«Зима 2025»

Акын-импровизатор Карсак Копабаев

Қарсақ Қопабайұлы Далабай ауылынан шыққан көрнекті ақын.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ақын Қарсақ Қопабайұлы


Жазық дала дастаны болған өнерлі-өрлі жастары толған, ертеден ерке Есіл, еңселң құтты қоныс болған аруақты мекен. Анадайдан көз жауын алатын Есіл сұлу қазақ халқына бағаналы тіреу, балталы жер болғанына бірер ғасыр болса керек. Ең алдымен бұл араға Кенесарыдан бөлініп, Көкшенің бел ортасынан ойға оралған қылды Қарауыл иелік жасаған. Бұл сәт орыстардың ордалы қоныс іздеп, қазақ жерін шарлай бастаған тіміскі әрекетінің алғашқы сәті болатын. Ақмола бекетін, атбасар қаласын салған орыс көшпенділері Есілдің қылды жағасын жағалап, Донской, Монастырка, Братолюбовка Ишимка, Державин селоларын құрды.

Атадан балаға мирас болып қалған өз жерінің түбі өгейшілікке ұшырайтынын бұдан бір жарым ғасыр бұрын сезген Ақтөбе, Далабай өңіріндегі Қарауылдың бір бұтағы Бекдауылдан шыққан Баубек батыр орыстардың үйін өртеп қиратып, егінін таптап отаршылдықьтың ойранына қарсы шапқан. Бірақ қолында мылтығы, артында ақ патшасы бар орыс көшпенділері ақыры Баубек батырды Түменге айдатып, батырсыз, басқарусыз жетім етіп, мұндағы қалған елді аяусыз еркін отарлаған.

Баубек батыр «итжекенге» айдалып, елдің ереуілі басылып, жергілікті халық орыстың озбырлығына бас иіп, атамекенді даулаудан гөрі күн көрістің қайғысына мойынсұна бастағанда Есілдің өн бойын дүрілдеткен асылдың сынығы,ерке ұл – Қарсақ ақын дүниеге келген. Ақын Қарсақ кедей шаруа жанұясынан шыққан. Жас кезінен өлең мен жырға әуес болған ақын бертін келе сырнаймен қосылып ән айтуға машықтанып, өз шығармаларын әнмен орындаған. Ауыл молдаларынан оқып, хат таниды. Жиырма жасында:

Атандым ақын Қарсақ бала жастан,

Құрбым жоқ қатарымда менен асқан.

Жиырылып қанша халық келсе дағы

Өлеңді зулатамын тоқтамастан, -

Жиырма, жиырма беске келгенінде

Жігіт пе жақсы атаққа тағылмаған?!


деген өзінің дауылпаз жырымен елгі танылған Қарсақ та Баубектің аталасы Қарауылдың бір тармағы Орақ әулетінен еді. Қарсақ ақынның да жастайынан көкірегін көрікті ой, күмбірлеген күй, айшықты сөз буып, ел мен жер иесі қазақтарды үнемі менсінбейтін мінез танытатын жан-жағындағы көшпенділер, өзге ұлт өкілдерімен дәм тұзы жараса алмады. Қазақдесе қаны қайнап, жағы суалатын Қарсақ ақын Баубек Түменге айдалып, Тауасар, қараматы, Жанайдар батырлар дүние кешіп, азамат бастар арлан қазақ қалмағын қиын-қыстау сәтте 1912 жылы бір күнде Есіл бойындағы 40 үйді соңына ертіп, Жиделібайсын іздеп, сыр бойына, Бұқар асып кеткен.

Ауық-ауық үзілді –кесілді көшіп қонып, аялдай жүріп, сыр бойына жеткен Қарсақ мұнда жыр дүлдүлі нартай Бекжанұлымен танысып оралған қарсақ Державин ауданындағы Есілдің Далабай қойнауына өзінің туған жері қазіргі «Далабай» ауылына тұрақты орналасады.

Жасынан Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігін көктей шарлап жыр айтқан, ән салғаг Қарсақ Қопабайұлы бүгінгі Ақмола, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды облыстарын түгел ардақтаған ақын. Топқа түсіп, топ жарып, айтысқа түсіп талай рет жүлде алған.

Ақын шығармалары көркем, жинақы. Қарсақ Қопабаев ұзақ жылдар өзінің туып өскен жерінде тұрып, 1974 жылы қыркүйек айында дүние салған.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу – алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп өз сөзінде айтқандай біздің өңіріміздің тумасы , өлкеміздің мақтанышы ақын Қарсақ Қопабайұлының 1992 жылы 110-жылдық мерейтойының құрметіне ақынға арнап Далабай ауылындағы Өмірлік орта мектебінде тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Мұражай ашылғаннан бастап ақынның өмірінен сыр шертетін мұралары мен жеке заттарын ұрпақтары әкеліп тапсырды.

Ал бізге қалған халық ақыны Қарсақ Қопабайұлының мәдени-әдеби мұрасы, қазақ халқының терең тарихы мен әдеби мұрасын зерттеуде орны ерекше. Қарсақ Қопабайұлы өзінің айшықты айқын жырларымен ерекшеленген, ерек халық ақындарының бірі және бірегейі. Ақынның елге, жерге деген шығармалары және өз атындағы мұражайда сақталған заттай мұралары жас ұрпақты Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Біздің мұражайға келген қандай да қонақ болмасын мұражайды аралап, экспонаттармен танысқан соң, осындай шағын ауылдың үлкен тарихына тәнті болып, мұражайдың көңіл толтырарлықтай екенін айтып ауылға, мектебімізге ризашылықтарын білдіріп жақсы бағасын беріп жатады. Сондай қонақтардың бірі де бірегейі Ақмола Облысының әкімі болған С.В.Кулагин ауылымызға, мектебімізге келіп мұражайды аралап оны жоғары бағалауы ауылымыз үшін де, мектеп үшін де және 25-жылдық тарихы бар Қарсақ Қопабайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайы үшін де өте үлкен мәртебе. Патриоттық бағыттағы ауылымыздан шыққан атақты тұлғалар мен батырларымыздың ерлігі мен мазмұны айшықталған өлкетану мұражайы ауыз толтырып айтарлықтай мәдениет ошағы деп нық сеніммен айта аламын. Ал енді біздің алдымызда тұрған міндет ол осы ақынның мұрасына көлеңке үсірмей қастерлеп сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып табылады.



Далабай ауылы

Өмірлік негізгі мектебі

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее