«Зима 2025»

Элемент, қоспа және қосылыс.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша химия пәнінен қысқа мерзімді жоспар.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1АХимия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Мектеп: №138 Абай орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекова Б

Сынып: 7

Пән: Химия

Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:

Сабақ тақырыбы


Элемент, қоспа және қосылыс.

1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1-элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну

7.4.1.2-таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;

7.4.1.3-элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

7.4.1.4-қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Жай зат, қоспа ұғымын түсінеді

  • Таза зат пен қоспаны бір-бірінен ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

  • Заттарды бір-бірінен қасиеттері бойынша айқындайды

Кейбір оқушылар:

  • Қоспа құрамындағы заттардың қасиеттерін ажырата отырып, салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

-Таза зат пен қоспаның анықтамасын және айырмашылықтарын біледі.

-Қоспаның құрамындағы заттарды ажырата алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар элементтерді жай зат түрінде атап көрсетеді, заттардың қасиеттерін сипаттап айтады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

элемент, қосылыс, қоспа, атомдар, ажырату, дәлел, араластыру

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Химия...........оқытады Химия пәнінің мақсаты........ болып табылады Таза зат пен қоспаның айырмашылығы...........

Құндылықтарға баулу

- Сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- жауапкершілік;

- өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану 5 сынып

Алдыңғы оқу

5.3.2.1 қоспалардан таза заттарды ажырату;

5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттау және бөлу әдістерін ұсыну

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40 минут


Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


  1. Ұйымдастыру. (1 минут)

Топқа бөлу. (1 минут) Түрлі түсті қағаздар арқылы сыныпты үш топқа бөлу.

І топ. «Элемент»

ІІ топ. «Таза зат»

ІІІ топ. «Қоспа»

  1. Үй тапсырмасы. (2 минут) «Серпілген сауал» әдісі.

  1. Химия кабинетінде жұмыс жасау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін білу керек?

  2. Қауіпсіздік техника ережелерін білу не үшін маңызды?

  3. Концентрлі қышқылмен жұмыс жасағанда қандай ережелерді есте сақтау керек?

  4. Химиялық ыдыстар нешеге жіктеледі?

  5. Кәрлен табақшаны қандай жағдайда қолданамыз?

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

ІІІ. «Ой қозғау» әдісі. (3 минут) Оқушыларға зат үлгілерін көрсету (шақпақ қант, су мен құмның қоспасы, ағаш үгінділері мен ас тұзының қоспасы, темір ұнтағы).

Сұрақ:

  1. Мына заттарға қарап не айтуға болады?

  2. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  3. Қандай тұжырым жасауға болады?

Ой қозғау сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.


Түрлі түсті қағаздар











Зат үлгілері: шақпақ қант, су мен құмның қоспасы, ағаш үгінділері мен ас тұзының қоспасы, темір ұнтағы

Сабақ ортасы

30 минут





(15 минут)









(10 минут)





















































(5 минут)








IIІ.Топтық жұмыс.

«Жоспарланған үш қадам» әдісі бойынша ақпаратпен жұмыс жасау.

1-қадам

Берілген мәтінді оқып, топпен талқылап, шағын жоба қорғайды.

Смайликтер арқылы бағалау.

2-қадам

1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

Әр топқа тәжірибеге арналған нұсқаулық беріледі және жасалған жұмыстың қорытындыларын жұмыс дәптерлеріндегі кестеге жазады.

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалау.

3-қадам

Суретпен жұмыс

1. Төменде көрсетілген суреттерді «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаға» жіктеңіз.

2. Жіктелген заттарды не үшін алғандығыңызды дәлелдеңіз.

3. Мысал келтіре отырып, салыстырыңыз

Дескриптор: суреттен элементті, қосылысты және қоспаны көрсетеді.

Мысалдар келтіре отырып, салыстыра алады.







Плакаттар, стикерлер, маркер, түсті қағаздар.



Нұсқаулық, жұмыс дәптері























Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Алма себеті:

Оқушылар өз есімдерін жазып бүгінгі сабақта түсінсе жасыл алма, орта деңгейе түсінсе сары алма, түсінбесе қызыл алманы себетке салады.



Алма себеті

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. «Элемент», «қосылыс» және «қоспаға» арналған суреттермен жұмыс жасап, жіктейді.

2. Жіктелген заттарды не үшін алғандығыңызды дәлелдейді.

3. Мысал келтіре отырып, салыстырады.


Оқушыларға бағытталған әрбір тапсырманы міндетті түрде бағалауды және оқушылардың нені үйренгендігін тексеруді жоспарлау және жүзеге асыруды қамтамасыз етіп отыру қажет. Сабақ барысында бағалаудың бірнеше түрі қолданылады. Топтардың бір-бірін бағалауы, смайлик негізінде бағалау, екі жұлдыз бір ұсыныс, бағдаршам арқылы бағалау әдістері

Жаратылыстану пәнімен тығыз байланыстыру. Алғашқы ұғымдарды, түсінікті қалыптастыру кезінде қолдану.

Оқушылардың сыни тұрғысынан ойланып, шешім қабылдауға, оқу ортасында тиімді қарым-қатынас орнатуға, бірлескен іс-әрекетте белсенді болу дағдыларын қалыптастыру.


Сабақ бойынша рефлексия














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее