«Весна — лето 2024»

География пәнінен ашық сабақ жоспары, БжС технологиясы бойынша, 7 сынып

Тақырып: Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

Мұғалім: Кожабеков Мирас Дюсембекович

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 2» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 7 сынып.

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

БЖС ТЕХНОЛОГИЯСЫ «АУЫЗША САБАҚ - 2» КАРТАСЫ

Күнделікті жоспарлау


Мерзімі:

Сынып: 7 сынып

Пән: география

Тақырып: Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

Мұғалім: Кожабеков Мирас Дюсембекович

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 2» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 7 сынып.

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

2 тип Білім мен іс-әрекет амалдарының кешенді қолдану бойынша оқу сабақтары: мотивация білім мен іс-әрекеттер тәсілдерінің кешенін өзектендіру ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетінше білімдерін қолдану бақылау және өздік бақылау түзету рефлексия.

Көрнекілігі: географиялық карта, ООМ


Кезеңдер

Орындалатын іс-әрекет

Нәтижесі

Ұйымдастыру

кезеңі

Мотивация


Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады және өмірде

мектептен кейін де табысты болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.

Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім, білімдіні сүйетінін білем елдің».

Осыдан кейін сергіту сәті өткізіледі.

Қол көтерсем солтүстік

Топ –топ бассам оңтүстік

Қолды созсам жан-жаққа

Көрсетеді бағытты

Батыс пенен шығысты

Иіліп сәлем берейік

Экватор белде деп

Белді бұрай қозғасақ

Сағат тілі батысқа

Жер айналар шығысқа

Тақтаның жоғарғы оң жағына

63% нормасының саны

қойылады. №1.кесте.


Іс-әрекет тәсілдері

мен білімдер

кешенін

өзектендіру


Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрау.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Канаданың астанасы қай қала? Оттава қаласы

  2. Канада қандай табиғат зонасында орналасқан? аралас және жалпақ жапырақты ормандар, тайга, тундра және орманды тундра, таулы аймақтар белдеуі, арктикалық шөлдер, т.б.

  3. Мұнда қандай пайдалы қазбалар бар? уран, алтын, мыс, никель, платина, мырыш, темір

  4. Орталық Америка елдерін атаңдар. Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама, Куба, Гаити, Доминикан, Ямайка

  5. Қай жағынан Орталық Америка елдері Канададан ерекшеленеді? Табиғаты, халықтарының тұрмысы, шаруашылығы жағынан.

  • Канаданы мекен ететін жануарларды атаңдар. Қара аю-барибал, сілеусін, койот, бұлғын, күзен, ақкіс.

  • Канадада өмір сүретін байығы халықтар? эскимостар

  • Канада жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр? Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит.

Бірінші белгі

Тақтаға нәтижені жазу:

1 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Қабылдауды

ұйымдастыру


Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аударады. Бұл мұғалім біліктілігінің әдістемелік критерийі. Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып, тақырып бойынша көрсетілген нормаға сай тірек сөздерді табады. Алдымен оқушыларға мәтінді оқуға мүмкіндік беріледі, одан кейін олар қолды көтеріп сөздерді атай бастайды.Егер оның сөздері мұғалімнің тірек сөздерімен сай келсе ООМ ұяшығына оқушы плюс алады, уақыт аяқталғанша оқуды жалғастырады. Егер сәйкес келмесе,

оқушы сөздер сәйкес келгенше немесе уақыт біткенше оқуды

жалғастырады. Уақыт аяқталғаннан кейін әр оқушы плюс немесе минус алады. Мұғалім тірек сөздерді іздеуге оқушыларды ынталандырады.

21 тірек (алғашқы сабақта 7 тірек сөздер) сөздер эталонын мұғалім сабаққа дейін дайындайды немесе

БЖС технологиясының дайын стандарттарынан алады.

Екінші белгі

1–2 сынып: 5 минут мәтіннің бір парағына;

3 - 4 және

7 - 11 сыныпқа дейін: 4 минут мәтіннің бір парағына;

5-6 сынып: 3 минут мәтіннің бір парағына.

2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді.

Тақтаға нәтижені жазу:

2 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Түсінуді

ұйымдастыру


Мұғалімнің қалауы бойынша тірек сөздер (алғашқы сабақта 7 тірек сөздер) 7 ден 21 сөзге дейін тақтаға шығарылады. Оқушылар барлық сөздерді жаттау керек. Жаттауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа жазады. Жазып болғаннан кейін, тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді. Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бақылайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, екі оқушы да минус алады, нәтиже дұрыс берілмегені үшін.

Тірек сөздер

  1. Географиялық орны

  2. Гондвана

  3. Плиталар

  4. Айырмашылығы

  5. Жазықтар

  6. Ойыстар

  7. Экватор


Үшінші белгі

Жаттауға берілген уақыт

нормативі:

7 сөз – 30сек.

10 сөз – 45 сек

12 сөз – 1 мин

14 сөз - 1мин-15 сек

16 сөз – 1 мин 50 сек

18 сөз – 2 мин 15 сек

21 сөз – 2 мин- 30сек

2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді Есте сақтау бойынша жіберу: бір сөз минус. Тақтаға нәтижені жазу:

3 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


(сөздерге байланысты жаттауға да жазуға да уақыт бірдей беріледі)

Түсінудің бірінші

тексерілуі


Қарама-қарсы сұрау. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды рет ретімен емес, оқушылар түсінбеген тақырыптарды ашады, түсіндіреді. Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрағын қайталайды және минус тұрған кез

келген оқушылардан сұрайды.Егер жауап алмаса, мұғалім сыныптан сұрайды, жауап берілмесе өзі жауап береді.

Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға «Құтқару шеңбері» тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алады. Бұл ереже «Сыни сұрауда» да қолданылады.


Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Оңтүстік жарты шар материктеріне қай материктер кіреді? Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

2. Олар ежелгі қай материктің құрамында болған? Гондвана материгінің

3. Олардың бөлінуіне қай плиталардың ажырауы себеп болды? Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия-Антарктика

4. Ажырау аймағында қай мұхиттардың табаны ашылды? Атлант және Үнді мұхиттарының

5. Қай материктердің көпшілік бөлігінде жыл бойы температура жоғары болады? Оңтүстік Америка, Африка, Аустралияда

«Құтқару шеңбері» сұрақтары:

  • Плиталардың ажырауы кезеңінде қай материктер арасында құрлықтық байланыстар үзілді? Аустралия мен Антарктика

  • Материктердің географиялық орнының айырмашылығына қарамастан қай жағынан ұқсас болып келеді? Геологиялық даму тарихы мен табиғат жағдайлары

  • Поляр шеңбері аумағында жатқан материкті ата. Антарктика

Төртінші белгі

Сұрау кезінде егер оқушылар

жауап берсе, онда: бірінші

нұсқадағылар тест құрады,

екінші нұсқадағылар оқуды

жалғастырып, тестілеуге

дайындалады.

Тақтаға нәтижені жазу:

4 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Бастапқы

пысықтауды

ұйымдастыру


Өз аралық тестілеу. Екі нұсқа беріледі.

1. Егер сабақтың аяғына дейін уақыт жеткілікті болса, тестік жекпе-жек ұсынылады. Бір оқушы екінші оқушыны шығарады, бір-бірімен сұрақтармен алмасады.

2. Егер уақыт жетпесе бір жақты сұрау мүмкін: бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді.

Оқушылар өтілген тақырып бойынша тест құрайды және басқа оқушының сайтын атай отырып (ООМ бойынш) сұрайды.


Үшінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға «Құтқару шеңбері» тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алады.

«Құтқару шеңбері» сұрақтары:

  • Экватор сызығы қай материкті дәл ортасынан кесіп өтеді? Африканың

  • Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінің басым бөлігі қандай? Жазықтар

  • Жер бедерінде өте қатты майысқан жерлер қалай аталады? Ойыстар

Бесінші белгі

Тестік жекпе-жекте

жеңгендерге плюс жеңілгендерге минус

қойылады.

Тест – үш жауаптан тұратын

сұрақ. Жауап толық болуы

керек. Егер барлық оқушыларға сұрақ жетпесе, мұғалімнің өзі сұрақ қоюына құқы бар.

Тақтаға нәтижені жазу:

5 кезең ≤ немесе ≥ нормалар



Талдау

5 минут

Өтіліп жатқан тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Сөздер қысқартылмай, анық жазылады. Шығарма түрінде жазуға да рұқсат етіледі. Жалғаулықтар сөзге жатпайды. Егер алдыңғы кезеңде тестік жекпе жек болған болса, ТСҚ өткізуге уақыт жіткіліксіз болып қалса, бұл қателік болып есептелінбейді 4 баға саны бағалауға жеткілікті.

Шығарма не эссе жазғызу.

5 сынып

50 сөз

6 сынып

56 сөз

7-11 сыныптар

63 сөз



Алтыншы белгі

Тақтаға нәтижені жазу:

6 кезең ≤ немесе ≥ нормалар


Рефлексия


Төртінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа 4- 5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес талдау жасайды. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады.

Егер алғашқыда талап етілгендей болмаса қиналмаңыз, есіңізде болсын, оқушылардың ойлау қабілеті жаттығып жатыр, талап етілген бағаларды алу үшін уақыт керек.


Бағалар


Журналға баға қою нормативі:

4 – 5 баға – 5 ұпай

3 баға – 4 ұпай

2 баға – 3 ұпай

1 баға – 2 ұпай

Сапа нормативі орындалды деп есептелінеді, егер 63% оқушы 5 ұпай алса. 3 кестеге қараңдар.


Үй тапсырмасы


4-баллдан кем алған оқушыларға 36-параграфты оқып, тақырып соңындағы кестені толтыру.

4-баллдан кем алған оқушылар

үй тапсырмасын

дайындайды



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее