«Весна — лето 2024»

Ересектер тобының балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы, тақырыбы "Мынау не?"

Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Ересектер тобының балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: Мынау не?

Білімділік мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу;
Қолданылатын көрнекілік құралдар: орманның суреті, Айсулу қуыршақ, жабайы аңдардың суреті, сызба.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақ жасыру, сызбамен жұмыс жасау,ой қозғау, ойын, қорытындылау.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.

 Қол алысып, қане біз,

 Достасайық  бәріміз.

Армысың алтын күнім,

Армысың балабақшам!

Балалар қызығушылық танытады.

Шеңберге тұрып қол алысып, бір біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

(Осы кезде есік қағылады)

-Балалар, тыңдаңдаршы, біреу есік қағып тұрған сияқты. Бұл кім болды екен, қазір қарап көрейік. Балалар, қараңдаршы, бізге Айсулу қуыршақ қонаққа келіпті. Құр қол келмепті өзімен бірге қар бүршігін ала келіпті. Қандай әдемі , балалар, солай ма?

-Балалар бұл қар бүршігі ненің белгісі, қар бүршігі қай кезде болады?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше, біз бұл қар бүршігімен бір ойын ойнайық, ойнаймыз ба?

- Қазір осы қар бүршігін бір-біріміздің қолымызға береміз, қар бүршігі кімнің қолында тоқтап қалса сол қысқа байланысты бір сөз айтады. Ал, бастаймыз.

- Жақсы балалар, жарайсыңдар. Ал, енді қыс айларын маған кім атап өтеді.

- Жарайсыңдар. Балалар, қараңдаршы, мына қар бүршігінде бірдеңе жазылып тұр. Қане, көрейік, бұл біздің ормандағы достарымыздан келген хат екен. Олар бізге жасырынбақ ойнауды ұсынып отыр, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын айтасындар сонда ғана біз біздің қысқы орманда кім жасырынып қалғанын табамыз.

(тақтада қысқы орманның суреті ілініп тұрады, жұмбақты шешкен сайын тәрбиеші аңдардың суретін жапсырады)

  1. Орғыған қорқақ көзі еді,

қыс пен жазда түрлі тон киеді. (қоян)

  1. Ит сияқты пішіні,

Ұнатпайды кісіні. (қасқыр)

  1. Жазда қыдырады,

Қыста тынығады. (аю)

  1. Қуы екен аңдардың,

Бір сәтте алдандым. (түлкі)

-Өте жақсы балалар, біз барлық аңдарды таптық, ал енді қараңдаршы бір сөзбен бұл аңдардың бәрін біз қалай атаймыз?

- Дұрыс айтасыңдар, жабайы аңдар.

-Ал қазір біз, «Не артық» ойынын ойнаймыз, балалар сендер тақтадағы суреттерге қарап ненің артық екенін табуларың керек. Түсінікті ме?

(Бала үй жануарының ортасынан жабайы жануарларды тауып алу керек. Сиыр, қой, жылқы,қасқыр т.б және де керісінше)

Сергіту сәті:

Аю маң-маң басады,

Түлкі бұлаң қағады,

Қасқыр ылаң салады,

Қоян үркіп қашады,

Орман іші көңілді.

-Балалар, Айсұлу жабайы аңдар қысқа қалай дайындалатынын білмейді екен, оған біз көмектесеміз бе?

- Ендеше, сендер оған сызба арқылы әңгімелеп беріңдер.

Ойын: «Аңдар туралы айтып бер» (балалар кез келген аңның суретін алып, сызба бойынша: Мынау не? Ол қайда тұрады? Қандай? Немен қоректенеді? әңгімелеп береді)

М/ы: Бұл қоян, бұта түбіне жасырынады, қыста ол тонын өзгертеді, жазда сұр, қыста ақ болады, ол өте жылдам, аңқау, қыста жас ағаштардың сабағын жейді және тағысын тағыда.

- Рахмет, балалар, сендер Айсұлуға қатты көмектестіңдер. Енді Айсұлу жабайы аңдардың қысқа қалай дайындалатынын білетін болады.

Ал, қазір біз сендермен жарыс өткіземіз.

Ойын: «Суретті құрастыр» деп аталады. (қиылған бөлшектерден балалар сурет құрастырады)

- Жарайсыңдар, балалар.



Балалар мұқият тыңдайды.


Қуыршақты қуана қарсы алады.


Иә!


Балалар өз жауаптарын айтады.




Балалар қысқа байланысты сөздер айтады. М/ы: қар, мұз, боран, шаңғы шана және т.б

Балалардың жауабы: желтоқсан, қаңтар, ақпан
















Балалар жұмбақтарды шешеді.



Балалар аң атауларын қайталайды.












Балалардың жауабы







Балалар өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.






Балалар сызбамен жұмыс жасайды.




















Балалар алдарына берілген қиылған бөлшектерден тұтас сурет құрастырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін , көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталайды.

Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жабайы аңдарды, олардың мекенін, тіршілік әрекетін меңгерді.

Игереді: жабайы аңдар, қасқыр, қоян, түлкі, ою, қысқы орман сөздерін үйренеді.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее