«Весна — лето 2024»

Мал шаруашылығы

Таңатарова Дәрігүл Қабылбайқызы

бастауыш сынып мұғалімі

№ 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

атакәсіп саналатын мал шаруашылығының қыр-сыры туралы түсінік беру; мал өнімдерін адам игілігіне қалай пайдаланатыны туралы әңгімелеу;

Білім ресурстары: төрт түлік туралы бейнематериалдар мен суреттер, слайдтар, төрт түлік мал өнімдері.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақ барысы:

Топқа бөліну

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Олар ауа, су, жарық сөздерін кезектесе айтады. Кімге қандай сөз тап келсе, сол топқа барып отырады. Топтың атына сәйкес тау сөзін қатыстыра отырып бір-бір сөйлем құрастырып айтады. Мысалы,

  • Таудың ауасы таза болады.
  • Су таудан төмен қарай сарқырап ағып жатыр.
  • Таудың күнгей беті жап-жарық, себебі күн түсіп тұр.

І. Психологиялық дайындық «Иә - жоқ»

  • Таудың ауасы таза ма?
  • Қызылордада тау бар ма?
  • Таудың биіктігі 200 метрден жоғары болады.
  • Тауда шыбын, маса көп болады.
  • Таулар үгілмейді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Қазақстан таулары»

«Ыстық орындық» арқылы 3 топтан бір-бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.

Алдымен әр топ қандай сұрақтар қоятынын топта талқылайды. (1 мин)

(Әр оқушыға 1,5 мин уақыт беріледі)

сұрақтар

жауаптар

Тау мен төбенің айырмашылығы неде?

Биіктігі 200 м асса тау дейді, ал одан төмен болса төбеге жатады.

Тау деп нені айтады?

Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы бөлігі

Қазақстанда қандай таулар бар?

Тянь-Шань таулары, Қаратау, Алатау, Тарбағатай, Алтай, Мұғалжар, Сарыарқадағы аласа таулар тізбегі.

Таудың ең биік нүктесін қалай атайды?

Шың деп аталады.

Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі қалай аталады?

Хан Тәңірі шыңы

Биіктеген сайын тауда ауа райы қалай өзгереді?

100 м сайын -1°С-қа төмендейді

Таудан құлай аққан суды не дейді? Ол қайдан ағып жатыр?

Сарқырама дейді. Сарқырамалар тау басындағы қар мен мұздықтардан бастау алады.

Орталық Қазақстанды басқаша қалай атайды? Ондағы таулар қандай?

Сарыарқа деп атайды. Онда аласа таулар өте көп.

Тауларды адам қалай пайдаланады?

Демалады, қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіреді, мал жаяды, бау-бақша егеді.

ІІІ «Артығын тап» жұптық жұмыс

Оқушыларға екеуара тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Артық деп тапқан сөзді қоршайды. Неге артық екенін дәлелдейді.

Алатау

Зеңгі баба

Сиыр

Қаратау

Ойсылқара

Жылқы

Хан тәңірі

Қамбар ата

Құлыншақ

Тарбағатай

Шопан ата

Түйе

Мұғалжар

Тайбурыл

Қой, ешкі

Мысалы, Хан тәңірі артық себебі ол тау емес, таудың шыңы.

Құлыншақ -малдың төлі, қалғаны – төлдер емес.

ІҮ.Жаңа сабақ

Пазлдардан сурет құрастырғанда артында сұрақтар мен жұмбақтар көрінеді. Әр топ 2 тапсырмадан таңдайды, шешуін табады.

  1. Кішкене ғана бойы бар айналдырып киген тоны бар (қой)
  2. Төрт бұлағы сүт,баға білсең құт (сиыр)
  3. Маң-маң басып келеді,тапырақтап желеді

Мойны ұзын үсті тау,ертеден елге енеді (түйе)

  1. Қамыс құлақ дара тұяқ,ұзын құйрық жалы бар,

«Ер қанаты»аталатын,айтшы қандай жануар (жылқы)

  1. Төрт түлікке нелер жатады?
  2. Неге төрт түлік деп атайды?

І топ Ауа ІІ топ Су ІІІ топ Жарық

Мұғалім сөзі:

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежелден малға жақын халықпыз.Кезінде ат- бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп, кең далада көшіп-қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген. Бұған дәлел ретінде қазақтың «Мал-жан аман ба?» деген сөздерін мысалға келтіруге болады. Әдетте төрт түлік мал дейміз. Бірақ адам асырап-бағатын малдың түрі бесеу. Неге олай?

Келесі жұмысты топ болып орындаймыз.

Топтарға мәтіндер таратылады. Оқып, топта талқылауға 3 мин уақыт беріледі.

Топ мүшелері өздері жаңалық деп таныған сөйлемдерді айтса жеткілікті.

Жылқы –малдың патшасы

Жылқының пірі –Қамбар ата. Қамбар ата-жылқы баққан.Жылқы жыл санауында жетінші жыл. Жылқы-қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам тұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20 -ға жуық түрі өсіріледі.Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді. Жылқы малы халықты етпен,қымызбен қамтамасыз етті. Жылқыны салт мінуге, ауыл шаруашылықтарында күш көлігі ретінде пайдаланды.Жылқы өз аяғымен жыл бойы тебіндеп жайылады.

Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті,шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз- жылқы сүтінен алынатын, қышқыл сүт өнімі, халқымыздың кәделі сусыны.Қазақ халқы жүздеген жылдар көлемінде қымызды айрықша ыдыстары торсық пен сабада дайындаған.Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді.Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Мысалы: уыз қымыз, бал қымыз, дөнен қымызт.б.Қымыздың шипалық қасиеттеріне елімізде ерекше көңіл бөле бастады.

Жылқы шаруашылығы Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қостанай облыстарында кеңінен таралған.

Түйе- төрт түліктің төресі

Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Түйенің терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқылды.Көрпеге салады.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.Түйенің бірнеше түрі болады. Айыр түйе- қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.Аруана-сыңар, яғни жалғыз өркешті түйе.Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді,сүті де мол, бірақ жүні аз болады.Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем. Радиациялық сәулелерді өткізбейтін қорғаныштық қасиеті мол түйе жүні ғарышкерлерімізге қорған болып ғарышты да шарлап жүр.

Түйе шаруашылығы Атырау,Маңғыстау,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облысында жақсы дамыған.

Сиырдың сүті- тілінде.

Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Ірі қара сиыр қолтұқымдары: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т.б түрлері өсіріледі.

Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.Сиырдың сүті несеп ауруларына ем. Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады.Сиыр шаруашылығы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған.

Қой шаруашылығы.

Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласы.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, бау-шулар жасалды. Кілем тоқылды. Қойдың қолтұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Арқар меринос қойы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі. Қой шаруашылығы Қазақстанның барлық аймағын қамтыған.

ⅤСергіту сәті Сурет бойынша жұмыс

Сәйкестендіру

Сиыр бота Жылқы табын-табын

Қой құлын Сиыр отар-отар

Ешкі лақ Қой-ешкі келе-келе

Жылқы қозы Түйе үйір-үйір

Түйе бұзау

Мысалы, сиырдың төлі –бұзау, сиырдың тобын табын-табын сиыр дейді.

ⅤІ Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

  1. Егер сен жылқы бағатын фермер болсаң, жылқы өнімдерін қалай жарнамалайсың?
  2. Малшы болу оңай ма?
  3. Мал бағып, өнімдерін сатып баюға бола ма? Бизнес-жоспар жаса.

ⅤІІ Артық болмас білгенің.

Түйені мұрындықтайды. Жылқыны ноқталайды. Қой-ешкіні көгендейді. Сиырды басжіппен байлайды.

Жылқы –сәндік. Түйе –байлық. Сиыр –ақтық. Қой-мырзалық. Ешкі-кедейлік.

Жылқы – үйір, түйе – келе, сиыр –табын, қой-ешкі – отар.

ⅤІІІ. Бағалау

  • Бүгінгі сабақта топтық жұмыс барысында ең үздік идея айтқан 3 оқушыны атай аласыңдар ма? Олардың қандай идеясы ұнады?

ІХ Үйге тапсырма

Оқулықтағы мәтіннің мазмұнын айту,өздері қалаған төрт түлікке бүктеме (буклет) жасау

Ⅹ Рефлексия

Тақтаға қой, бір шумақ тоқыма жіп пен тоқылған қолғап суреті ілінеді.

  • Балалар, қазір қыс мезгілі осы суреттердің ішінде қайсысы бізді жылыта алады?
  • Яғни, қолғап-дайын өнім. Ал қалғандары ше?
  • Жіпті әлі тоқу керек. Ал қойдың жүнін қырқады. Содан соң оны жуып-тазалайды, түтеді, иіреді. Жіптен қолғап тоқиды. Сонда ғана оны киюге болады.
  • Ендеше, балалар, біз де бүгін білімімізді осылайша бағалайық.
  • «Мен бүгінгі тақырыпты дұрыс түсінбедім. Тақырып бойынша сұраса, жауап беруге дайын емеспін» деген оқушы сабақтан алған әсерін қойдың суретіне іледі.
  • «Мен тақырыпты түсінген сияқтымын. Бірақ тапсырмаларды орындау барысында досымнан көмек сұрадым» деген оқушы стикерін жіпке барып жапсырады.
  • «Мен бүгін бәрін жақсы түсіндім. Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынмын» десең стикеріңді қолғап іл.

«Бір сөйлем» әдісімен сабақтан алған әсерін стикерге жазып іледі.

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Таңатарова Дәрігүл Қабылбайқызы

бастауыш сынып мұғалімі

211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп

Қызылорда қаласы



Сабақтың тақырыбы: Мал  шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

атакәсіп саналатын мал шаруашылығының қыр-сыры туралы түсінік беру; мал өнімдерін адам игілігіне қалай пайдаланатыны туралы әңгімелеу;

Білім ресурстары: төрт түлік туралы бейнематериалдар мен суреттер, слайдтар, төрт түлік мал өнімдері.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақ барысы:

Топқа бөліну

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Олар ауа, су, жарық сөздерін кезектесе айтады. Кімге қандай сөз тап келсе, сол топқа барып отырады. Топтың атына сәйкес тау сөзін қатыстыра отырып бір-бір сөйлем құрастырып айтады. Мысалы,

  • Таудың ауасы таза болады.

  • Су таудан төмен қарай сарқырап ағып жатыр.

  • Таудың күнгей беті жап-жарық, себебі күн түсіп тұр.

І. Психологиялық дайындық «Иә - жоқ»

  • Таудың ауасы таза ма?

  • Қызылордада тау бар ма?

  • Таудың биіктігі 200 метрден жоғары болады.

  • Тауда шыбын, маса көп болады.

  • Таулар үгілмейді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Қазақстан таулары»

«Ыстық орындық» арқылы 3 топтан бір-бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.

Алдымен әр топ қандай сұрақтар қоятынын топта талқылайды. (1 мин)

(Әр оқушыға 1,5 мин уақыт беріледі)


сұрақтар

жауаптар

Тау мен төбенің айырмашылығы неде?


Биіктігі 200 м асса тау дейді, ал одан төмен болса төбеге жатады.

Тау деп нені айтады?


 Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы бөлігі

Қазақстанда қандай таулар бар?


Тянь-Шань таулары, Қаратау, Алатау, Тарбағатай, Алтай, Мұғалжар, Сарыарқадағы аласа таулар тізбегі...

Таудың ең биік нүктесін қалай атайды?


Шың деп аталады.

Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі қалай аталады?

Хан Тәңірі шыңы

Биіктеген сайын тауда ауа райы қалай өзгереді?

100 м сайын -1°С-қа төмендейді

Таудан құлай аққан суды не дейді? Ол қайдан ағып жатыр?

Сарқырама дейді. Сарқырамалар тау басындағы қар мен мұздықтардан бастау алады.

Орталық Қазақстанды басқаша қалай атайды? Ондағы таулар қандай?


Сарыарқа деп атайды. Онда аласа таулар өте көп.

Тауларды адам қалай пайдаланады?


Демалады, қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіреді, мал жаяды, бау-бақша егеді...


ІІІ «Артығын тап» жұптық жұмыс

Оқушыларға екеуара тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Артық деп тапқан сөзді қоршайды. Неге артық екенін дәлелдейді.

Алатау

Зеңгі баба

Сиыр

Қаратау

Ойсылқара

Жылқы

Хан тәңірі

Қамбар ата

Құлыншақ

Тарбағатай

Шопан ата

Түйе

Мұғалжар

Тайбурыл

Қой, ешкі

Мысалы, Хан тәңірі артық себебі ол тау емес, таудың шыңы...

Құлыншақ -малдың төлі, қалғаны – төлдер емес.

ІҮ.Жаңа сабақ

Пазлдардан сурет құрастырғанда артында сұрақтар мен жұмбақтар көрінеді. Әр топ 2 тапсырмадан таңдайды, шешуін табады.

  1. Кішкене ғана бойы бар айналдырып киген тоны бар (қой)

  2. Төрт бұлағы сүт,баға білсең құт (сиыр)

  3. Маң-маң басып келеді,тапырақтап желеді

Мойны ұзын үсті тау,ертеден елге енеді (түйе)

  1. Қамыс құлақ дара тұяқ,ұзын құйрық жалы бар,

«Ер қанаты»аталатын,айтшы қандай жануар (жылқы)

  1. Төрт түлікке нелер жатады?

  2. Неге төрт түлік деп атайды?


І топ Ауа ІІ топ Су ІІІ топ Жарық

            

Мұғалім сөзі: 

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежелден малға жақын халықпыз.Кезінде ат- бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп, кең далада көшіп-қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген. Бұған дәлел ретінде қазақтың «Мал-жан аман ба?» деген сөздерін мысалға келтіруге болады. Әдетте төрт түлік мал дейміз. Бірақ адам асырап-бағатын малдың түрі бесеу. Неге олай?

Келесі жұмысты топ болып орындаймыз.

Топтарға мәтіндер таратылады. Оқып, топта талқылауға 3 мин уақыт беріледі.

Топ мүшелері өздері жаңалық деп таныған сөйлемдерді айтса жеткілікті.


Жылқы –малдың патшасы

Жылқының пірі –Қамбар ата. Қамбар ата-жылқы баққан.Жылқы жыл санауында жетінші жыл. Жылқы-қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам тұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20 -ға жуық түрі өсіріледі.Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді. Жылқы малы халықты етпен,қымызбен қамтамасыз етті. Жылқыны салт мінуге, ауыл шаруашылықтарында күш көлігі ретінде пайдаланды.Жылқы өз аяғымен жыл бойы тебіндеп жайылады.

Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті,шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз- жылқы сүтінен алынатын, қышқыл сүт өнімі, халқымыздың кәделі сусыны.Қазақ халқы жүздеген жылдар көлемінде қымызды айрықша ыдыстары торсық пен сабада дайындаған.Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді.Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Мысалы: уыз қымыз, бал қымыз, дөнен қымызт.б.Қымыздың шипалық қасиеттеріне елімізде ерекше көңіл бөле бастады.

Жылқы шаруашылығы Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қостанай облыстарында кеңінен таралған.

Түйе- төрт түліктің төресі

Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Түйенің терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқылды.Көрпеге салады.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.Түйенің бірнеше түрі болады. Айыр түйе- қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.Аруана-сыңар, яғни жалғыз өркешті түйе.Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді,сүті де мол, бірақ жүні аз болады.Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем. Радиациялық сәулелерді өткізбейтін қорғаныштық қасиеті мол түйе жүні ғарышкерлерімізге қорған болып ғарышты да шарлап жүр.

Түйе шаруашылығы Атырау,Маңғыстау,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облысында жақсы дамыған.


Сиырдың сүті- тілінде.

Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Ірі қара сиыр қолтұқымдары: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т.б түрлері өсіріледі.

Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.Сиырдың сүті несеп ауруларына ем. Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады.Сиыр шаруашылығы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған.

Қой шаруашылығы.

Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласы.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, бау-шулар жасалды. Кілем тоқылды. Қойдың қолтұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Арқар меринос қойы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі. Қой шаруашылығы Қазақстанның барлық аймағын қамтыған.

Сергіту сәті Сурет бойынша жұмыс

Сәйкестендіру

Сиыр                          бота                                   Жылқы                             табын-табын

Қой                             құлын                                Сиыр                                 отар-отар

Ешкі                           лақ                                      Қой-ешкі                          келе-келе

Жылқы                       қозы                                   Түйе                                  үйір-үйір

Түйе                           бұзау

Мысалы, сиырдың төлі –бұзау, сиырдың тобын табын-табын сиыр дейді.

І Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

  1. Егер сен жылқы бағатын фермер болсаң, жылқы өнімдерін қалай жарнамалайсың?

  2. Малшы болу оңай ма?

  3. Мал бағып, өнімдерін сатып баюға бола ма? Бизнес-жоспар жаса.








ІІ Артық болмас білгенің...


Жылқы –сәндік. Түйе –байлық. Сиыр –ақтық. Қой-мырзалық. Ешкі-кедейлік.

Түйені мұрындықтайды. Жылқыны ноқталайды. Қой-ешкіні көгендейді. Сиырды басжіппен байлайды.












Жылқы – үйір, түйе – келе, сиыр –табын, қой-ешкі – отар.













ІІІ. Бағалау

  • Бүгінгі сабақта топтық жұмыс барысында ең үздік идея айтқан 3 оқушыны атай аласыңдар ма? Олардың қандай идеясы ұнады?

ІХ Үйге тапсырма

   Оқулықтағы мәтіннің мазмұнын айту,өздері қалаған төрт түлікке бүктеме (буклет) жасау

Рефлексия

Тақтаға қой, бір шумақ тоқыма жіп пен тоқылған қолғап суреті ілінеді.

  • Балалар, қазір қыс мезгілі осы суреттердің ішінде қайсысы бізді жылыта алады?

  • Яғни, қолғап-дайын өнім. Ал қалғандары ше?

  • Жіпті әлі тоқу керек. Ал қойдың жүнін қырқады. Содан соң оны жуып-тазалайды, түтеді, иіреді. Жіптен қолғап тоқиды. Сонда ғана оны киюге болады.

  • Ендеше, балалар, біз де бүгін білімімізді осылайша бағалайық.

  • «Мен бүгінгі тақырыпты дұрыс түсінбедім. Тақырып бойынша сұраса, жауап беруге дайын емеспін» деген оқушы сабақтан алған әсерін қойдың суретіне іледі.

  • «Мен тақырыпты түсінген сияқтымын. Бірақ тапсырмаларды орындау барысында досымнан көмек сұрадым» деген оқушы стикерін жіпке барып жапсырады.

  • «Мен бүгін бәрін жақсы түсіндім. Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынмын» десең стикеріңді қолғап іл.

«Бір сөйлем» әдісімен сабақтан алған әсерін стикерге жазып іледі.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее