«Зима 2025»

Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.

Мерзімі:

Сыныбы: 3

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «аудан» ұғымымен және оның өлшем бірлігі туралы ұғымдарымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Фигуралардың ауданы ұғымын, ауданның өлшем бірлігі - квадрат сантиметр туралы түсіндіру және аудандарды салыстырудың қарапайым әдістерін үйрету.

Дамытушылық: ауызша және жазбаша математикалық тілдерін дамыту; логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік: танымдық, оқу еңбегіне деген көзқарасқа, коммуникативтік қарым – қатынас мәдениетіне, басқаларды тыңдау, өз ой – пікірін білдір, жұппен жұмыс істеуге, өзін – өзі бақылауға, математиканың қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мерзімі:

Сыныбы: 3

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «аудан» ұғымымен және оның өлшем бірлігі туралы ұғымдарымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Фигуралардың ауданы ұғымын, ауданның өлшем бірлігі - квадрат сантиметр туралы түсіндіру және аудандарды салыстырудың қарапайым әдістерін үйрету.

Дамытушылық: ауызша және жазбаша математикалық тілдерін дамыту; логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік: танымдық, оқу еңбегіне деген көзқарасқа, коммуникативтік қарым – қатынас мәдениетіне, басқаларды тыңдау, өз ой – пікірін білдір, жұппен жұмыс істеуге, өзін – өзі бақылауға, математиканың қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Әдіс – тәсілдері:

1) берілетін сабақтың түріне сәйкес: сөздік (әңгіме), көрнекіліктік (дайын сызбалар, презентация), практикалық (алған білімдерін қолдану);

2) оқыту әрекеті жағынан – өнімді. Танымдық қабілетін қалыптастыру жолдары: сыныппен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, палетка, интербелсенді тақта, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: ана тіл, дүниетану.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

а)сынып тазалығын қарау.

ә)оқушылардың назарын сабаққа аудару.

б) психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)

ІІІ. Ауызша есептеу.(7-8 мин)

IV. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин)

V. Сергіту сәті. (2-3 мин)

VI. Бекіту (10 мин)

VII. Қорытындылау (2-3 мин)

а)Үйге тапсырма беру.

ә)Бағалау.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру сәті.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Амандасу. Түгендеу. (Оқушылар орнынан тұрып амандасқаннан кейін, артқа бұрылуларын өтінемін, балалар артқа бұрылған соң, келген қонақ ұстаздармен амандасады.)

  • Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін сендер үшін ерекше сабақ. Неге? Бүгін бізде қонақтар және жаңа мұғалім. Менің аты жөнім –Серікқали Гүлмарал.

Психологиялық дайындық.

  • Ал енді балалар, сабаққа кіріспес бұрын көршілерінің алақандарымен алақандарынды түйістіріндер және бір-бірлеріне осы алақан арқылы бүгін бәрі жақсы болады деген сенімділік сыйлаңдар. Бір-бірлерінді қолдандар. Бір-бірлеріне асқан мейірімділікпен жымиып, іштеріннен жақсы сөздер тілеңдер. Енді алақандарынды түсіріндер. Бір-біріміздің жылуымызды сезіндікпе?

  • Көршілеріне не тіледіңдер?( қуаныш, күлкі, махаббат.т.б.)

  • Міне осыдан кейін көңіл-күйіміз көтерілді ме, балалар? Сіздердің ізгі тілектеріңіз арқылы біздің сынып, махаббат пен қуанышқа толтырылды, солай ма?

  • Айтпақшы, бізге бүгін қонаққа Аю мен Маша келді. Оларды танисыңдарма, балалар?(ия, мұғалім)

  • Аю Машаны бізге жай әкемепті, оған біздің көмегіміз керек екен. Маша қазақ халқының тарихы, әсіресе, қазақ хандары жөнінде білгісі келеді екен. Ал, оған біз ғана көмектесе аламыз.Бізге биыл қазақ хандығына қанша жыл болды? Қазақ хандығы

ІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

  • Аю мен Машаға көмектеспес бұрын, үйге қандай тапсырма берілді? Қолымызды көтеріп жауап береміз. Ең алдымен оқушы ережесін еске түсірейік.

III. Ауызша есептеу. «Машаның тапсырмасы». (Жауап берген балаға, Машаның тәттілері беріледі.)

-Машаға алғыс ретінде мынандай дерек айта аламыз, қазақ хандығын Керей мен Жәнібек хандар құрған екен.

-Сондай-ақ,балалар мынаны ұмытпауымыз керек. Аюға көмектесуіміз үшін, жаңа тақырыпты да меңгеруіміз қажет.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Сонымен балалар интербелсенді тақтадан не көріп тұрмыз? (Қала ауданы, саяжай ауданы т.б)

- Жалпы фигуралар ауданы ұғымын біз күнделікті іс тәжірибемізде жиі қолданамыз. Мысалы; біз отырған бөлменің ауданы, саяжайға бөлінген жердің ауданы, футбол алаңының ауданы.

-Демек, біз, бүгін тағы бір шамамен танысамыз, оның аты – аудан. Бұл шама фигураның жазықтықтан алатын орнын білдіреді. Аудан белгілі бір заттың қасиетін сипаттайды. Әр түрлі заттарды үстелге қойсам, үстел бетінің біраз жерін алып тұрғанын байқайсыңдар. Мына үстелдің ауданың оқулықтың ауданынан үлкенірек, дәптердің ауданы тақтаның ауданынан кішірек деп айта аламын. Ендеше әр заттың сәйкес бетінің ауданы бар деген қорытындыға келеміз. (Аудандарын салыстыру)

Ауданды оқып үйрену мына ретпен жүзеге асырылады:

1.Алып тұрған орнына байланысты (үстелдің үсті, тақта, дәптер, бір бет қағазға орналасатын) фигуралардың ауданы тең емес екендігін көзбен өлшеу арқылы.

2.Фигураларды беттестіру арқылы салыстыру барысында «аудан» термині енгізіледі.

3.Фигураны бірнеше бөліктерге бөліп, шыққан бөліктерден басқа фигура құрастырып санау арқылы олардың аудандары салыстырылады.

Ауданның өлшем бірлігі ретінде қабырғасы ұзындықтың өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы алынады. Біз, демек, аудан ұғымында сантиметр квадрат деген өлшем бірлікті пайдаланамыз.

Енді кітаптың бетін ашайық.1- тапсырмаға назар аударайық.

1-тапсырма.

а) 1 см- ұзындықтың бірлігі. Кесіндінің ұзындығы 6 см.Ал кесіндінің ұзындығын қалай өлшейді? (сызғыш көмегімен)

1 см2 - аудан бірлігі. Жолақтың ауданы 6 см2. Фигураның ауданың қалай өлшейді?(шаршыларды санау арқылы)

ә) Суреттегі әр кесіндіде 1 см неше рет бар? Әрбір кесіндінің ұзындығы неге тең? Ұзындығы бірдей кесінділер бар ма?

б) Суреттегі фигуралардың әрқайсысында 1 см2 неше рет бар? Әрбір фигураның ауданы неге тең? Аудандары бірдей фигуралар бар ма?

Жақсы, сонымен аудан мен кесіндіні табуды түсіндікпе? Квадрат сантиметрді қай кезде пайдаланамыз?

Енді Аю мен Машаның өтінішіне көмектесейік. 2-тапсырмаға назар аударайық. Бос тор көздерге тиісті сандарды қоялық.

2-тапсырма.

9*2=18 9*4=36 4*2+10=18 36/6+14=20

9*3=27 9*5=45 3*5-5=10 7*3+9=30

-Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы -Қасым. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдарын жасады.

V.Сергіту сәті. Енді біраз сергіп алайық.

Психологиялық мінездерін таңдаған түсі бойынша анықтауға болады. Оқушыларға жасыл, қызыл, сары, көк түстер беріледі.

Қызыл түс- өте мейірімді, өзгенің қуанышы мен қайғысын бөлісуге дайын жандар.

Көк түс- өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Жасыл түс- өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Сары түс- жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.


3- тапсырма: (Тақта орындау. Егер дұрыс болса балалар қолдарын көрсетеді. Қате кетірсе, түзейді.)

а) Әр баланың 5 асығы бар. Сонда 6 балада барлығы неше асық бар?

Талдау:

- Есепте не туралы айтылған: (Есепте асықтар туралы айтылған)

- Есепте не берілген? (Есепте әр балада 5 асық бары айтылған)

- Есептің сұрағы қандай? (6 балада барлығы неше асық екенің сұрап тұр).

- Сұраққа жауап бере аламызба? Ия, әр балада 5 асық болса, онда 6 балада 30 болады.

- Оны қалай таптық? 5-ті 6-ға көбейттік. Сонда 30 шықты.

Әр балада -5 а.

6 балада -? (а)

Шешуі: 5*6=30 (а)

Жауабы: барлығы 30 асық.

ә)52 кітапты 10 балаға тең бөліп бергенде әр бала неше кітаптан алады? Сонда неше кітап артылып қалады?

Талдау:

-Есепте не туралы айтылған: (Кітаптар жайында айтылған.)

-Есепте не берілген? (Есепте 52 кітапты 10 балаға бөлу жайында айтылған.)

-Есептің сұрағы қандай? (Әр бала неше кітаптан алатыны және неше кітап артылып қалатыны жайында сұрап отыр.)

-Сұраққа жауап бере аламызба? (Ия, 52 кітапты 10 балаға бөлгенде ,әр бала 5-тен алады.Ал 2 кітап артық қалады.)

-Оны қалай таптық? (52-ні 10-ға бөлдік.Сонда 5-тен бөле аламыз.Ал артық 2 қалады.)

Кітап -52 (д)

Бала - 10.

Шешуі: 52/10=5 –тен (кітап) және 2 кітап артық

Жауабы: Әр бала 5 кітаптан және 2 кітап артық қалады.

Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған.

4- тапсырма.

Хайуанаттар бағында күніне 3 арыстанға 21 кг ет және 12 кг балық береді. Әр арыстан күн сайын неше кг ет және балық жейді?

-Есепте не туралы айтылған? (Хайуанаттар бағындағы арыстандар жайында айтылған)

-Есепте не берілген? (Хайуанаттар бағында арыстандарға күніне 21 кг ет және 12 кг балық берілетіні.)

-Есептің сұрағы қандай? (Әр арыстан күн сайын неше кг ет және балық жейтінің сұрап тұр.)

-Сұраққа жауап бере аламызба? (Ия, егер 3 арыстан 21 кг ет жесе, онда 7 кг-нан жейді, ал балықтан 12 кг болса, онда 4-ден жейді.)

-Оны қалай таптық? (21-ді 3-ке бөлдік, сонда әр арыстан 7 кг-нан жейтінің таптық.Ал балықтан 12 болғандықтан, оны 3-ке бөліп 4-ден жейтінің таптық.)

-Жақсы, дұрыспа балалар, дұрыс. Қолдарымызбен көрсетейік.

Арыстан- 3.

Күніне ет- 21 кг

Балықтан-12 кг

Әр арыстан нешеу жейді?

Шешуі:

21/3=7 кг ет

12/3=4 кг балық

Жауабы: Күніне 1 арыстан 7 кг етпен 4 кг балық жейді.

5- тапсырма.

Кесінді берілген екен. Оның жартысы яғни 2-ден 1-і неше см екенің және 4-тен 1-і неше см екенің білейік. Әуелі сызғыштарыңды алындар. Есептейік.

-Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу деген сынды.

Назарымызды тақтаға бұрайық. Көбейткіш, көбейткіш және көбейтіндінің мәні. Бос тор көздерді толтырайық.

Міне, осындай, хандарымыздың арқасында, қазақ елі, тәуелсіздігімізді алдық.Қазірде егемендігі,тәуелсіздігі,дербестігі бар азат елміз!

VII. Қорытындылау.

Не білдік?

Алған білімді қолдануға бола ма?

- Сабақта не қиын болды, қандай тапсырма жеңіл болды?

Үйге тапсырма. №7 тапсырма, 88 бет. Бұл тапсырмада теңдіктерді бір бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға жазамыз.

Бағалау. Енді бағалау келгенде Маша мен Аюдың берген сыйлықтары кімде бар, солай бағаланамыз.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее