«Зима 2025»

"Дауысты дыбыстар" (4 сынып)

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 4

3.Күні, айы, жылы: 17.10.2016 ж

5.Мұғалім: Оразова Ш.И

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың,соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа,ізгілікке тәрбиелеу,тіл құдіретін сезіне білуге,сөз мағынасын келістіре отырып,оларды дұрыс қолданып,дәл түсінуге тәрбиелеу

3.Дамытушылық: ойлау,пайымдау қабілеттерін дамыту.Сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 4

3.Күні, айы, жылы: 17.10.2016 ж

5.Мұғалім: Оразова Ш.И

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың,соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа,ізгілікке тәрбиелеу,тіл құдіретін сезіне білуге,сөз мағынасын келістіре отырып,оларды дұрыс қолданып,дәл түсінуге тәрбиелеу

 3.Дамытушылық: ойлау,пайымдау қабілеттерін дамыту.Сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу,салыстыру

Сабақтың  көрнекілігі: кестелер,үлестірмелі қағаздар,презентация

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а.Оқушылармен сәлемдесу

ә.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру: "Ой толғау"

1.Омонимдер дегеніміз не?

2.Синонимдерге мысалдар келтір.

3.Антонимдер дегеніміз не?

4. «Тас бауыр», «Су жүрек», «Көз ілмеу» сөз

тіркестерінің мағынасын тап.

5. «Хан, патша, садақ, жебе, қызыл әскер, отарба»

деген атаулар қандай сөздер?

6. «Жәшік, кереует, бөтелке, сөмке, тұрба»

деген сөздер қай тілден енген?

3. Сергіту сәті

4.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлінеді. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у. Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дейміз. Олар:ә,ө,ү,і,е,э,и,у. У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады. Жақтың кең ашылуы арқылы ашық дауыстылар жасалады. Олар: а,ә,о,е,ө,э. Жақтың тар ашылуы арқылы қысаң дауыстылар жасалады. Олар: ы,и,і,у,ұ,ү. Езудің кейін  тартылуы арқылы езулік дауыстылар жасалады. Олар: а,е,ә,ы,і,и,э. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы еріндік дауыстылар жасалады. Олар: о,ө,ұ,ү,у.

4.Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру.

1-тапсырма. Мына сөздердің ішінен жуан дауысты у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға  теріп жазу.

Үлгі: жуан у дыбысы: ТАНУ, ҚАЗУ. Жіңішке:ТІГУ, КӨРУ:

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңдер.

Үлгі: Әл...де б...лса с...лқын, б...рл...қ ж...рд... қ...р б...с...п ж...т...р. Әлі де болса салқын, барлық жерді қар басып жатыр.


5."Топтастыру"

Мына сөздердің ішінен жуан У дыбысы бар сөздерді бір бағанға,

жіңішке У дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу, көну, қону. Мына жұмбақтарды шешіп, жуан дауысты сөздер мен жіңішке дауысты сөздерді ата.

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.


Әкесі-тышқан,

Шешесі-құстан.


Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең-қанат, сүті дәрі,

Еті тамақ.


6. "СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТАМЕН" жұмыс

7. Қорытындылау. Бекіту.

1.Дауысты дыбыстарды көрсет.

А) ы,и,а Ә) ә,в,г Б) ж,о,л В) қ,и,е

2. «Ә» қандай дыбыс?

А) дауыссыз, жуан Ә) дауысты, жуан

Б) дауыссыз, жіңішке В) дауысты, жіңішке

3. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсет.

А) ө-мір Ә) ха-лық Б) өнер-паз В) сы-нып

4. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары нешеу?

А) 3 Ә) 15 Б) 9 В) 5

5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 22 Ә) 18 Б) 30 В) 42

6. Жуан дауысты дыбыстар нешеу?

А) 2 Ә) 3 Б) 5 В) 4

7. Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу?

А) 3 Ә) 4 Б) 5 В) 8

8. Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау.





Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі









Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Дауысты дыбыстар»

4-сынып



Пән мұғалімі: Оразова Ш.И



















2016-2017 оқу жылы


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее