«Зима 2025»

Біркөлік ауылының тарихы

история краеведение бирколик, История развитие туризма в ЮКО Толебииском районе

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки







Біркөлік ауылының тарихынан

Жоспар

1.Кіріспе

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен тарихи дерек көздер

2. Негізгі бөлім

2.1.Біркөлік сөзінің щығуы мен шежіресі

2.2. Игі істері мол Біркөлік

2.3..Біркөлік ауылының казіргі келбеті

3.Қорытынды

3.1. Ұсыныс

3.2. Пайдаланған әдебиеттер

























Кіріспе

Мен ФИО «Біркөлік» ауылында туып өстім. Әкем –

«Екпінді» орта мектебінің 7 сынып оқушысымын.Ауылымды танып,білу және оны дәріптеу мен үшін үлкен бір мақсат. Себебі, табиғаты жанға шипа және өзіндік тарихы бар Біркөлік ауылы туризімі дамыған Щвейцариядан кем емес. Осы орайда ең бастысы, сол жердің тарихын, елдің негізгі шаруашылығына және қазіргі келбетіне зерттеу жүргізіп,ел арасына көптеп дәріптелуі тиіс. Ұстазым Сейдуллаханова Баян Арапбайқызымен бірге өз өлкемді таным білуде ғылыми жұмысымды бастадым.

Біркөлік өзіндік тарихы мен маңызы бар өңір. Біркөлік өзенін жағалай орналасқан біздің ел Біркөлік деп аталады.Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойладым. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.

Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.

Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ қана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. 

Ақиық  ақын Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. 



Зерттеудің мақсаты: Кіндік қаны тамған жерімнің, өз ауылымның тарихын тереңірек білу. Отанды сүйю кіндік қанның тамған жерді танып білуден, оны мақтан етіп, елдің көркейюіне адао еңбек етуден тұрады. Осы мақсатта өз құрдастарыма ауыл тарихын айтып, насихаттауды азаматтық борышым деп білемін.

Жобаның міндеттері:

-Ауыл тарихын зерттеу

-Өз жерінің тарихын жетік білу

-Өлкенің тарихи ескерткіштерін қорғау жолдарын қарастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету;

-Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қоу

Зерттеу маңызы: Ауыл тарихы туралы ел ауызында айтылып, баспа беттерінде қысқаша айтылады. Ауыл тарихы туралы мәліметтерді Төлеби ауданының азаматы, төлебитанушы, ардагер тарихшы Кембаев Әсет Арапбайұлының жарық көрген кітаптарынан алып оқуға болады. Ал ауыл тұрғынлдарының әлеуметтік жағдайы мен шаруашылығы және ішкі және сыртқы туризмнің дамуына ерекше орын алдатын киелі мекендігін айту бұл менің азаматтық борышым деп білемін. Әрине «Біркөлік» демалыс аймағы ол оз алдына бөлек әнгіме. Мен өз жұмысымда ауылымның тарихы мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдай мен бүгінгі келбетіне кеңірек тоқталуға тырысып, ауылының тарихын зерттеу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтарын арттыру.Зеттеу нәтижесінде туған жерімнің тарихы туралы біраз мағлұматтар жинақтау.

Ғылыми болжамы:Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында «біз өзіміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрімізді осы әр алуандылығымен және ұлылығымен қосып, қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болсада жинастыруымыз керек» деген ұсынысын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру.





Зерттеудің барысы: Алып отырған ғылыми жұмысым кіріспеден, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан  тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Зерттелетін объект: аулымыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиелейді.

  • Оқушының оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

  • Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.

  • Оқушыда қоршаған ортаны бақылай білу білігі қалыптасады.

  • Аз да болса ауыл тарихын зертеуге өз үлесімді қосып, материал жинақтап, Біркөлік тарихы туралы шағын ғылыми жинағымды жарыққа шығару.

Мною были использованы следующие методы исследования:



— изучение информации о Великой Отечественной войне.



— беседа с прабабушкой, дедушкой, родственниками и односельчанами;



— интервью;



  • — исследование отдельных случаев, личных документов, фотодокументов, архивных документов.



Біркөлік сөзінің щығуы мен тарихы

Біркөлік ауылының жеке әкімшілік территория ретінде өз тарихы бар . Өлкеміздің көрікті жерлерінің бірі Бірқөлікті табиғат сұлулығының жұмағы десек артық айтпаймыз. Өзінің қөз татарлық көк майсаға оранған табиғаты жаныңды жадыратып, көңіліңе күш қайрат қосып, жайқалып тұратын киелі мекен.

Төлеби танушы Әсет Кембаев атамыз: « Жазда ұйытқи соғатын желі жоқ, кыста дүлей соғатын бораны жоқ, шілде мен күзде аптаған ыстығы жоқ аймақ»-деп керемет сипаттаған. Шындығында да ауыл табиғаты құлазыған көңілінді марқайтып, жанға шипа беретін ауданымыздың мақтанышына айналған сауықтыру орталығы . Біркөлік терң, құлама немесе тік, кейде ойыс беткейлі және көпшілік бөлігі жартасты болып келетін аңғар. Географияда оны шатқал деп айтайды.

Біркөлік шатқалы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында, Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1100 м.биіктікте Тянь-Шань сілемдерінде орналсақан. Біркөлік — Төлеби ауданындағы, Алатау ауыл округі құрамында. Аудан орталығы – Ленгер қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде. Тұрғыны 234 адам (2009). Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады.

Енді Біркөлік шатқалының атауының шығу тарихы тоқталайық. Аңыз бойынша, шатқал өз атауын өлшеміне қарай нақтырақ айтсақ, көлеміне қарай «бір көлік» сыйятын жол көлеміне қарай орын алған деген ақпарат бар. Бұл туралы Екпінділк Қалмұрза Құдайбергенұлы аға: Ертеде Біркөлік анғарының ну орманды болыпты. Күнбатыс пен күншығысты жалғастыратын бір ғана көлік өтетін сүрлем қатынас жолы ғана болған екен. Мысалы, бір үйір малды жолмен айдап шығу үшін келесі басындағылар кезек күтіп тұрған. Соған байланысты тау саласын Біркөлік деп атаған,- деген ойымен түйіндейді.

Біркөлік ежелгі тарихынан сыр шертер болсақ, ол туралы энциклопедия беттерінде 11 гасырдан деп көрсетеді. Өзінің табиғи кереметімен бірге, өзінің ежелгі тарихымен де әйгілі. 1973-1976 жылдары археолог Николай Подушкиннің басқаруымен Шымкент пединституты археологиялық экспедиция жүргізді.

Археологтар Қаңлы дәірінің материалдық мәдениетін іздеген. Осы жылдары үш рет қазба жұмыстары жүргізілген. Археологиялық қазба жұмысы мекеннің 2/3 бөлігін және 3 метр тереңдікті қамтыған.

Кейінгі орта ғасыр XY-XYII ғғ. жататын сазбалшықты қабырғалар, тандыр-пеш, ас-үй бөлмесінің түтікше ыдыстары табылған.

Біркөлік ежелгі тарихын зерттеуде археолог Бауыржан Байтанаевтың басшылығымен келесі экспедиция жалғастырды. Экспедиция нәтижесін археолог өзі былай деп жазады: « Мәдени қабаттарға қарап, Оңтүстік Қазақстанның көптеген мекендерінен Қаңлы дәуірінің іздерін, отрар-қаратау мәдениетін, XI-XII ғасырдағы Қарахандар дәуірінің нақты көруге болады. Жоғарғы қабаты XYI-XYII ғасырға саяды.» Біркөлік өзенінің сол жағалауынан XI-XII ғасырдағы қарахан дәуірінің керамикалық және метал бұйымдары табылған.

Біркөлік шатқалы ежелден Оңтүстік Қазақстан құрлымына қарай егін шаруашылығын таңдаған. Мұнда малшылардың қытақтары да болған. Мұны ОҚМУ эспедициясының археологиялық қазба жұмыс нәтижесіндже табылған екі қорымы дәлелдейді. 30 қорғаннан тұратын қорым классикалық сызбамен шығыстан-батысқа қарай орналасқан. Қорымдар ерте темір дәуіріне жатады. Қазіргі таңда жергілікті халықтың шаруашылығынан жоғалып кеті қаупінің алдында тұр.

Біркөлік шатқалында археологиялық қазба жұмыстарының болашағы бар. Олар қола дәуірінен немесе полеолит дәуірінің материалдарын тауып, елдің тарихты жақсы түсінуіне мол көмек береді.

Ауылдың ресми атауы 2001 жылдың қараша айына дейін Скреплевка деп аталған. Атау орыс қоныстанушыларының кеоуімен пайда болған. Оған дәлел: «Скреплевка» сөзі «скрепиться», «скрепление» сөздерінен туындаған. Қазақ тіліндегі аудармасы « бекітілу», «жалғастыру» немесе «байланыстыру, нығаю» дегенді білдіреді. Сонда қоныстанушылардың жаңа қонысьтану орынын байланыстырушы, жалғастырушығ нығайтушы орныға айналдыру мақсаты болғанын аңғаруға болады.

2001 жылы 2 қарашада бірлескен облыстық мәслихат шешімімен және облыстық әкімдіктің қаулысымен Скреплевка ауылы Біркөлік ауылы болып өзгертілген.

Алайда , алатау округ әкімі Б.Ешимбетов Аудандық мәдениеит және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбектің хатына байланысты жолдаған мәліметінде:

« Біркөлік ауылының бұрынғы атауы Скпреплевка қазіргі атауына өзгертілуі Халақ депутаттары Новострой селолық советінің атқару комитетінің шешімі 21.06.1990 жылы» шыққанын растайды.

Әлеуметтік жағдайы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Презедиумының 1992 жылғы 19 наурызында қабылдаған жарлығы бойынша бұрынғы Новострой ауылдық кеңесң алатак ауылдық округі болып аталады. Округтің жалпы жер көлемі-10333 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері-5751 га.

Алатау ауылдық округі аумағына 10 елді мекен : Алатау,Екпінді.Жаңатұрмыс,Қайнар, Қорған,Қосағаш,Нысанбек, Біркөлік, Шатыртөбе, Шұбарағаш. Округ бойынша жалпы халық саны- 7725.

Алатау ауылдық округының 2017 жылғы 1 қаңтардығы мәліметі бойынша Біркөлік елдімекенінде тұрғын үй саны-39,отбасы саны-56, халық саны-270. Оның 242- қазақ, өзбек-13, орыс-3 т.б-12.

Ауылдық округтің «Таза су» бағдарламасы бойынша 9 елді мекеннің ауыз су құбырларына ағымдағы жөдеу жұмыстары жүргізіліп, осы жұмыстарға облыстық бөджеттен жалпы көлемі 25,756 млн. Тенге қаржы бөлінген. Соның ішінде Біркөлік ауылына 2365,0 мың тенгенің жұмыстары атқарылып, қазіргі таңда ауыз су құбырлары пайдалануға берілген.(Алатау ауылдық округ мәліметі)





Біркөлік кереметі

Жер жәннаты Төлеби ауданының туризм орталығы болуына мүмкіндіктері мол. Тарихи-археологиялық, діни –танымдық, саяжай-сауықтыру орындары мен көзтарталық көрікті табиғаты, көп ұлтты аудан халқының ғжғлгғ өнері мен мәдениеті бай өлке. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, туризмді дамыту ол біздің келешек ұрпақ алдындағы азаматтық борышымыз.

Туризм өз еліне, шет мемлекеттерге ұйымдасқан топтпрға арналған спорттық( жаяу, шаңғымен,атпен,түйемен,есекпен,күймемен,арбамен) жүру элементтері мен танымдық өрісін байыту мақсаттар бар саяхат немесе серуендеу. Экскурсия ұйымдасқан түрде мұражайларға, ерекше назар аударарлықтай жерлеге, көрмелереге саяхат жасау немесе танымдық, ғылыми,спорттық және сауық құрып көңіл көтеретін мақсаттары бар серуен.

Міне, осы үш аталған мүскіндіктер мен мақсаттарды толық ғылыми –практикалық негізде айқындап, зерттеп іс- жүзіне асырса, Төлеби ауданы керемет туристік орталыққа айналады. Ауданға келетін туристерге, саяхатшыларға, демалушыларға, серуен құрушыларға, көп ұлтты аудан халқының мәдени-эстетикалық, этнографиялық тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, ұлттық спорт ойындары мен сайыстарын, дәстүрлі өнерін таныстыруға қолайлы . Әсіресе, әсем табиғат көріністері . бұлақ бастаулары, өзендері, тау-көлдері, жеміс-жидекті,аршалы алқаптары мен бағза заманғы археологиялық ескерткіштері,діни –танымдық мінәжат орындары т.б рухани құндылықтары баршылық.

Аудан аумағында Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы мен Сайрам-Өгем мемлекеттік паркінің, Біркөлік емдеу-сауықтыру санаторийі мен Ақмешіт демалыс аймағының, Алатау шаңғы кешені мен Қасқасу демалыс орынының орналасуы туризм дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады. Сондай-ақ, Сайрамсу мен Сарыайғыр шатқалдарында шетелдің және отандық инвесторлардың ауқымды қаражаттарныа халықаралық талаптарға сай демалыс-спорттық кешендерін іске қосу қолға алынуда. Сондықтан, таяу жылдары аудандағы туризм саласы экономиканың республикалық секторларының біріне айналуы сөссіз. Аудан өндірістің, бизнестің, ғылым мен білімнің ірі орталығы Шымкент қаласымен жақын орналасуы, онымен автокөлік, теміржол қатынастарының болуы да , туризмнің дамуына оңтайлы жағдай туғызады. Осындай қолда бар мүмкіндікті бағалай білгеніміз жөн.

Астанада 2009 жылы 5-8 қазан айында БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас Асамблеясының 18- сессиясы өтті. Сессияға жалпы Дүниежүзілік туристік ұйымға 154 ел мүше болса, Астанадағы сесссияға 124 мемлекет қатысты. Сессияның Қазақстанда өтуі кездейсоқтық болмаса керек.

Ауданымыздың табиғат тының кереметтілігі Алланың берген сыйы. Оны сезбеу, әрі қарай дамыттау мүмкін емес. Біздің аудан үшін туризмді дамытуға және жасауға мүмкіншілік мол. Оған біздің табиғи және климаттық жағдайымыз толық мүмкіешілік береді.

Бүгінде аудан көлемінде тау бөктерінде орналасқан Тау самалы, Эдельвейс, Бәйшешек, робинзон лагерлері жұмыс атқаруда. Одан басқа «Тау самалы», «Эко виладж Қасқасу», « Айнабұлақ», «Альтекс» демалыс аймақтары, «Біркөлік» сауықтырк кешені, « Тау шаңғы базасы» туристік объектілері қызмет көрсетуде.

Кеңес өкіметі кезеңінде бұл маңда Валентина Терешкова атындағы жалғыз балалар туристік демалыс аймағы жұмыс жасаған екен. Жыл сайын шыңға өрмелеуден жарыс ұйымдастырылып тұрған. Балалық шағы сол балалар туристік демалыс аймағанда өткізген тарихшы , әрі журналист Алексей Гончарев: « бала кезімізде тұнғыш рет осы туристік демалыс аймагына 14 жасымда Қазақстандағы жалғыс балалр туристік лагерінде 1976 жылы болып дем алдым. Қаншама шымкенттік ұлдар мен қыздарға қуаныш сыйлап, нашақорлықтан қорғаған. Сол уақыттан бері бұл аймаққа жиі демалуға келіп тұрамын. Бірақ көпшілік демалушылардың өз демалыстарын шашылык пен ішімдік ішумен шектеліп, аймақтықоқсытып кетумен ғана шектелетіні қынжылтады. Біркөлік біз үшін бүтін бір әлем »-деп мақтанышпен еске алады.

Біркөлік шатқалы екі бөліктен тұрады. Туристер оны «құрғақ» және «ылғал» деп бөлген.

«Ылғал» шатқалдан Біркөлік өзені ағып өтеді. Осы жақ бөлігі ең кәп танылған . Демалушылардың асым бөлігі осы жаққа көп келеді.Бұл бекер емес. Өйткені осы жақ бөлігі табиғаты тамаша.Бүгінгі таңда Сайрам- Өгем ұлттық саябағына ақылытүрде кіреді.

Өте кең шатқал, 15 минут откен соң жаяу жол тарылып, тастан -тасқа секіруге тура келеді. Сол жол арқылы ашық кең алаңқайға шығасың. Онда жыл сайын тауға өрмелеуден жарыс ұйымдастырылып тұрады.Жартасқа 1977 жылы осы жерде қайтыс болған инструктор Александр Галкинге ескерткіш тақта қағылған.Өзеннің үздіксіз шуы мен жартасқа ұя салған құстардың дауысы керемет әсер қалдырады.

Ленгер қаласының тұрғыны, ардагер тарихшысы, төлебитанушы Әсет Кембаев Арапбайұлы : « Туризмді дамытуда Төлеби ауданы Түлкібас, Қазығұр аудандарымен салыстырмалы түрде, мұнда ерекше табиғат аясына ие. Туризмді дамыту бойынша маршрутын сызып беруді маған ұсынса, керемет анық түрде сызып берер едім. Туризмді дамытуда жанын,елін сүйетін азаматтар көбею керек. Мен өз өлкемді мақтанышпен айта аламын. Басқа аудандармен салыстырғанда Төлеби ауданында екі есе көп тарихы мен тарихи мәдени ескерткіштері бар »-деп жан тәнімен айтқан әнгімесінен елін сүйетін азаматтың жанқұлшынысын естіп, менің жандүниемдегі өлкеме деген,еліме деген сезімімді одан әрі шарпытқандай сезім алдым. Ол кісі Төлеби ауданының археологиялық және мәдени ескеркіштері туралы көптеген мәліметтер жинағанын айтып, бірсыпырасын ерінбей көрсетті де.Алланың барлығына сенетін Әсет ата өлкенің тас жинайтын хоббиі барын айтты. Сол тастарыннан бірнешесін көрдік. Сауд Арабиясынан келген тілмаштар ол тастың ішінен Алланың аты жазылған тастар бар екенін айтқан. Сол тастарды сатуын сұранғанда, қарсы болып, Төлеба ауданында табылған тас осында қалады деп бермеген екен. Міне сол жинаған материлдар мен деректерді жинап кітап жарыққа шығаруға мемлекеттен қолдау жоқ деп қынжылған атаның көзінен мұң байқағандай болдым. Бірәз әңгіме жүргізген сұхбаттан ерекше сезіммен және тағы сұхбат алуға келуге бола ма деген рұқсатын сұрадым. Ол кісі әрине, бұл материалдар айтылмаса, естілмесе , көрсетілмесе несі ғажап деп бізді біраз жерге дейін жаяу шығарып салды.

Біркөлік несімен керемет? Әрине, Шымкентің өте қатты ыстығынан 1100 метр биіктікте орналасқан өзінің климатымен ерекше. Қыста орташа ауа температурасы - 4 градус, көктемде + 18 градус жазда +22 , күзде +13 градусты көрсетеді. Таудың жасыл желегі ауаға әсер етіп, тазартады. Жалпы, жергілікті ауа дем алу органдарына, жүрек-тамыр жүйелеріне әсер етіп,орталық жүйке жүйесін сергітеді. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары,емен,шынар,зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі. Шатқал бойынан, тасты жырақтардан,тау бұлақтарынан басталған Біркөлік өзені ағып жатыр. Оның таза,мөлдір,салқын суы шатқалдың жасыл алқабын суландырып,ауаны тазартып, айналаға салқын жел алып келеді. Мұндай фактолар « Біркөлік» санаториінің орналасуына да негіз бар. Профилокториялық-санаториясының қызметі 1 қаңтар 1976 жылдан бастау алады. Ол кезде санатория КСРО-ның күріш шаруашылығы мен су шаруашылығы министерлігіне қарайтын. 2002 жылы Біркөлік демалыс аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының қарамағына өткен. Еростандарт үлгісімен күрделі жөндеуден қайта өтіп, 2004 жылдың 9 ақпанынан жаңартылған профилактикалық демаысаймағы өзінің алғашқы деалушыларын қабылдай бастады.

2007 жылдан бастап бұл мекеме МКШМ «Біркөлік профилоктикалық санаториі» деп өзгертілді. Демалушылар 3 этажды корпусқа және 10 коттеджге орналаса алады. Асхана 3 залдан тұрады: түстенетін 100 орындық, 60 орындық мерекелік және ем-дәм бөлмесі.

Аумақта дүкен, кафе, қымызхана орналсқан. Спорт сүйетін демалушыларға баскетбол, волейбол алаңдары бар. Стол тенисі, бильярд, шахмат,нарды және т.б. инвентарлар бар. Ашық жүзу бассейні де бар. Тауға біркүндік жаяу экскурсиясы, облыстың киелі орындарына автобуспен саяхат ұйымдастырлады.

























 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее