«Зима 2025»

Әдебиеттік оқу "Шимайбек" ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Шимайбек.Ш.Смаханұлы

Сабақтың мақсаты:

1:Өлеңді түсініп оқи отырып,оқушылырдың жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп,өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.

2.Оқушылардың байланыстыра сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа,өнегелі болуға,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Типі:Жаңа білімді меңгерту

Түрі:Аралас сабақ

Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Күтілетін нәтиже:

-Өлеңді мәнерлеп оқи біледі;

-Ойлануға берілген тапсырмаларды орындай біледі;

-Шығармашылық тапсырмаларға өз үлестерін қоса және жаза біледі.

Көрнекілігі:Ш.Смаханұлының суреті,проектр,почта жәшігі.

Пәнаралық байланысы:Қазақ тілі,өзін-өзі тану,еңбекке баулу,музыка.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:Шимайбек .Ш.Смаханұлы



Сабақтың мақсаты:

1:Өлеңді түсініп оқи отырып,оқушылырдың жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп,өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.

2.Оқушылардың байланыстыра сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа,өнегелі болуға,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Типі:Жаңа білімді меңгерту

Түрі:Аралас сабақ

Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Күтілетін нәтиже:

-Өлеңді мәнерлеп оқи біледі;

-Ойлануға берілген тапсырмаларды орындай біледі;

-Шығармашылық тапсырмаларға өз үлестерін қоса және жаза біледі.

Көрнекілігі:Ш.Смаханұлының суреті,проектр,почта жәшігі.

Пәнаралық байланысы:Қазақ тілі,өзін-өзі тану,еңбекке баулу,музыка.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі.

1-слайд.Психологиялық дайындық.

Сендерді өмірде не таңғалдырады?Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.Ал мен күнге таңғаламын.Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты,жалпы әрі мейіріммен сәлемдесе береді.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды,сипайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ертіп жіберіледі.Жүрегімізді жылу мен маббатқа толтырады.Барлығыңыз тақтадағы күнге қарап өлең оқидық.

Күн жарығын алақанға саламыз

Жүрегіме басып ұстай қаламыз

Ізгі әрі нәзік,жарық, мейірімді.

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.



2-слайд.Қызығушылығын ояту.

Ана туралы видио көрсетіледі.

Жоспар

1.Мерекелер

2.Әке сыйлығы

3.Жабырқау Айгүл

4.Ана ақылы

Шашылған өлеңдер жолдарына мағынасына қарап жаз

1-топ

Сөздерден өлең құрастыр

Бұл жалғанда анамнаң

Сүйікті адам бар ма екен?

2 топ

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен?

3 топ

Мерекелік құттықтау хат жазып, Айгулдің көңілін көтеруіне көмектес.

Ребус шешу

Шешуі: Шимайбек



3-слайд.Мағынаны тану.

Ш.Смаханұлының суреті көрсетіліп,шығармаларына тоқталып, қысқаша мағұлмат беріп кетемін.

4-слайд.Ш.Смаханұлы. «Шимайбек»

-Оқулықпен жұмыс.

-Өлеңді мәнерлеп оқимын,содон соң хормен оқушыларға оқытамын

Мәнерлеп оқу (Слайд арқылы)

Неге бұл өлең осылай аталды деп ойлайсыңдар?

? ойлауға берілген тапсырма

1Сырнайбектің аты неліктен өзгерді?

Топтастыру жүргізіліп,ойларын ортаға салады.

-Сырнайбектің аты неліктен өзгерді?

-Шимайбектің қылығынан маңайындағылар қандай зиян көрді?

-Өмірде Шимайбектер бар ма?

-Мұндай баланы қалай атауға болады:

топтастыру.(слайд арқылы дәлелдеу)

5-слайд.Сергіту сәті.

ҚМ.Әлидің «Жалқаубек»әнін Шимайбекке қаратып айтамыз.

6-слайд.Ой толғаныс.

Дәптермен жұмыс

1топ.Шимайбекке өлең не хат жаз. (тірек сөздер беріледі)



2 топ.Хрестоматиядан «Салақ»өлеңіндегі үшінші шумақты қарама-қарсы мағынада жазып, жағымды қылықты бала бейнесін жаса.





3 топ.

Жаңғалақ-ау, таңғалады, Таңат, саған сөздерін пайдаланып, жаңылтпаш құрастырып жазып көр.

Қорытындылау

«Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді.»(Хат)Хаттың суреті, почта жәшігі көрсетіледі.

-бүгінгі сабаққа хаттан шыққан ойлы сөздер:

Ұқыпсыздық, салақтық-жаман әдет.

(Сөздерді дұрыс орналастырып өлең құрастыр)

1 Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең табылар

Бар жақсылық қасыңнан

(Өлеңнің негізгі идеясын ашу)

Үйге тапсырма

142 бет мәнерлеп оқу. Шимайбекке арнап өлең жазып келу

Бағалау.Топты бас бармақ арқылы бағалаймын

Әр оқушыны бағалау























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее