«Зима 2025»

Эссе для учеников и для родителей

эссе на тему Нрмырзаев Әмірхан Нұрмырзаұлы Назначена для классных часов.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Нұрмырзаев Әмірахан Нұрмырзаұлы (1914-1989)



Нұрмырзаев Әмірахан Нұрмырзаұлы 1914 жылы 17 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Қызылдихан» ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанға дейін Шиелі орман шаруашылығында орманшы қызметін атқарған. Көппен бірге 1941 жылы талай жастың қыршыннан қиылуына себепші болған Ұлы Отан соғысына аттанады. Қаншама жауынгерлердің оққа ұшқандарына қарамай қарсыласуды тоқтатпаған қасық қандары қалғанша жау әскерлерін шегінуге бар күш-жігерлерін жұмсаған ержүрек жауынгерлердің бірі Нұрмырзаев Әмірахан Нұрмырзаұлы еді. 1941 жылы соғысқа алынып, ІІ Белорусь майданының маршалы Рокосовскийдің армиясының 70 мм зеңбірегінің зеңбірекшісі болды. Тарихта аты қалған «Старо русь» Ржев қаласының шайқасына қатысады. Ржев қаласы үшін шайқаста жеңіл жараланып, дала госпиталында емделеді. Сонан соң өз армиясына қайта қосылады. Ауыр шайқастар жүргізе отырып, Балтық жағалауындағы немістің алынбайтын қала деген Кенисбергкті азат етеді.



Жауынгерлік қызметі үшін көрсеткен ерліктеріне орай «Қырағылығы үшін», «Германияны алғаны үшін» және «Кенисбергті алғаны үшін» және «1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысын жеңгені» үшін медальдарымен, «Маршал Жуков» және «Соғыс ардагері» медальдарымен , I және II дәрежелі « Ұлы Отан соғысы» ордендерімен және де тағы көптеген мерейтой медальдарымен марапатталған.

Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін, 1945 жылы Әмірахан Нұрмырзаұлы туған жеріне және үйіне оралды. Бейбіт заманда Шиелі ауданындағы Алмалы ауылында алма бақ өсіріп Еңбек ардагері атанды. Соғыстан кейін Төраханқызы Бағизаға үйленді. Үш ұл, бір қыз өсірген Ұлы Отан соғысының ардагері Әмірахан Нұрмырзаұлы 1989 жылы дүниеден озды. Елбасы болашақ ұрпақ есінде ұлттық салт-дәстүр, ұлттық рухымыз мәңгі қалу тиіс деп атап көрсеткендей дүниеден өтсе де Әмірахан Нұрмырзаұлының есімі ұл, қыздары мен немерелерінің, туған - туыс, елдің есінен ешқашан да шықпайды. Бүкіл ел болып жауынгерлік ерлігін мақтан етеді. Ер есімі ел есінде мәңгі қалады.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее