«Зима 2025»

Ашық сабақ Бөлімі: Драма Тақырыбы: «Ертегі әлемі» «Қызыл телпек пен оның достары» Сахналау «Қарлығаш» ересек тобы

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ертегі әлемі. «Қызыл телпек пен оның достары» Сахналау

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Таным.

Бөлімі:Драма

Мақсаты: Ертегі желісі бойынша құрылған іс – әрекеттерін келтіру.Балаларды мейірімділікқасиеттерге тәрбиелеп,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ертегі әлеміне қызығушылығын қалыптастыру

1.Білімділік:Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалауға, ертегі желісін ретімен орындай білуге үйрету.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

ҚМҚК «Дәншік» балабақшасы

















Ашық сабақ

Бөлімі: Драма



Тақырыбы: «Ертегі әлемі»

«Қызыл телпек пен оның достары» Сахналау



«Қарлығаш» ересек тобы











Тәрбиеші: Корпешова Ш.Т













2017ж







Ашық сабақ



Тақырыбы: Ертегі әлемі. «Қызыл телпек пен оның достары» Сахналау

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта . Таным.

Бөлімі:Драма

Мақсаты: Ертегі желісі бойынша құрылған іс – әрекеттерін келтіру.Балаларды мейірімділікқасиеттерге тәрбиелеп,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ертегі әлеміне қызығушылығын қалыптастыру

1.Білімділік:Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалауға, ертегі желісін ретімен орындай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ой қозғау, салыстыру

Сөздік жұмыс: Қызыл телпек ,бауырсақ.

Билингвальдыкомпонент:  Қызыл телпек-красная шапочка- red capбауырсақ- бауырсак..

Көрнекіліктер: Музыкалық зал. Орманкөрінісі. Шыршалар, гүлдер. Үйшік. Табиғаттағыүндері.

Кіріспе әңгіме:

Балалар, бүгін ерекше күн, біз бүгін ертегі әлеміне қонаққа келдік.

Бізге апайларда қонаққа келіпті.

Сәлеметсіздер ме!- Здравствуйте!- Hello!

Шаттық шеңбер

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүректің жылауын салайық,

Осы жақсы лебізді бір бірімізге сыйлайық!



(Балалар алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.)

- Балалар жарайсыңдар!

- Енді орнымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады)

-Тәрбиеші: Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, қандай ертегілерді білеміз?

- «Екі әтеш» ертегі , «Бауырсақ» ертегі , «Түлкі мен Тырна» ертегі, «Қызыл телпек» ертегілері.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, көп ертегілер білесіңдер екен. Ендеше балалар, «Қызыл телпек» ертегісін есімізге түсірейікші!

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар ?

-Қызыл телпек қайда барады?

-Қасқыр не істеді?

-Әжем мен қызды кімдер құтқарды?

-Қасқырдың орнында болсандар не істеушедіңдер?

-Балалар сендерде де әже бар ғой. Сендер оны қалай қуантар едіңдер?

Ендеше біз балалар өзіміздің «Қызыл телпек пен оның достары атты» ертегіні сахналайық

Автор:
Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде екен. Қырғауыл жүні қызыл екен, балақ жүні ұзын екен. Сол кездерде орманда бір үйшікте ата мен апа тұрыпты. Үй маңында кішігірім бау-бақшасы болыпты. Ата күні бойы көкөніс, жемістерін баптап, күткенді ұнатады. Әрине, атаның жасы келіп қалған, кейде шаршап та қалады.
Е. Алинұр-Ата:
-Апасы-ау, әдемілеп бауырсақ пісірші, дәмділеп шай ішейік , әлсіреп қалдым -ау , дейді.
Айару-Апа:
-Дұрыс айтасың, таңғы сауған сүтке, май қосып жұмсақтап
бауырсақты пісіріп жіберейін!

Автор:Атасы бақты суғарғанша , апасы бауырсақты пісіріп те үлгерді . Үйде қыздары бар еді.

Айару-Апа:
-Қызым, дәмді бауырсақтан әжеңе апарып берші.

Автор: Қызы ең әдемі қызыл көйлегі мен қызыл телпегін киіп жолға шығады.
Әндетіп келе жатса алдынан қоян шығыды.
Салтанат--Қоян :Салем, сұлу қыз. Қайда бара жатырсың?
Қызыл телпек:-Әжеме тәтті бауырсақ апара жатырмын.
Салтанат--Қоян-Мен де барайыншы, менде дәмді сәбіз бар, оны әжеңе апарайық.
Қызыл телпек:--Сен маған өлең айтып берсең, апарамын
Салтанат--Қоян-жарайды/Қоянның өлеңі/

/Қоянның өлеңі/

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

Екеуі келе жатса алдынан аю шығады.
Қоян- Қызыл телпекСалем , аю аға — дейді екеуі
Арман-Аю: -Сендер қайда бара жатырсыңдар?
Қызыл телпек-Әжеме, бауырсақ апара жатырмын.
Арман-Аю-Мен де барайыншы, менде тәтті бал бар, әжеңе оны да апарайық
Қызыл телпек-Сен бізге өлең айтып берсең, апарамыз.
Арман-Аю-жарайды

/аю өлеңі/
Қорбаң –қорбаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.

Автор:Үшеуі әндетіп келе жатқанда алдарынан қасқыр шығады
Әлихан -Қасқыр:-Салем, Қызыл телпек, сендер қайда бара жатырсыңдар?
Камила- Қызыл телпек-Әжеме, қалын сұрауға.
Әлихан -Қасқыр:--Мен әжеңе баратын қысқа жолды білемін. Сендер оң жақ жолмен бара беріңдер. Мен де сол жаққа бара жатырмын
Автор:Қасқыр басқа жолмен кетеді, әженің үйіне ертерек барып жеп қойғысы келеді.Қызыл телпек достарымен келе жатқанда алдарынан түлкі шығады. —
Іңкәр-Түлкі:--Бәрің жиналып қайда бара жатырсыңдар?
Камила- Қызыл телпек-Әжеме бауырсақ апара жатырмын, қалын сұрауға
Іңкәр-Түлкі-Ол қандай бауырсақ. Көрсетші
-Ой, қандай тәтті, дәмі мұрнымды жарып барады, қарным да шұрылдап барады. Ең болмаса иіскеп көрейінші.Түлкі иіскей бергенде шыдамай жеп қояды.
Бәрі түлкіге ренжиді, «біз сені әжеге апармаймыз. Дос та болмаймыз»- деп кетіп қалады.
Автор:Түлкі өз ісінің дұрыс еместігін түсінеді, өкінеді. Доссыз қалғанына ….
Енді қалай кешірім сұрасам деп ойланады. Келе жатса алдынан қасқыр жолығады.
Іңкәр-Түлкі-Қасеке, асығып қайда бара жатырсың?
Әлихан -Қасқыр-Қызыл телпек барғанша әжесін жеп қойғым келеді.
Іңкәр-Түлкі-Олай етпе, қасқыр. Біз неге үнемі жамандық ойлаймыз. Олар сондай көңілді. Мен олардан кешірім сұрап, қайтадан дос болғым келеді. Екеуміз де әжеге арнап сыйлық апарайық. Досың болмаған сондай жаман екен.
Әлихан -Қасқыр --Дұрыс айтасың , түлкі. Менің де үнемі сүйкімсіз кейіпкер болғым келмейді. Менде бір сыйлығым бар еді әжеге соны апарайық.
Автор:Екеуі қысқа жолмен әженің үйіне жетіп келеді. Қызыл телпектер де келген екен. Олар түлкіге ренжіп, сөйлескілері келмейді.
Түлкі
-Достар, кешіріңдер. Мен қатемді түсіндім. Міне қасқырды да ертіп келдім. Біз енді ешкімге жамандық жасамаймыз-дейді.
Қызыл телпек:
-Өз қатеңді мойындаған жақсы қасиет, біз сендерді кешіреміз.
-Достар, балалар түлкіні кешірейік-пе?

Әжесі: Балалар сендерге көп рахмет қалымды сұрап келгендеріне.

Мақал мәтел:

Дос ажарын,жолдас- базарың,

Азаматпен дос бол,қадіріңді біледі. -демекші- достар бір- біріне ренжімейді, сыйлайды, кешірімді болады. Татулық - достар арасындағы ең керемет қасиет.

Автор: Олай болса, енді бәрі дастархан басында әжелерімен бірге отырып, бауырсақтың жейді. Қалай дос болғандарын айтады.
Соңы.
Рөльді сондағандар :

Автор: Корпешова Шынар

Қызыл телпек:Тютенова Камила

Аю: Даулетқан Арман

Қасқыр: Телеубеков Әлихан

Қоян: Тұрсын Салтанат

Атасы: Еділғазы Алинұр

Апасы: Бибосынова Айару

Әжесі: Тоқтасынова Бибигуль



Қорытынды сұрақтар?

Қандай ертегіні сахналадық?

Қандай кейіпкерлер ұнады?

Несімен ұнады?

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее