«Весна — лето 2024»

Факультатив сабақ жоспары:"А а, Әә әріптерінің жазылуы"

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ әліпбиіндегі а, ә әріптерінің орны,олардың айтылуы мен жазылуын, басқа дыбыстармен байланысын аңғарту; сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;әдептілікке баулу, «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

Олимпиады: ЗОЖ 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мұғалімі: Мусрепова Маржан Карабаевна

Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

2 сынып Қосымша сабақтың үлгі жоспары:

Сабақтың тақырыбы: А а, Әә әріптерінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ әліпбиіндегі а, ә әріптерінің орны,олардың айтылуы мен жазылуын, басқа дыбыстармен байланысын аңғарту; сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;әдептілікке баулу, «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ: «Сыр сандық»

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,ауызша және жазбаша жазу жұмысы.

Көрнекі құралдар: әліпби плакаты, сандықтың суреті, тапсырмалар, ойын элементі, компьютер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: «Сыр сандықтың» сырын ашу үшін бізге тапсырмалар беріліпті, сол тапсырмаларды орындасақ сандықтың сыры ашылады. Ал ендеше сандықты ашайық.

«Сыр сандықтың» 1-тапсырмасы:өткен сабақты қайталау. «Біз не білеміз?»

  1. Дыбыс пен әріптің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  2. Дауысты дыбыстырды ата.

  3. Дауыссыз дыбыстарды ата.

II.«Сыр сандықтың» 2-тапсырмасы: деңгейлік тапсырма

1 деңгей: сөздерді буынға бөл. Мектеп, кітап, өнерлі, дәрігер,әдепті

2-деңгей: буыннан сөз құра: ма,па,ла,та,ша,на,ға,қа,на,ба

3-деңгей: дыбыстық талдау. Ұшақ, балық, қарға

Дауысты дыбыс: жуан,жіңішке. Дауыссыз дыбыс: қатаң,ұяң,үнді.

III.Жаңа сабақ.

А) Көркем жазу А а, Ә, ә әріптерін әдемі, көркем етіп жазады.

Ә) А,ә дыбыстары бар сөздер айту, буынға бөлу, қай буында екенін анықтау, сөйлем құрау.

Б) Қазақ әліпбиіндегі а,ә әріптерінің орнын айқындау, неге дауысты екенін

айқындау.

В) Сөздік диктант жүргізіледі, қатемен жұмыс жасалады.

IY. Сергіту сәті жүргізіледі. «Балдырғандар әні» музыкасына байланысты жасалады.

Y. «Сыр сандықтың» 3-тапсырмасы: Аквариум әдісі.Әңгімелесу.(Мәтінмен жұмыс)

4 оқушы өз орындығымен тақта алдына келіп отырады, мұғалім олардың ортасына барып, әңгіме жүргізеді.

  1. Сен кітапханаға бардың ба?

  2. Онда нелер бар?

  3. Сенің үйіңде кітап бар ма? Қандай кітаптар?

  4. Саған қандай кітап ұнайды?

  5. Кітапханада кітапты кімдер береді?



YI.«Сыр сандықтың» 4-тапсырмасы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен». Мысылы: Үлкенді сыйлау керек.

Не істеуге болмайды?

Мысалы: Жол үстінде доп ойнауға болмайды. Өтірік айтуға болмайды. т.с.с.

YII.Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

YIII.Оқушыларды марапаттау.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее