«Зима 2025»

Геометриялық пішіндерді топтау

Балаларға геометриялық пішіндерді топтастыруды үйрету.Кандай пішінге және неге ұқсайтынын ажыратуды үйрету.Мысалы Төртбұрыш есікке,кітапқа,терезге,сопақша бұлтқа,қауынға ұқсайтынын түсіндіру.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Геометриялық пішіндерді топтау


Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндерді топтау»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтау.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, күн, үй, доп, гүл, пирамидалар.
Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, құрастыру, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең
Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап аламыз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.
Тәрбиеші: Балалардың назарын тақтадағы суретке аударып жыл мезгілі туралы және өткен оқу іс-әрекеті туралы қайталайды.
«Көңілді қыс»
Балалар: Жылдың қай мезгілі екенін айтады. Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Ұйымдастырушы, ізденуші кезең
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз өзіміз білетін геометриялық пішіндерді және пішіні бір-біріне ұқсас заттарды топтауды үйренеміз. Ол үшін біздер «сыйқырлы пішіндер» еліне саяхатқа барамыз. Барғыларың келе ме?
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Тәрбиеші: Ол жақын жерде мектеп үйінің жанында, сондықтан біз оған жаяу барамыз. Тоңып қалмас үшін тез киінеміз
Балалар: Тез киіну қимылын жасайды.
Тәрбиеші: Ой, балалар! Жолда кедергілер қар үйінділері көп екен. Одан әрі қарай өту үшін қар үйінділерінің жанындағы пішіндердің атын атап өтуіміз керек. Бұл «Аттамақ» деген ойын. Осы үйінділерден шыға аламыз.
Балалар: Балалар кезекпен қардың жанындағы пішіндерді айтып (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша), қардан аттап өтеді.
Тәрбиеші: Міне керемет! Мынау алдымызда тұрған «Дөңгелектер әлемі». Сендер бұл жерден нені көріп тұрсыңдар?
Балалар Күнді, гүлді, допты, шарды.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Бұның бәрі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелекке.
Тәрбиеші: Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Таулар,пирамидалар,үйдің төбесі.
Тәрбиеші: Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Үшбұрышты пішінге ұқсайды.
Тәрбиеші: Ал енді балалар мынау «төрт бұрыштар әлемі» Бұнда нелер бар екен?
Балалар: Үйлер, есік, терезе, кітап, дәптер, текшелер, кірпіштер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз енді осы сиқырлы пішіндер әлеміне келіп тұрып қалайша бір ойын ойнамай кетеміз?Қане, балалар! «Жоғалған пішінді тап» ойынын ойнайық!

Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ойын аяқталған соң «Достық» әнін айтып, бақшамызға қайтамыз. Келген соң тағы бір ойын ойнаймыз.

Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз.

Қорытындылаушы, түзетуші кезең
Тәрбиеші: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: Сиқырлы пішіндер әлеміне.
Тәрбиеші: Онда қандай пәшәндер бар екен?
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Топтау деген не? Сендер пішіндерді топтай аласыңдарма?
Балалар: Ұқсас заттарды жинаймыз.

Пішіндерді дұрыс айтып, дұрыс топтай білген балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Пішіндерді ажыратып атауы.
Түсінуі: заттардың бір-біріне ұқсас болуы.
Қолдануы: Әр түрлі заттармен, ойыншықтардан топ құрай алуы.

Геометриялық пішіндер әлемінде






Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер әлемінде
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Қолданылатын материалдар: Сиқырлы қалта, геометриялық пішіндерге ұқсас заттар, тапсырма орындау үшін қағаз, қарындаш, геометриялық пішіндер әр балаға, үлгілер.

II кезең
Ұйымдастыру - іздену Балалар бізге келген бүгінгі қонақтармен амандасып алайық!
Балалар қонақтармен амандасады.

Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым – балапан
Бәріне ортақ алақан.
Бір дыбыс естіледі.

Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі сиқырлы қалтаға аударып:
«Балалар дыбыс осы қалтадан шығып жатқан сияқты, сиқырлы қалтада не бар екенін білгілерің келе ме?» - деп сұрайды.
Ендеше қазір біз сиқырлы қалтаны ашып көреміз.
Жасұлан келе ғой, енді сен көзіңді жұмып сиқырлы қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Сиқырлы қалтадағы қалған геометриялық пішіндерді басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады. Ал енді балалар, біз геометриялық пішіндерді санап шығайық.
Балалар біз геометриялық пішіндерді қалай санадық?
Енді қалай санауға болады?
1 - ден 4 - ке дейін тура және кері санау.

Д/ойын: Шеңберге ұқсас заттарды білесіңдер ме?
Біздің тобымыздың ішінде шеңберге ұқсас заттарды атаңдар.
Шеңбердің бұрышы барма?
Ендеше балалар орнымызға отырып, достарымызға шеңберді қалай сызу керектігін көрсетейік. Бізге шеңберді сызу үшін көмекке қалам келіпті:
Қаламды қайсы қолға ұстау керек?
Ал енді балалар алдарыңдағы қағазды сол қолдарыңмен басып, қағаздың сол жақ бөлігіндегі салынған затты санап, оң жақ бөлігіне сонша шеңбер саламыз. Балалардың жұмысы. Тәрбиеші қиналған балаға жеке көмек көрсетеді. Енді жанымызда отырған достарымыздың жұмысын тексеріп шығамыз.

Ал енді балалар орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық:
Айтыңдаршы үшбұрышқа ұқсас заттарды білесіңдер ме?
Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Бұл ойында барлығымыз неге айналамыз?
Ендеше құстарым мұқият тыңдаңдар, Мен қазір, «Күн шықты!» - деген кезімде сендер не істеулерің керек?
- Жаңбыр жауды деген кезде не істейсіңдер?
- Жарайсыңдар
- Үйдің шатыры неге ұқсайды екен?
Көк аспанға қараймын(қолды көлегейлеп аспанға қарау)
Кеткен құсты санаймын (саусақпен санау)
Үшбұрыш боп тырналар(үшбұрыш етіп төбесіне қолын ұстау)
Жылы жаққа оралар! (қанаттарын қағып, айналып ұшу)
Д/ойын: «Жоғары, төмен»
Ал, балалар орнымызға отырайық! Алдымыздағы қағаздағы сызыққа мән берейік, қағаздың ортасынан бөлінген

Сондықтан қағаз екі бөлімнен тұрады.
Қане кім, осы бөліктерді атайды?
Балалардың жұмысы. Жеке көмек.

Д/ойын: «Есте сақтау қабілетіне арналған» Үлгіге қарап геометриялық пішіндердің орналасуын мұқият көріп алып, есінде сақтағанын қағаз бетіне қойып шығу. Үлгіге қарап өз жұмыстарын тексеру. Геометриялық пішіндерді қай жерге орналастырғанын өз бетінше айта білуге ынталандыру.
Сәлеметсіздер ме!
Санамақты саусақтарын дұрыс көрсетіп, барлығы бірге сөзіне сай жатқа айта білді.

- Иә, білгіміз келеді.
Сиқырлы қалтаны көріп, ішінде не бар екенін білуге қызығушылықпен келісті.

- Біз пішіндерді тура санадық.
- Кері санауға болады.

Алма, доп, апельсин, мандарин, Бағдаршамның көздері, Шәйнектің қақпағы, Машинаның доңғалағы, Шкафтың тұтқасы, шарлар,
Шеңбердің бұрышы жоқ, ол дөңгелек, домалап та кетеді.

- Қаламды оң қолмен ұстау керек.
Берілген тапсырманы тыңғылықты орындауға тырысты.

- Ия, үйдің шатыры, шырша, қайтқан құстар т. б.
- Үш бұрышы болғандықтан

- Құстарға
- Сыртқа ойнауға, серуенге шығу керек.
- Жаурамас үшін үйге кіреміз.
- Үйдің шатыры үш бұрышқа ұқсайды.
- Жоғары, төмен
Балалар
дыбысты дұрыс атады.

Ойын кезінде балалар өздерін еркін сезінді. Тапсырманы орындағанда бір - біріне көмектесті.
Жоғарғы, төменгі бөліктер

ІІІ кезең
Рефлексивті - түзету

Бүгін біз не үйрендік, достарына айтып беру.
Сабақта не үйренгенін өз бетінше айту. Ерекше көзге түскен балаларды марапаттау.
Өз ойын жеткізіп айта алды.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды
Игерді: Геометриялық пішіндердің орналасуын өз бетінше ажыратуды
Меңгерді: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды дұрыс атауды













"Геометриялы? пішіндер" ?арапайым математика

?йымдастырыл?ан о?у   іс-?рекетіні?                        

          технологиялы?  картасы                                      .

Білім саласы:          «Таным»

Кіші сала:                Математика

Та?ырыбы: « Геометриялы? пішіндер.Т?ртб?рыш.»

 Ма?саты: Д??гелек,шаршы,?шб?рыш,тікб?рыш,сопа?ша

 туралы білімдерін бекіту.Т?ртб?рышпен таныстыру.Оны щаршымен ж?не тікб?рышпен салыстыра білуге ?йрету.

Д/о «?ажайып ?лем». АКТ  ?олдану   да?дыларын   дамыту.

Билингвалды? компонент:  фигура-пішін

Іс-?рекет кезе?дері.

Т?рбиешіні? іс-?рекеті

Балаларды? іс-?рекеті

Д?лелдеп талаптану

 -Флипчарт ар?ылы  «?лгі бойынша ??растыр» ойынын ойнап пішіндерді? атауын естеріне алуды ?сыну.

-Балалар ?ызы?ушылы? білдіреді.   

Пішіндерді ?лгіге ?арап д?рыс орналастыру?а талпынады.

?йымдастырушылы? ізденіс

-Д/ойын: «Пішіндерді ата»

Балалар а??аланы?,машинаны? пішіндері ?андай екен? Б?л а??ала,машина,мысы? геометриялы? пішіндерден ??рал?ан екен. ?ара?даршы басы ?андай пішін екен? Т?сі ?андай екен? Денесі ?андай пішін екен? Т?сі ?андай екен? Ая?тары ?андай пішіннен ??рал?ан екен? Т?стерін ата?дар.

-Сергіту с?ті:

-Слайд  «?ажайып ?лем» бойынша ??гіме ж?ргізу. пішіндерге то?талу. Б?лмедегі заттармен салыстыру.

-Т?рлі пішіндер келеді

Д/ Ойын: «?з пішіні?ді тап»

-Д?птермен ж?мыс:

-Сергіту с?ті.

 Балалар ?ызы?а ат салысады.Пішіндерді атайды.

Д??геленіп т?райы?

?лкен ше?бер ??райы?.

Бір отырып,бір т?рып

Біз тыны?ып алайы?.

Балалар слайд бойынша т?рбиешіні? с?ра?тарына жауап береді. Суреттерді бейнелерді пішіндермен салыстырады.

-Шашырап жат?ан пішіндерді бір-бірден алып 

?шб?рыштар 1 ше?берге,

шаршы 1 ше?берге,

сопа?шалар 1 ше?берге т?рады.

-Берілген тапсырмаларды таза,?сем жазу?а тырысады.

Бойды сергек тік ?стап,

Емін-еркін тыныста.

Демі?ді ішке тез алда,

О? ?олы?ды соз ал?а.

?ол ?шына ?ара да

?ш б?рыш сыз ауада

Сол ?олы?а бос т?рмасын

Ше?бер жасап тынбасын.

Рефлексивті-коррекциялау

-Саба??а жа?сы ?атыс?ан балаларды ма?тап-мада?тау.

Балалар с?ра?тар?а толы? жауап береді.

С?ра?тар?а толы? жауап беру.

К?тілетін н?тиже:

Геометриялы? пішіндерді біледі.

Геометриялы? пішіндер мен б?лмедегі заттарды салыстыра біледі

Пішіндерден ?здеріне белгілі заттарды салыстырып ?олдана алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Білім саласы: «Таным»

Кіші сала: Математика

Тақырыбы: « Геометриялық пішіндер.Төртбұрыш.»

Мақсаты: Дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,тікбұрыш,сопақша

туралы білімдерін бекіту.Төртбұрышпен таныстыру.Оны щаршымен және тікбұрышпен салыстыра білуге үйрету.

Д/о «Ғажайып әлем». АКТ қолдану дағдыларын дамыту.

Билингвалдық компонент: фигура-пішін



Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

-Флипчарт арқылы «Үлгі бойынша құрастыр» ойынын ойнап пішіндердің атауын естеріне алуды ұсыну.

-Балалар қызығушылық білдіреді.

Пішіндерді үлгіге қарап дұрыс орналастыруға талпынады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Д/ойын: «Пішіндерді ата»

Балалар аққаланың,машинаның пішіндері қандай екен? Бұл аққала,машина,мысық геометриялық пішіндерден құралған екен. Қараңдаршы басы қандай пішін екен? Түсі қандай екен? Денесі қандай пішін екен? Түсі қандай екен? Аяқтары қандай пішіннен құралған екен? Түстерін атаңдар.

-Сергіту сәті:







-Слайд «Ғажайып әлем» бойынша әңгіме жүргізу. пішіндерге тоқталу. Бөлмедегі заттармен салыстыру.




-Түрлі пішіндер келеді

Д/ Ойын: «Өз пішініңді тап»









-Дәптермен жұмыс:







-Сергіту сәті.































































Блог  Балабақша тәрбиешісі Махмутова Гүлжазира

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

ПерейтиПлохо с атте­стацией? Конкурс тутКонкурсы – олим­пиады для атте­стации на кате­горию. Диплом сразу!umnata.ruЯндекс.Директ

ЖАРИЯЛАҒАН БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ МАХМУТОВА ГҮЛЖАЗИРА 

/

 

9 МАР 2015

 

КОММЕНТАРИЯ 2

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.

Тақырыбы: Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.

Мақсаты : Геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері: ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы затты(ұзын-қысқа) салыстыру; қағаз бетінде бағдарлауды жалғастыру (сол жақта-оң жақта); геометриялық фигура шаршымен таныстыру; шаршыны сезім-қозғалыс мүшелері арқылы зерттеу; шаршыны нүкте бойымен салу және көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну(үлкен-кіші), қағаз бетінде бағдарлай білу. Жаңа геометриялық фигураның суретін салуға қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілігі: «Жауабын кім табады?», «Жол көрсетіп жібер» Қолданылатын әдіс – тәсілдері: салыстыру, түсіндіру, үйрету, ойын түрінде. Сөздік жұмыс: Шаршы. Билингвальды компонент: шаршы- квадрат.

ПерейтиОлим­пиады для воспи­тателейДиплом через 2 минуты. Блиц-олим­пиады для воспи­тателей (ФГОС 2016).doutessa.ruЯндекс.Директ

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт. Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?» деп сұрайды. –Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. Балалар аю бізге геометриялық фигура – шаршыны ала келді. Аю: -Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? -Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы алып келдім. Қызығушылық танытады.

Ұйымдастырушы-іздестіру . Жаңа оқу іс-әрекетін түсінеді.

Бүгін «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта» тақырыбымен танысамыз.

«Шаршыны құрастыр»ойыны.

Жаңа фигура шаршыны құрастырады.

«Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?» ойыны.

Сөздік жұмыс: шаршы.

Билингвальды компонент: шаршы-квадрат

Сергіту сәті: «Маймақ аю» ойыны

«Жауабын кім табады?» ойыны

2 қыздың суретін көрсетеді. Бұлар апалы-сіңлілі, олардың бір-бірінен

айырмашылығын тек зерделі бала таба алады. Айырмашылығы неде? Ойынға қатысады . Біреуінің бұрымы қысқа, біреуінің бұрымы ұзын. Балаларға көмек береді. Ұзын-қысқаны түсінеді. Жұмбақ жасырады. Жазда қыдырады, Қыста апанда жатып, Тынығады (Аю) Қайталайды. Аю нені жақсы көреді? Балды. -Менің сол жағымда не бар? -Ал оң жағымда не бар? «Сол жақта-оң жақта» түсінді. Аю: Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек? Суреттен арқылы табады,заттар қандай пішінге ұқсайтынын табады.

Рефлексивті- коррекциялаушы

Аю риза болып шаршыны сыйға тартады. Қоштасады, кетеді.

-Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлайды. Шаршы

Бекіту, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: геометриялық фигураларды-шаршыны, шеңберді;

Түсінеді: геометриялық фигураны- төртбұрыштың айырмашылығын;

Қолданады:қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды;

оң жақта, сол жақта орналасқанды анықтауды.


  • 1

  • 2

  • 5 5-КЕ ДЕЙІН САНАУ


  • Білім саласы:Таным 
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:Қарапайым математика 
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет тақырыбы: 5-ке дейін санау
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет мақсаты:
    Балаларды 5 –ке дейін санап үйрету
    1ден 5ке дейін тура және кері санауды үйрету
    Геометриялық пішіндер арқылы тапқырлық
    қабілеттерін дамыту балаларды достыққа 
    адамгершілікке тәрбиелеу
    Дамытушылығы:Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
    Тәрбиелілігі: Балаларды оқу іс-әрекетіне деген қызығушылыққа тәрбиелеу 
    Барысы: Сәлемдесу шаттық шеңбері:
    Біз кішкентай балалмыз
    Өсіп өсіп толамыз
    Күнге қарай талпынып 
    Көкке қанат қағамыз
    Әлемдегі бар адамға
    Жақсылық біз тілейміз
    Қайырлы кун достарым! 
    Қайырлы кун қонақтар!
    Балалар қазір жылдың қай мезгілі. Қыс мезгілінде неше ай бар. Қазір қай ай. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін сұрау. Балалар бір аптада неше күн бар.
    Жаңа тақырыппен таныстыру.
    1 бөлім.Астыңғы қатарға 4 балапан, жоғарғы қатарға 3 жұмыртқа қойылады. Неше балапан бар, неше жұмыртқа бар. Қайсысы көп, балапан ба, жұмыртқа ма. Екеуі бірдей болуы үшін не істеу керек. 1 жұмыртқа қосамыз. Енді бәрі тең болады. Балапанның тағы бреуін қоямыз. Қанша балапан болады. Балапанды санаймыз. 
    1,2,3,4,5 барлығы бес балапан
    (5 санын интонациямен қайталау ) Енді балапан мен жұмыртқа тең бе? Тең болу үшін не істеу керек. Қане, балапан мен жұмыртқаны санайық. Тақтадан 2- 3 балаға тура және кері санату. 
    2бөлім: 1. Таратылған материялмен жұмыс. Енді соншама жұмыртқаны санап, жоғарғы жәшікке қойыңдар.
    Екеуі тең бе. Тапсырмалар бере отырып санату. 
    2. Тақтамен жұмыс. Балалар мынау ненің суреттері.(жемістер)
    Ендеше осы суреттегі жемістерді атап, санайық. Сандарға қойғызу. Балалар шаршасақ орнымыздан тұрып сергіп алайық:
    Оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ
    Қосып едім екеуін, болып шықты он саусақ.
    Бір үйде біз нешеуміз
    Кел санайық екеуміз
    Басбармағым папам
    Балаң үйрек апам
    Ортан терек ағам
    Шылдыр шүмек ағам
    Титтей бөбек сен
    Бір үйде біз нешеуміз
    Бір үйде біз бесеуміз
    Бес балада бір бешпет
    Бір киініп, бір шешпек
    Оң жағымда бес сарбаз
    Сол жағымда бес сарбаз
    Қосып едім екеуін
    Болып шықты он сарбаз( Екі қолымызбен он саусақты көрсету )
    3бөлім 1. Дидактикалық ойын. « Жұлдызшаны құрастыр» Шарты : 
    Қиылған пішіндерді тиісті орындарына қоя отырып, жұлдызшаны құрастыру.
    Қорытындылау: 
    Балалар бүгін қандай оқу іс әрекеті болды. 
    Нешеге дейін санап үйрендік. Нелерді таныстырдық.
    Қандай ойындар ойнадық. 
    Оқу іс әрекеті ұнады ма Жарайсыңдар балалар, бүгін оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Ұйымдастырылған оқу іс әрекетті қортындылай отырып жақсы бағалау мақсатында қызыл жулдызша ұсынып қуаныш сезім силау

  • .

Ғажайып математика

 

Білім саласы; Таным.
Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы. «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар.
Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады

Билингвизм..
Іс - әрекет кезеңдері;
Тәрбиешінің іс - әрекеті;
Балалардың әс - әрекеті;
Мотивациялық – қозғаушылық
- Саламатсыздар ма, балалар!
Саламатсыз ба!
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге,
Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.
Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз.
Сәлем!- дейік үлкенге

Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық
оқу - іс әрекеті.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.
Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз

1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Екі тілде санау.
2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».
(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3 - тапсырма. Логикалық есептер
- Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1) 
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма

4 - тапсырма Жұмбақтар.
Адамға серік, күзетке берік.(ит)
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанатты бар, ұшпайды.
Су астында қыстайды. (Балық)
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Таба алмадым атамды, әжемді.
Үйімді сағындым.(Бауырсақ)
Бұл қай ертегі?
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

Сергіту сәті:
«Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.
Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

Үлестірме материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек)

Қорытынды:
Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық.
Жұмбақтар шештік.
Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Қолынан келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.



























































Қызықты математика әлемінде

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»
Сабақтың мақсаты:
1. Түзете - білімділігі: Балалардың геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш жайлы білімін бекіту.
Балаларды 5 - ке дейін санауға жаттықтыру, түстерді ажыратуға, сәйкестендіруге үйрету, ұзын - қысқа ұғымдарын дұрыс қолдана білуін үйрету.
2. Түзете - дамытушылығы: Балалардың жан - жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілетін, қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру. Балалардың сенсорлық дамуына әсер ету.
3. Түзете - тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу, жағымды қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: информациялық - рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, слайд, компьютер ойындар, логикалық Дьенеш блоктар пайдалану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
Балалар бірінің артына бірі тұрып, шеңбер бойымен жүреді (әр баланың оң қолында шар), музыкамен залға кіреді.
Жылулық шеңбері: «Қайда екен» өлеңі
Қайда екен қолымыз,
Оңымыз бен солымыз.
Білеміз бе оны біз?
Міне, оң мен солымыз
Міне, алақай қолымыз
Қол соғайық, бір, екі!

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз және геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.
- Балалар, бүгін мен сендерге «Үйшік» ертегісін айтып беремін.

Орыс халық ертегісі «Үйшік»
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады.
Үйшікке баратын екі жол бар, ұзын және қысқа, тышқан қай жолды таңдау екенін білмей тұр. Қандай жолмен үйшікке тез барады?
- Сендер қалай ойлайсыңдар?
1 - тапсырма: «Ұзын - қысқа жолақша»
- Балалар, сендердің алдарында 2 жолақша бар. Олардың айырмашылығы неде?
- Түсі мен өлшемінде. Қай жолақша ұзындау екенін қалай білуге болады? Жолақшаларды салыстырайық, бір - біріне беттестіріп көрейік.
- Қысқа жолақшаға тышқанды коямыз. Жарайсыңдар, балалар, сендер дұрыс қысқа жолды таптыңдар.
Тышқан үйшікке кіріп, өмір сүре бастайды.
Үйшікте бір тышқан - 1 санын қоямыз.
Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып, сұрайды:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Ал сен кімсің?
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Секеңдеген қоян, сен тапсырманы орындасаң бірге тұрамыз.
2 – тапсырма: «Дұрыс орналастыру»
Шарты: Балалар геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру керек.
- Кел бірге тұрайық! – деп, тышқан мен қоян үйшікте екеуі бірге тұрады - 2 санын қоямыз.
Бақылдап бақа келеді:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Ал сен кімсің?
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады – 3 саны.
ІҮ. Сергіту сәті
Қимылды ойыны: «Бақа»
- Бақа, бақа, балпақ
Басың неден жалпақ?
- Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ!
- Бақа, бақа, балпақ
Көзің неге тостақ?
- Қарауылға көп қарап,
Көзім содан тостақ!

Көзге жаттығу:
- Шар сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Шар жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
- Шар қайда ұшты?
- Жоғары, төмен, оңға, солға.
Терезені түлкі тоқылдатады:
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Ал сен кімсің?
- Мен, түлкімін
- Түлкі, сен тапсырманы орындасаң бірге тұрамыз.

ҮІ. Бекіту
3 – тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»
Шарты: Балалар, пішіндер арқылы суреттерді құрастыру.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болды – 4 санын қоямыз.
Жүгіріп келіп сұр қасқыр сұрайды.
- Үйшік - үйшік! Кім үйшікте тұрады?
- Мен, шиқылдауық тышқанмын!
- Мен, секеңдеген қоянмын.
- Мен, бақамын бақылдаған.
- Мен, түлкімін
- Ал сен кімсің?
- Мен, сұр қасқырмын.
- Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болды – 5 саны.
Барлығы көңілді өмір сүріпті.
ҮІІ. Қорытынды
4 – тапсырма: «Сұрақ - жауап»
- Үйшікте тығылған жануарларды ата.
- Үйшікте қанша жануарлар?
- Үйшікке бірінші келген қандай кейіпкер?
- Екінші қандай жануар келді?
- Үшінші қандай кейіпкер келді?
- Төртінші қандай жануар келді?
- Бесінші қандай жануар келді?
- Ертегіде қанша кейіпкерлер бар?
- Үйшікке кіруге кейіпкерлерге кім көмектесті?
- Қандай тапсырма сендерге ұнады?
ҮІІІ. Бағалау
- Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.
Жылулық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын.
Деніміз сау болсын,
Бәріміз тату, дос болайық.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее