Авторлық бағдарламаның тақырыбы:
ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІ
Алтынбекова Гүлбану Өмірбайқызы
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша
білім бөлімінің "№ 257 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Ғажайып математика әлемі» авторлық бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Ғажайып математика әлемі» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
«Ғажайып математика әлемі» авторлық бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Ғажайып математика әлемі» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
«Ғажайып математика әлемі» авторлық бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар;
-сөзжұмбақтар;
Білім беру мақсаты:
Баланың тұлғалық қасиеттерін: ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттер-імен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
Міндеті:
-
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
-
Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
-
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
-
Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;
-
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі мен білігі бойынша:
0-ден 10-ға дейінгі сандарды, орналасу ретін, санауды, сандарды оқып және жаза білуі тиіс. 10-нан 100-ге дейінгі сандарды оқып және жаза білуі керек.
Оқушы білуі керек:
-
кері есептер құрастыруды;
-
жүздіктерді қосу мен азайтуды;
-
екі таңбалы сандарды қосу, азайтуды;
-
өрнектерді пайдаланып есеп құрастыру;
-
геометриялық фигураларды ажыратуды, тік төртбұрыш, төртбұрыш, шаршы;
-
шамалар мен ұзындық бірліктерін.
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖОСПАРЫ
№ | Тақырып мазмұны | Сағат саны | Мерзімі |
І бөлім 9 сағат. Заттардың қасиеті. | |||
1 | Сиқырлы суретші | 1 |
|
2 | "Ұқсастығын тап, айырмашылығын ажырат" | 1 |
|
3 | Кесіндінің сиқыры | 1 |
|
4 | "Пазл" құрастыру | 1 |
|
5 | Біз есептей аламыз | 1 |
|
6 | Сурет бойынша теңдік құр | 1 |
|
7 | Салыстырудың құпиясы. Кім жүйрік? | 1 |
|
8 | Сурет бойынша өрнек құру | 1 |
|
9 | Өзіңді-өзің тексер. | 1 |
|
ІІ бөлім 7 сағат. Математикалық ойындар. | |||
10 | Сурет бойынша теңдіктер құру | 1 |
|
11 | Кел, ойнайық! | 1 |
|
12 | Салыстырудың құпиясы | 1 |
|
13 | Кім жүйрік? | 1 |
|
14 | "Математикалық тізбектер" | 1 |
|
15 | Есептер еліне саяхат | 1 |
|
16 | Логикалық ойындар | 1 |
|
17 | Өзіндік жұмыс | 1 |
|
ІІІ бөлім 9 сағат. Есептер еліне саяхат. | |||
18 | Есептер еліне саяхат | 1 |
|
19 | «Болды-өзгерді-қалды» есеп шығару | 1 |
|
20 | Сурет бойынша есептер шығару | 1 |
|
21 | Математикалық диктант | 1 |
|
22 | Санның құрамы | 1 |
|
23 | "Ойлан тап" | 1 |
|
24 | Артық-кем, қымбат-арзан | 1 |
|
25 | Логикалық есептер | 1 |
|
26 | Бақылау жұмысы | 1 |
|
ІV бөлім 8 сағат. Сандар сыры. | |||
27 | Сандар сыры | 1 |
|
28 | "Математикалық тізбек " ойыны | 1 |
|
29 | "Әріпті өрнектер" еліне саяхат | 1 |
|
30 | Кел, ойнайық! | 1 |
|
31 | "Ойлан тап" | 1 |
|
32 | «Жас математиктер» турнирі | 1 |
|
33 | Ондықтар еліне саяхат | 1 |
|
34 | Жұмбақ есептер | 1 |
|
35 | Білімді тиянақтау. Тест. | 1 |
|
36 | Қайталау | 1 |
|
| Барлығы | 36 |
|
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ
І бөлім. "Заттардың қасиеті" 9 сағат
Заттардың қасиетін табу керек, заттарды салыстырады, кесіндінің сиқыры, бөлу, құрастыру, қосу, азайту, теңдік құр, тең, артық, кем, сонша, сурет бойынша өрнек құру, бөлімді қортындылау ретінде бақылау жұмысы алынады.
ІІ бөлім. Математикалық ойындар -7 сағат
Оқушылармен білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату. Сурет бойынша теңдіктер құру, Кел, ойнайық! Салыстырудың құпиясы, Кім жүйрік? "Математикалық тізбектер", Есептер еліне саяхат, бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады.
ІІІ бөлім. Есептер еліне саяхат- 9 сағат
Эстафеталық ойлау есептерімен қызығушылықтарын туғызып, ойната отырып есептерді шығарту. Есептер еліне саяхат, «Болды-өзгерді-қалды» есеп шығару, Сурет бойынша есептер шығару, Математикалық диктант, Логикалық есептер, "Ойлан тап"
Артық-кем, қымбат-арзан, Логикалық есептер, бөлімді қорытындылау ретінде бақылау жұмысын жаздыру.
ІV бөлім. Сандар сыры- 8 сағат
Сандар сыры, "Математикалық тізбек " ойыны, "Әріпті өрнектер" еліне саяхат, Кел, ойнайық!, "Ойлан тап", «Жас математиктер» турнирі, Логикалық есептер, Ондықтар еліне саяхат, бөлімді қорытындылау ретінде өзіндік жұмыс алынады. Жұмбақ есептер, тестер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін және математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қызықты математикалық есептер құрастыру, шешімдерін табу, бір-бірін тексере алуға баулу. Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында білім деңгейлерін бақылау.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Х.Арғынбаев «4-9 сыныптарда тіл ұстарту» А., 1987.
2. С.Разметова «Кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту» А.
3. Ш.Әуелбекова «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы»
Мектеп 1978.
4. Суретті «Балдырған» журналдарынан. Тіл дамытудың ғажайып әлемі
хрестоматиясы мен дидактикалық материалдарынан.
5. Б.Баймұратова,Ұ.Ботабаева, Қ.Қалабекова «Суретті оқулығы қазақ тілі» А.,
«Мектеп»
6. Ойлан,тап. А., 1999.
7. Бастауыш мектеп журналдары.
8. С.Ахметова «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары»
9. Көркем жазу. Қ.Ж.Бұзаубақова, А.Б.Изтилеуова Тараз 2012.
10.Дыбыстар мен әріптер әлемі «Өлке» 2007.
11.https://bilimdiler.kz/oyin_sayk/makal-matel/2819-akyl-sabyrlyk-turaly-makal.html
12. https://thumbs.dreamstime.com/b/ми-ый-ма-енький-зайчик-на-бе-ой-пре-посы- ке-76553138.jpg
13.https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/03ac/000a7773- a8dfc283/hello_html_2fd4222c.jpg
14.https://static.vecteezy.com/system/resources/previews/000/694/991/original/four-green-frogs-on-water-lily-set-vector.jpg
15.https://wikids.ru/slides/u8Wj7srDObHSdP1x0aIYLvefUrc92Jbf.pptx/10064751872f8a6e012f89672a1896fb10.jpg
16.https://www.zharar.com/kz/shygarma/12134-nan.html
17.https://balalaralemi.kz/
18.https://www.zharar.com/
19.https://wonder-day.com/wp-content/uploads/2021/02/wonder-day-space-34-986x1024.jpg
20.https://i.ytimg.com/vi/ZYY_kIpBzYA/maxresdefault.jpg
21.https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/til-ustartu-zhattigulari/
22.https://muvi.cc/uploads/posts/2020-10/1601793424-1568128321-scr-2.jpg
23.https://bilimdiler.kz/
24.https://img2.freepng.ru/20180804/tij/kisspng-child-language-development-rooster-toddler-speech-Сказки-веселые-картинки-в-5b65cc2b4e27b9.5407941615333980593201.jpg