«Весна — лето 2024»

Эссе «Мұғалім: кәсіппен ұштасу»

Эссе

«Мұғалім: кәсіппен ұштасу»

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

Ыбырай Алтынсарин

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген - ерекше тұлға. Мұғалім деген-аяулы адам, асыл ана. Менің анам да колледжде мұғалім болып жұмыс істейді. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк, мұны анама қарап түсініп отырмын. Ұстаз - үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып жүр. Мұғалім -мәртебелі маман.

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки









Попель Даниэль

Сарыкөл ауылы

Сарыкөл ауданы

Қостанай облысы

«Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Урицкий мектеп - лицейі» КММ

Сайыс атауы «Эссе конкурсы»

номинациясы «Мұғалім: кәсіппен ұштасу»

e-mail: [email protected]

телефон: 8775-296-87-13

Сынып: 8 «Б»

жетекшісі: Тлеулина Жанна Асылхановна,

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі























Эссе

«Мұғалім: кәсіппен ұштасу»



Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

Ыбырай Алтынсарин



Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген - ерекше тұлға . Мұғалім деген-аяулы адам, асыл ана. Менің анам да колледжде мұғалім болып жұмыс істейді. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк, мұны анама қарап түсініп отырмын. Ұстаз - үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып жүр. Мұғалім -мәртебелі маман. Сондықтан да қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші, технолог, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Бұл нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Оқыта отырып тәрбиелеп, тәрбиелей отырып адамгершілігі мол, рухани бай адамды қалыптастырады. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты да осы.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,- деген болатын. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Қазіргі кезде жаңа мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Мұғалімдер дарынды балалармен жұ­­мыс бағдарламасын жазап жүзеге асыруда. Жастар да шетелдерге оқы­­­туға мүмкіндік алып жатыр. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу­лық­тар білім беру ісіне енді. Бұнын бәрі мұғалімдердің еңбектері.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді.

Елбасымыз білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Сондықтан әр мұғалім өз сабағында пәннің сапасын көтеруге көп мән береді.

Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Қай мектептің болсын, нәтижелі , жемісті жұмыс істелуі, түптен келгенде, сол оқу орнында еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне , қарым-қатынасына, көзқарасына тікелей байланысты. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғалым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай , оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір суруге тәрбиелейді.Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ол-өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебің шексіз сүйетін адам.

Менің ойымша, мұғалімнің жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту керек. Өйткені, мұғалім құрмет тұтатын адам. Анамның айтуынша, ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен де бұл тұрғыда өзімнің мұғалімдеріме жемісті еңбегің көрсету үшін – өз күшімді аямаймын.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее