«Зима 2025»

"Боран" (3-класс)

Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов

Сабақтың мақсаты: М. Әуезов өмірімен таныстыру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған «Боран» мәтінін оқыту, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

- Мәтін бойынша тапсырмалар беріп, өз ойларын тұжырымдап, топта жұмыс жасатып, шығармашылықпен жұмыс жасауға, танымдық қабілетті дамытуда, ой-өрісін арттыруда ізденіс жұмыстарын жүргізу.

- Ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға, табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, «Абай жолы» туралы бейнематериал, М.Әуезов шығармаларынан көрме, ватман қағазы, смайликтер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ( 1 мин)

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілі –өз тілім – ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім!

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов

Сабақтың мақсаты: М. Әуезов өмірімен таныстыру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған «Боран» мәтінін оқыту, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

- Мәтін бойынша тапсырмалар беріп, өз ойларын тұжырымдап, топта жұмыс жасатып, шығармашылықпен жұмыс жасауға, танымдық қабілетті дамытуда, ой-өрісін арттыруда ізденіс жұмыстарын жүргізу.

- Ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға, табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, «Абай жолы» туралы бейнематериал, М.Әуезов шығармаларынан көрме, ватман қағазы, смайликтер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ( 1 мин)

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілі –өз тілім – ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім!

Топқа бөлу.

Оқушыларды қыстың айлары атымен топқа бөлу: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

ІІ. Өткенді қайталау. ( 5 мин)

Үйден салып келген суреттерді іліп, тақтаға көрме ұйымдастыру. 4-5 оқушыға «Қыс» өлеңін жатқа айтқызу. Сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдау.

  • Ақын қысты кімге теңеп суреттеген?

  • А. Құнанбаев кім және ол туралы не білеміз?

ІІІ. Ой қозғау. ( 5 мин)

  • Балалар, Абай атамызды бүкіл дүние жүзіне танытқан кім?

  • М. Әуезов

  • М. Әуезов туралы не білесіңдер? Ол Абайды дүние жүзіне қалай танытты?

( балалардың жауаптары тыңдалады, толықтырылады)

  • М.Әуезов А.Құнанбаевтың өмірін жете зерттеп, оның балалық шағынан бастап өмірінің соңынан дейінгі кезеңді қамтитын «Абай жолы» роман эпопеясын жарыққа шығарды. Роман дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

  • Қазір сендер осы М.Әуезовдің «Абай жолы» романы туралы бейнематериалды тамашалайық.

«Абай жолы» романы туралы 15 дерек» бейнематериал

Көргендері бойынша түсінігін сұрау, жауаптарын тыңдау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздік жұмыс (1 мин)

Боран – күшті желдің (жылдамдығы 15 м/с – тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді.

Мәтінмен жұмыс. ( 10 мин)

Мәтін үш топқа бөліп беріледі. Әр топ өздеріне берілген бөлікті іштей оқиды, өзара талдайды, осы бөлігіне тақырып қояды. Кейін топтың бір мүшесі мәтінді дауыстап оқиды, қалғандары жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы не түсінгендерін айтып шығады. Осылайша үш топтан да сұралады.

Сахналау . ( 1 мин) Абайдың ат үстінде отырып, боранмен арпалысқан кезіндегі қимыл-қозғалысын бір оқушы сахналап көрсетеді.

Жаңа ақпарат. ( 3 мин)

  • Абай неге осындай қимыл – қозғалыс жасады? (үсінуден сақтану үшін)

  • Үсу дегеніміз не?

  • Үсікке шалдыққан адамға қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

  • Үсікке шалдықпау үшін не істеу керек?

Дәптермен жұмыс. (3 мин)

Кестені толтыру, дәптерге жазу.


Суық түскенге дейінгі қар

Суық қатайған кездегі қар

Ұсақ, жабысқақ

Қатты, қиыршық, жұмырланған


  • Біз боран, тоңу, үсу тәрізді қыста болатын жағымсыз жайғдайларды айтып өттік. Бірақ қыста қызықтар да көп екен. Оларға нелер жатады? ( қысқы ойын түрлері, әдемі табиғат көріністері, мерекелер)


Сергіту сәті. (1 мин)



Шығармашылық тапсырма. ( 5 мин)

1-топқа: Дайын ұйқас бойынша өлең құрастыру.

............................. даламыз,

............................. баламыз.

............................. шанамыз,

............................. қаламыз.


2-топқа: «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу.

3-топқа: Боран, аяз, қар сөздеріне сөйлем құрастыру.


ІҮ. Бекіту ( 4 мин)

1-топ: Жұмбақ шешу.

2-топ: Семантикалық картамен жұмыс.

3-топ: Қысқы ұлттық киім түрлерін жазу.


Ү. Қорытынды ( 2 мин)

- Мәтін қалай аталады?

- Авторы кім?

- Мәтіннің негізгі ойы не? Бізді неге тәрбиелеп отыр?

- Осындай боранды күні үсінуден сақтануды, қанша қиыншылық көрсең де шыдамды, төзімді, ұстамды, достарыңа адал болуға тәрбиелеп отыр.


Рефлексия. (1 мин)

Бағдаршам бойынша сабақ жайлы өз пікірлерін білдіреді.

  • «Жасыл» - сабақ өте жақсы өтсе;

  • «сары» - сабақта белгілі бір қиындықтарға тап болсаң;

  • «қызыл» - тапсырмаларды орындауда қиын болса.


Үйге тапсырма: ( 1 мин)

Мәтінді оқу, мазмұндау. Қыс мезгіліндегі ауа-райына байланысты ырымдар, болжамдар тауып келу.


Бағалау. (2 мин)

Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее