«Зима 2025»

"БІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!" (Баяндама)

Мен өз оқытқан оқушыларымнан бастап келешектеріне уәде береміз.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы:

БІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!


Сабақтың мақсаты: оқушылардың алға қойған мақсаттарын біле отырып,

Оларға бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру; болашақтың жарқын және ашық бол-

атынына сенімділік арттыру: білімге деген құштарлықтарын ояту.

Отанды сүюге, елжандылыққа, болашақта Қазақстанымызды өркендетуге

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев суреті, қанатты сөздер, көрме.

I. Ұйымдастыру кезеңі: (ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындау).

II. Кіріспе.

- Құрметті ұстаздар мен қонақтар! Қазақстанның болашағы білімді жастарда. Елді өрге бастайтын да солар! «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал балық жігер, қайрат еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Бүгінгі біздің «Біз- Қазақстанның болашағымыз!» атты

тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

-Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екесің!

Елім, жерім, Отаным-бақ дәулетім

Болашағым, өнер білім өркенім!

Елбасымыз – «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ елінің нығайып көркеюі жолында жан-тәніңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» деген.

Ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың мойнында. Ел бірлігі! Елге тұтқа болар елдің де көкейіндегі басты мақсаты осы болса керек. Жастардың да көксегені – бірлік, тыныштық, елдің тұтастығы!

- Халқын, киіз туырлықты қазақтың ғасырлар бойы көксеген арманына қайтсем жеткізем деп жүргендер қаншама! Елдің жастарды тірек санауының сыры неде? Себебі, болашағымыз бұлыңғыр, беймәлім шақта тыңнан түрен салып, елді тығырықтан алып шыққан – осы тегеурінді жастар! Болашаққа үңілмес бұрын өткенді еске түсірсек.

1-оқушы: -XV ғасырда тәуелсіз қазақ хандығын құрдық, алайда

тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-

жақты көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасады. Дүрліккен ел шұбыра қашып «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті

Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты,

2-оқушы: XVIII-XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншама адам өз жерінде

қырғын көрді.

3-оқушы: - 1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933 жылдарда болған адам айтса

нанғысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы аштық, тағы жоқшылық.

4-оқушы: - 1941-1945 жылдар аралығында соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақ ұландары ерлік көрсетті. 1986 жылғы желтоқсан! Ол жан түршігерлік уақиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

5-оқушы: - 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. Еліміз өз билігін өз қолына алды. 1992 жылы Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. 1993 жылы Тұңғыш Конституция қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата Заңы қабылданды. 1997 жылы Елорда Астанаға көшірілді. 1998 жылы 6-шілдеде Астананың туған күні салтанатты түрде

атап өтілді. Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі Арқа төсіндегі ару қала, елордамыз – Астана!

- Менің елім – Қазақстан, Отаным,

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбатсың туған ел,

Арта берсін абыройың, атағың!

  • Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте, достым қазақтың жерін!

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің!

-Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер, жаса Қазақстан!

Баянды болсын бақытың халқым,

Жасай бер, жаса Қазақстан!

Хор: Отаным – Қазақстан.

-Отаным кең далам арманды,

Болаттан соғылған қорғаны,

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды!

- Менің елім – Қазақстан жүрегім

Тек өзінсің Отан – Ана, тірегім.

Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім!

- Егеменді еліміздің алдағы мақсаты- жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде алдыңғы қатарлы мемлекет болу.

-Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін.

Жерінде гүл, көгінде бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің!


- Қазақстан күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай

Болашағы зор елде туғанымызға бақыттымыз. Жаса, жаса Қазақстан!


  • Жаса, жаса Қазақстан,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған!

Өлең: Атамекен

Қорытынды.

Мұғалім сөзі: - Ел болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауға, елдің ертеңі ертегіге айналу үшін ерінбей еңбек етуге, Қазақстанның болашағы үшін оны әрдайым қорғауға, сүюге және ұлттық патриотизмді біз сақтауға дайынбыз!






























    1. оқу жылындағы 4 «А» сынып

оқушыларының ОБЖС-ға дайыедығына сараптама.


Тестке дайындық 3 пәннен жүргізілуде.

Олар: Қазақ тілі, математика, дүниетану.


Мақсаты:

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту. Алған білімдерін іс жүзінде

қолдана білу.

Міндеті

Қазақ тілі, математика, дүниетану жүргізу.


Тест барысында білетін сұрақтарды бірінші белгілеп, қиын тапсырмалардымен жұмыс жүргізу.

Тестке дайындық жүйелі түрде жүргізіліп, оқушылардың қиналатын тапсырмаларымен жұмыс жүргізу.

Болжамданған нәтиже


Тест жазу кезінде жоғары көрсеткішке жету. Алғаш білімдерін жұмыс барысында қолдану


I жарты жылдықта байқау сынағы

3 рет алынды

29.10.2013 ж 1 байқау сынағы

Жазғаны 2 4 оқушы.

Қазақ т ілі орта ұпай 1 ұпай

Математикадан орта ұпай 12

Дүниетанудан орта ұпай 9,7

Жалпы орта ұпай 34


Қаз т мат дүн.т

15-20 ұпай 9 3 2

10-14 ұпай 11 16 8

6-9 ұпай 3 3 13

1-2 ұпай 1 2 1


Математика төмен ұпай Ерлан А. Абуб: Ш

Қазақ т. Төмен ұпай Рәтай с (5 ұ)

Дүниетану төмен ұпай Абуб.Ш (5 ұ)


20.11.2013 ж. 2 байқау сынағы

Жазғаны 23 оқушы, жазбағаны 1 оқушы

Қазақ тілі орта ұпай 14

Математикадан орта ұпай 13

Дүниетанудан орта ұпай 9

Жалпы орта ұпай 36

Қаз т мат дүн.т

15-20 ұпай 10 7 -

10-14 ұпай 10 13 10

6-9 ұпай 3 3 12

1-5 ұпай - - -

Қазақ тілі төмен ұпай: Мұс (77)

Математика төмен ұпай: Ерлан (6 ұ)

Дүниетанудан төмен ұпай Абуб (5 ұ)





30.12.2013 ж. 3 байқау сынағы


Жазғаны 23 оқушы, жазбағаны 1 оқушы


Қазақ тілі орта үпай – 11,1

Математика орта ұпай - 13,3

Дүниетану орта ұпай – 9,43

Жалпы орта ұпай – 33,8

Қаз.т мат дүн.т

15-20 ұпай 3 11 –

10-14 ұпай 12 8 13

6-9 ұпай 8 3 7

1-5 ұпай - 1 3

Математикадан төмен ұпай Абу.Ш (3 ұ)

Қазақ тілінен Рәтай (6 ұ)

Дүниетанудан төмен Қасым (4 ұ), Қайм (6 ұ), Мус (4 ұ), Абуб (5 ұ)


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее