«Зима 2025»

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу "Ісмер қыз"

Пәні ;Әдебиеттік оқу сыныбы;2 «Ә» күні 17.02.17ж

Сабақтың тақырыбы: «Ісмер қыз». Болат Үсенбаев Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату. 2. Дамытушылық: Оқушылардың өзін – өзі ұстай білу, тыңдай білу мәдениеті, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру. 3. Тәрбиелік: Шығармашылық дағдыларын дамыту, өнер - білімді үлгі ретінде ұстануға бағыттау. Сабақтың барысы І Ұйымдастыру. Сәлеметсіңдерме балалар !

Қазір бізде балалар қай сабақ? Әдебиеттік оқу пәні.

Әдебиеттік оқу пәні бізге не үйретеді?

Мәтіндерді оқып мазмұндауды,жоспар құруды, талдауды үйретті.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Пәні ;Әдебиеттік оқу сыныбы;2 «Ә» күні 17.02.17ж

Сабақтың тақырыбы: «Олақ қыз». «Ісмер қыз». Болат Үсенбаев
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өзін – өзі ұстай білу, тыңдай білу мәдениеті, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Шығармашылық дағдыларын дамыту, өнер - білімді үлгі ретінде ұстануға бағыттау.
Сабақтың барысы І Ұйымдастыру . Сәлеметсіңдерме балалар !

Қазір бізде балалар қай сабақ? Әдебиеттік оқу пәні.

Әдебиеттік оқу пәні бізге не үйретеді?

Мәтіндерді оқып мазмұндауды,жоспар құруды , талдауды үйретті.
І.Психологиялық дайындық.

Балалар кәне орынымыздан тұрамыз. Біз қандай баламыз?

І топ Жабырқауды білмейміз , ІІ топ Ойға толсын санамыз

Жалқаулықты сүймейміз. Бестік болсын бағамыз

Біз талапты жас ұлан баласындай бір үйдің

Үлгі аламыз жақсыдан Тату болсын арамыз

ІІІ Арайлап әр күні,

Атады таңымыз.

Тілейміз Отанға ,Отбасы ,достарға

Ән күнге сәттілік ,

Әр күнге жақсылық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қамқорлық мәтінін мазмұндау.

Біз алдыңғы сабақта жоспар жасаған болатынбыз.

1топ 1.Сабақ

2. Шешесінің сөзі

3.Көше қиылысы

4.Жылаған бала

5. Үйіне апару

6. Аналық алғыс

«Жақсы кішкентай балаларға қамқор болу –үлкен парыз. Олайболса ;

«Қайырымдылық» сөзін қалай түсінесің?

Қайырымдылық» сөзі- мейірімділік, көмек көрсету ,жақсылық жасау, әдептілік.

Алтынгүлдің бойыннан осы қасиеттерді кездестірдіңдер ме?Қандай қасиеттер бар

Адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.Ал жақсы қасиеттер ол әдептілікке адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке үйретеді ,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелейді.Жаман қасиеттер еріншектік,жалқаулық , дөрекілік,ызақорлық ,мақтаншақтық т.б Олай болса біз нені есімізге сақтауымыз керек?

- үлкенді сыйлау керек;
- үлкендердің тілін алу керек;
- кішілерге қамқор болу керек;
- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
- сабақты жақсы оқу керек;

Жаңа сабақ

- Балалар, қазір мен сендерге «Адасқан әріптер» атты тапсырма беремін. Осы әріптерді дұрыс орналастырып, сабақтың тақырыбына шығасындар.

О Қ А Л І Р Е С М З Қ Ы

1 4 3 2 1 5 4 2 3 3 1 2

Өте жақсы. Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз «Олақ қыз». «Ісмер қыз» деп аталады.«Олақ» деген сөздің, «Ісмер» деген сөздің мағынасын қалай ойлайсыңдар?

Олақ –қолынан ештеңе келмейтін, істің көзін тауып істей алмайтын адам .

Ісмер –қолынан барлығы келетін,тиянақты адам

Олай болса оқулықтағы Олақ қыз мәтінімен танысайық.

Мәтінді тізбектей,дауыстап оқиық.

Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
- Бойжеткен қыз туралы не айтуға болады?
- Қыздың шешесі неліктен намыстанды?
Сен өзіңді іштей олақпын деп ойлайсың ба?


Мәтіндегі оқиға мазмұнын ретімен орналастыр

3.Олақтық

1. Байдың қызы

2Ана тәрбиесі

Бұл мәтін «Ақ сандық ,көк сандық»деген жинақтан алынған.

Сөздік жұмыс сұрақ жауап

Сергіту сәті « Мен әдепті баламын» әні.


Қолынан барлығы келетін адамды Ісмер деп атаймыз

«Ісмер қыз» өлеңін оқып, танысайық. . (Жұппен жұмыс )

Бұл өлең не жайында айтылған? Айжанның ісмерлігі жайында

Олай болса, өлеңде қандай тігу түрлері кездесті . Жөрмеп, бастырып, әдіптеп тігу

соңғы шумақта Айжанның өмірінде болған қандай жаңалық айтылған,

көрмеге қатысып бестік бағасын алып ,анасын қуантқаны.

Болат Үсенбаев - 1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған.

Енді бүгінгі екі тақырыптағы қызды салыстырайық.
Екеуіне сипаттама берейік Дәптермен жұмыс жасайық.

1.Ісмерлікке қалай үйренуге болады.- ынтамен ,қызығушылықпен

2. Олақтық қалай пайда болады. салақтық,жалқаулық ,еріншектік





Олақ

Ісмер

Жалқаулық , салақтық

Ынтасы,ықыласы,

еріншектік,мақтаншақтық

қызығушылығы

сараңдық.

еңбекқорлығы,сыпайылығы.


Қорытындылау

Топтарға тапсырмаларды қиып тастау

І топ Жұмбақ жасыру мақал ІІ топ Мақал-мәтел жалғасын табу


Жұмбақты шешейік. 1. Еңбек түбі. ....( береке..)
Бірі қашып келеді, 2. Жақсы болсаң - озарсың,

Бірі қуыпкеледі. Жаман болсаң- ( азарсың.)
Түгеленді түймелер,

Маған да сол керегі. (Ине-жіп)

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

2. Жалқаудың жаны тәтті , Жылмаң-жылмаң етеді,
Еңбектің наны тәтті . Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді. (Ине)
ІІІ топ

  1. Жарқылдаған қос қылыш ,Қолға тисе жоқ тыныш (қайшы)

  2. Шебердің қолы ортақ , Шешеннің тілі -ортақ

  3. Өнер алды-.қызыл тіл

Білімің болса басыңда,

Кәсіптік үйрен жасыңнан.

Еңбекпен тапқан табысың,

Байлық пен келер қасыңа.

Балалар біздің сыныпта да қолынан тамаша іс келетін оқушылар бар ма?

-Бар. Слайд « Алтын күз» мерекесінде балалар бізге әр түрлі бұйымдар әкелген болатын .Барлық адамның қолынан кәсіптік ,ісмерлік келе ме екен? Әрине балалар талаптанған адам бәрінде жасай алады. Жақсыға ұмтылу керек.

Бүгінгі сабағымызды бағалайық

Үйге тапсыра беру.Мәтінді оқып ,мазмұндау

Мерекелік киім үлгісін салу









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее