«Зима 2025»

«Айман-Шолпан» жырының лиро-эпостан өзіндік ерекшілігі

Қазақ драматургиясының барлық жанрларының негізгі қайнар көзі, алтын арқауы, күре тамыры – ауыз әдебиеті үлгілері, фольклордың сан алуан нұсқалары. Әлем драматургиясы мектебінен тиянақты сабақ алған қазақ қаламгерлері ұлттық топырақтағы берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен дамыта білді.

Эпостық материал негізін құраған М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының ұлттық сахна өнерінің тарихында алатын орны бөлек.

Бұл пьеса қазақ халқының лиро-эпикалық «Айман-Шолпан» жырының (дастанының) сюжет желісінің негізінде жазылған. Бірақ жазушы, бір жағынан, 1894 жылы мәлім болған «Айман-Шолпан» хикаясының сарынын сақтай отырып, екінші жағынан, тек қана жыр жетегімен кетпей, оны өз көрігінде қайта жасап, соны туынды етіп шығарған [1,480].

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Айман-Шолпан» жырының лиро-эпостан өзіндік ерекшілігі


Қазақ драматургиясының барлық жанрларының негізгі қайнар көзі, алтын арқауы, күре тамыры – ауыз әдебиеті үлгілері, фольклордың сан алуан нұсқалары. Әлем драматургиясы мектебінен тиянақты сабақ алған қазақ қаламгерлері ұлттық топырақтағы берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен дамыта білді.

Эпостық материал негізін құраған М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының ұлттық сахна өнерінің тарихында алатын орны бөлек.

Бұл пьеса қазақ халқының лиро-эпикалық «Айман-Шолпан» жырының (дастанының) сюжет желісінің негізінде жазылған. Бірақ жазушы, бір жағынан, 1894 жылы мәлім болған «Айман-Шолпан» хикаясының сарынын сақтай отырып, екінші жағынан, тек қана жыр жетегімен кетпей, оны өз көрігінде қайта жасап, соны туынды етіп шығарған [1,480].

Мұхтар Әуезов: «Өткен жылғы жазған екінші пьесам – «Айман-Шолпан». Бұл өткен ғасырда туған осы аттас ауызекі шығарылған дастанның оқиғасы бойынша қайыра жазылған жаңа нұсқа.

Тарихи жағдай, оқиғадағы мысқыл күлкі аталмыш пьесада революциялық заманның көзқарас сүзгісінен өтіп, соны тұжырыммен баяндалады. Демек, пьеса дастанның жай ғана көшірмесі емес, сол тақырыпты сын көзбен жаңаша жаңғырту болып табылады. Мен бұл еңбегімді өткен өмірді суреттесем де, сол дәуірді марапаттауға әкеп соқтыратын өзімнің бұрынғы «Қаракөз» және басқа тарихи пьесаларымнан мүлдем бөлек деп есептеймін», - деп жазған.

Музыкалы театрдың тұңғыш шымылдығы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен 13 қаңтарда 1934 жылы ашылды. Қазіргі Абай атындағы Қазақтың академиялық опера және балет театры осы [1,264].

Комедияның ұзақ жылғы қойылымын жіті қадағалаған автор пьесаны қайта өңдеп, 1956 жылы тың нұсқасын жасайды. Сондықтан бұлардың арасындағы оқиға желісінің ұқсастығы болмаса, көп ретте диалогтар мен монологтар, көріністері бір-бірінен алшақ. Екі нұсқаның шымылдығы да басқаша ашылады. Алғашқы нұсқаның бірінші актысы – басына киіз сәукеле кигізілген құданы сахнадағы тойға жиналған жұрттың алдында келемеждеген, сайқы мазақ сахнасынан басталса, кейінгісінде Жантықтың:

Жайлауында жеті ру,

Құйрық атып, төс керген.

Желегі шыққан желдірмем,

Шандоз аттай ойнайды

Ақ мартудай мырзам бар, -

деген өлең жолдарымен басталады.

Пьесада да хикаядағыдай: шөмекей руы жасаған той, Маман мен Көтібар егесі, Әлібектің Айманға, Арыстанның Шолпанға атастырылуы, Маман аулының шапқыншылыққа ұшырауы, Айманның Көтібарды сөзбен шырмап, есек дәмелі етіп қойғаны, Көтібардың дүмбілез ойды місе тұтып, Айман аруды алам деп азаптанып күлкі болғаны сияқты жағдаяттар сөз болады.

Пьесаның поэмаға ұқсастығы негізінен алғанда: комедиялық линияның түгел қамтылуында, және толық ашылмай, тек поэмадағы ишарат түрінде күлкі боп айтылған жыр - әңгімелерінің пьесада терең ашылып, күрделілік табуында. Бұл бір. Екіншіден, жыр іргесін берік ұстап тұрған Айман мен Көтібар арасындағы күлкілі оқиға еді ғой, шындап келгенде пьесаға ірге болып тұрған да осы екеуі: Айман мен Көтібар. Бұл екеуінің біреуі болмай қалса, я бүтіндей өзгеріп кетсе ше? Онда пьеса жыр рухынан алыстап, тіпті басқа нәрсеге айналып кетер еді. Мұхтар бұл жағына өте сақ, жыр рухынан алыстау емес, қайта оны күшейте, жарқырата түскен. Поэмада Айман мен Көтібар арқылы көрініп отырған, үнемі көңілділікке, қуанышқа, жарық пен жылылыққа, татулық пен мейірімділікке шақырып отыратын ғажап бір оптимизм бар емес пе еді, Әуезов осы оптимизмге қызыққандықтан «Айман – Шолпанды» пьесаға айналдырған - ды [5,432].

«Айман-Шолпан» пьесасының жүрегі – Көтібар, ал Айман пьесаның ыстық қаны. Осы екеуі бар жерде ғана пьесада тірлік бар. Барлық қалған адамдар сол тірліктің мүшелері.

Көтібар – көптің бірі, жай қарапайымдардан емес. Ол Маман кеміткендей «қу кедей» де емес. Көтібар тарихта да «батыр» делінген, Шекті руының қадірлейтін адамы. Көтібардың көп қылығы дөрекі көрінуі де мүмкін. Бірақ ол оның ақылсыздығынан, қатал – жауыздығынан емес, «батырмын» деген сеніміне шексіз беріктігінен. Көтібар «бұзақы шалдың» образы деуге келмейді. Көтібар қатал, тентек болса Айманның күйі бұдан әлдеқайда ауыр болар еді. Көтібар батырлықтың серілік жағын да қадірлеген адам: ол сөзге тоқтағанды сыйлайды, ол өзі сенгіш болғандықтан, өзгенің бәріне сенеді және өзі өтірік айтпағандықтан өзгелерді де жалған айтады деп ойламайды, тіпті кейде сезіктенбейді де.

М.Әуезов Көтібар образын жасау арқылы қазақ драматургиясының комедиясына бұрынды – соңды болмаған жаңа комедиялық бейне қосты... Пьесадағы Көтібарда Дон–Кихоттық мінездерде аз емес. Көтібар Дон-Кихотқа мазақ болу жағымен ғана емес, ішкі тазалығымен, баладай қиялымен, өзі қызық деп түсінетін дүниеге алаңсыз берілгендігімен және өзгермейтін сенімімен ұқсайды. Сондықтан да ол өзіне қандай сенсе, өзгелерге де сондай сенеді. Тіпті ол қуланып жүрген Жарасқа да өз адамындай сенеді... Көтібар – қазақ топырағының, қазақ тарихының шындығы [7,432].

Байсалды да ақылды Айман – Көтібар ылаңында торға түскен торғайдай жәбір шексе де, жауына бас иіп кішіреймейді, жасқанып күйгелектік көрсетпейді. Тек сынық жүзі, жабырқау келбеті, жүріс – тұрысындағы сылбырлық тағдыр қаталдығына душар болған жанды елестетеді.

Байдың кенже қызы Шолпан – ойнақы мінезді, еркін өскен ерке. Ол басына қиын күн туса да табиғат берген мінезінен өзгермейді. Оның бір сәт қатыңқы қабағы, кейбір оқыс қимылы, келте қайыратын жауабы – шолжаң қыздың Көтібар шабысынан кейінгі іштегі ызасын көрсететін құбылыс.

Қос қыз бастарына түскен ауыртпашылықты күле жүріп,

Уай, дәурен-ай, дәурен-ай,

Басыма түскен әурені-ай.

Кезек иіскеп жатар ма ем,

Екі бірдей сәулені-ай, -

деп қоңқылдаған Көтібарды емексіте жүріп тақыр жерге отырғызады. Жай күлмейді, күні өтіп кеткен Көтібарды, сол көшпелі елдің тозған салтын «шымши» күледі. М.Әуезов «Айман-Шолпан» лиро-эпосындағы емеурін, мысқылды сахнада ойната отырып, қазақ жұртының қалжыңы мен мысқылын, сауыққой ашық көңілін, күле де білетін «өнерін» жарқ еткізіп ашып берді.

Көне күштің өкілі Көтібарға қарама – қарсы алынған Әлібек пен Арыстан драматург нысанасына қарай сатиралық деңгейде шешілген. Байлығы мен ақшасына сүйеніп, жаңа дәуір тіршілігіне ығыса бастаған Әлібекті драматург өз басынан сөз асырмайтын, мырзалық лауазымды аса қадір тұтатын, өз ортасының жуаны етіп көрсеткен. Әсіресе, Көтібардың әмірін елемей, ол кіріп келгенде қабағы түксиіп, ақынға өлеңіңді баста деп басымдылық көрсететін жерлерінде оның өр кеуде мінезділігі толық ашылған. Әлібектің Айман мен Шолпанға деген қарым – қатынасы ерекше. Ол Айманға сыпайы да сыр мінез адамша келіп, ішке тарта, іркілмей сөйлесе, Шолпанды балдызға балап еркелету жағы басым және оған айтқан сөздерінен әзіл сарыны есіп тұрады.

Ал Арыстан – жігері жалын атқан, қызу қанды, қайсар батыр типтес. Ол тілден гөрі найзаға сүйенетін, өзінің ойлаған мақсатына жетпей тынбайтын алғырлық танытады.

М.Әуезов «Айман-Шолпанын» әбден жетілдіре пісіру үшін, комедиялық шығармасын дүние жүзілік комедиялардың ең жақсыларымен, озықтарымен теңестіру үшін тың образдар қосқан. [9,164].

Пьесадағы автор қосқан Жарас – барлық оқиғаның ұйтқысы, орталық діңгегі іспеттес кейіпкер. Мұхтар Айман рөлін төмендетпей отырып, оның сіңілісі Шолпан рөлін ірілендірген, мықты характерге айналдырған. Арыстан мен Әлібекті де комедиялық планда, пьесаның негізгі тартысын күшейте түсерліктей ұлғайтқан, құлпырта ойнатқан. Соның барлығына көріктілік беріп, табиғи жарастық таптырып тұрған Жарастың орынды қосылғандығы. М.Әуезов поэмада жарамды және қызықты қызмет атқарса да, бірақ пьесаға қажет емес-ау деген нәрселерді алып тастаған. Ол жеті жасар Есет баланың рөлі. Оның есесіне Теңге рөлін ірілендірген.

Пьесадағы ірі образдың бірі – Жарас. Пьесада Жарастың көрінісі қандай көп болса, айтатын сөзі де сондай көп: ағыл–тегіл. Автор Жарас рөлінің қажеттілігін ақтау үшін, оған ауыр жүктер де артқан. Ол комедиялық жағдайларды ұйымдастырушы болумен қатар, оларды ширата да білді. Әр түрлі өр мінездердің күтпеген жерде қағысып – тоғысып қалуларына себепші болып жүреді. Ақын жанды сөз тапқыш Жарас өзіне белгілі мінездерді лезде қағыстырып, лезде соғыстыра біледі. Жиын аулының жігіті болып қонақ қабылдап жүрген Жарас біріншіден Әлібек пен Арыстанды кездестіреді. Сән – салтанатымен қыз көре келген Әлібек пен Арыстанға қыздар жайын әңгімелей, хабардар қылады, онысымен тұрмай екеуіне жайма – шуақ қана жауап берген болып, шағыстыра сөйлейді. Жарастың бұдан кейінгі қақтығысуларды ұйымдастыруда да жасаған әрекеттері аз емес. Ол әсіресе Көтібар мен Маман екеуін беттестіріп, үйге таластырғанда недәуір еңбек сіңіреді. Екі кәрінің де сырына жетік, мінездеріне қанық қу тапқыр сөйлеп, шапқыр қимылдайды. Бірінен соң бірін мақтап алады да, артынан екеуін қағыстырып қояды. Мәселен ол Көтібарға:

Көтеке, егескенде жеңгенім сен,

Қашқанның, қуғанның да сенгені сен... -

деп, жылы – жұмсақ сөздермен көтермелей келіп, ақырында:

Жалғыз – ақ Маман деген зәбі шықты,

Бермесе ерегесіп көрмегі сен, -

дейді. Бұдан кейін батыр бұрқ-сарқ қайнайды. Міне, енді Жарас Маманның алдында тұр. Ол:

Байеке – ау, немене бар сенен аяр,

Арналып мына үй тұр еді саған даяр,

Жалғыз-ақ мен түсем деп Көтібар тұр,

Бермесең пәлесі бар көпке жаяр, -

дейді. Енді Көтібарға қарсы Маман бай бұрқ – сырқ қайнайды.

Бермеймін, өзім түсем, неге ығамын.

Ұстасса қарсысына тең шығамын.

Былай қарағанда Жарас тыныш елді дүрліктіруші, шағыстырушы, біріне – бірін қайрап салып, айдап салып жүр. Бірақ сөйтсе де,біз оған күдіксіз көңілмен қараймыз. Ол қорқынышпен ойнап, оны әжуалап жүр және өз тапқырлығын сүйіскен жастардың қосылуына, мақсат – мұраттарына жетуіне жұмсайды. Тозған дүние, түкке татымас мінез – құлықтарды күлкі етеді.

Жарас басынан аяғына дейін әрі ақылды, әрі ақжарқын бейне. Ол әсіресе Айман мен Шолпанның досы. Күнәсіз әсем қыздарға болысып жүріп, олардың көңілін көтеретін, Көтібардан қорғайтын да осы Жарас. Бір жағынан күлкіге айналдырып әжуалап жүрсе де, Әлібек пен Арыстанның сүйген қыздарына қосылуына да қатты көмектеседі. Сөйтіп Жарас тек жақсылық үшін еңбектенетін, өнер жұмсайтын, жарқын күлкілі бейне болып шыққан.

«Мұхтар пьесасына Жарасты қосқанда халық аузындағы атақты қуларды есіне ұстаған сияқты. Біз Жарасты сол белгілі Алдар Көсе, кейінгі Торсықбай, Айдарбек қулар сияқты қабылдаймыз» [13,544].

Пьесадағы екі ақын Жантық (Жетіру ақыны), Балпықтар да (Шекті ақыны) Әуезовтің қосқандары. Бұл екі ақынның арасында жарыс тартысы бар. Бірі Әлібекті мақтаса, екіншісі Арыстанды мақтайды. Бұлар екі мырзаны топқа таныстырушы, қыздар алдында дәріптеуші. Бұлар әсіресе пьеса сахнаға шыққанда ән-жыр қосып көркейтуге көмектеседі және қазақ мырзаларының маңында да қошеметшіл ақындар болғанын көрсетеді.

Ғ.Мүсірепов өзінің Б.Майлин жайында жазған «Біздің Би-аға» атты мақаласында Әуезов жайлы былай деп еске алады: «...Халық Комиссары Темірбек Жүргенов тілді де тісті, жігерлі де іскер адам еді. Сол күні кешке таман қолға түскен жазушыларды жинаттырып алып, әңгіме өткізді. Мұхтар «Айман-Шолпанды», мен «Қыз Жібекті» алдым.

Мұхтар бәрімізден бұрын бітірді. Бұрынғы – соңғысына қай жағынан салыстырып қараса да мен «Айман-Шолпанның» сол ең алғашқы вариантын артық көремін. Бір шығармадағы бар кейіпкердің бейнесі түгел өз орнында болып шығуы өте қиын. Ал «Айман-Шолпанның» алғашқы вариантында бар характер, бар образ әлеуметтік жағынан да, көркемдік жағынан да даусыз сәтті шыққан еді.

Қазақ ән-күй театры жылға жетпей-ақ, «Айман-Шолпанмен» ашылды. Ойын көрушілер үлкен қуанышпен құттықтады.

«Айман-Шолпанды» көріп қайтқаннан кейін Бейімбет маған:

- Бізде ең ірі драматург Мұхтар ғой. Мен оннан артық пьеса жаздым, біріне де көңілім толған емес, - деді» [13,278].

1934 жыл сахнаға шығып, зор табыспен жүріп жатқан «Айман-Шолпан» комедиясы бес жылдан кейін қатал сынға ұшырап, Мұхтарға саяси айып тағылады. «Халық қазынасын дұрыс пайдаланайық» деген мақаласында Сәбит Мұқанов, әуелі «Айман-Шолпан» поэмасының идеялық мазмұны – тап тартысы дей келіп: «Осындай асыл поэманы, оның бағалы образдарын Мұхтар теріс көрсетіп, маңызын кетіріп негізгі арнасын тас-талқан ғып бұзып, жүз жылдай халық сүйіп келген қымбатты образдар: «Көтібар, Арыстан, Айманды» сықақ бейнелі типтерге айналдырып жібереді.

Бұл қателігі үшін Мұхтарға ... қатты айтуға болады» [14]. деп кінәлады. Әуезов «Жақсы сынға жан пида» атты Мұқановқа жауап мақаласында:

...«Жүз жыл бойы халық сүйген Көтібар» деп өзеурейді. Жолдас Мұқанов, бұл араға келгенде сізге қатты айтуға тура келеді. Бір шығарманың ішінде әрі зорлық істеп жылатушыны бірдей сүйген ел көрдің бе? Оқушы көрдің бе? Әдейі жалған айтпаса, қатар қостаған сыншы көрдің бе?

Халық Көтібарды феодалдық, реакциялық мінездің адамы етіп, жүз жыл бойы сүйіп өтпейді, жүз жыл бойы мысқыл етіп, күлкі етіп көрсетеді. «Өтпес жарлық – бойға қорлық» деген қорытынды жасайды. «Айман-Шолпан» деп ат қоюы да сол қыздардың феодал зорлығы заманында шеккен азабы қандай еді дегенді білдіргені... Автор идеясын сөз де қылмай, ұғынбай да, ұғынғысы да келмей құр белден шалып, «арсалаң да күрселең» деп аптығып кеп жалған қорытындыға ұмтылу – қара шоқпарға ұмтылу. Керегі сын емес, «жаптым жала, жақтым күйе болғаны» [15]. деп қорытады.

Рухани өміріне, жазушылық қызметіне үнемі кесел келтіріп, басына қауіп-қатер төндіріп отырған пәле-жаладан, арандату әрекетінен Мұхтар Әуезов өмірінің ең соңғы кезеңіне шейін құтыла алмаған. Сақтаған Баишев «Профессор М.Әуезов өткендегі қателердің шырмауында» деген мақаласында: «Соңғы 15 жылдың ішінде жазғандарының бәрі – «Айман-Шолпан», «Хан Кене» пьесаларынан бастап, ең соңғы жазып жүргені «Абай» романына дейін – ескі тақырыпқа арналған...» [16]. деп Мұхтардың жазушылық еңбегін жоққа шығарады.

Тұрсын Жұртбаев М.Әуезов «шығарманы шындықтан, өмірден, туған елдің рухани мұрасынан іздеді» дей келіп: «Оқиғаның басты ұйтқысы – Көтібар Бәсеңдеұлының өмірде болғаны анық, тарихи тұлға. Сырым Датов бастаған кіші жүз қазақ шаруаларының патша мен хан билігіне қарсы көтерілісінің қолбасшыларының бірі. [10].

Есет батырға қатысты мәліметтерге иек сүйеп «Айман-Шолпан» оқиғасы қай жылы өтті деген сауалға жауап іздейміз. Белгілі ғалым Сұлтанғали Садырбаев Мәскеудің Ленин атындағы Мемлекеттік кітапханасындағы «Русский художественный листок» атты басылымының 1858 жылғы 1 қарашадағы санынан Есет Көтібаров жайлы дерек тауып, «Қазақ әдебиеті» (1984 ж. 24 ақпан) газетінде жариялады. Сол мәліметтегі мінездемеде: «Есет Көтібаров – 55 жаста, ұзын бойлы, сұйық қара мұртты, сақалы сирек. Бет әлпетіне қарағанда...батырға тән сұс байқалады», - деп жазылған.

Дастанның сюжетіндегі деректе Айман-Шолпанның шабындыға түсіп, Көтібар аулына барғанда Есет жеті жаста. «Русский художественный листоктағы» мақала жазылғанда 55 жаста. Яғни, 1803 жылы туған... Сондықтан да, «Айман-Шолпан» қиссасының оқиғасы – Көтібар батырдың Айман сұлумен «арбасуы» 1810 немесе 1814 жылы Шекті руының жерінде, Сырдарияның сағасында өткен деген жорамалға жүгінеміз. Көтібар батыр Айман қапы қалдырған соң да 23 жыл өмір сүрген. Ұзын-ырғасы 80-90 жыл жасады дегеннің өзінде, Маман баймен ерегескенде 55-60 жастағы қарт батыр... «Айман-Шолпанның» жазылу тарихына орай жылт өте қалған жорамал-тұспал, міне, осындай» [16]. деп қорытындылайды.

М.Әуезов қалдырған зор әдеби мұралардың ішіндегі комедия жанрында қалдырған тамаша шығармасы осы «Айман-Шолпан». «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» пьесаларымен трагедиямыздың негізін салысқандай, халықтың комедиялық поэмасы «Айман-Шолпан» тақырыбы арқылы комедиямыздың негізін салысты. Соның арқасында «Айман-Шолпан» қазақтың ұлт драматургиясына асыл қазына болып қосылды, ол – қазақтың халық әдебиетіндегі күлкілі оқиғаларды (ертек, аңыз, поэма, хикаялар, қулар әрекеттері жайындағы әңгімелерді) комедиялық пьесаларға қалай пайдалануды үйрететін мектеп басы болды.

















Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Әуезов М. Шығармаларының он екі томдық жинағы. Т-8. – Алматы: Жазушы, 1969 – 480б.

  2. Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. Т-3. – Алматы: Атамұра, 1998 – 220б.

  3. Мұхаметханов Қ. «Еңлік-Кебек» солай туған // Семей таңы, 1987. 16-қыркүйек.

  4. Ақынжанов М. Шыңғыс топырағында. Кітапта: Біздің Мұхтар. – Алматы: Жазушы, 1976 – 432б.

  5. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т-2. – Алматы: Ғылым, 1998 – 432б.

  6. Кәкітайұлы Д. Қорғансыздар // Абай, 1993. № 6.

  7. Самурзин Ғ. Ардагер аға. Кітапта: Біздің Мұхтар. – Алматы: Жазушы, 1976 – 432б.

  8. Орманбайұлы Ж. Қаракөз // Абай, 1993. № 6.

  9. М.Әуезов - ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Ғылым, 1997 – 164б.

  10. Жұртбаев Т. «Қаракөз» қалай жазылды? // Семей таңы, 1979. 14-май.

  11. Қирабаев С. Біздің рухани әкеміз // Қазақ әдебиеті, 1987. 9-қаңтар.

  12. Тәжібаев Ә. «Айман-Шолпан». Кітапта: Мұхтар Әуезов тағылымы – Алматы: Жазушы, 1987 – 432б.

  13. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. Т-1 – Алматы: Жазушы, 1980 – 544б.

  14. Мұхамедханұлы Қ. Мұхтар кешкен қилы заман // Абай, 1992. № 3.

  15. Әуезов М. Жақсы сынға жан пида // Абай, 1994. № 11.

  16. Баишев С. Профессор М.Әуезов өткендегі қателерінің шырмауында // Қазақ және әлем әдебиеті, 2005. №1.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее