«Зима 2025»

«Ата салтың – асыл қазынаң!»

Мақсаты: 1.Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту; 2.Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу; 3.Оқушылырдың өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сөздік қорларын дамытып, әртістік қабілеттерін арттыру.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Ата салтың – асыл қазынаң! 
Мақсаты: 
1.Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту; 
2.Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу; 
3.Оқушылырдың өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сөздік қорларын дамытып, әртістік қабілеттерін арттыру. 

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Салт – дәстүрлері туралы ақпараттық білімі молаяды.

  2. Ұлттық мәдениетінің негізгі көздерімен сабақтасады.

  3. Дәстүрлерді жалғастыруға үйренеді.

Көрнекілігі: ТСО, салт дәстүр жиһаздары, ыдыстары, нақыл сөздер «Ата салтың – асыл қазынаң»

Өту барысы:Көрініс: «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен»

1 жүргізуші: Айдар

Қайырлы күн қадірменді қонақтар, оқушылар!

Дана халқымыз: «Ана сүтін ақтамағанды, Ешкім мақтамайды» дегендей

Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз, салт дәстүріміздің аясында. «Сәлем -сөздің анасы, сөз - сарасы» - қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. 

2 жүргізуші:Айжан

Күннің көзі ашылып, 
Көкке шуақ шашылып, 
Құтты қонақ келіпті. 
Төріме су үлкенге, 
Тәрбиенің басы ғой! 

Ал, қанекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.
Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды? 
1 Оқушы:Абзал

Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады.

2 Оқушы: Жаннұр

Салт- халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың өмір салты, өнер салты- тарихи мәдени мұра.

3 Оқушы: Бекзат

Дәстүр – мәдениеттілік белгісі. Бір таңқаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай.

4 Оқушы:Камшат

Әдеп «Әдепті дегенше, әдемі десейші» (мәтел) үлкен-кіші болсын әдеп сақтау халықтың тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүр.

5 Оқушы: Нұртас

Көрініс Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі салт-дәстүр арқылы танылады

1 жүргізуші: Айдар

Міне, алтын орда, білім мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Ата салтың – асыл қазынаң!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 
2 жүргізуші:Айжан

Қай заман болсын, адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни, әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. 
1 жүргізуші: Айдар

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. 
2 жүргізуші:Айжан

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсысымыздың борышымыз! 
Оқушы:Ерсін

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған, 
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған. 
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын 
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған. 
Ән: «Қазақтың дәстүрлері». 
1 жүргізуші: Айдар

Білімсізден жаман жоқ,

Туған соң адам боп.

Жұрт айтады надан деп – дегендей қазақтың салт дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.

Тәрбие дәстүрі


Отау көтеру Отбасы, тұрмыс дәстүрлері


Қазақтың салт-дәстүрлері



Еңбек дәстүрі Наурыз дәстүрі Ислам тағылымы


Қаза ғұрыптары


Отау көтеру дәстүріне: Қыз көші, Бет ашар, Шаңырақ көтеру.... 
Еңбек дәстүрі: Егіншілік, аңшылық... 

Наурыз дәстүрі: Наурыз күні, Қыдыр ата, Наурыз төл.....
Ислам тағылымы: Құрбан шалу 
Қаза ғұрыптары: Дұға оқу

Отбасы, тұрмыс дәстүрі: Дастарханға бата, бәйге, отпен аластау 

Тәрбие дәстүрі: Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тілашар.... 
2 жүргізуші: Айжан

Бүгін, салт-дәстүрлерінің ішіндегі отбасы тәрбиесіне байланысты Отбасы, тұрмыс, тәрбие дәстүрлеріне тоқталсақ. 
Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу. «Бала – біздің болашағымыз» дейді еліміз. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана мақал бар. Сондықтанда отбасы тәрбиесіне, бала тәрбиесіне ерекше мән берген. 

2 жүргізуші: Айдар

«Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.

Сырттан келген мейманға,

Салем беріп қол алсаң-

Бірінші еткен құрметің.

Оқушы: Айжан

Салем беру, салем ету(дәстүр). Мұның бірнеше түрлері бар.

  1. «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек салем бере барыпты». Алыс жолдан келген жолаушы, немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп салем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы шал келіп салем береді» дегендей жөн білетін үлкендердің өзі барып салемдесетін де жолы бар. Егер салем ер адамға қатысты болса «салем береді» деп айтылады.

Оқушы: Жаннұр

  1. Салемнің басқа да түрі бар. Мысалы, сыйлы ата, ене, қайны ағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ету керек. Ондайда біреу «келіндеріңіз сәлем етіп жатыр» деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем, әйел адамға қатысыты болса оны «сәлем етті» дейді.


Оқушы: Вагиф

  1. Сәлем етудің тағы бір өзгеше түрі бар. Егер бір адамның мойыны құйяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құйяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған. Мұндай сәлем қылудың аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады.

1 жүргізуші: Айдар

Көрініс: «Ата өсиеті»

2 жүргізуші: Айжан

«Ұрпақ ұлағаты»

Екі жастың бас қосып, отау тіккеннен кейінге тілейтіні балалы –шағалы болу, артына ұрпақ қалдыру. «Балалы үй-базар, баласыз үй-қу мазар» дегендей.

Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

1 жүргізуші:Айдар

Жақсы дәстүрді сақтаған жарар.

Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,

Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар.

Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар,

Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты,

Жасасын осынау өлмес ұғымдар!

Оқушы:Досымхан

Шілдехана рәсімі - өмірге адам келгенінің және оған қуанудың белгісі. Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. «Ұл туғанға күн туады», «Қыз туғанға ай туады» деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса – «атұстар», қыз туса – «көйлек тігер» деп хабарлайды.

1 жүргізуші: Айдар

Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік қалыпты тағы аңғарылып тұрған жоқ па!

2 жүргізуші:Айжан

Осы жерде жаңа туған сәбидің «шаранасы» туралы айтпай кетпеуге болмайды.

Оқушы:Ақтолқын

Бұрын әжелер баланың «шаранасын» алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтын жерге қастерлеп көмген. «Шаранасын» жуған адамға кәде беріледі. Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың «шаранасын» алып, босанған әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл болып туады деген сенім болған. Халық мұндай салт, ырымдарының бәрін жоққа шығара беруге болмайды.

Оқушы:Нұрсұлтан

Қырқынан шығару – қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандарды қасиетті деп есептеледі. Соның бірі – баланы «қырқынан шығару» дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл – ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады.

Оқушы:Камшат

Сәбидің шашы мен тырнағы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінеде сақтаудан шыққан.

Баланың қырқынан шығарудың тағы бір ерекше маңызы бар. Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Оқушы: Нұрсейіт

Ат қою рәсімі – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына үш қайтара айтылады.

Көрініс: «Сәбиге ат қою»

Оқушы: Ақтолқын

Отпен аластау - Бесікті, босағаны немесе үйді отпен аластау халықтың ертеден келе жатқан ырымдарының бірі. Баланы бесікке саларда отпен қару, жас отауды отпен аластау жын-шайтан иектемесін, пәле-жаледен сақтасын деген ізгі ниеттен туған.

Көрініс «Бесікті отпен аластау»

Алас,алас,баладан алас,

Иесі келді, пәлесі көш!

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

Алас,алас, аласы,

Келді міне баласы.

Көш, көш, пәлесі,

Келді міне егесі.

Аталарың ақырса, одан қорықпа,

Аналарың, ағаларың шақырса, одан қорықпа,

Ойнақтаған лақтан қорықпа,

Сылдыраған бұлақтан қорықпа.

Тулаған тайдан,

Қуалаған ботадан қорықпа!

Маң төбеттей ұйқылы бол,

Түлкінің баласындай күлкілі бол.

Алас,алас, аласы,

Келді міне баласы.

Ұйықтап демалсын,

Қуанып оянсын!

Оқушы:Ақбөпе

Бесікке салу рәсімі – Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.

Ән «Бессік жыры»

Оқушы:Ислам

Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Көрініс : «Сәбидің тұсауын кесу»

Апа: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауынды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік - деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.

Тақымынды қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз балам,жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой,

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, ерінбе.

2 жүргізуші:Айжан

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керек рәсім жасайық!

Оқушы: Альфия

Шашу

Шашу ата бабамыздан келе жатқан ғұрып. «Ханымдар ханшайымға келген жерден, шашуға құрт орнына ділда шашты». Шашу қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде , жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашалыған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керек рәсім жасайық!

Би : «Қамажай»
Оқушы:Ернұр
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

1 жүргізуші:

Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт-дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде батаға түсінік бермекшіміз.

Оқушы: Абзал

Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгерер,

Жауынменен жер көгерер.

2 жүргізуші:Айжан

«Бата менен ер көгерер» дегендей. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.

1жүргізуші:Айдар

Бата – халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол – ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға, жас сәбиге немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларға берілетін үлкен кісілер мен ақсақалдардың ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы.

Көрініс: «Ел тілегінің күші»

2 жүргізуші:Айжан

Көрінстен не ой түйдіңдер?

1жүргізуші:Айдар

Бата екі түрі бар: «Негізгі» және «Лебізді»

Оқушы:Камшат

Бата – Оның басы дұға,

Бойы ғибрат.

Аяғы тілек,

Қалыбы тәрбие.

Негізі сенім!

2 жүргізуші:Айжан

Көрдіңіздер бата деген қара жерді көгертетің де, кірбің көңілді сейілтетін де бата емеспе ондай болса батанын түрі көп.

Оқушы: Нұрсейіт

  1. Жас талапкерге бата.

Оқушы: Нұрсұлтан

  1. Дастарханға бата.

Оқушы:Ислам

  1. Алғыс батасы.

Оқушы: Досымхан

  1. Жаңа айдың батасы.

Оқушы: Нұртас

  1. Наурыз батасы.

Оқушы: Бекзат

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

(Қадірлі қонақтар жайылған дастарханға келеді, қошамет көрсетіледі. Дастарханға бата беріледі )

Қария:

Дастарқандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін.

Бастарына амандық берсін.

Дендеріңе саулық берсін.

Дастарқандарың тоқ болсын,

Уайым қайғыларың жоқ болсын!

Әумин!

Ән: «ДАСТАРХАН»

Тамақ ішіп болғаннан кейін бір оқушы ас қайыруға бата сұрайды.

Қария:
Бата: Әумин десең біздерге

Берейік бата сіздерге.

Бірінші Алла,

Екінші пайғамбар берекесін берсін.

Балалар бақытты болсын,

Заманы шаттықты болсын.

Аспандары ашық болсын,

Пәле – жаладан қашық болсын.

Халқына қалаулы болсын,

Еліне елеулі болсын,

Аңсаған армандарына жетсін.

Мұғалім мен ата- ананың еңбегін ақтасын,

Инабаттылық пен тәртіпті мәңгі сақтасын!

Әумин!

2 жүргізуші:Айжан

«Ата салтың – асыл қазынаң» атты тақырыбындағы өтілген сабағымыздың түйінінен алған әсерімізді байланыстырып көрейік

Кері байланыс

Өлең оқыту

Оқушы: Аталар сөзімен өсіп – өнген,

Оқушы: Бабалар бұлағынан нәр алған,

Оқушы: Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Оқушы: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен,

Оқушы: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

Бәрі: «Ата салтың – асыл қазынаң!»

2 жүргізуші: Тәрбие сағатын аяқтай келе, кешегі күнсіз, келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге – өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастыру баршамызға міндет екен дей келе келген қадамдарыңызға гүл бітсін қош сау болыңыздар!






















































«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Л. Қыдыралиева




М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы 27.04.2016ж. күні

«Ата салтың – асыл қазынаң!» тақырыбында өтілетін семинар сабақтың жоспары




  1. Көрініс: «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен»

  2. Ой шақыру

  3. Ән: «Қазақтың дәстүрлері»

  4. Қазақтың салт – дәстүрлерінің түрлері

  5. Отбасы, тұрмыс, тәрбие дәстүрлері

  6. Көрініс: «Ата өсиеті»

  7. «Ұрпақ ұлағаты»

  8. Көрініс: «Бесікті отпен аластау»

  9. Ән: «Бесік жыры»

  10. Көрініс: «Ат қою рәсімі»

  11. Көрініс: «Тұсау кесу»

  12. Би: «Қамажай»

  13. Көрініс: «Дастарханға бата»

  14. Кері байланыс










«Тексерілді»

ДТІЖО: Н. Боранбаев



Дайындаған:

9-сынып жетекшісі: А. Қоштаева








































Апа: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауынды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік - деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.

Тақымынды қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз балам,жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой,

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, ерінбе.



Қазақтың салт-дәстүрі
Кең құшақты қазақ даласында бабалар дүбірі мен даналар үнімен, ата-бабалар салт-дәстүрімен тәрбие алып өскен –қазақ балаларымыз. Өз ұлтымыздың ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. 
Салт- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.
“Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен” дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. Ол үшін бүгінгі ұрпақ - өз ата-салтын, әдет-ғұрыптарын білуі қажет. Ата – салтын, әдет-ғұрпын біліп, құрмет тұтқан оқушының ішкі рухани байлығы , әдептілігі сыртқа күн нұрындай сәуле шашып тұрады. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт- дәстүрсіз, ішкі рухани байлықсыз, әдет-ғұрыпсыз баланы тәрбиелеп, білім беру мүмкін емес
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы: дәстүр, тіл және қазіргі заман» тақырыбында пікір алмасу өтті. 
Гүлшара Әбдіхалықова,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Бүгін бізге батыстың желімен домалай беретін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылға қарсы тұра алатын, тамыры ұлт рухына терең бойлаған білікті ұрпақ керек. Қазақ қыздарының нәзіктігі мен ибалылығы жоғалып барады. Жат қылықтарға әуес ұрпақ өсіп келеді. Осының бәрі қоғамымыздың ұлттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа қаншалықты зәру екенін байқатады. Ұлттық тәрбиеден алыстаған сайын, көлденең кесапаттардан шыға алмай келеміз. Ана тіліміздің көсегесі көгермей жүргенінің бір себебі – осы ұлттық сана-сезімнің төмендігінен. Сондықтан, жас ұрпақты толыққанды қазақ отбасында тәрбиелеудің маңызы зор.
Қуаныш Сұлтанов,
ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
– Отбасының жылуы мен берекесі ананың ақылы мен парасатында. Ұлт тұлғаларының ұжданы мен келбеті ананың жүрегі мен қан тамырының тазалығында. Кемеңгер М.Әуезовтің қазақ отбасы туралы «Ұлт болам десең бесігіңді түзе!» деген ұлағатты сөзінің қадір-қасиеті ерекше артып тұрған дәуірге келдік. Өнегелі ұрпақ тәрбиесінің ошағы – қазақ шаңырағының орны ерекше. Отбасы атқарар маңызды шаруаның үлкені – ұлтжанды, елшіл азамат тәрбиелеу. Біз сияқты ұзақ жылдардан кейін тәуелсіздік алған халыққа ең алдымен отаншыл ұл-қыз өсіру міндет. Ол үшін ең бастысы туған тілді білу. Біздің рухани көгеруіміздің негізінде ана тіліміз жатыр. Осыны жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз қажет. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұлағатты сөзін ең алдымен отбасымызда іске асыруымыз керек.
Шәмшә Беркімбаева,
Қыздар педогогикалық университетінің ректоры, педогогика ғылымдарының докторы, пофессор:
– Шығыстың ұлы ғұлама ойшылы әл-Фараби айтқандай, «Тәрбиесіз берілген білім қашан да қауіпті» екенін ұмытпағанымыз жөн. Сол тәрбие беруде әйел-ананың орны бөлек. Еліміздің іргесін нығайтуда, рухани әлеуетін көтеруде біз әйелдер қауымы мемлекет басшысына қолдау көрсету үшін өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық па? Түрлі басқосуларда байқағаным: әйел және бизнес, әйел және саясат сынды мәселелер біздерді, аналарды көбірек толғандыратындай көрінеді. Шындығына келгенде, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі төмен.
Халқымыз бала тәрбиесіне ана құрсағында жатқанда мән берген. Өзінің өмірін жалғастырар саналы ұрпақ өсіруді мақсат еткен. Баланы баптап-баулуда ұлттық дәстүрдің алатын орны ешбір тәрбие орындарының қызметімен тең келмейді. Ана сүтімен ұлтжандылық, парасаттылық, мейірімділік сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп өскен бала өз ұлтына, тіліне, дініне аса құрметпен қарап өседі. Бала тәрбиесінде ана тілінің қадір-қасиетін жан-тәнімен оқып білуіне мән беруіміз қажет.
Сейіт Кенжеахметұлы,
жазушы-этнограф:
– «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы тәрбие өнегесін үйреткен. Одан кейін «Е, Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір-бірлеп ала бер» деп ұрпағының санасыздығынан түңілген. Ұлттық салт-дәстүрлеріне елуден астам тәрбие үлгілерін қолданған ата-бабаларымыз, әдеп, ырым-тиым, жөн-жосық, қалып-қағида ережелерін жасаған. Дана халқымыз «балаңды бес жасқа дейін хандай сыйла, он екі жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан кейін ақылшыңдай кеңес» деп айтқан. Бұрынғылар жастарға сенім артып, оның есеюіне, отаншыл, көпшіл, халықшыл, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер арқылы ықпал еткен. Сол арқылы тәрбие мен тіл қалыптасқан.
Қазір керісінше, немерелерін орыс тілінде оқытып, орыс тәрбиесін беріп, ұлын орыстың қызына үйлендіріп, доңыз етін жеп отырған қазақтың қариялары көп. Оларға тіл туралы, ұлт туралы айтсаң өзіңе қарсы сөйлейді. Мұның бәрі ұлттық сана-сезімнің, халықтық тәрбиенің жетіспегендігінен. Елдің намысын, арын қорғай білмейтін жасық, жағымпаздардың тым көбейіп кеткендігінен туып отыр.
Оразкүл Асанғазы,
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
– Ұлттың да, мемлекеттің де ұйытқысы –отбасы. Біз әрқайсысымыз бір-бір отбасының өкіліміз. Сондықтан қазақ ұлтының өкілі ретінде қазіргі тәуелсіздікті нығайту кезеңінде еліміздің егемендігін сақтап қалуға, ұлтымыздың мерейін еселеуге тиіспіз. Қазақ елінің егемен ел болуы, ұлан-ғайыр кең жерді иемденуі алдымен ата-бабамыздың ерлігі мен еңбегінің арқасы екендігін ұмытпауымыз қажет. Әлемдік қарым-қатынастар мейлінше тереңдеп, жедел жүріп жатқан заманда Қазақстан деген мемлекетте отбасы ұғымы абыройлы, асқақ түсінікке айналуы тиіс.
Өзіміз нағыз қазақ болмай тұрып жатты жарылқаймыз дегеніміз аянышты, өзгелер үшін күлкі. Осындай күйге ұшырамас үшін әр шаңырақта ұлы күйдің күмбіріндей, әсем әннің әуезіндей қазақ тілі үстемдік етуі тиіс. Тіл – тарих, тіл – тағлым, тіл – тәрбие. Ана тілді меңгермей, оның қасиетіне жетпей, өзге тілде өңеш жырта берсек, бірінші өзіңе, содан кейін ұлтыңа зиян.
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы атамыз:
– Мен үш нәрседен қорқамын. Біріншісі, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, екіншісі, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден, үшіншісі, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын – деп кетіпті.
Сондықтан, ұлттығымызды, тілімізді, ділімізді жоғалтып алудан қорыққанымыз абзал. Тәрбиені отбасынан, ошақ қасынан, тіпті бала құрсақта жатқан кезден бастаған жөн. Тілдің қорғаны отбасы болуы керек.

Кайта оралган казагымнын бугин дастурлери-ай
Коптен куткен халкымыздын асыл арман еди-ай
Берекели казак жери ел мерекели
Дастурлери сакталынган казагымнын бул ежелги

Шилдехана,бесик той,тусау кесер,сундет той ай ширкин-ай
Куда тусу,сырга салу,беташарым-ай
Алты бакан аясында сулу бой жеткен
Кыз боз бала кен даламды ани менен бир тербеткен

Ер жигитке жарасады озып шыкса байгеден
Кыз балага жарасады алка,шашбау,саукеле
Жогалмасын дастуримиз умыта алмасын
Ата-баба козиндей кып сактайык казак дастурин

Ей, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Ас ұсынып, бас тартқан

Жайылып тұр дастарқан.


Қайырмасы:

Дастарқан-ау, дастарқан,

Берекелі дастарқан,

Мерекелі дастарқан,

Ей-ей-ей!


Жақсы келсе - құт болар,

Жаман келсе - жұт болар.

Жолаушымыз біз деген

Асыл мұрат іздеген.


Қайырмасы:

Айналайын ағайын,

Үміт отын жағайын.

Уайым-қайғы жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.

Қайырмасы:


Апа: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауынды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік - деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.

Тақымынды қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз балам,жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой,

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, ерінбе.







Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын,бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем...

 

 Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгіден

Озып келер тай ме екен?

десе, енді бірінде

 Әлди-әлди ақ бөпем,

 Ақ бесікке жат бөпем,

Бармақтарын майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап, 

Шешен болар ме екенсің? –





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее