«Зима 2025»

Тақырыбы: «Егеменмін, Тәуелсізбін, Азатпын!» ( Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сынып сағаты)

Тақырыбы: «Егеменмін, Тәуелсізбін, Азатпын!»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сынып сағаты

Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, шарлар, слайд.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Тәуелсіздік бізге онайлықпен келген жоқ. Қаншама жастар қыршын кетті. Бүгінгі күнде

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Егеменмін, Тәуелсізбін, Азатпын!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

Н.Назерке:Желтоқсан – 86, ызғарлы күн, Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін, Өттің де астан – кестең ойда жоқта Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

Асылжан: Қатал екен желтоқсанның ызғары,

Қазағымның езгіленген ұлдары мен қыздары.

Қара бұлттар түнереді аласапыран зең дала,

Еріп түсті ерімейтін жауыздықтың мұздары.

Сіздердің назарларыңызға қысқаша фильм ұсынамыз.Экранға назар аударыңыздар.

Н.Назерке: 1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Ибраһим: Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Дариға: Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Жалғас: Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Динмухан:Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші: -Сен

13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші:

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

Арайлым: Қайраттай қайсар ұлдарың Қанымен келген еркіндік Сәбира менен Ләззаттың Арымен келген еркіндік Желтоқсанның алғашқы Қарымен келген еркіндік Алтынайдай ананың Зарымен келген еркіндік Алаңда салған Шәмшінің Әнімен келген еркіндік Қиындықтың осындай Бәрімен келген еркіндік!

«Желтоқсан желі» әнін орындау.

Данияр:-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым.

Әйгерім:Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Фариза: Желтоқсан көтерілісінің арқасында еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс жатты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым-ол.

Олжас: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы

9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Мұғалім сөзі:Желтоқсанда құрбан болған жастарымызды 1-минут үнсіздік

еске алайық.

М.Назерке: Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өркендер ақталады. Ер намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерің мәңгілік сақталады. Қандай бақыт қуаныш күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар, Елің алды егеменді теңдігін.

Айзат: 1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Мұз жастанып азаттықтың жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Сойыл таяқ ойнаса да жанында. Отан үшін жанын қиды ұлдарың, Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, Күйініштен ауырады жүрегім, Естігенде желтоқсанның ызғарын. Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе, Ұрпақ өсер айналатын тірекке, Егемендік тиді бүгін еншіме, Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Музыкалық номер: «Көк тудың желбірегені»

Ермухан: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Перизат: Рәмізім - елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен - тек - Елдің ашық қабығы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман - қыраны. Жалауы бұл - халқымның, Мәртебесі, мақтаны. Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада - аспан әлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкерген. Тәуелсіздік жолында Талай - талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім - Елтаңбам. Әнұраным - жанұраным, Айтар әнім - сөйлер сөзім. Туған жерім - сағынарым - Мың қайталап айтам мұны.

Аслан: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Амир:Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болсын қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Қиындықты көп көрген ел екенбіз

Жылдан жылға дамыған берекеміз

Тойымыз тойға ұласып, шаттанайық

Халайық құтты болсын мерекеміз!

Тәуелсіздік жылнамасы

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

19.2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.

20.2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

21.2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

22.2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.

23.ЭКСПО-2017 болашақ энергиясы

24.Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.

25.Қазақ поэзиясының алыбы ұлы Абайдың 170 жылдығы ел көлемінде тойлануы да осы тәуелсіздік жемісі.

26.Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар.

1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толды. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Хор: «Нұр-аға» әнін орындау.

Перизат: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

Ибраһим: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады - ау кісілік! М.Назерке: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. Асылжан: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Аслан: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Олжас: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Данияр: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Айзат: Н. Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. Фариза: Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. Дариға: Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.

Мұғалім сөзі:

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Хор «Мереке» әнін орындау.

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Егеменмін, Тәуелсізбін, Азатпын!»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сынып сағаты

Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, шарлар, слайд.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Тәуелсіздік бізге онайлықпен келген жоқ. Қаншама жастар қыршын кетті. Бүгінгі күнде

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған «Егеменмін, Тәуелсізбін, Азатпын!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

Н.Назерке:Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астан – кестең ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

Асылжан: Қатал екен желтоқсанның ызғары,

Қазағымның езгіленген ұлдары мен қыздары.

Қара бұлттар түнереді аласапыран зең дала,

Еріп түсті ерімейтін жауыздықтың мұздары.

Сіздердің назарларыңызға қысқаша фильм ұсынамыз.Экранға назар аударыңыздар.

Н.Назерке: 1986 жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Ибраһим: Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Дариға: Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Жалғас: Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Динмухан:Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші: -Сен

13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші:

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

Арайлым: Қайраттай қайсар ұлдарың
Қанымен келген еркіндік
Сәбира менен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Желтоқсанның алғашқы
Қарымен келген еркіндік
Алтынайдай ананың
Зарымен келген еркіндік
Алаңда салған Шәмшінің
Әнімен келген еркіндік
Қиындықтың осындай
Бәрімен келген еркіндік!

«Желтоқсан желі» әнін орындау.

Данияр:-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым.

Әйгерім:Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

Фариза: Желтоқсан көтерілісінің арқасында еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс жатты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым-ол.

Олжас: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы

9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Мұғалім сөзі:Желтоқсанда құрбан болған жастарымызды 1-минут үнсіздік

еске алайық.

М.Назерке: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін
.

Айзат: 1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Музыкалық номер: «Көк тудың желбірегені»

Ермухан: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Перизат: Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек -
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман - қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.

Аслан: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Амир:Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болсын қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Қиындықты көп көрген ел екенбіз

Жылдан жылға дамыған берекеміз

Тойымыз тойға ұласып, шаттанайық

Халайық құтты болсын мерекеміз!

Тәуелсіздік жылнамасы

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

19.2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.

20.2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

 21.2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті.

22.2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.

23.ЭКСПО-2017 болашақ энергиясы

24.Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.

25.Қазақ  поэзиясының алыбы ұлы Абайдың 170 жылдығы ел көлемінде тойлануы да осы тәуелсіздік жемісі.

26.Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар.

1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толды. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Хор: «Нұр-аға» әнін орындау.



Перизат: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

Ибраһим: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
М.Назерке: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Асылжан: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Аслан: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Олжас: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Данияр: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

Айзат: Н. Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу - бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Фариза: Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Дариға: Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.

 Мұғалім сөзі:

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Хор «Мереке» әнін орындау.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее