«Зима 2025»

Ана біздің күніміз.

Ана біздің күніміз.

Армысыздар аяулы аналар!

Нұртас. Армысыздар мейірімді әжелер!

Бағдаулет. Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Тәрбиеші: Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым Ана десем әділдікті ұғамын. Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар, Аналардан туған кейбір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі Армысыздар,қасиетті аналар ! Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ана біздің күніміз.

Тәрбиеші:   Армысыздар  аяулы аналар!

Нұртас.  Армысыздар мейірімді әжелер!

Бағдаулет.  Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Тәрбиеші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар !
Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Бағдаулет.   Біз бақытты баламыз
                 Оқып білім аламыз,
               Жұлдыз бо
лып жанамыз.
                 Өнерлі болып өсеміз,
                Өмір сырын шешеміз,
                 Өсірген ой мен сананы,
                   Қуантамыз ананы!
Құтты болсын Аналар мейрамдарыңыз!

Нұртас.. Біздің топтың қыздары,
               Неткен сұлу, көркем еді.
               Күндей күліп жүздері
               Гүлге ұқсап құлпырады.
               Осы гүлдей  жайнаңдар деп,
               Құттықтаймыз сендерді!
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Нұртас. Бағдаулет,білесің бе? Бүгінгі күн ерекше.
Бағдаулет. Неге, сиқыршы келе ме?
Нұртас. -Жоқ, таппадың.
Бағдаулет. - Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар?

Нұртас. -Жоқ.

Тәрбиеші: -Иә, балалар бүгін біздің балабақшамызда  ерекше күн .

Біз бүгін ардақты, аяулы, қымбатты аналарымызды . Күндей күліп жүздері гүлге ұқсап құлпырған қыздарымызды күттықтаймыз.

Нұртас. -Ал , олай болса шақырайық бүлдіршіндерді ортаға.

Музыка әуенімен , балалар залға кіреді, жарты шеңбер құррып тұрады.

Ән. «Құттықтау».

Қуанышы баланың , қуанышы ананың.

Қуанышы ананың, қуанышы баланың

Қайырмасы

Біздерді өсірген апатай, еңбегің де зор екен

Құтты болсын апатай ,құтты болсын мерекең.

Тақпақтар:

Нұрай. Жер бетінің ғұмыры,
                  Күн нұрымен арайлы.
                  Біздің үйдің жылуы,
                  Анамыздан тарайды.
                 Үн қатасың бал тілмен,
                  Еркелеймін  әр күн мен
                 Құттықтаймын анашым 
                  Сегізінші наурызбен! 

Алтынбек Олжас.

My dear, dear mоmmy, 
          Май диа, диа мамми
          I  love you so much! 
       Ай лав ю соу мач
       I want you to be happy 
         Ай уант ю то би хаппи
    On the 8th of March! 
        Он зе ейтс оф мач!

Анель. Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Асель. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 

Сыйлайды оны бар адам. 


Ақарыс. Мені жақсы көреді, 
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі, 
Маған айтып беред.і


Айшат. Әлпештеген аялаған, 
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған, 
Мейрамын мен құттықтаймын

Альбина. Өзің мені өсірген,
                   Айналайын ақ әжем. 
                   Тентек болсам кешірген 
                   Мені бағып өсірген.    


Сайықмазақ: Сәлем достар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Сайықмазақ: Сендер мені күткен жоқсыңдар ма?

Сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар жауабы: -Иә

Сайықмазақ: Мен сендердің балабақшаларыңда аналар мерекесі болып жатқанын естіп

құттықтауға асығып келдім.

Көктем келді-Ана күні, Әлем күні,

Әлемді тербетер Ана күні

Анасыз жан туған жоқ, жер бетінде.

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны-деп мен сендерге қызык ойын ұсынғым келіп тұр.

Ойын аты « Қыздарға гүл сыйлау»

Кәне-кәне, кім менімен қызық ойын ойнағысы келеді.

Ойын шарты мынандай: ортаға екі ұл бала, екі қыз бала шығады.Олардың қасынан алшақ орындық

үстінде бір бума гүл тұрады Олар жұптасып музыка әуеніне билейді, музыка әуені тоқтаған кезде

қыздар бір орында тұрады, ал ұлдар жылдам гүлге жетіп өз қызына сыйлауға тырысу керек.

1.Ақарыс-Азиза, Айшат –Алихан,

2. Асхат – Жания, Рамазан-София

3.Анель-Шыңғыс, Асель-Сұлтан

Сайықмазақ: -жарайсыңдар балалар, сендер өнерлі екенсіңдер.Сендер ойынды өте жықсы ойнадыңдар

Мен өте жақсы көңіл көтердім. Ал мен тағы басқа балабақшаға баруым керек.Олар мені күтіп

қалған шығар? Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші мен балалар: сау болыңыз.

Ән «Менің анам»

1.Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

қ\ы

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.


Тақпақтар:

Д.Олжас. Келбетіңе ұлылық,
                  Даладан ке
ң пейілі 
                  Ана деген мейірім,
                  Ана деген
ұлылық!
                  Ысты
қ демі бетімді,
                  Аймалап бір
өткені,
                  К
үн шуағы секілді,
                  Мейірімін т
өккені



Інжу. Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін


Еркебұлан. Ана біздің күніміз,
                   Ананы
ң біз гүліміз.
                   Балаларды
қуантып,
                   
Ұзақ өмір сүріңіз.

Ботағөз. Әлпештеген баласын,
                   Ана-ба
қыт, Ана-күн!
                   
Әркім сүйер өзінің,
                   Ма
қтан етер анасын!
                   Б
әрі жақсы ананың,
                   Б
әрін сыйлау керек-ау.
                   Біра
қ, әрбір баланың,
                   
Өз анасы бөлек-ау! 

Ерали. Бізді өсіріп баптаған 
                   Жа
қсы болсам шаттанған
                   Алтыным деп ма
қтаған 
                   Айналайын а
қ мамам.

Жанель. Ана десе шешек атып жанары 
           
Өмірімнің бастау алып жаңа әні
            Ана деген тіршілікте пана боп,
           
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Алихан. Ананың әр сөзі ой талабы
              Ж
үрегімнің төрінде сақталады.
             
Өсеміз елін сүйген ұландар боп
              Арда
қты ана еңбегі ақталады.

Би «Апалар» ұлдар билейді

Тақпақтар:

Азиза. Әлпештеген аялаған 
              А
қ сүт берген апатайым
             С
әлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен
құттықтаймын!

Алина. Жүре берсем қасында,
                   
Әйбат анам, ай анам, 
                   Ботам деген даусы
ңнан,
                   Мен м
әз болып оянам

Таңнұр. Айналайын анашым, 
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Ақнұр. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен 

Құрметті аналар.


Жания. Әже деген көп шығар, 
Әжемдей жоқ шығар? 
Мейірімді бұл кісі, 
Қандай ғажап күлкісі.
Ертегі қандай көп еді 
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша, 
Әжем менің тамаша


Асхат. Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Ән

Көрініс: «Менің анам әдемі»

Сырт жақтан «Мама – мама» деген үн шығады.
Тәрбиеші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын?
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын.
Қоянның қасына келіп: Әй қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі. Нанбасаң қара! (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.
Екеуі: Біз мамамыздан адастық.
Аю: Мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп - әдемі!
Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.», - деп үшеуі дауласады.
Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға: Қарқ, қарқ, бұл не айқай – шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет, қарға! Біз мамаларымызға кеттік, алақай!
Қарға: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.
Барлығы шығып кетеді.

Тәрбиеші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, анасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар аналарының айтқанын тыңдайды.
-Балалар көктемнің алғашқы гүлі қалай
аталады?

Балалар: Бәйшешек.

Тәрбиеші: Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын

Көктем қандай көңілді

Қарсы алайық көктемді

Музыка әуенімен көктем кіреді

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін

Гүл боп қырда егілем

Дән боп жерге себілем

Табиғаттың төсіне

Тіршілігін әкелем

Сәлеметсіңдер ме балалар? Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сіздерді 8наурыз, аналар мерекесімен

құттықтаймын!

Тәрбиеші: - Қош келдің, Ару көктем!

Көктем: - жай келгенім жоқ. Мен хош иісі аңқыған, кен даламды жайнатқан гүлдеріммен билеуге

келдім

«Гүлдер» биі

Ән: «Құтықтаймын мама»

Ұлбике. Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.

 Бек. Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Шынғыс. Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін:



Әмина. Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.

Рамазан Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған!
София. Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған!
Сұлтан. Сөздеріңді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым!

Тәрбиеші: Құрметті Әжелер мен аналар! Сіздерді көктемнің шуақты күнімен бірге келген төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық еш нәрсе жоқ.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашан да қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі « Ана біздің күніміз. атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее