«Весна — лето 2025»

Авторлық бағдарламаның тақырыбы: «Қазақ даласының айбынды билеушілері»

Қазіргі дүние жүзі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп, ақпараттар тасқыны да өсуде. Бүгінгі жаңалық ертеңгі тарихқа айналуда. Кеше ғана тәуелсіздік алған еліміз де 30 жастан асты. Бұл тарих үшін қас – қағым сәт. Осы аз ғана тарихи қысқа мерзім ішінде республикамыз 100 жылға тең келетін жолды жүріп өтті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны нығайтуда сыртқы саясат ерекше маңызды рөл атқарады. Осы жылдарда еліміз өзінің тәуелсіз сыртқы саяси бағытын дұрыс белгілеп, қалыптастырып, оны тиянақты түрде жүзеге асыруда. Тарихи шындыққа сүйенсек, кез-келген елдің дербестігі мен тәуелсіздігі оның асқақ рухы мен тұщымды тәрбиесінде. Мектеп оқушыларының ой-санасында Отандық тарих арқылы тарихи танымды қалыптастыру - маңызды міндеттердің бірі. Тарихи таным – тәуелсіздігіміздің тірегі. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайды. Ел болашағын айқындайтын білімді ұрпақ Отандық тарихтан тек жүйелі білім алып қана қоймай, саяси үрдістердің, құбылыстардың мәнін дұрыс түсініп, өмірде белсенді әрекет ете алатын саяси сауатты азаматтар болуы керек.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

КЕЛІСЕМІН

.................................................................

.................................................................

әдістемелік кабинет меңгерушісі

___________________ аты-жөні

«____»______________ 2025 жыл


БЕКІТЕМІН

253 орта мектебінің директоры

_________________ ____________



«28» наурыз 2025 жыл


Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату бағдарламасы

Автордың аты-жөні

Тұрдықұлова Қаракөз Елеусізқызы

Ауданы, мектебі

"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№253 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні немесе қызметі

Тарих пәні мұғалімі

Санаты

Педагог-зерттеуші

Тақырыбы

«Қазақ даласының айбынды билеушілері»

Түрі (бағдарлама немесе әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс, жинақ т.б)

Авторлық бағдарлама

Тәжірибені тарату нысаны (семинар, шеберлік сабағы, конференция, шығармашылық шеберхана, тренинг т.б)

Конференция

Мақсатты аудиториясы

Мектеп педагогтері

Өткізу жоспары / План проведения

Бөлінген уақыт

Время

Кезеңдері

Этапы

Мазмұны

Содержание

Демонстрация


Кіріспе бөлімі


Қазіргі дүние жүзі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп, ақпараттар тасқыны да өсуде. Бүгінгі жаңалық ертеңгі тарихқа айналуда. Кеше ғана тәуелсіздік алған еліміз де 30 жастан асты. Бұл тарих үшін қас – қағым сәт. Осы аз ғана тарихи қысқа мерзім ішінде республикамыз 100 жылға тең келетін жолды жүріп өтті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны нығайтуда сыртқы саясат ерекше маңызды рөл атқарады. Осы жылдарда еліміз өзінің тәуелсіз сыртқы саяси бағытын дұрыс белгілеп, қалыптастырып, оны тиянақты түрде жүзеге асыруда. Тарихи шындыққа сүйенсек, кез-келген елдің дербестігі мен тәуелсіздігі оның асқақ рухы мен тұщымды тәрбиесінде. Мектеп оқушыларының ой-санасында Отандық тарих арқылы тарихи танымды қалыптастыру - маңызды міндеттердің бірі. Тарихи таным – тәуелсіздігіміздің тірегі. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайды. Ел болашағын айқындайтын білімді ұрпақ Отандық тарихтан тек жүйелі білім алып қана қоймай, саяси үрдістердің, құбылыстардың мәнін дұрыс түсініп, өмірде белсенді әрекет ете алатын саяси сауатты азаматтар болуы керек.

Әрбір мектепте тарихты қызыға оқитын, халықаралық жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысатын, болашақта тарихшы, саясаттанушы, халықаралық қатынастар саласын немесе соған жақын мамандықтарды таңдаған, соған барар жолда өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтыратын оқушылар бар. Сондықтан да осы оқушылардың қажеттілігін өтеу бағдарламаның өзектілігі болып табылады Біздің елімізде тәуелсіздікке қол жеткізгелі тыныштық сақталуда және еліміз сырт жерлерде болған қақтығыстарға да қатысқан емес, қатыспайды да және дәйекті түрде бейбітшіл сыртқы саясат ұстанады. Бұрын да солай болған. ҚР аз уақыттың ішінде әлемде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтап нығайтуға өзіндік үлесін қосып, ол халықаралық қауымдастық тарапынан лайықты бағасын алуда. Жас ұрпаққа бейбіт өмірдің адамзат үшін баға жетпес құндылық екенін, ол үшін күресу қажеттігін ұғындыру, яғни оларды бейбітшілік сүйгіштік рухында тәрбиелеу - ең алдымен, мектептегі тарихшы ұстаздардың міндеті. Бұл бағдарлама осындай міндеттерді шешеді деген үміттеміз.

Таныстырылым



Түсіндіру бөлімі


Бағдарламаның мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша тарихи білім беруді жетілдіру, Қазақ билеушілерінің Қазақ тарихында рөлін көрсету, оқушыларға Қазақ хандарының тарихымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

- өз тарихын жетік меңгеруге көмектесу;

- рухани құндылығын арттыру;

- талдау жасауға үйрету;

- деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;

- тарихи даталарды оқушы санасына сіңіру;

- оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік қалыптастыру;

- өз еліне, жеріне деген құрметін арттыру.

Бағдарламада Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті пәндерімен, тығыз пәнаралық байланыс қамтылған. Қандай да мәселені шешуде оқушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл – оқушылардың қаншалықты пайымдай білетіндігін, оқыған материалды жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушы білімін бағалауда көп талап қойылады. Бүгінгі күннің талабы оқушыны үнемі бағалап отыру. Өз білімін оқушының өзіне бағалатып, өз білімінің деңгейін өзіне ұғындыру. Оқушы өз білімін көтеруге талпынады.

Шығармашылық жұмыс жасайды. Олардың білімін тапсырмалар беру арқылы анықталады. Өзіндік жұмыс тапсырмалары беріледі. Оқушы пікірін тыңдау өте маңызды. Пікірлесу арқылы оқушы білімін бағалау.

Оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай оқушылардың теориялық-практикалық білімін сараптау деңгейіне мынандай диагностика арқылы көрсетуге болады:

- Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті;

- Тарихи оқиғаға өз көзқарасының болуы;

- Материалдарды түрлендіру қабілеті;

- Үй тапсырмасын орындау қабілеті;

- Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті;

- Логикалық ойлау дәрежесі;

- Оқушының белсенділігі.

Осы бағалау оқушының қандай деңгейде меңгеріп жатқанын, қандай мәселе туындап отырғанын анықтауға көмектеседі.

Таныстырылым

Презентация


Тәжірибелік бөлім


Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:

Оқушылардың білуі және түсінуі қажет:

- тарихи оқиғалар мен құбылыстарға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беруі;

- тарихи фактілерді талдап, салыстырып қорытынды жасауы;

- тарихи деректермен, білім көздерімен, тарихи құжаттармен, оқу және қоғамдық-саяси әдебиетпен, мерзімді баспасөз материалымен өздігінше жұмыс істеп, оларды оқу үрдісіне пайдалана алуы;

- тарихи оқиғалар бойынша айтылған түрлі көзқарастарды салыстырып тұжырым жасауы.

Күтілетін нәтиже:

- балалардың тарих сабағын оқуға деген қызығушылығы артады;

- жан-жақты білімді, іскер, өзіндік ойалғамы, ойлау, сезіну, есте сақтау қабілеттері жоғарылайды;

- анализ жасауды үйренеді;

- оқушылардың белсенділігі артып, өздігінен жұмыс жасау әрекеттеріне талпынады;

- қосымша материалдарды пайдалану арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады.


Оқушыларға қойылатын талаптар:

1. Оқиғалардың датасын, хронологиясын білу;

2. Оқиғаның датасын көрсету немесе дата бойынша оқиғаны атауды;

3. Бір топ даталардан қажеттісін табуды;

4. Оқиғалар мен датаны сәйкестендіруді;

5. Оқиғалардың ұзақтығын, хронологиялық ретін анықтауды;

6. Даталарды құбылыстар мен үрдістерге байланыстыра алу;

7. Белгілі тарихи үрдіске қатысты датаны көрсете алуды;

8. Оқиғалар мен процестерді дәуірлеу;

9. Оқиғаның кезеңін, дәуірін анықтауды;

10. Дәуірге бөлудің критерийлерін дәлелдеуді;

11. Тарихи топографияны білуді;

12. Өркениеттер мен мемлекеттердің геосаяси жағдайын сипаттап, суреттеуді;

13. Геосаяси жағдайын салыстыру, болған өзгерістерді табуды;

14. Этникалық, әлеуметтік-саяси, мемлекет-тердің құрылуы сияқты үрдістердің нәтижесінде жеке елдердің, аймақтардың картасында болған өзгерістерді көрсетіп, түсіндіруді;

15. Фактілерді, оқиғаларды, аттарын, атауларды, терминдерді білу;

16. Оқиғалар мен құбылыстарды суреттеу;

17. Фактілерді үрдістермен, құбылыстармен байланыстыру;

18. Тарихи оқиғалардың себептік-салдарлық және өзара байланыстарын көрсету.

19. Тарихи оқиғаларды, жағдайларды, құбылыстарды салыстыру.



Кері байланыс


















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее