«Зима 2025»

"Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік" тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жүргізілген тәрбие сағатының жоспары

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
    Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
    Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі.

Қазақстан туралы не білеміз? Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылды тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.  Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. /слайд көрсету/

Оқушылардың өлең шумақтары.

 Аяжан: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарын

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?
Ғалымжан: Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен Ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 
Айзере: Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 
Ибраһим: Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 
Мадина: Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 
Бақдаулет: Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 
Жансая: Елдігімнің – реңі, 
Тендігімнің – тірегі 
Мүддесінен халықтың 
Ажырамас бір елі. 
Алтын заңым – арай таным! 
Елнар: Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 
Алуа: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 
Дінмұхамед: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 
Айзере: Дүбірлетсін өңірді 
Дүбірлесін дүлділі. 
Қазақ деген елімнің 
Құтты болсын бұл - күні!

Нұржігіт: Тәуелсіздік ел мұраты,

Жас ұрпақтың болашағы

Ұялатып берік сенім,

Бағымызға жол ашады.

Әсия: Тәуелсіздік мақтанашым,

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған.
Қанат: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Хор: «Көк тудың желбірегені» әні

Қорытынды бөлім: (Мұғалім сөзі)

«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап)

- Біз бүгін, тәрбие сағатында не туралы білдік? - тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде табыстары туралы т.б. білдік.

- Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?

- Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.

- Я, Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп елімізде өркендетуге өз үлесімізді қосайық.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее