«Зима 2025»

«Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері».

«Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері».

Жаңа педагогикалық технология деген не?

Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.

Қазіргі кезеңде де оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса:

1.Оқыту мақсатына сай арнайы жасаған техникалық құралдардың екі типі: А) проекторлар, магнитафондар, компъютерлер.

Ә) слайдер, кинофильмдер, кодопозифтер, бағдарламалық құралдар жәрдемге келді.

Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модель, проект жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылып келеді. Соның ішінде әсіресе, негізгі концепциясын ұсынып жүрген Эльконин, Давыдовтардың дамыта оқыта алуға болады. Дамыта оқыту тікелей бааны (субьекті, обьекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауы, темпі) оқытуға негізделеді.

Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:

- Оқушы субъекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады.

- Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес).

- Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала - тыңдаушы, мұғалім- информатор емес, керісінше, бала-зерттеуші ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші.

- Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет диалог, пікірлесу, пікір таласы.

- Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.

«Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек»,- деген Высотский. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтайды:

1. Өзекті даму деңгейі - бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;

2. Жақын даму аймағы - бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.Тұлға жақын даму аймағына өтуге өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын дамытуға дағдыланады.

Өзінше дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм құрып, адамгершілік – танымдық қасиеттерін дамыту.

Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы.

Оқушы танымы: өзі анықтап, еркін өз қалаушы бойынша іс-әрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы сабаққа дайындалық барысында оқушылар оқиды, жазады, топпен жұмыс жасайды, өз іс-әрекетін сараптап, жан- жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиеленеді.

Дамыта оқытудың тиімділігі

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «. мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141) «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128).

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.) Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.) В.В.Давыдовақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46) Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. 1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. (17.21.) Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалану

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі. Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері». 

                  Жаңа педагогикалық технология деген не?

Шетел мамандары  оқыту технологиясының  үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір  көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға  білім берген. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы  елеулі  өзгеріске түсті,  адамдарға  әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке  келді.

Қазіргі кезеңде  де  оқыту  технологиясы  үлкен  өзгеріске душар  болып  отыр.  Мұғалімдер  мен  оқушыларға  әр  түрлі  дидактикалық материалдармен  қоса:

1.Оқыту  мақсатына  сай  арнайы  жасаған  техникалық  құралдардың екі типі: А) проекторлар,  магнитафондар, компъютерлер.

Ә) слайдер, кинофильмдер, кодопозифтер, бағдарламалық құралдар жәрдемге келді.

Қазіргі технологияда «миға  шабуыл»,  дебат,  модель, проект жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылып келеді. Соның ішінде әсіресе, негізгі концепциясын ұсынып жүрген Эльконин, Давыдовтардың дамыта оқыта алуға болады. Дамыта оқыту тікелей бааны (субьекті, обьекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауы, темпі) оқытуға негізделеді.

Дамыта  оқыту  мақсаттары  төмендегідей:

- Оқушы субъекті,  яғни, ол  өзін-өзі  дамыта  алады.

- Баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға ықпал  жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес).

- Білім  дайын  күйінде  ұсынылмайды,  бала - тыңдаушы, мұғалім- информатор  емес,  керісінше, бала-зерттеуші  ізденуші,  жаңалық  ашушы. Олардың дағды,  іскерлігі  белгілі бір  проблема,  ситуацияны  шешу  іс-әрекетін  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші.

- Дамыта  оқытудағы  басты  іс-әрекет  диалог,  пікірлесу,  пікір  таласы.

- Дамыта  оқытудағы  мұғалім  қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт  беруші,  балалардың  іс-әрекетін, ынтымақтастығын  бір  бағыт, бір мақсатқа  бағыттаушы.

«Педагогика  бала  дамуының  ертеңгі  емес,  кешегі  күніне  сүйену керек»,- деген Высотский. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтайды:

1. Өзекті  даму  деңгейі - бала  бойында  қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер;         

2.  Жақын  даму  аймағы - бұл  бала  әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.Тұлға  жақын  даму  аймағына  өтуге  өзекті  даму  аймағындағы  білімдерін  өз  бетінше қолдануға,   өзіндік  танымын  дамытуға  дағдыланады. 

Өзінше  дамыта  оқытудағы  негізгі  мақсат: жеке  тұлғаның  өзін-өзі  жетілдіру  және  өзін-өзі басқара алатын механизм құрып, адамгершілік – танымдық қасиеттерін дамыту.

Бұл  оқыту  барысында  мұғалім  ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы.

Оқушы  танымы: өзі  анықтап,  еркін өз  қалаушы  бойынша іс-әрекет ету, өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген сүйіспеншілігі, «мұғалім» мен «оқушы» арасындағы сенім мен оның ішкі әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы сабаққа дайындалық барысында оқушылар оқиды, жазады, топпен жұмыс жасайды, өз іс-әрекетін сараптап, жан- жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиеленеді.  

Дамыта оқытудың тиімділігі


Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141)
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. 
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128).

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. 
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. 
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.) 
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.) 
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. 
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект 
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. 
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. 
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. 
1.    Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2.    Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 
3.    Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.                             
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. (17.21.) 
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.


Дамыта оқыту технологиясын сабаққа пайдалану

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі. Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. 
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады. 
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген. 
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее