«Весна — лето 2024»

"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған еліміздің тәуелдігі туралы көптеген мәлімет бере отырып насихаттау.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Рахат ауылы әкімдігі




МЕРЕКЕЛІК концерт



Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік






Дайындаған: МШЖО В.Ж.Жолмухамбетова












Жаңаөзен – 2017/18 жылы



14.12.17ж.

Сағ:1500-1600

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

( мерекелік кеш )


І Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар мен ардақты қонақтар!

Бүгінгі Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Тәуелсіздікке – 26 жыл толуына орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!!! (қосылып айтады)

ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.(орындалды)

ІІ Жүргізуші: Мерекелік кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін рахат ауылының әкімі Нұржауов Бақыт Аманұлына береміз!(сөйледі,шықты)

І Жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық жарыстардан орын алған жеңімпаздарды мараттауға рұқсат етіңіздер!!!(орындарды марапаттады)

ІІ Жүргізуші: Бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздігімізге 26 жыл толуына орай өткізгелі отырған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз!

І Жүргізуші: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

ІІ Жүргізуші: Иә,міне, содан бері Тәуелсіздігімізге 26 жыл! Елімізде тек бейбітшілік, ынтымақтастық болсын! Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-апалар! Боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ! Рахмет! (тұрды)

І Жүргізуші: Жиырма алты жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

ІІ Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ендеше, алдарыңызда Сайынов Нұрбол мен Жетекбай Еркіннің орындауында күй «Желтоқсан желі» қарсы алыңыздар!

І Жүргізуші: Міне, бүгін тотыдайын тарандым,

Жазылғаны жүректегі жарамның

Тәуелсіздік деген осы ұлы сөз,

Арманы еді өтіп кеткен бабамның.

Гүлдер қандай әдемі еді ашылған

Шуақты күн, аппақ әлем жасыл маң,

Осы күнге жету үшін қаншама.

Қазағымның қаны судай шашылған?!


ІІ Жүргізуші: Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
                 Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
                 От боп жанған қазағымның жастары, 
                 Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
               Еркіндікті қашанда ел  көксейтін.
               Қаныменен тарихтарда жазылып,
               Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
Олай болса, ортада Мизамеддинова Жансая.Ән «Атамекен» қарсы алыңыздар!!!
І Жүргізуші:

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
                 Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
                 От боп жанған қазағымның жастары, 
                 Жалынымен ерітіпті мұздарды.
ІІ Жүргізуші: Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
               Еркіндікті қашанда ел  көксейтін.
               Қаныменен тарихтарда жазылып,
               Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.

Алдарыңызда Курбанова Камунаның «Сағым дала» биін қабыл алыңыздар!

І Жүргізуші: Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері,

Әділет пен бірлікке жанын қиып.

Әділ өткен ағалардың туған жері.

ІІ Жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Туған жер!» орындайтын: Тулаева Сабина
І Жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
ІІ Жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Мизамеддинов Азімханның орындауында ән «Отан Ана»
І Жүргізуші: Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

ІІ Жүргізуші: Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.

Ән «Мен қазақпын» орындайтын Абдисаттаров Берік қарсы алыңыздар!

І Жүргізуші: Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме

ІІ Жүргізуші: Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Ортада Сұлтан Махаббат монолог «Тәуелсіздікке арнау»

І Жүргізуші: Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім! 

ІІ Жүргізуші: Өр едің өліссең де беріспеген,
Ел едің еншісін де бөліспеген.
Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?
Келесі кезекте ән «Қазақстаным, Алға!» орындайтын «Самғау» дуэті Қабыл алыңыздар!

І Жүргізуші: Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның
!
ІІ Жүргізуші: Сағынумен жетті маған ғажап күн,

Өткен ғасыр аяғында азат күн

Көк байрақты Елбасы бар елімнің

Тәуелсіздік ел егеменді қазақпын

Ендеше, ән «Тек алға» әнімен Алимова Шәмшінұр қарсы алыңыздар!

І Жүргізуші: Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып  көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

ІІ Жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 
Жиырма алты жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам
.

Олай болса, «Аяла» би ансамблінің «Нұршашу»биін Қарсы алыңыздар!!!

І Жүргізуші: Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,

Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім әршында!

ІІ Жүргізуші: Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Ән «Қазақ елі осындай» орындайтын Садырқожаева Сабира қошеметпен қарсы алыңыздар!

І Жүргізуші: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

ІІ Жүргізуші:  Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.

Ортада «Нұр-Ай» дуэтінің орындауындағы «Қыран дала» әнімен қарсы алайық!!!

І Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

ІІ Жүргізуші:  Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

Ән «Алға Қазақстан!» орындайтын Чамчадинова Аяулым.

І Жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

ІІ Жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

 Алдарыңызда Венера Жұмашқызы Ән«Қазақ елі» қол соғып қошеметпен қарсы алайық!
І Жүргізуші: Иә, Айта берсек, 26жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
ІІ Жүргізуші: Олай болса, осымен бүгінгі рахат ауылы әкімдігінің ұйымдасуымен өткен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз!

Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын ағайын!!!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее