«Зима 2025»

"Ас үй-ойындар орны емес"

Этот материал очень необходим воспитателям дошкольных организаций.По основам безопасности жизнедеятельности написано о безопасности на кухне.Этот материал очень необходим воспитателям дошкольных организаций.По основам безопасности жизнедеятельности написано о безопасности на кухне.Этот материал очень необходим воспитателям дошкольных организаций.По основам безопасности жизнедеятельности написано о безопасности на кухне.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Тақырыбы: «Ас үй-ойындар орны емес».

Мақсаты: ас үйдегі ыстық және өрт қауіпті заттар туралы балалардың білімін кеңейту және бекіту. Міндеттері: БМ: Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру, тұрмыстық құралдар туралы түсініктерді байыту, тұрмыстағы қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы білімдерін бекіту. ДМ: Балалардың танымдық белсенділігін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалардың сөйлеу белсенділігін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға ұмтылысын көтермелеу. ТМ: Достарды тыңдай білуге тәрбиелеу, олардың жауаптарын толықтыру. Жабдықтар: күшіктің жұмсақ ойыншығы, "ыстық затты тап" ойынына суреттер жинағы. Сөздік жұмыс: ас үй. Көптілділік компонент: ас үй-кухня-kitchen.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға кіріп, шеңбер бойынша кілемге отырады.

Сабақтың негізгі бөлігі: Тосын сәт: күшік кіреді.

Күшік Тузик : - Сәлеметсіз бе балалар! Танысайық, мен Тузик атты күшікпін. Мен көңілді және әр түрлі ойындарды өте жақсы көремін. Жақында, мен доппен ойнадым, ал менің добым ас үйге сырғанап кетті . Мен оған жүгіріп, онымен ас үйде ойнай бастадым,бірақ ол маған ас үйде ойнауға болмайты-нын айтты , себебі маған ас ойын үшін орын емес екенін айтты. Ол жерде өте қауіпті күйдіруге немесе жануға болатын қауіпті заттар көп. Балалар ол маған рас айтты ма , жоқ па? Қайда ойнаса да,бәрібір емес пе? Ең бастысы, ойын қызықты және кіммен ойнайтынында ғой. Мен әлі кішкентай және көп нәрсені білмеймін.

Балалар: ас үй-ойындар орны емес ,өрт қаупін туғызатын заттар көп,немесе ыстық қайнап тұрған шайға немесе сорпаға күйіп қалуға болады. "Ыстық затты тап"ойыны. Балалар кезекпен суретті таңдап, ас үйде бар ыстық заттарды атайды. Тәрбиеші: дұрыс, ас үй-ана немесе әже тамақ дайындайтын орын. Ас үйде электр немесе газ плитасы бар. Онда ботқа мен сорпа пісіріледі, ет пен бәліш қуырады, көкөністерден әр түрлі тағамдар дайындайды. Пеште ыстық сорпа, сорпа бар кастрюльдер, шәйнектер қайнатылады, табада котлеттер қуырылады. Сендер ыстық заттарға жақындасаңдар, күйіп қалуларың мүмкін. Тәрбиеші: Егер қатты қыздырылған табаға май құйса, онда ол күюі мүмкін. Өрт болады. Балалар, біздің қонағымызға сүйікті ойыншықтармен ойнауға және достармен қозғалмалы ойындарға жақсы және қауіпсіз ойнауды айтып берейік. Балалар: балалар бөлмесінде ойыншықтармен ойнау керек , ал достарымен қозғалмалы ойындарды достарымен – таза ауада, балалар алаңында ойнаған жақсы. «Күйіп қалма»ойыны Ас үйде бар қауіпті ыстық заттарды атайды.

Біз бүгін қызықты сөйлесіп, Тузик күшігі көп нәрселер білді.Енді ол басқа балаларға ас үйде ойнауға болмайтынын айтып береді!

Рефлексия: Бүгінгі сабақта не білдіңіз? Не ұнады? Неге балаларға ас үйде ойнауға тиіс емес? Ойыншықтармен қайда ойнау керек? Неге пәтерде қозғалмалы ойындар ойнауға болмайды?























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее