер мен бүгін балабақшаға бара алмаймын, жұмысым өте көп. Сендереге сыйлық дайындап жатырмын, даланың барлығын ақ мамыққа орауым керек. Бірақ сыйлықтарыңды алуға маған өздерің келіңдер! Аққаланың шанасына барлығың сыймайсыңдар, оған тек қана Ақшақар отырсын. Ал мен сендереге хаттың ішіне сиқырлы қарша салдым. Сол қаршаға 3 рет үрлесеңдер сиқырлы қарша сендерді маған алып келеді.

Сәлеммен Аяз ата.»

Ақшақар: Балалар біз Аққала екеуміз шанамен бара берейік ал сендер сиқырлы қаршаның көмегімен жетесіңдер.

Аққала мен Ақшақар шанамен шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар аяз атаға сыйлығымызды алуға аттанамыз ба?

Балалар: Ия

Жүргізуші: Олай болса орнымыздан тұрайық, сиқырлы қаршаға үрлейік

  • Балалар үрлейді. Жүргізуші санайды. Бір кезде 2 рет үрлеген соң ысқырып мыстан келіп үшінші рет үрлеп қалады

Мыстан: Ия, ия Аяз атаға барайын деп жатырсыңдар ма ешқашан да бара алмайсыңдар одан да Америкаға барыңдар.

Мыстан шығып кетеді

Жүргізуші: Ой балалар мына мыстан бізді қайда алып келді шынымен де керемет екен.

- музыка қосылады есіктен американың адамдары ламбада билеп кіреді (Гүлдана, Данара)

Би: «Ламбада»

Билеп болған соң Гүлдана қазақшы амандасады, Данара ағылшынша амандасады, орысша амандасып мерекелерімен құттықтайды.

  • Гүлданамен шығып кетеді, Данара ортада қалады.

Данара:Сендер Америкаға қалай келдіңдер?

Жүргізуші: Біз Аяз атаға жаңа жыл мерекесін тойлауға бара жатырмыз

Данара : Жаңа жыл деген ол не? Қандай мереке? Мен бірінші рет естіп тұрмын.

Жүргізуші: Жаңа жылдың қандай мереке екенін біздің балалар қазір сізге айтып береді.Қане, балалар жарты шеңберге тұрып жаңа жыл меркесінің қандай екенін әнімізбен айтып берейікші.

Ән: Жаңа жыл деген ол не?

Данара: Жаңа жыл деген керемет мереке екен, олай болса біздің елдің балалары сіздерге ағылшын тілінде әндерін айтып меркелеріңмен құттықтасын!

Ағылшын тілінен үзінді

Жүргізуші: Балалар біздің кететін уақытымыз болды. Аяз атаға тезірек барып силығымызды алайық.

Данара: Сендермен өте көңілді болды жолдарың болсын! Сау болыңдар балалар !

Данара шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар орнымыздан тұрайық, сиқырлы қаршамызды үрлейік.

Балалар үрлейді 3-ші рет тағы мыстан келіп үрлейді

Мыстан: Енді сендер мұзды мұхитта тоныңдар Аяз атаға бармайсыңдар.

Үнтаспадан теңіздің дауысы шығып есіктен мұзды мұхит патшасы кіреді.

Мұзды мұхит патшасы: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер мұзды мұхитқа қалай келдіңдер?

Жүргізуші: Біз балабақшаның балаларымыз бізде жаңа жыл мерекесі бізді Аяз ата қонаққа шақырған ал мыстан жолымызға бөгет жасап өзінің сиқырымен бізді біресе Америкаға, біресе мұзды мұхитқа алып келді.

Мұзды мұхит патшасы: Енді түсіндім мен жаңа жыл мерекесі туралы естігем өте қызықты мереке екенін білемін. Аяз ата келеді балаларға силық береді. Солай емес пе? Ал мынау тұрған немене? (шыршаны көрсетеді)

Жүргізуші: Ол шырша туралы қазір біздің балалар сізге айтып берсін.

Қане балалар тұрайық

Жарты шеңбер құрайық

Шыршамызды айнала

Әнімізді шырқайық

Ән: « »

Мұзды мұхит патшасы: Әндерің қандай керемет! Ал менің сендермен ойын ойнағым келеді.

Ойын:

Ойын ойнап жатқанда картэге киінуге шығады

Теңіз патшалығы. Балалар мен сендерге аяз атаға жетуге көмектесейін сендер сондай көңілімді көтердіңдер. Менде мынандай сиқырлы ұлу (ракушка) бар

Соны бір- біріңе берсеңдер аяз атаға жетесіңдер Оған мыстанның да күші жетпейді. Ал сау болыңдар балалар!

Теңіз патшасы шығып кетеді.

Жүр: Балалар енді бізде сиқырлы ұлу бар біз енді Аяз атаға жететін болдық.

Осы кезде мыстан жүгіріп кіреді: Менде одан да үлкен ұлу бар сендердің сиқырларың мұның жанында түкте емес ха-ха-ха-ха-ха

Жүр: Балалар мына мыстанға не істесек болады қалай қуып жіберсек болады? А-а таптым, таптым қазір біздің ұлдарымыз бізге көмектеседі

Қане келіңдер ұлдар мына мыстанды қуып жіберіңдер

Каратэ

Ұлдар кіргенде мыстан шошып шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар қане орнымыздан тұрайық ұлуды (ракушканы) бір- бірімізге берейік

Балалар: Ұлуды біз береміз

Бірімізге біріміз

Жаңа жылда бүгінгі

Аяз атаны күтеміз. 2рет

Балалар орындарына отырады.

2 рет айтылған соң есіктен музыка ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансыңба ұлдарым

Аппақ ару қыздарым

Мен сендерге әкелген

Құтты болсын жылдарың!

Аяз ата: Міне қонақтар да келіп қалды. Хош келдіңдер балалар! Біз ақшақар екеуміз сендерді тосып отырмыз.

Жүргізуші: Аяз ата, біз сізге қонаққа келу үшін қайда бармадық барлық жерді аралап келдік. Біздің жолымызды мыстан кемпір шатастырып Америкаға да, көк теңізге де бардық.

Аяз ата: Балалар мен сендердің сондай мықты, батыл, ақылды ұйымышыл, көңілді екендеріңді мен білемін. Барлық қиындықты жеңіп маған да жеттіңдер

Шыршаларың қандай әдемі бірақ шамдары жанбапты қане менің сиқырлы таяғым маған көмектес! Балалар, орнымыздан тұрайық, сиқырлы сөзімізді айтайық, шырша шамын жағайық!

  • Балалар жарты шеңберге тұрады.

Балалар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (шырша жанады) 2 рет

Жүр: Ал балалар тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Аяз атамен ақшақарға арнап

Әнімізді шырқайық

Ән: «Аяз ата ақшақар»

Жүрг: Аяз ата балалар сізге ән айтып берді енді сіз балалармен «Тапқыр» ойын ойнаңыз.

Аяз ата: Әрине мерекеде ойын ойнайық.

Жүрг: Аяз ата балалар сізге қимылдар жасап көрсетеді, сіз қымылдарына қарап не көрсеткендерін тауып көріңіз.

Ойын: «Тапқыр»

Балалар хормен: Ақ көңілді Аяз ата

Қара қане біздерге

Тап қанекей Аяз ата

Не көрсеттік біз сізге

Аяз ата: Ой балалар мен сендердің не көрсеткендеріңді таба алмадым

Жүр: Аяз ата олай болса айыбыңызды немен өтейсіз?

Аяз ата: Ол үшін мен сендерге мынанадай қаршаларды берейін

Жүр: Балалар біз бұл қаршалармен би билей аламыз ғой, қане аяз атаға өнерімізді көрсетейік

Би: « »

Ақшақар: Кел балалар тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

Тақпақтар

Аяз ата: Балалар жаңа жылдың келуіне де аз уақыт қалды.

Ақшақар: Аяз ата олай болса мен балалардың білімдерін тексерейін балалар менің сұрағыма жауып бере алар ма екен.

Аяз ата: Жарайды ақшақар қызым сұрағыңды қой біздің балалар өте ақылды білімді болу крек.

Ақшақар: Балалар қане айтыңдаршы өтіп бара жатқан жыл қай жыл?

Балалар: Жылан жылы!

Аяз ата: Ал келер жыл қай жыл?

Балалар: Жылқы жылы!

Аяз ата: Ал жылқы атасын қалай атайды ?

Балалар: Жылқы атасы Қамбар ата!

Аяз ата: Жылқының жастарына қарай жылқы атауларын қалай атайды.

7 бала ортаға шығады.

1 бала: Биеден құлын туады,

Қамыстай болып құлағы

2 бала: Жабағыдан тай болар

Жиеннің көңілі жайланар

3 бала: Тайдан құнан шығады

Балақай жылық бұл әлі

4 бала: Құннан шығар дөнен де

Саласың өр мен төменгер.

5 бала: Дөннен кейін бесті бар

Ес тоқтатқан есті мал

6 бала: Алтыға толып ат болар

Азамат ерге тақ болар

7 бала: Қайырып бағар үйірін

Қайырып бағар айғыр бар

Ойын:

Аяз ата: Дұрыс айтасыңдар балалар. Өте білімді екенсіңдер сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер.

Үнтаспадан сағаттың 12 ні соққан дауысы шығады

Жүр: Келеді міне жаңа-жыл сәуле шашып,

Құлпырады табиғат нұры тасып

Жаңа жылды ағайын қарсы алайық

Шашу-шашып, би билеп ән-салайық.

Жаңа жыл кіреді

Жаңа жыл: Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Төрт түліктің патшасы

Жаңа жылың мен болам

Жүр: Күттіріп келген жыл

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханыма елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Әндетейік бәріміз.

Ән: « Тұлпарым »

Аяз ата: Рахмет ұлдарым, әндерің қандай тамаша!

Балаларым сендермен

Биледім де ойнадым.

Күтіп отыр біздерді

Алыс-алыс ауылдар

Өздеріңдей балғындар

Ал енді мына мені

Сендер шығарып салыңдар.

Жүрг: Аяз ата сіз ештеңе ұмытқан жоқсызба?

Аяз ата: Ах, кәрілікпе білмеймін, баларға сыйлықтарымды бермеппін ғой.

Аяз ата: Балалар мына менің қолымдағы алтын инелерді көрдіңдер ме?

Балалар: Көрдік.

Аязата: Бұл жай инелер емес сиқырлы инелер осы инелердің сыйлыққа айналғанын қалайсыңдар ма?

Балалар: Иә

Аяз ата: Олай болса бәрің шыршаға жақындаңдар мен сендерге алтын инелер таратамын сол инелер сыйлыққа айналсын десеңдер сиқырлы сөзімізді айтып шыршаға лақтырамыз

Жарық өшіріледі

Ақшақар, Жаңа жыл балаларды шыршаны айналдыра тұрғызады. Инелерді балаларға таратып көмектеседі.

Аяз ата: Балалар енді сиқырлы сөзімізді 3 рет атйып 4 рет сиқырлы инені шыршаға лақтырамыз.

Балалар хормен: «Алтын инелер

Сыйлыққа айналыңдар» 3 рет айтып шыршаға лақтыру.

Балалар сиқырлы сөздерін айтып инелерін шыршаға лақтырады

(Тәрбиешілер екі жақтан сыйлықтарды балалардың орындықтарына қояды балалар орындарына барғанда сыйлықтар тұрады)

Жарық жанады

Аяз ата: Балалар енді орындарыңа барып сыйлықтарыңды алып отырыңдар

Аяз ата: Міне балалар, сиқырлы инелер сыйлыққа айналды топтарыңа барып менің әкелген сыйлықтарымнан дәм татыңдар.

Ал балалар менің қайтатын уақытым болды сендер сияқты балалар басқа жерде де күтіп отыр.

Аяз ата: Ақ көрпемді жамылып

Мұздан алқа тағынып

Әр жыл сайын сендерге

Кеп тұрамын сағынып

Қош сауболыңдар!

Барлығы: Сау болыңыз!

Құрметті ата- аналар қонақтар бүгінгі жаңажылдық мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рахмет! Ал балалар тобымызға барып Аяз атаның берген сыйлығынан дәм татайық.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Жаңа-жылға арналған мерекелік ертеңгілік

«Аяз атаға саяхат»

Әсем безендірілген залға музыка әуенімен жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар, ата-аналар! Келе жатқан жаңа жыл әр отбасына бақыт, береке, бірлік әкеле берсін. Жаңа жыл мерекесі баршамызға жақсылық әкелсін!

Құтты болсын жаңа жыл, ару күнім,

Қуантатын елдерді күнің бүгін.

Аяз ата, Ақша қар, бәрі-бәрі,

Балалармен билейді шаттық биін -деп, балаларымызды ортаға шақырайық!

Балалар музыка әуенімен залға кіріп би қимылдарын жасайды.

Жүргізуші: Шыршамыз да келіп қалды ортаға,

Жалтыраған ойыншықтары тізіліп.

Барлық бала шаттанады, мәз болып,

Тақпақтарын айтады бүгін шыршаға

1 бала: Жасыл шырша жайнаған

Жарқыраған нұрменен.

Қандай ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.

2 бала: Жасыл шырша, қош келдің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды

Қарсы алуға келдік біз.

3 бала: Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

4 бала: О, алақай тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Жаңа жылда бәріміз,
Ән айтамыз жаңаша.

Ән: « »

Ән айтылып болған соң балалар музыка ырғағымен қолдарындағы ойыншықтарын шыршаның артына қойып, өздерінің орындарына отырады.

Музыка әуенімен залға Ақшақар кіреді: :

Қардан шыққан Ақшақар

Сұлу айдай қиылып

Жаңа жылмен құттықтап

Сәлем берем иіліп.

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Жаңа табыс, жаңа жыр

Балғын бөбек балалар

Құтты болсын жаңа жыл.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме қонақтар? Мереке басталып кетіпті ғой

Ақшақар: Балалар, мен сендердің тақылдаған тақпақтарыңды, әдемі әндеріңді естідім. Меніңше, сендер Аяз атаны күтіп отырған боласыңдар солай ма балалар?

Балалар: Ия

Жүргізуші: Ия Ақшақар біз Аяз атаны күтіп отырмыз оны қазір біздің балалар саған а өздері айтып берсін.

5 бала: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен.

6 бала: Аяз ата , Аяз ата
Сені күтіп жүрдік біз
Томпаң қағып арқаланып
Келеріңе сендік біз

7 бала: Аяз ата жол салып

Ақ боранмен алысқан

Балаларға базарлық

Алып келсін алыстан

Ақшақар: Дұрыс айтасыңдар балалар жаңа жыл мерекесіне барлығы дайын бірақ Аяз ата ғана жоқ. Бір әуен естіледі Аяз ата келді ғой деймін.

Музыка ойналады залға қолында үлкен хаты бар шанаға мінген Аққала келеді

Аққала:

Мен көңілді аққала, аққала аққала.

Би билейміз шаттана, шаттана, шаттана.

Қатар-қатар түймеміз ,

Байлауышпен үйлесті .

Жарасып тұр сәніміз

Би билейік бәріміз

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Ақшақар : Аққала біздің мерекеге қош келдің Ал аяз ата қайда? Сенімен бірге емес пе? Жоқ менімен достарым келді, достарымды ортаға шақырамын.

Би: «Көңілді аққалалар»
Аққала:Балалар мен сендерге бір жаңалық әкелдім Аяз ата бүгін келе алмайды бірақ сіздерге хат беріп жіберді маған қайтадан қайтып кел деді (хатты жүргізушіге береді)

Жүргізуші: Аяз бізге хат жіберіпті. Балалар мен оқиын сендер мұқият тыңдаңдар « Сәлеметсіңдер ме балалар Жаңа жылдарың құтты болсын! Сендер мені кешіріңдер мен бүгін балабақшаға бара алмаймын, жұмысым өте көп. Сендереге сыйлық дайындап жатырмын , даланың барлығын ақ мамыққа орауым керек. Бірақ сыйлықтарыңды алуға маған өздерің келіңдер! Аққаланың шанасына барлығың сыймайсыңдар, оған тек қана Ақшақар отырсын. Ал мен сендереге хаттың ішіне сиқырлы қарша салдым. Сол қаршаға 3 рет үрлесеңдер сиқырлы қарша сендерді маған алып келеді.

Сәлеммен Аяз ата.»

Ақшақар: Балалар біз Аққала екеуміз шанамен бара берейік ал сендер сиқырлы қаршаның көмегімен жетесіңдер.

Аққала мен Ақшақар шанамен шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар аяз атаға сыйлығымызды алуға аттанамыз ба?

Балалар: Ия

Жүргізуші: Олай болса орнымыздан тұрайық, сиқырлы қаршаға үрлейік


  • Балалар үрлейді. Жүргізуші санайды. Бір кезде 2 рет үрлеген соң ысқырып мыстан келіп үшінші рет үрлеп қалады

Мыстан: Ия, ия Аяз атаға барайын деп жатырсыңдар ма ешқашан да бара алмайсыңдар одан да Америкаға барыңдар.

Мыстан шығып кетеді

Жүргізуші: Ой балалар мына мыстан бізді қайда алып келді шынымен де керемет екен.

- музыка қосылады есіктен американың адамдары ламбада билеп кіреді (Гүлдана, Данара)

Би: «Ламбада»

Билеп болған соң Гүлдана қазақшы амандасады, Данара ағылшынша амандасады, орысша амандасып мерекелерімен құттықтайды.

  • Гүлданамен шығып кетеді, Данара ортада қалады.

Данара:Сендер Америкаға қалай келдіңдер?

Жүргізуші: Біз Аяз атаға жаңа жыл мерекесін тойлауға бара жатырмыз

Данара : Жаңа жыл деген ол не? Қандай мереке? Мен бірінші рет естіп тұрмын.

Жүргізуші: Жаңа жылдың қандай мереке екенін біздің балалар қазір сізге айтып береді.Қане, балалар жарты шеңберге тұрып жаңа жыл меркесінің қандай екенін әнімізбен айтып берейікші.

Ән: Жаңа жыл деген ол не?

Данара: Жаңа жыл деген керемет мереке екен, олай болса біздің елдің балалары сіздерге ағылшын тілінде әндерін айтып меркелеріңмен құттықтасын!

Ағылшын тілінен үзінді

Жүргізуші: Балалар біздің кететін уақытымыз болды. Аяз атаға тезірек барып силығымызды алайық.

Данара: Сендермен өте көңілді болды жолдарың болсын! Сау болыңдар балалар !

Данара шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар орнымыздан тұрайық, сиқырлы қаршамызды үрлейік.

Балалар үрлейді 3-ші рет тағы мыстан келіп үрлейді

Мыстан: Енді сендер мұзды мұхитта тоныңдар Аяз атаға бармайсыңдар.

Үнтаспадан теңіздің дауысы шығып есіктен мұзды мұхит патшасы кіреді.

Мұзды мұхит патшасы: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер мұзды мұхитқа қалай келдіңдер?

Жүргізуші: Біз балабақшаның балаларымыз бізде жаңа жыл мерекесі бізді Аяз ата қонаққа шақырған ал мыстан жолымызға бөгет жасап өзінің сиқырымен бізді біресе Америкаға, біресе мұзды мұхитқа алып келді.

Мұзды мұхит патшасы: Енді түсіндім мен жаңа жыл мерекесі туралы естігем өте қызықты мереке екенін білемін. Аяз ата келеді балаларға силық береді. Солай емес пе? Ал мынау тұрған немене? (шыршаны көрсетеді)

Жүргізуші: Ол шырша туралы қазір біздің балалар сізге айтып берсін.

Қане балалар тұрайық

Жарты шеңбер құрайық

Шыршамызды айнала

Әнімізді шырқайық

Ән: « »

Мұзды мұхит патшасы: Әндерің қандай керемет! Ал менің сендермен ойын ойнағым келеді.

Ойын:

Ойын ойнап жатқанда картэге киінуге шығады


Теңіз патшалығы. Балалар мен сендерге аяз атаға жетуге көмектесейін сендер сондай көңілімді көтердіңдер. Менде мынандай сиқырлы ұлу (ракушка) бар

Соны бір- біріңе берсеңдер аяз атаға жетесіңдер Оған мыстанның да күші жетпейді. Ал сау болыңдар балалар!

Теңіз патшасы шығып кетеді.

Жүр: Балалар енді бізде сиқырлы ұлу бар біз енді Аяз атаға жететін болдық.

Осы кезде мыстан жүгіріп кіреді: Менде одан да үлкен ұлу бар сендердің сиқырларың мұның жанында түкте емес ха-ха-ха-ха-ха

Жүр: Балалар мына мыстанға не істесек болады қалай қуып жіберсек болады? А-а таптым, таптым қазір біздің ұлдарымыз бізге көмектеседі

Қане келіңдер ұлдар мына мыстанды қуып жіберіңдер

Каратэ

Ұлдар кіргенде мыстан шошып шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар қане орнымыздан тұрайық ұлуды (ракушканы) бір- бірімізге берейік

Балалар: Ұлуды біз береміз

Бірімізге біріміз

Жаңа жылда бүгінгі

Аяз атаны күтеміз. 2рет

Балалар орындарына отырады.

2 рет айтылған соң есіктен музыка ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансыңба ұлдарым

Аппақ ару қыздарым

Мен сендерге әкелген

Құтты болсын жылдарың!

Аяз ата: Міне қонақтар да келіп қалды. Хош келдіңдер балалар! Біз ақшақар екеуміз сендерді тосып отырмыз.

Жүргізуші: Аяз ата, біз сізге қонаққа келу үшін қайда бармадық барлық жерді аралап келдік. Біздің жолымызды мыстан кемпір шатастырып Америкаға да, көк теңізге де бардық.

Аяз ата: Балалар мен сендердің сондай мықты, батыл, ақылды ұйымышыл, көңілді екендеріңді мен білемін. Барлық қиындықты жеңіп маған да жеттіңдер

Шыршаларың қандай әдемі бірақ шамдары жанбапты қане менің сиқырлы таяғым маған көмектес! Балалар, орнымыздан тұрайық, сиқырлы сөзімізді айтайық, шырша шамын жағайық!

  • Балалар жарты шеңберге тұрады.

Балалар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (шырша жанады) 2 рет

Жүр: Ал балалар тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Аяз атамен ақшақарға арнап

Әнімізді шырқайық

Ән: «Аяз ата ақшақар»

Жүрг: Аяз ата балалар сізге ән айтып берді енді сіз балалармен «Тапқыр» ойын ойнаңыз.

Аяз ата: Әрине мерекеде ойын ойнайық.

Жүрг: Аяз ата балалар сізге қимылдар жасап көрсетеді, сіз қымылдарына қарап не көрсеткендерін тауып көріңіз.

Ойын: «Тапқыр»

Балалар хормен: Ақ көңілді Аяз ата

Қара қане біздерге

Тап қанекей Аяз ата

Не көрсеттік біз сізге

Аяз ата: Ой балалар мен сендердің не көрсеткендеріңді таба алмадым

Жүр: Аяз ата олай болса айыбыңызды немен өтейсіз?

Аяз ата: Ол үшін мен сендерге мынанадай қаршаларды берейін

Жүр: Балалар біз бұл қаршалармен би билей аламыз ғой, қане аяз атаға өнерімізді көрсетейік

Би: « »

Ақшақар: Кел балалар тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

Тақпақтар

Аяз ата: Балалар жаңа жылдың келуіне де аз уақыт қалды.

Ақшақар: Аяз ата олай болса мен балалардың білімдерін тексерейін балалар менің сұрағыма жауып бере алар ма екен.

Аяз ата: Жарайды ақшақар қызым сұрағыңды қой біздің балалар өте ақылды білімді болу крек.

Ақшақар: Балалар қане айтыңдаршы өтіп бара жатқан жыл қай жыл?

Балалар: Жылан жылы!

Аяз ата: Ал келер жыл қай жыл?

Балалар: Жылқы жылы!

Аяз ата: Ал жылқы атасын қалай атайды ?

Балалар: Жылқы атасы Қамбар ата!

Аяз ата: Жылқының жастарына қарай жылқы атауларын қалай атайды.

7 бала ортаға шығады.

1 бала: Биеден құлын туады,

Қамыстай болып құлағы

2 бала: Жабағыдан тай болар

Жиеннің көңілі жайланар

3 бала: Тайдан құнан шығады

Балақай жылық бұл әлі

4 бала: Құннан шығар дөнен де

Саласың өр мен төменгер.

5 бала: Дөннен кейін бесті бар

Ес тоқтатқан есті мал

6 бала: Алтыға толып ат болар

Азамат ерге тақ болар

7 бала: Қайырып бағар үйірін

Қайырып бағар айғыр бар

Ойын:

Аяз ата: Дұрыс айтасыңдар балалар. Өте білімді екенсіңдер сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер.

Үнтаспадан сағаттың 12 ні соққан дауысы шығады

Жүр:     Келеді міне жаңа-жыл сәуле шашып,

               Құлпырады табиғат нұры тасып

               Жаңа жылды ағайын қарсы алайық

               Шашу-шашып, би билеп ән-салайық.

Жаңа жыл кіреді

Жаңа жыл: Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Төрт түліктің патшасы

Жаңа жылың мен болам

Жүр: Күттіріп келген жыл

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханыма елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.


Жүзімізге күлкі ойнап,

           Қанаттанды жанымыз.

           Жаңа жылды біз тойлап

           Әндетейік бәріміз.

Ән: « Тұлпарым »

Аяз ата: Рахмет ұлдарым, әндерің қандай тамаша!


Балаларым сендермен

Биледім де ойнадым.

Күтіп отыр біздерді

Алыс-алыс ауылдар

Өздеріңдей балғындар

Ал енді мына мені

Сендер шығарып салыңдар.

Жүрг: Аяз ата сіз ештеңе ұмытқан жоқсызба?

Аяз ата: Ах, кәрілікпе білмеймін, баларға сыйлықтарымды бермеппін ғой.

Аяз ата: Балалар мына менің қолымдағы алтын инелерді көрдіңдер ме?

Балалар: Көрдік.

Аязата: Бұл жай инелер емес сиқырлы инелер осы инелердің сыйлыққа айналғанын қалайсыңдар ма?

Балалар: Иә

Аяз ата: Олай болса бәрің шыршаға жақындаңдар мен сендерге алтын инелер таратамын сол инелер сыйлыққа айналсын десеңдер сиқырлы сөзімізді айтып шыршаға лақтырамыз

Жарық өшіріледі

Ақшақар, Жаңа жыл балаларды шыршаны айналдыра тұрғызады. Инелерді балаларға таратып көмектеседі.

Аяз ата: Балалар енді сиқырлы сөзімізді 3 рет атйып 4 рет сиқырлы инені шыршаға лақтырамыз.

Балалар хормен: «Алтын инелер

Сыйлыққа айналыңдар» 3 рет айтып шыршаға лақтыру.

Балалар сиқырлы сөздерін айтып инелерін шыршаға лақтырады

(Тәрбиешілер екі жақтан сыйлықтарды балалардың орындықтарына қояды балалар орындарына барғанда сыйлықтар тұрады)

Жарық жанады

Аяз ата: Балалар енді орындарыңа барып сыйлықтарыңды алып отырыңдар

Аяз ата: Міне балалар, сиқырлы инелер сыйлыққа айналды топтарыңа барып менің әкелген сыйлықтарымнан дәм татыңдар.

Ал балалар менің қайтатын уақытым болды сендер сияқты балалар басқа жерде де күтіп отыр.

Аяз ата: Ақ көрпемді жамылып

Мұздан алқа тағынып

Әр жыл сайын сендерге

Кеп тұрамын сағынып

Қош сауболыңдар!

Барлығы: Сауболыңыз!

  Құрметті ата- аналар қонақтар бүгінгі жаңажылдық мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рахмет! Ал балалар тобымызға барып Аяз атаның берген сыйлығынан дәм татайық.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее