«Зима 2025»

"Анамның аялы алақаны" (Тәрбие сағаты)

Бастауыш сынып оқушылармен жұмыс жасап келе жатырмын.Өзімнің мамандығы бойынша алғысым шексіз.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағаты:  «Анамның аялы алақаны»

(8 наурызға арналған екі бөлімнен тұратын тәрбие сағаты.)

Тәрбие жұмысының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.

І-ші бөлім.Аналарға арналған монтаж.

Мұғалім:

Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетінкөгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді! 

Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменнебір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулыаналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!

Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

—          Бүгінгі «Анамның аялы алақаны» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Камиланың орындауында «Көңілді күн» әні.

Алмас

Аналарды ардақтаған бабалар

Аруларды құрмет тұтқан даналар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі күндей болып жайнаңдар

Құтты болсын мерекеңіз арулар

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Айгерім

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.

Еламан

Сүйіктім деп жүретін,

Қадіріңді білетін.

Өссем ұл боп жан ана,

Орындалар тілегің.

Сөзің шырақ секілді,

Сүйем соған жетуді.

Қанат қағып самғауға,

Балаң бекем бекінді.

Асем

Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.

Ерназар

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Алтынай

Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.

Тоқтар      

Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана – деген бәйтерегі өмірдің,

Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана десем, ұшқын атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Камила

Аналарды ардақтаған халқымыз

Ертендерге жалғанады салтымыз

Аналардың , арулардың қызығы

Құтты болсын 8- ші наурызыңыз

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Оқушылардың орындауында «Вальс» биі.

Ұлдардың орындауында «Менің анам алтын»

Сахналық көрініс «Әжесі мен немересі»

Қыздардың орындауында «Асыл анам»

ІІ-бөлім.«Көктем аруы»  сайысы

Мұғалім:

Ал, құрметті қауым, енді кешіміздің екінші бөлімін «Көктем аруы» сайысын бастайық.

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларды шақырамыз.

1)      Атыңнан айналайын Әсем деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

2)      Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,

Камила да қатарынан қалмаған.

3)      3-ші сыныпта сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Өнерлі қызымызАлтынай.

4)      Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.

Айгерімнің алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасын таныстыру.

Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

І-кезең. “Сәлем – сөздің анасы”.

(Қатысушылар бір-бірден шығып ортаға өздерін таныстырады.)

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ышқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

ІІ-кезең. “Дастархан мәзірі”.

Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.

(бұл сайыста номер жазылған тапсырмаларды аласыздар да, бұл тағамның құрамын табу керек, және үйге берілген тағамды әкеп көрсету.)

1 Борщ.

2 “Подшуба” салаты.

3 Палау.

4 “Оливье” салаты.

ІІІ-кезең. “Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар”

Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

(тақтаға гүл жапсырып, күлтелердің артына тапсырмалар жазып, соларға жауап алу керек.)

№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)

№2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру.Австралия)

№3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

№4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)

№5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

№7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

№8.Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

№9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)

№10.Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)

№11.Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)

№12.Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

ІV-кезең.«Өнерлі өрге жүзер»

(арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді)

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.

V-кезең. «Шебер қыздар»

Ал, халайық ықыласпен демейік,

Арулардың шеберлігін көрейік.

Икем менен әйдігіне қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Инежіпке бисер өткізу (1 мин кім көп тізіп шығады).

Аппликация (гүл жапсырмалау)

VІ-кезең.«Сән үлгісі»

(қолдан тіккен киім үлгісін көрсету)

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп.



Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

— Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті, арулар 6 кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті.Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Марапаттау.



Ата-аналар атынан Абильмажинова Алтыншаш Қасымқызы және директордың оқу ісі орынбасары Нуртазина Динара Бакуқызына  құттықтау сөзі беріледі.

Мұғалім:

-Бойларыңда от  бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

—          Осымен 8-наурыз мейрамына арналған шағын тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Мерекелеріңізбен!





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее