«Зима 2025»

Ашықтұқымды өсімдіктер

ашықтұқымды өсімдіктердің өкілдері және ерекшеліктері туралы мәліметтер бар

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сыныбы:

6а

Тақырыбы:

Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Мектеп маңындағы қылқан жапырақты өсімдіктер

Мақсаты:

Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі, яғни ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері, көбею циклінде аналық бүрлердің тұқымынан жаңа ұрпақтың жетілетіні туралы білім беру.
Жоғары сатыдағы ашық тұқымды өсімдіктердің морфологиясын және сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушылардың білім- біліктерін дамыту. Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама бере алады.

2. Ашықтұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін айта алады.

3. Ашықтұқымды өсімдіктерді ажырата алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, слайд, АКТ, плакаттар (ашықтұқымды өсімдіктер)

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу . Сыныпты және сынып кезекшілерін түгендеу. Оқушыларды стикерлердің артында жасырылған сан бойынша 4 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, міндетін түсіндіру. Оқушыларға 2 минут көлемінде www.youtube.com сайтынан алынған «Қара жорға» сергіту сәтін ұйымдастыру.

Үй тапсырмасы «Кім жылдам» стратегиясы, барлық оқушыға ортақ сұрақтар қойылады:

1. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді ата? (мүктәрізді өсімдіктер, жасыл мүк және шымтезек мүктәрізділер, қырықжапырақтәріздестер, плаунтәрізді және қырықбуынтәрізді өсімдіктер)

2. Плаунтәріздестердің кең тараған өкілін ата? (шоқпарбас плаун)

3. Құрғақта өсуге бейімделген плаунтәріздестердің өкілі? (селагинелла)

4. Плаундар қандай жолдармен көбейеді? (вегетативті, жынысты, жыныссыз жолдармен)

5. Бұл өсімдіктерді не себепті деп атайды? (сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан )

6. Дәрілік мақсатта өсірілетін қырықбуынның түрі? (далалық қырықбуын)

7. Қырықбуынның спора жетілетін масағы қандай өркенде өседі? (көктемгі өркен)

8. Қырықбуынның жерүсті өркендерін ата? (көктемгі және жаздық өркен)

9. Қырықбуынның көктемгі және жаздық өркендерінің қызметі? (көктемгі өркендері- көбею, жаздық өркендері- өсу қызметін атқарады)

10. Спора қайда дамиды? (масақта)

11. Қазақстанның Қызыл кітабы тіркелген қырықжапырақтәріздестердің түрі? (мыңжылқы қырықжапырағы және шолпаншаш сүмбілі)

12. Плаундар қайда өседі? (қарағайлы орманда және аралас орманда өседі)

13. Плаундар қалай өседі? (өте баяу өседі)

14. Плаундардың қанша түрі белгілі? (200- 500 түрі белгілі)

15. Қырықжапырақтәріздес өсімдіктің өкілін ата? (еркек усасыршөп)

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Тұсау кесер

Оқушылар мен сендерге Р.Сәтімбековтың өлең жолын оқып берейін:

Ару- арша саналатын тау сәні,

Таңқалдырған қасиетімен баршаны.

Қалай ғана көзің қиып қырқасың,

Таудың көркі жасыл- желек аршаны.

Жасыл ағаш тау ішінде қаншама,

Қараймыз біз бәріне де тамсана,

Бірақ- тағы әрқашан да ерекше,

Бүйрегіміз бұрып тұрар аршаға!

Бұл өлеңде не жайында айтылған.

Жаңа тақырып: Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.


Негізгі бөлім

Оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктер туралы жалпы сипаттама беру.

Ашықтұқымдылар  жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. Ашықтұқымдылардың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. Ашықтұқымдылардың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. Ашықтұқымдастарға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. Ашықтұқымдылар – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. Ашықтұқымлырдың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.




Қорытынды

Зертханалық жұмыс №20

Тақырыбы: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы..

Мақсаты: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысымен танысу.

Қажетті құрал жабдықтар: электронды оқулық, кестелер

Орындалатын тапсырмалар:

1.Электронды оқулыты пайдалана отырып ашықтұқымдылардың ерекшелгімен танысыңыз қарағай, шырша.

Қарағай Шырша


2.Тіршілік сипатын анықтаңыз.

3. Оқулықтағы мәтінді қолдана отырып кестені толтырыңыз:


Түрі

Тіршілік сипаты

Өмір сүру ұзақтығы

Бүр пішіні

Инесі

Ерекшелігі

Сиапттамасы


Қорытынды: Зертханалық жұмыс барысында ашықтұқымдылардың сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысты.


Әр топқа тапсырмалар беру

I-топқа Тест сұрақтары

1. Қылқанжапырақты өсімдіктер неліктен ашық тұқымдылар бөліміне жатқызылады?

(жеміс түзбейтіндіктен)

2. Ашықтұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер неге деп аталады? (жапырақтары ине тәрізді жіңішке және ұшы үшкір болатындықтан)

3. Сүрек дегеніміз не? (ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі)

4. Ашықтұқымды өсімдіктердің қанша түрі бар? (650 түрі белгілі)

5. деген атау неліктен берілген? (бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен)


II- топқа сәйкестендіру тесті:

1. Зеравшан аршасы А. 300 жыл

2. Жатаған шырша В. 1000 жыл

3. Кәдімгі қарағай С. 500 жыл

4. Шырша Д. 2 үйлі

5. Кәдімгі арша Е. 3- 6 жыл

(1В.2А.3Е.4С.5Д)

III- топқа биологиялық диктант: 1. Тұқымдары тұқымқабыршақтың қойнауында қорғанышсыз, бүрде ашық болып жетілетіндіктен, ....................... деп аталады. (ашықтұқымды өсімдіктер) 2.Ең көп таралған қылқанжапырақты өсімдіктер:................................... (қарағай, шырша, арша, самырсын) 3....................- биіктігі 5- 10 м, біршама жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш. (зеравшан аршасы) 4. .................. – Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта . (жатаған шырша) 5............... Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген тау өсімдігі. (жатаған шырша)

IV- топқа кестемен жұмыс:

Қылқанжапырақты өсімдік

Жапырағының ерекшелігі

Балқарағай


Секвойя


Туйя


Самырсын


Кәдімгі қарағай


Қылқанжапырақты өсімдік

Жапырағының ерекшелігі

Балқарағай

Жапырағы жұмсақ, ені кең, өркенге топтанып орналасады.

Секвойя

Жапырағы жалпақтау, сызықты- қандауырша тәрізді .

Туйя

Қабыршақтар қаптаған енділеу келген жапырақтар орналасады.

Самырсын

Қылқанжапырақтары жұмсақ.

Кәдімгі қарағай

Үш қырлы жапырақтары қысқарған өркенге екі- екіден орналасады.



Зертханалық жұмысты орындайды.

Берілген тапсырмаларға жауап береді.

Сабақты бағалау

Не ұнады?

Не ұнамады?

Сұрақ, ұсыныс?






Оқушылар бағалау парағын толтырады.

Үйге тапсырма

Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама оқу. 131-беттегі кестені толтыру.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее