«Зима 2025»

Ата-аналар жиналысы(Баяндама)

Мен өз мамандығымды жақсы көремін,Келешекте оқытқан оқушыларымның жемісің көретін деп ойлаймын.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей» 1 “а”-сынып Тасыбаева Әсем

«Жастай берген тәрбие,

жас шыбықты игендей»

1 “а”-сынып

Тасыбаева Әсем

Мақсаты: Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, алтын ұясы екенін түсіндіру, ата-анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып, ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқуға қатысты жауапкершілікті арттыру. Міндеті: Мектеп ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі. Алдағы уақытта оқушыларға білім беруде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету.  

Мақсаты:

Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, алтын ұясы екенін түсіндіру, ата-анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып, ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқуға қатысты жауапкершілікті арттыру.

Міндеті:

Мектеп ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі. Алдағы уақытта оқушыларға білім беруде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

 

Барысы Танысу жаттығуы Бала деген кім? «Бала біздің гүліміз» Бала-әр ата ананың болашағы, бақыты, ол оның өмірінің жалғасы, сондықтан жайқалған жас ағашты гүлдендірейік. «Қандай жағымсыз қылықтарды баламызға тілемейміз» (бұлттқа жазу), Жат қылықтардан аулақ болайық (күн шуақтары). «Пікір айтсам» шыққан сурет бойынша әр топтың пікірі. Бейнефильм көру (бейнефильмге қатысты «Бақытты жанұя» моделін құрастыру, постер дайындау). Әр бала дара тұлға . Бала тәрбиесінде ата ана балаға қысым көрсетуден аулақ болып, үлгі болуы керек.Ендеше «Бақытты жанұяның» моделін құрастырып көрейік. Қызықты сұрақтар. Сергіту жаттығуы «Бразилиялық жаңбыр» Сіз қандай анасыз? Тест тапсырмалары. Баланы дұрыс тәрбиелеудің он құпиясы. «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе» сіз не істейсіз? Әркімнің ойын тыңдау. Рефлексия «Жүрекше дайындау» Қорытындылау.
  • Барысы
  • Танысу жаттығуы
  • Бала деген кім? «Бала біздің гүліміз» Бала-әр ата ананың болашағы, бақыты, ол оның өмірінің жалғасы, сондықтан жайқалған жас ағашты гүлдендірейік.
  • «Қандай жағымсыз қылықтарды баламызға тілемейміз» (бұлттқа жазу), Жат қылықтардан аулақ болайық (күн шуақтары).
  • «Пікір айтсам» шыққан сурет бойынша әр топтың пікірі.
  • Бейнефильм көру (бейнефильмге қатысты «Бақытты жанұя» моделін құрастыру, постер дайындау). Әр бала дара тұлға . Бала тәрбиесінде ата ана балаға қысым көрсетуден аулақ болып, үлгі болуы керек.Ендеше «Бақытты жанұяның» моделін құрастырып көрейік.
  • Қызықты сұрақтар.
  • Сергіту жаттығуы «Бразилиялық жаңбыр»
  • Сіз қандай анасыз? Тест тапсырмалары.
  • Баланы дұрыс тәрбиелеудің он құпиясы.
  • «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе» сіз не істейсіз? Әркімнің ойын тыңдау.
  • Рефлексия «Жүрекше дайындау»
  • Қорытындылау.
Ата-аналарға арналған 14 кеңес 1. Таңертен сабаққа барарда балаңызды жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі түкке тұрмайтын нәрсеге бола жүйкесін жұқарт- паңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.  2.Егер балаңыз сабақтан кешігіп қалса «Бол да, болға» салмаңыз, оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Балаңызды (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз. 4. «Тыныш жүр», «бұзық болма», «бүгін екі алып келсең құртамын» деген ескертулерді айта бермеңіз.Керісінше оған жылу сыйлап, жақсы баға алуына тілектестік білдіріңіз. 5. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе бас салып сұрақтың астына алмаңыз, сабасына түскен соң, өзі ақ айтып береді.

Ата-аналарға арналған 14 кеңес

1. Таңертен сабаққа барарда балаңызды жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен

күлкіңіз ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі түкке тұрмайтын нәрсеге бола жүйкесін жұқарт-

паңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2.Егер балаңыз сабақтан кешігіп қалса «Бол да, болға» салмаңыз,

оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Балаңызды (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз.

4. «Тыныш жүр», «бұзық болма», «бүгін екі алып келсең құртамын» деген ескертулерді айта бермеңіз.Керісінше оған жылу сыйлап, жақсы баға алуына тілектестік білдіріңіз.

5. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе бас салып сұрақтың астына алмаңыз, сабасына түскен соң, өзі ақ айтып береді.

6. Есіктен кірмей жатып «Бүгін қандай баға алдың?» деп сұрай бермеңіз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. 7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгіме барысына балаңызды қатыстырмаңыз. 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз.Олар да 2-3сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап демалсын. 9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасаған жөн. 10. Сабаққа әзірленіп жатқан балаға дөрекі сөйлемеңіз, желкесіне төніп тұрмаңыз. Керісінші кеңес беріңіз, онымен бірге дайындалуға көмек беріңіз.

6. Есіктен кірмей жатып «Бүгін қандай баға алдың?» деп сұрай бермеңіз.

Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін

ескеріңіз.

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгіме барысына

балаңызды қатыстырмаңыз.

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз.Олар да

2-3сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап демалсын.

9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген

кезде үзіліс жасаған жөн.

10. Сабаққа әзірленіп жатқан балаға дөрекі сөйлемеңіз, желкесіне төніп тұрмаңыз.

Керісінші кеңес беріңіз, онымен бірге дайындалуға көмек беріңіз.

11. «Егер, сен осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да әңгімелесе отырып балаңызға жайлап көмектесіңіз. 12. Күнде жарты сағат ештеңкеге алаңдамай, балаңызбен міндетті түрде  еркін тақырыпта сөйлесіп тұрыңыз. 13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін немесе басқа да жағдай. 14. Егер балаңыз сіздің айтқандарыңызды мүлдем орындамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен сөйлесіңіз.

11. «Егер, сен осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың

жүйкесіне әсер етеді. Одан да әңгімелесе отырып балаңызға жайлап көмектесіңіз.

12. Күнде жарты сағат ештеңкеге алаңдамай, балаңызбен міндетті түрде

еркін тақырыпта сөйлесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан

зорығуы мүмкін немесе басқа да жағдай.

14. Егер балаңыз сіздің айтқандарыңызды мүлдем орындамайтын болса,

онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен сөйлесіңіз.

БАЛА ТӘРБИЕСІ

БАЛА ТӘРБИЕСІ

Ата-аналарға арналған тест «Сіз қандай ата-анасыз?»       Балаларыңызбен карым-қатынас кезінде жиі қолданылатын сөздерді белгілеңіз.     Мен саған қанша рет айтамын? Маған кеңес бере қойшы айналайын! Мен сенсіз не істер едім?! Кетші, бұл не тағы, баршы сосын айтамын! Біз бәрін бірге ойласатын достар едік қой, айтшы! Кімге тартқан бәлесің өзің? Мен сендей кезімде....... Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың, айналайын! Сенің жаныңдағы достар қандай осы? Балам, қызым сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты алсен болсаң..... Ақылдымсың ғой сен менің......  

Ата-аналарға арналған тест

«Сіз қандай ата-анасыз?»

 

 

 

Балаларыңызбен карым-қатынас кезінде жиі қолданылатын сөздерді белгілеңіз.

 

 

  • Мен саған қанша рет айтамын?
  • Маған кеңес бере қойшы айналайын!
  • Мен сенсіз не істер едім?!
  • Кетші, бұл не тағы, баршы сосын айтамын!
  • Біз бәрін бірге ойласатын достар едік қой, айтшы!
  • Кімге тартқан бәлесің өзің?
  • Мен сендей кезімде.......
  • Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың, айналайын!
  • Сенің жаныңдағы достар қандай осы?
  • Балам, қызым сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты алсен болсаң.....
  • Ақылдымсың ғой сен менің......

 

Жауаптары   7-8 ұпай Сіз өз балаңызбен жиі қарым-қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.   9-10 ұпай Балаңыз сізді құрметтегенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ.   11-12 ұпай Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол ата-ананың жылы сөздеріне, аялы алақанына зәру.   13-14 ұпай Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар, оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, балаңыздың сөздеріне құлақ асыңыз.     Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, ал шын мәнінде сіздің қандай ата-ана екеніңізді тек өзіңіз ғана білесіз!      

Жауаптары

 

7-8 ұпай

Сіз өз балаңызбен жиі қарым-қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

 

9-10 ұпай

Балаңыз сізді құрметтегенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ.

 

11-12 ұпай

Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол ата-ананың жылы сөздеріне, аялы алақанына зәру.

 

13-14 ұпай

Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар, оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, балаңыздың сөздеріне құлақ асыңыз.

 

 

Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, ал шын мәнінде сіздің қандай ата-ана екеніңізді тек өзіңіз ғана білесіз!

 

 

 

«Таяқтау оңай-тәрбиелеу қиын»   «Баланы өсіру – балапан ұшыру емес»   Алтын уақыттарыңызды балаларыңызға арнап, келгендеріңізге көп-көп рахмет!

«Таяқтау оңай-тәрбиелеу қиын»

«Баланы өсіру – балапан ұшыру емес»

Алтын уақыттарыңызды балаларыңызға арнап, келгендеріңізге

көп-көп рахмет!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее