«Зима 2025»

"Анамның күлкісі"

Шығарма. Ана туралы. Наурыз мерекесіне арналған. "Анамның күлкісі"

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки


Шығарма

«Анамның күлкісі»


Дүниені жарықтандырып, жылытып тұратын аспанда Күннің көзі бар. Ол үнемі адамдарға жарық, ал өсімдіктерге нәр береді. Мен үшін жарық жалғанда ол күн -екеу... Оның бірі –аспандағы күн болса, екіншісі- үйдегі мені мәпелеп отырған аяулы анамның жарқыраған шуақты күлкісі. Ол күлкінің Күнмен теңегенде жылуы әлдеқайда артығырақ дер едім. Өмірде балаға анадан жақын, анадан қамқор жан жоқ. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың деген ұлы сөз бар. Мен осы сөзге толықтай келісер едім. 9 ай, 9 күн құрсағында көтеріп, өмір бойы баласын жүрегінде, санасында сақтайтын аяулы анаңның шексіз кеңпейіл құшағы мейірім мен ізгілікке толы ғой. Мен үнемі анамды үздік үлгеріміммен қуантып отыруға тырысамын. Өйткені, маған анамның қуанышқа толы жылы жымиысы үлкен бақыт сыйлайды. Жалпы, анамның күлкісі деген ұғым мен үшін бұл – үлкен мағынаға ие. Оның күлкі шашқан жанары, жылы жымиысы әлемді нұрландыра түсетіндей. Оның күлкісі- маған деген шынайы ризашылығының бейнесі. Оның күлкісі- менің перзенттік парызымның өтелетін түсірген жарқын сәуле сияқты болып көрінеді. Әлемнің жарығын сыйлаған аяулы жанашырыма мәңгілік күлкі сыйлап өтсем арманым жоқ шығар. Бұл менің ардақты жан алдындағы әуелгі міндетім болып табылады. Анамның жүзіндегі жылы шырай небір қақаған аязды күндерін, өмірдің жауындары мен дауылдарын бір-ақ сәтте сейілтіп, көңілге нұр, жаныңа бақыт ұялата алатын қасиетке ие екендігін бүгінгі таңда байқайтын да боп алғаным шындық. Тіпті, мен анамды қуантсам, сол күнім ерекше сәттіліктерге толы болып өтетіндігін де аңғаратыным бар.

Шуақ шашып жанымды саялаған,

Қуат берер жылуы аялаған.

Анам күлсе мендегі жүрек жылынар,

Әсем күлкің қымбат қой, аяулы анам!

Әрбір перзент анасына өмір бойы қуаныш сыйлап өтуіге талпыну керек деп ойлаймын. Талай даналық кітаптарында, халық әндерінде «анасы бар адамдардың ешқашан қартаймайтындығы» туралы айтылуы да тегін емес қой. Адамның «қартаймауы» - бұл Анасы бар кезде көңілінің көктем сынды жайқалып, гүлдеп тұрған шағымен астасады. Сондықтан, мен үшін Анамның күлкісі – бұл менің өмірімге түскен Күн көзімен пара-пар. Сондықтан, үйдегі шуақ шашқан аяулы «Күндеріңізді» бағалай білейік дегім келеді.















«Молодежный к. №23 орта мектебінің базасындағы

тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

1«В»- сынып оқушысы Кашенова Аянат

Жетекшісі- Қыздарбекова Айгүл Батырбаевна

«Молодежный к. №23 орта мектебінің базасындағы

тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

1«В»- сынып оқушысы Самек Аружан

Жетекшісі- Қыздарбекова Айгүл Батырбаевна

«Молодежный к. №23 орта мектебінің базасындағы

тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

1«В»- сынып оқушысы Аяған Тамерлан

Жетекшісі- Қыздарбекова Айгүл Батырбаевна




Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1«В»- сынып оқушысы Қабидолла Аяулым Сайлауқызы.

Жетекшісі- Қыздарбекова Айгүл Батырбаевна


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее