«Зима 2025»

Дауыссыз н мен ң дыбыстарын қайталау.

Дауыссыз н мен ң және үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сынып: 2 «А»

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң дыбыстарын қайталау.

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз н мен ң және үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау.

Пәндік нәтиже: үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау; ң дыбысының сөз басында келмейтінін түсіндіру. Сауатты жазуға баулу.

Тұлғалық нәтиже: сұрақтарға толық жауап беруге үйрету; шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже: есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызбалар, бағалау парақтары.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, жетістік жолы, үлестірмелі парақшалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. (3 мин)

Жақсы сөз көңіл- күйді көтереді демекші, бір-бірімізге алақанымызбен жан-жылуымызды сыйлаймыз.

Бүгінгі күн терезеден,

Көңіл-күйін сыйлап тұр.

Сондай жақсы көңіл-күймен,

Басталады бұл сабақ.

  • Иа,балалар сонда бүгінгі көңіл- күйлерің қандай?

  • Керемет!(Қолдарын көтереді.)

  • Сабаққа дайындықтарың қалай?

  • Тамаша!

  • Көңіл күйлерің керемет, сабаққа дайындықтарың тамаша болса, сабағымызды бастаймыз ба?

  • Керемет, тамаша! (Бас бармақтарын көрсетеді.)

Балаларды топқа бөлу және топ басшысын сайлау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)

Үй тапсырмасын үлестірмелі парақшалар арқылы тексеру. Топ басшылары бір-бір парақшадан алады.


ІІІ. Өткенді пысықтау. (5 мин)

Өлең оқу.

«Н» мен «ң» да әуен бастан

Егіз туған бала екен.

Жол жүрумен келе жатыр,

Екеуі де және тең.


«Н» дыбысы ұл болғансын,

Өзгерместен қалыпты.

«Ң» дыбысы қыз болғансын,

Сырға тағып алыпты.


  • Балалар сонда өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?

  • Дауыссыз н мен ң.

  • Жақсы балалар, онда барлығымыз бірге н мен ң дыбыстарын айтайық.

  • Н ң н ң н ң н ң.

  • Не байқадыңдар?

  • «Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.

  • «Н» тіл ұшы дыбысы.

  • «ң» тіл арты дыбысы.

  • «Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.

  • Мысалы: Мен және мең. Мен сабаққа бардым. Жомарттың бетінде оймақтай мең бар.

  • Кен және кең. Көмір – пайдалы кен. Кең далада малдар жайылып жүр.


Сонда бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады?

  • «Н» мен «ң» дыбыстарының ерекшеліктері.

  • «ң» дыбысы сөз басында келмейтіні.

  • «Н» мен «ң» дыбыстар дауыссыз дыбыстардың қай түріне жататынын ажырата білу. Т.б.

  • Әдемі, көркем етіп жазу.


ІҮ. Көркем жазу. (5 мин)

  • Бүгінгі күнді дәптерге жазайық.

  • Мен бір затты жұмбақтап айтамын, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар.

  1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? (Көлеңке)

  2. Сені кікентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? (ана)

  3. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. (Нан.)

  4. Өзі жабайы. Аң..Әр бала өз жұмыстарын өздері бағалайды.

Бағалау критериялар

«5» - қатесі жоқ;

«4» - 1–қате болса;

«3» - 2–қате болса;

«2» - 3-4– қате болса.


Ү. Жетістікке жету жолы. (Әр бала өзін-өзі бағалайды.) (10 мин)

  • Ал балалар барлығымыз «Жетістік жету жолы» бағдарына қараймыз.

  • Жетістікке жету жолы 4 нүктеден тұрады. Қазір әр бала өз орнын табуы тиіс.

Түсінемін,

орындаймын

Басқаларға көмектесе аламын

Білмеймін

Білемін








Білмеймін


Білемін


Түсінемін,

орындаймын


Басқаларға көмектесе аламын

Басында







Соңында








Тапсырмалары:

БІЛМЕЙМІН.

  1. Сөздерді оқы. Н, ң дыбыстары бар сөздерді екі бағанға көшіріп жаз.

Нағашы, аңдар, шаңғы, шаң, Арман, қоян, күн, жаңғақ, ана, қайың.


БІЛЕМІН:

  1. Я, ю әрпі бар сөз ойла. Сол сөздермен сөйлем құрастыр. Я,ю әрпінің ерекшеліктерін айтып кету.


ТҮСІНЕМІН. ОРЫНДАЙМЫН.


  1. Өлеңді жатқа жаз.

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан.

  • Н,ң әріптері бар сөздердің астын сыз.

  • Өлең не туралы. Қай төрт түлік мал туралы айтылған.


БАСҚАЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛАМЫН.


  1. Кестені тиісті дыбыстармен толтыр.

Ұяң

Үнді

Қатаң







  1. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Таяқ, үзеңгі, рәсім, лашын, жүйрік.


ҮІ. Сергіту сәті. (2 мин)


Күн ұйықтады.

Күн оянды.

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Найзағай соқты.

Жел басылды.

Күн ашылды.


ҮІІ. Топпен жұмыс. (6 мин)

Сөйлемдерді оқы. Әр топ бір-бір сөйлемнен дауыстап оқиды. Қарамен жазылған сөзді жаз. Сол сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Дыбыстық талдау.

1-топ. 2-топ. 3-топ. 4- топ.

__________ _______ _______ _________

1.Неше буын?- 1.Неше буын?

2. Неше әріп?-

3. Неше дыбыс?-

4. Неше дауысты дыбыс бар?

5. Неше дауыссыз дыбыс бар?

Топтық бағалау. Әр топта бағалау парағы болады. Түзу орындаса«+», қате болса «-» таңбаларын қояды. Барлық тапсырма дұрыс орындалса сол топқа қызыл түсті гүл беріледі, қателері болса сары түсті гүл беріледі. Қойған бағаларын дәлелдейді.

Топтық бағалау.

Сөйлемді оқы. Қарамен жазылған сөзге дыбыстық талдау жаса.

1-топ. Кейбір сирек кездесетін кітаптардың биіктігі бір жарым метрден асады.

2-топ. Мұндай алып кітапты бір адам көтере алмауы мүмкін.

3-топ. Титтей кітаптар да бар.

4-топ. Бұл кітаптар осы кезге дейін сақтаулы.

Тапсырмалары

________________________

Неше буын?


Неше әріп ?


Неше дыбыс?


Дауысты дыбыс ?


Дауыссыз дыбыс?



Тапсырмалары

«+», «–»

Буын


Әріп


Дыбыс


Дауысты дыбыс


Дауыссыз дыбыс




Бағалау парағы. (3 мин)


Бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні:____________________________________


Жетістік критерийлері

«+», «-»

  1. Н мен ң дыбыстарын ажырата аламын.


  1. Сөздерге сөйлем құрастыра аламын.


  1. Дыбыстық талдау жасап білемін.


  1. Көркем, таза жаза аламын.



  • «Жетістікке жету жолына» тұрғызу. (4 мин)

  • Балаларды қайтадан «Жетістікке жету жолына» тұрғызу.

  • Салыстыру.

  • Қандай өзгеріс болғанын анықтау.

От жалынын шашу.

ҮІІІ. Рефлексия. «Бейнекамера» приемы

  • Ой, балалар, біздің апайымыз бейнекамераға сабағымызды толық түсірмепті. Бұл бейне таспадан сендердің сабаққа қалай қатысқандарыңды көрейін, деп едім.

  • Балалар енді не істейміз?

  • О, балалар, таптым.

  • Біз сабағымызды еске түсірейік.

  • Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

  • Не ұнаған жоқ?

  • Қандай қызықты сәттер болды?

ІХ. Үйге тапсырма беру. (2 мин) 6-жаттығу, «Қоян» мәтініне жоспар құрып келу.

Бағалау. Бағалау парақтарын тексеріп, оқушыларды бағалап шығу. Смайликтер беру.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее