«Зима 2025»

Баланың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

Түсінік хат.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес»,-деп В. А.Сухомлинский айтқандай, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық іспетті. Ойын арқылы баланың өзін-өзі басқару қабілеті, тәрбиелігі, жауапкершілігі, оқу іс-әрекетіне деген ынтасы, ұйымшылдығы артады.

Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы: Баланың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

Негізгі мақсатым:балалардың бойында кіші жастан танымдық қабілеттерін, ізденпаздығын, тапқырлығын, ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Біліктіліктерін, аңғарғыштығын, тәрбиелігін, өздігінен еңбек етуін жетілдіру. Балаларлы сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру. Сабырлы әрі ынталы ойнауға машықтандыру.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки



Аға тәрбиеші: Сарынбаева А.А.







Аға тәрбиеші: Асылбекова А.Қ.













Шығармашылық жұмысы: Баланың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

Шығармашылық жұмысының мақсаты: Балалардың бойында кіші жастан танымдық қабілеттерін , ізденпаздығын, тапқырлығын, ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.





Мазмұны.

1. Түсінік хат.

2. 2-3 жасар балалардың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

3. 3-4 жасар балалардың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

4. Қорытынды.

























Түсінік хат.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес»,-деп В. А .Сухомлинский айтқандай, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық іспетті. Ойын арқылы баланың өзін-өзі басқару қабілеті, тәрбиелігі, жауапкершілігі, оқу іс-әрекетіне деген ынтасы, ұйымшылдығы артады.

Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы: Баланың танымын дамытатын дидактикалық ойындар.

Негізгі мақсатым:балалардың бойында кіші жастан танымдық қабілеттерін , ізденпаздығын, тапқырлығын, ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Біліктіліктерін, аңғарғыштығын, тәрбиелігін, өздігінен еңбек етуін жетілдіру. Балаларлы сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру. Сабырлы әрі ынталы ойнауға машықтандыру.

Дидактикалық ойын- баланың ақыл-ойын дамытып, таным түсініктерін кеңейтеді. Ол балалар үшін ойында, еңбекте, оқу іс-әрекетіде. Ойынды ойнатпас бұрын төмендегідей талаптарды орындаған жөн:





  1. Ойыналатын ойынның мақсаты нақты, керекті-құрал жабдықтар алдын-ала дайын болуы тиіс.

  2. Ойынды бастамас бұрын оның шарты дұрыс түсіндірілуі керек.

  3. Ойынға балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

  4. Ойын үстінде баланың ойлана білуіне, еркін сөйлей білуіне, шешім қабылдай білуіне жетекші ету керек.

  5. Ойын ережесі қысқа, балалардың түсінуне оңай қарапайым, және де жас ерекшелігіне сай болуына баса назар аудару қажет.





Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда математикалық ойындарды жоспарлау.

Математика 5 бағытта жұмыс жүргізіледі:

1. Сан және санау.

2. Пішін.

3. Көлем.

4.Уақытты бағдарлау.

5. Кеңестікті бағдарлау.

1.Сан және санауға арналған дидактикалық ойындар: «Біреу және көп». «Тиінді тамақтандырамыз».

2.Көлемге байланысты дидактикалық ойындар: «Жапырақтар жинаймыз».

3. Пішінге байланысты дидактикалық ойындар: «Үй есігін жабайық», «Құлыпты ашайық».

4. Уақытты бағдарлауға арналған дидактикалық ойындар: «Бұл қай мезгіл?».

5. Кеңестікті бағдарлауға арналған дидактикалық ойындар: «Жоғары-төменде», «Оң және сол қолымда не бар?»

Құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әркетінде қолданылатын дидактикалық ойындар.

1.«Қошақанға көмектесеміз».

2.«Торсықты құрастыр».

3.«Ыдыстарды орнына қой».

3. «Не жоқ».

Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әркетінде қолданылатын дидактикалық ойындар.

1. «Қуыршақты тамақтандырайық».

2. «Киімдердің атын ата?».

3. «Төлін тап».









Қарпайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар.

1.Сан және санауға арналған дидактикалық ойындар:

1.«Біреу және көп» .

Мақсаты: «Біреу» және «көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Түстерді айыра білуге дағдыландыру.

Керекті құрал-жабдықтар: үлкен себеттер, кішкене саңырауқұлақтар қатты кардоннан жасалған.

Шарты: Тәрбиеші және әр баланың алдында 2 үлкен себет пен саңырауқұлақтар тұрады. Бірінші себеттің түсі қызыл, ал екінші себеттің түсі көк болады. Балалар қызыл түсті себетке 1 қызыл түсті саңырауқұлақты салады. Ал, көк түсті себетке көп көк түсті саңырауқұлақты салады.

2. «Тиінді тамақтандырамыз».

Мақсаты: бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын айыра білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, қызығушылыққа, жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: қалбырдан жасалған тиіннің бейнесі, жаңғақтар.

Шарты: Барлық балалардың алдарына тиін бейнесі таратылып беріледі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы ойынды бастау.

Тәрбиеші:Бұл қай аң?

Балалар: Тиін.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше балалар біз тиінді тамақтандырайық. Ол үшін мына жаңғақты тиіннің аузына салайық.

Балалар: Қызығушылықпен тиіннің аузына жаңғақты салады.

















2.Көлемге байланысты дидактикалық ойындар:

1. «Жапырақты жинаймыз».

Мақсаты: заттардың көлемін ажырату, атау арқылы көру қабілетін дамыту. Танымдылық қызығушылығын ояту.

Керекті құрал жабдықтар: үлкен, кіші сары, жасыл, қоңыр, қызыл, қызғылтсары жапырақтар.

Шарты: Тәрбиеші жерге үлкен жапырақтарды шашып тастайды, балалар тез жинап, атын, түсін, көлемін айтуы иіс.




3. Пішінге байланысты дидактикалық ойындар:

1. «Үйдің есігін жабайық».

Мақсаты : заттарды өлшемі бойынша салыстыруға жаттықттыру. Түстерді айыра білуге үйрету. Байқағыштыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар:қатты кардоннан жасалынған үй және үйшіктің есігі.

Шарты: қатты қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Балалар есікті үйдің өлшеміне сәйкес келтіріп салуы тиіс.


















3. «Құлыпты ашайық».

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту. Пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға дағдыландыру.

Керекті құрал-жабдықтар:бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.

Шарты: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее