«Зима 2025»

Балалық шағың патшаның тағы

Балалық шақ - адам өміріндегі ең ғажап уақыт. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. Көбіміз осы уақытты бағалай білмейміз, есеюге асығамыз. Үлкен кісілердің түсіне көбіне балалық шақтары кіретінін білесің бе? Балалық шақ қайта оралмайды. Меніңде балалық шағымның дәурені өтіп, үлкен өмірге қадам басар уақытым таяды.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Балалық шағың-шағың-патшаның тағы

Балалық шақ - адам өміріндегі ең ғажап уақыт. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатадыКөбіміз осы уақытты бағалай білмейміз, есеюге асығамыз. Үлкен кісілердің түсіне көбіне балалық шақтары кіретінін білесің бе? Балалық шақ қайта оралмайды. Меніңде балалық шағымның дәурені өтіп, үлкен өмірге қадам басар уақытым таяды. Бақытты балалық шақтың кепілі-сүйікті ата-анаң, бірге туып өскен бауырларың, жақсы көретін ата-әжең,жақындарың және жан достарың. Балалық шақ- ең алғаш деген сөзден құралады. Осы уақытта көп нәрсе байқап көргіміз келеді, көкке ұшардай сезім бойымызды билейді. Әр ізденісіміз, әр көрген нәрсеміз,бастан өткізген оқиғаларымыз бізді есейте береді. Бірге өскен достарыммен далаға шығып, ойнап, алысып, киім жыртып алып, құлап , жылап, талай қызықты бастан кешіп өстік. Балалық шақтың қызықтары мектепте де аз емес.Бірге оқитын сыныптастармен талай қызық пен шыжықты бастан кешеміз. Мектепті бітіре бере ғана, қасындағы балаларға қалай бауыр басып қалғанымызды түсінеміз. Жазғы каникул оқушының көптен күткен демалысы. Каникулды асыға күте, ауылды аңсаймын. Ол жақтада талай қызықтарым өтті. Ата-әжеме, туыстарыма және достарыма асығып барамын.Талай қалаларды да ата-анаммен қызықтайтын уақыт-осы жаз.Каникул біте сала үйге келгенде, өз үйің өзіңе сонша ыстық болып көрінеді. Сағыныш сезімі шығар. Қыс мезгілі де тамаша ғой. Сырғанақ тебу, коньки тебу өте ұнайды. Мен балалық шағым бақытты өтті десем қателеспеймін. Ал бақытты баланың жүрегі әрдайым мейірімге толы болады. Әр бала бақытты болуға лайық.
Бала кезіңізде қиялдап көрдіңіз бе? Жоқ десеңіз сенбеймін.Балалық қиялға не жетсін, шіркін
!Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән.
Егер сен жанартауға құлап кетпеу үшін диваннан диванға ешқашан секірмеген болсаң, онда сенде балалық шақ болмаған деген сөз.
Сонымен, балалық шақ - бұл...
Ұйықтаудың арман емес, міндет саналуы.
Мектептен келе сала терезеге қарап, достарынды көріп, даланы аңсауың. Бірақ, сен анаңмен сабақ оқуға тиіссің.
Түн ішінде әжетханадан үйге қарата жүгіріп, ешкім жеп қоймады деп қуану!
Ойыншықпен бірге ұйқыға жатарда, алдымен, сол ойыншыққа қолайлы болуын қарастыруың.
Қағаздан, не жапырақтан ақша жасау.
Батпақпен тамақ жасау.
Шоколад сенің бетіңде, шалбарыңда, саусақтарыңның арасында, үстелде, пердеде, сосын бірақ асқазанда.
Жаңа жылды күтесің, күтесің, күтесің... Он екіден. жарты сағат өтер-өтпесте ұйықтап кетуің.
Көрпе астына тығылуға болатын кез, және егер демалғаныңды білдірмесең, онда құбыжық таппайды деген сенім.
Үйде ананнан немесе бауырларыңнан тығылу.
Сен Гарри Поттер немесе Винкссың, ал сені қарапайым мектепке жіберуі.
Теледидардан отбасыңа мультфильмдерді көрсетіп қоюуың.
Үйдегі бар тәтті саған тиесілі.
Балалық шағың есте қалмаса, демек өміріңнің ең басты сәттерін ұмыттың деген сөз. Сондықтан, балалар өмірлеріңнің ең бақытты шағын, балалық шақтарынды бағалай біліңдер!




Балқаш қаласы,

С.Сейфуллин атындағы

7мектеп-гимназиясының

10Асынып оқушысы

Төлеутай Алтынай Қанатқызы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее