«Зима 2025»

«Еркіндігім-елдігім,Тәуелсіздік-теңдігім»

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік »25 жылдыққа орай. Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген. Ортаға екі жүргізуші шығады.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

МКҚК «Достық» балабақшасының меңгерушісі

Ералимова Шолпан Убайтжанқызы


«Еркіндігім-елдігім,Тәуелсіздік-теңдігім»


Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік »25 жылдыққа орай.
Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген. Ортаға екі жүргізуші шығады. 
1-жүргізуші: 

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, балалар және ата-аналар, аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп «Достық» балабақша ұжымының ұйымдастыруымен «Еркіндігім-елдігім,Тәуелсіздік-теңдігім»


» атты мерекелік кешімізді бастаймыз.қош келдіңіздер!

Жүрг:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны! 

ҚР Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: 
Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! 

Жүргізуші: 1991 жылы Кеңес Социолистік Республикасының Одағы ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті .(Слайд жіберу) 

2- Жүргізуші: 
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ата заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол салған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! 

Жүргізуші: 

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

Тәуелсіздік үшін аянбай тер төккен аға-апаларымыз үшін орнымыздан тұрып 1минут үнсіздік пен еске алайық (слайд )

Жүргізуші:  25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. 
1-жүргізуші: 

Мерекелік кешіміздің алғашқы тартуы ретінде ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер. Сахна төрінде « Шашу »биімен « Күншуақ »тобының бүлдіршіндерін шақырамыз. Қошеметтеп отыралық.

2-жүргізуші: 

Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! 

Жүргізуші: 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам-деп сахнаға
«Балдырған» ортаңғы тобының бүлдіршіндерін «Егеменді ел»әнімен шақырамыз!

Жүргізуші: 
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!-дей келе осы орындауда сахнада «Балдырған»ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің әні «Әрқашан күн сөнбесін»
Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: 
Жайқалатын таң қалдырып биімен

Балалар ғой сахнада сәнімен

Тарту жасап көрерменге ,халқына

Биден күмбез жасамақ ел даңқыңа –деп сахнаға биші балаларымызды

« Көкпар»биімен шақырамыз.

2-жүргізуші: 

Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем. Сахнада әдеби –монтаж «Балдырған» ортаңғы тобы

Олжас: Егемен ел болмас,

Етек-жеңі кем болмас

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас.

Айару: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарлана жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата -баба рухына.

Айнат: Желтоқсанның ызғары – ай,

Кірпікке қатқан мұздарай

«Елім – ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.

Ақшолпан: Желтоқсанда соққан жел,

Қайратты еске сала ма

Қайраты жоқ халықтың

Болашағы бола ма?!

Қазағыма Қайрат боп,

Туса екен ұлдарым

Қалың елге байрақ боп!

Мадияр: Өсер ұлдың қай сәтте де

Бірлік болмақ қалауы

Лаула-лаула желтоқсанның

Мұзға жанған алауы

Өздеріңдей ар намысты

Жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес

Еңкеюге жалауы.

Назерке: Тәуелсіздік – таң нұрысың арайлы

Бабалардың арманысың талайғы

Ғасырлардың құшағында ер жеттің

Халқым сені өз бақыты санайды.

Арсен: Жол бастаған жаңаша,

Елбасына еремін.

Қазақстан болашақ,

Бақытына сенемін.

Асылымын Абайдың,

Сезімінен жаралған.

Арманымын Абылайдың,

Бостандық болып оралған.

Амина: Ақиқаттың ақ жолын,

Үйренемін дінімнен.

Адамдықтың нақ жолын,

Табамын таз білімнен.

Сен қымбатсың бәрінен,

Менің атамекенім.

Жетілемін әлі мен

Қадіріңе жетемін!

1-жүргізуші: 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу. «Күншуақ »тобының орындауында « Егемен Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші:  Келесі кезекті қойылымға берелік. КӨРІНІС

1986 жыл «Желтоқсан көтерілісі»

Ұлы достық Нұрлы достық 
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға 
Кең даланың жүрегі де үн қосты 
Биші қыздар биімен де үн қосты-деп сахна төріне «Жас бүлдіршіндерді» «Аққу»биімен шақырамыз

2-жүргізуші: 

Сахна төріне «Күншуақ»ортаңғы тобының әдеби-монтажына кезек берелік.

Ерхан: Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күнімен

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем

Нұрасыл: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті боп еліміз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі

Нұржігіт: Тәуелсіздік мақтанышым

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын

Әрбір күнім нұр маған

Махаббат: Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік-ұлық той

Алдияр: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Жүргізуші: 

Тұрса да биік өр басын, 
Қазаққа бақыт орнасын. 
Сексен алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан желі болмасын! 
Күн кешіп лапылдаған жастарым, 
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. 
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін 
Қорғау үшін көтерді олар бастарын

2-жүргізуші

Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Хор «Ел қорғауға әзірміз!» Балапан тобының бүлдіршіндері.


1-жүргізуші

Желтоқсанда шындық жырын  
шырқаймын деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның. –дей келе ІІ кіші «Балапан »және «Айгөлек» топтарының әдеби-монтажына кезек берелік.

«Балапан» тобы

Мерлан: Мен тәуелсіз егемен елдің ертеңімін

Ал тәуелсіздік біздің болашағымыздың кепілі болмақ.

Айбар: Мен,

Сан ғасыр бойы, ата ауыздықпен су ішкен

Етігімен қар кешкен, сан батырлардың

Сара жолын жалғастырар

Тәуелсіз елдің ертеңімін

Сартай: Мен,

Аузы дуалы шешендердің

Тот баспаған көсемдердің

Сара жолын жалғастырар

Тәуелсіз елімнің ертеңімін

Рахман: Мен тәуелсіз егемен елдің

Ертеңгі болашағына қол созған

Бүгінгі заман ұрпағымын

Мансур: Биіктерге қол созатын

Алыстарға самғайтын

Біз болашақтың ертеңіміз!

Сымбат: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Әмина: Тәуелсіздік ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемізде.

Сен жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа бөлен де.

Аяулым: Желтоқсанның ызғары- ай

Кірпішке қатқан м мұздар-ай

Елім-ай деп егілген

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай!

1-жүргізуші: 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің 
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің –деп ортаға «Достық»балабақша ұжымының педагогтерін сахна төріне «Атамекен»әнімен шақырамыз.

Күніміз әрқашанда жарқырай берсін деген тілекпен ортамызға «Балдырған» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Көңілді күн» биімен шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн.

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

Сахна төріне Нұрғожа Арсенді «Қазақстан бақытты!»әнімен шақырамыз.

Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Шолпан Убайтжанқызына береміз!

2-жүргізуші: 

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік  » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее