«Зима 2025»

Ашық сабақ. "Қазақтың жігіттері қандай?"

Сабақ қалай өтті?

«Қазақтың жігіттері қандай?» тақырыбындағы сабақтың мақсат, міндеттерді анықтап алдым. Оқытудағы жаңа модульдер мен стратегиялардың жүзеге асуын сабақтың әр кезеңіне бөліп, сабақтың нәтижелі өтуіне бірден көңіл бөлдім. Сабақты жоспарлауда, уақыт өлшеміне, жоспар мазмұнына, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы іс-әрекетіне, қолданылатын ресурстардың жүзеге асуына назар аудардым.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Сабақтың құрылымы

Мерзімі:

23.04.2015

Уақыты:

12:15

Кабинеті:

№28

Сыныбы:

8 «С»

Пәні:

қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың жігіттері қандай?

Сабақтың түрі:

Панорамалық сабақ

Мақсаты:

Оқушылардың білім алуға, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру, сабаққа деген қабілеттерін анықтау.

Міндеттері:

  • Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу дағдыларын тану;

  • Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында талантты және дарынды оқушылардың дарындылық, көшбасшылық қабілеттері мен икемдерін дамыту;

  • Ерге, жігітке тән қасиеттерді оқушы бойына сіңіру;

Қолданылатын модуль

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау, Оқытудағы АКТ пайдалану, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару және көшбасшылық

Қолданылатын

стратегиялар

Сұрақ қою техникасы (Түрткі сұрақтар), «Конверт сұрақ», «Claster», «Тірек сөздер», «Екі жұлдыз, бір тілек», мәдениеттану, этнографиялық, ойын технологиялары, деңгейлік, жұптық, топтық оқыту.

Ресурстар

Интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі қиынды, тапсырма парағы, сызба-кестелер, флипчарт, стикер, маркер,

бағалау кестесі т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



1 мин




1 мин




Сәлемдесу. Шаттық шеңбері

«Ыстық алақан» тренингісі арқылы

мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады.


Топқа бөлу

Сынып оқушыларын мозайка (қиындылар) арқылы топқа бөлемін.


Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».


Оқушылар қиындылар бойынша топтасып, өз топтарының атын анықтайды. 1-топ. «Шешен сөз бастар»

2-топ. «Батыр қол бастар» 3-топ. «Жігітке жеті өнер де аз»

Қызығушылықты ояту (побуждение)


2 мин

Бейнесурет көрсету. Түрткі сұрақтар қою. Побуждение

1. Суретте кім бейнеленген?

2. Суреттегі жігітті қандай белгілер арқылы

жауынгер деп айта аламыз?

3. Қазіргі таңда қазақ жігіттерінің барлығы дерлік

азамттық, әскери борыштарын атқарып жүр ме?

4. Қазіргі таңда қазақ жігіттерінің барлығы дерлік

азаматтық , әсери борыштарын атқарып жүр ме?


Мұғалім сөзі. Оқушылар, қазақ жігіттері туралы ерекшеліктерді біле бермейміз. Қанекей, қазақтың жігіттері қандай болу керек? Сол жайлы ой өрбітейік.

Оқушылар көрген сурет арқылы мұғалімнің түрткі сұрақтарына жауап береді. Сабақтың тақырыбын ашады.


Мағынаны тану (осмысление)

6 мин

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен таныстырамын.

1-тапсырма. 2-тапсырма. 3-тапсырма.

Жеке, жұппен, топпен жұмыс. Оқушылар тапсырманы ауызша, жазбаша орындап, талдайды. Мұғалім бағалайды.


8 мин


Топтық тапсырма.

1-топ «Қазақ жігіттері қандай? тақырыбында

кластер құрастыру. «Сlaster» стратегиясы.

2-топ «Ұлттық ойндарға саяхат» тақырыбында

көрініс көрсетеу. Мысалы: арқан тарту,

асық ойнау күрес т. б.

3-топ «Жігітке жеті өнер де аз» тақырыбында

кез келген бір өнер көрсету. Мысалы: ән

айту, би билеу, ұлттық аспапта ойнау т. б.

- Оқушылар кластерді топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды.

- Оқушылар топ ішінде ұйымдастырған «Ұлттық ойндарға саяхат» тақырыбында көрініс көрсетеді


- Оқушылар топ ішінен өздері сайлап алған бір немесе екі оқушы «Жігітке жеті өнер де аз» тақырыбында кез келген бір өнер көрсетеді.


Көріністе оқушылар мұғалімнің көмегімен ұлттық ойындар элеменін көрсетеді. Мұғалім бағалайды.

Ой толғаныс

3 мин

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Сонымен қазақтың жігіттері қандай болуы керек? «Тірек сөздер» стратегиясы.

Қазақтың жігіттері қандай болуы керек?

Оқушылар кері байланысты интерактивті тақтадағы сурет-кесте арқылы сабақты қорытындылайды.

Рефлексия

Қорытынды


1 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бір тілек сөздер мен әсерлерін ортаға салады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Тақта алдындағы оқушылардың тізімі бар кесте арқылы әр оқушыны стикермен бағалаймын.

Қызғылт стикер – «5»

Көк стикер – «4»

Сары стикер – «3»

Оқушылардың сабақтан алған формативті бағалары сабақ соңында бағалау картасына қойылады. Мұғалімнің мақтауы мен мадақтауына бөленеді.

Үйге тапсырма

1 мин

«Қазақтың жігіттері қандай болуы керек? тақырыбында эссе, реферат жазып келу.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.



Мұғалімнің сөзі: Оқушылар сендерге бүгінгі сабақта белсене қатысқандарына үлкен рахмет. Сіздерге тілейтінім: «Ел аузында жүрер, халқына пана болар нағыз жігіт болындар».





Сабақты талдау

Сабақ қалай өтті?

«Қазақтың жігіттері қандай?» тақырыбындағы сабақтың мақсат, міндеттерді анықтап алдым. Оқытудағы жаңа модульдер мен стратегиялардың жүзеге асуын сабақтың әр кезеңіне бөліп, сабақтың нәтижелі өтуіне бірден көңіл бөлдім. Сабақты жоспарлауда, уақыт өлшеміне, жоспар мазмұнына, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы іс-әрекетіне, қолданылатын ресурстардың жүзеге асуына назар аудардым.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесу, сабаққа дайындық, мұғалім-оқушы арасында диалог байланысы орнады. Жалпы сабақта басынан аяяғына дейін диологтік оқыту жүзеге асты. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту. Психологиялық дайындық жүргізілді. «Ыстық алақан» тренингісі ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне жағымды сөздер, жақсы тілектер айтты. Оқушылар кейін «Мозайка» әдісі арқылы бейнесурет қиындыларымен топтарға бөлінді, топ лидерлері анықталды. 1-топ «»Шешен сөз бастар, 2-топ «Батыр қол бастар», 3-топ «Жігітке жеті өнер де аз».

Қызығушылықтарын ояту кезеңінде, тақырыпты ашу мақсатында бейнесуретті пайдаланып, түрткі сұрақтар қою арқылы ой қозғадық. Сұрақ қою техникасын қолдандым. Оқушылар түрткі сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалім-оқушы арасындағы диалогтік іс-әрекеті жүзеге асты. Оқушылардың жауаптары нақты, әрі жылдам болды. Оқушылардың жауаптарын жақсы деп бағаладым. Осы кезде оқушылар сабақтың тақырыбын ашты.

Мағынаны тану сатысында екі жұмыс түрі берілді. Мәтінмен жұмыс жәнетоптық тапсырма. Мәтінмен жұмыста мәтін мазмұны PISA – халықаралық зерттеу тапсырмалары негізінде құрастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейлік тапсырмалары ескерілген. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі ескерілді. Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар санаулы уақыт ішінде мітінмен танысты. Топ ішінде жеке, жұптық, топтық жұмыстар көрініс тапты. Кейін әр топ «Конверт сұрақ» стратегиясы арқылы таңдап алған тапсырмаларды талдап, жоғары деңгейде орындады. Әсіресе, «батырлар» тобының жауаптары ұнады. Тапсырмаларды қорғау кезінде мұғалім тарапынан қпйта бағыттау сұрақтары мәтін негізінде қойылды. Мысалы: Қазақ жігітттерінің бойында қандай өнер болған? Қазақ баласын тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңызы қандай? Қазақ жігітінің ат құлағында ойнап, бәйге жарыстырып, көкпар алу дегенді қалай түсінесің? Топ лидерлері аталған сұрақтарға да жақсы жауап берді.Осы кезеңде оқушылар топтық тапсырманы орындады. Мұғалім тарапынан тапсырмалар әр топқа алдын-ала әзірленген болатын. 1-топ «Қазақ жігіттері қандай?» тақырыбында кластер құрастырып, жоғары деңгейде талдады. 2-топ «Ұлттық ойындарға саяхат» тақырыбында шағын көрініс көрсетті. (Асық ойнау элементі). Көрініс сәтті шықты деуге болады. 3-топ «Жігітке жеті өнер де аз» тақырыбында кез келген өнер көрсету керек болатын. Мысалы: ән айту, би билеу т. б. Аталмыш топ ішіндегі оқушылар, топ лидері-Саханов Данияр мен Башатов Максим (Е.Құдайбергеновтың» Біздің жігіттер») өлеңін өте жоғары деңгейде орындады. Орыс ұлтының баласы қазақ тілінде ән айтуы мұғалім үшін қуантарлық сәт болды. Әр топ пен топ лидерлері, көшбасшылары ерекше мадақталды. Оқушыларға бұл тапсырманы орындату кезінде талантты және дарынды оқушыны анықтау болатын. Тапсырманы орындау деңгейі жоғары болды, әрі қойылған мақсат анықталды. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері көрініс тапты.

Ойтолғау кезеңінде оқушыларға бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында Қазақтың жігіттері қандай болуы керек? атты түйінді сұрақ қойылды. Оқушылар «Тірке сөздер» стратегиясын пайдаланып, түйінді сұраққа жауаптарын интербелсенді тақтаға тізбектеп шықты. Сабақтың басында қойылған проблемалық сұрақтарға оқушылар тарапынан жағымды жауаптар болды. СТО, АКТ модулдері жүзеге асты.

Кері байланыс кезеңінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Жауаптары ауызша болды.

Бағалау кезеңінде оқушылардың сабақтан алған бағалары бағалау картасына қойылды. Бағалаудың күнделікті (формативті) түрі жүзеге асты. Оқыту үшін бағалау модулі көрініс тапты. Бағалауда бағалау картасы, смайликтер, стикерлер қолданылды.


Үй тапсырмасы берілді. «Қазақтың жігіттері қандай болуы керек» тақырыбына реферат және шағын эссе жазу. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілеп алды.

Не сәтті өтті?

Сабақтың мақсат, міндеттерді нақты анықталды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингісі, оқушыларды топқа бөлу сәтті өтті. Жалпы сабақта басынан аяяғына дейін диологтік оқыту жүзеге асты. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту жүзеге асты.

Қызығушылықтарын ояту кезеңінде, оқушылар сабақтың тақырыбын өздері анықтады. Оқушылар түрткі сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалім-оқушы арасындағы диалогтік іс-әрекеті жүзеге асты. Оқушылардың жауаптары нақты, әрі жылдам болды. Оқушылардың жауаптарын жақсы деп бағаладым. Проблемалық сұрақтарға жауап іздеді, жауап беруге тырысты. Тақырыпты қазіргі таңда өмірмен байланыстыру көрініс тапты. Ол мұғалім үшін жағымды.

Мағынаны тану сатысында мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар санаулы уақыт ішінде мітінмен сәтті талдады. Тапсырмаларды қорғау кезінде мұғалім тарапынан қпйта бағыттау сұрақтары мәтін негізінде қойылды. Мысалы: Қазақ жігітттерінің бойында қандай өнер болған? Қазақ баласын тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңызы қандай? Қазақ жігітінің ат құлағында ойнап, бәйге жарыстырып, көкпар алу дегенді қалай түсінесің? Топ лидерлері аталған сұрақтарға да жақсы жауап берді. Топтық тапсырмада 3-топтың оқушылары, Саханов Данияр мен Башатов Максим (Е.Құдайбергеновтың» Біздің жігіттер») өлеңін өте жоғары деңгейде орындады. Орыс ұлтының баласы қазақ тілінде ән айтуы мұғалім үшін қуантарлық сәт болды. Оқушылар лидерлік, көшбасшылық қабілеттерін танытты. Әр топ пен топ лидерлері, көшбасшылары ерекше мадақталды. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері көрініс тапты.

Ойтолғау кезеңінде оқушылардың түйінді сұраққа жауаптары сәтті болды. Сабақтың басында қойылған проблемалық сұрақтарға оқушылар тарапынан жағымды жауаптар болды. СТО, АКТ модулдері жүзеге асты.

Сабақты бағалау сәтті өтті.

Не сәтсіз өтті?

Кері байланыс кезеңінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы сәтсіз. Себебі, аталмыш стратегияны пайдалану кезінде оқушылардың жауаптары жазбаша болғанда, стратегия нақты әрі сәтті жүзеге асушы еді. Бұл ескерту сабаққа келген әкімшілік тарапынан болды.


Нені дамыту аламын?

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын әр сабақта қолданып отыру. Аталған стратегияны қысқа мерзімді сабақ жоспарында нақтылап, сабақ құрылымында сәтті ұштастыру, дамыту.













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее