«Зима 2025»

"Айналайын анашым" тақырыбында өткізілген ертеңгілік.

Балаларға араналған 8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктің сенариі.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


Күні:

Тақырыбы: Көктем аруы

Мақсаты:Ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайту; олардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру; тәрбиеленушілер бойына өнеге боларлық халықтың салт-дәстүрлерді дарыту,ата-аналарды мерекелік щараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Мерекеге сай безендірілген зал,шарлар, гүлдер

Ертеңгіліктің барысы:

Әдемі музыка әуенімен бір ұл бір қыздан вальс билеп кіреді .

Тәрбиеші:-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын шешіп көріңдерші!

Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім балалар?

Балалардың жауабы:Бұл ана.

Дұрыс таптыңдар ендеше осы мерекемізге келіп отырған аналарымызды,

әжелерімізді шын жүректен құттықтап тамаша әннен шашу шашайық.

Ән: « »

Жүргізуші:«Нұршуақ» бақшасы шуақ шашар жырымен,

Мың бұрала құлпырар қыздарымен.

Салт-дәстүрді сақтайық той-думанда

Өткізейік сайысты « Көктем ару» сынымен дей келе сайысымыздың әділ қазылармен таныс болайық.






Жүргізуші:Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі ,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргенде болмай-ақ тек сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі-дей келе сайысқа қатасыатын ару

қыздарымызды таныс болайық.

1.Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.( Қара сөзбен,өлеңмен, әнмен)

№ 1 Жұмабек Жансая

№ 2 Қанибекова Еркежан

№ 3 Қуан Ақмеруерт

№ 4 Үмбетқан Еңлік

№ 5 Қаниқұмарова Диана

№ 6 Ауған Таңнұр

№ 7 Қалиева Аяулым

№ 8 Файзолдақызы Адина

№ 9 Нұрмухан Аяжан

Қыздарымыз келесі кезеңге дайындалғанша ұлдарымыздың аналарына арнап жаттаған құттықтау тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Аналар ғой,қуат берер тірлікке -Дархан

Алдарыңда сәби болып жүрдікте.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін,ынтымаққа, бірлікке.


Құшағыңа кіргенде, -Айбар

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе ,

Мейірімді күннен де

Үн қатсаң бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен!


Әлпештеген аялаған,-Дарын

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жолдап бүгін саған,

Мерекеңмен құттықтаймын!




Аналарды сүйеміз, -Ералы

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әжем менің мейірімді,

Әлпештейді әлемді,

Әке, шеше анасы ол

Әркез тілер өмірімді.


Аялы ғой сипаған, -Елдос

Алақаның анашым.

Еркелейді бір саған,

Балапаның анашым.


Ана-өмір жарығы, -Ақтан

Ана-өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

Бір өзіңе арнайын,

Тілегімді анашым.

Сен әйтеуір қашанд

Аман болшы анашым

Ұлдардың орындауында ән: « »


Жүргізуші: Сайысымызды жалғастырамыз.

2.«Өнерлі өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету.

Жүргізуші:«Жеті түрлі білім біл, Жеті жұртың тілін біл» демекші біздің ұлдарымызда өте өнерлі қазақ тілінде ғана емес ағылшын,орыс тіліндерінде де аналарына арнап тақпақтар жаттады.


Маму я свою люблю, -Мағжан

Ей подарок подарю.

Я подарок сделал сам,

Из бумаги красками.

Маме я его отдам,

Обнимаю ласково.





Мамин день! Мамин день! -Алан

Платье лучшее надень!

Утром встань пораньше,

В доме прибери,

Что-нибудь хорошее

Маме подари.

Тудей из мадерс дей,


Летс хелп мами. - Олжас

Ай вилл свит де бәдрумс.

Юу мейк де бәдс.

Ай вилл клинт де китч,

Юу де лоундри.

Летс хелп мама.

Ит из мадерс дей.


Тудей из мадерс дей, -Жанибек

Летс хелп мами.

Ай вилл мейк,

Юу мейк ланч.

Ай вилл дү де дишес,

Юу дү де шоппиң.

Летс хелп мами,

Ит из мадерс дей

Ұлдар биі: «jentel mаn»( Джентельмены)

Ойын:

Жүргізуші:

3. «Менің анам тігінші» сән үлгісін көрсету.

4. « Кішкентай шаштараз» деп аталады. Қыздар сүйікті қуыршақтарының шашын сәндеп,әрлейді.

Жүргізуші: Әділ қазылар төрелігін шығарғанша, кезекті музыка жетекшісі Жайнаның орындауында ән: « »

Би: «Күнбағыс»





Ән:

Балалардың ата-аналарына жасалған сыйлықтарын үлестіріп беру.

Қыздарымыздың номинацияларын анықтайық.Ол үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.

1. «Үкілі ару»

2. «Әдемі қыз»

3. «Сүйкімді қыз»

4. «Өнерлі қыз»

5. «Парасатты қыз»

6. «Епті қыз»

7 «.Сымбатты қыз» -деген атақтар беріліп марапатталады. Құрметті қонақтар бүгінгі мерекемізге келіп, біздің қуанышымызға ортақ боғандарыңызға көп рахмет!Алда келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

Балалар музыка әуенімен топқа қайтады.














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее