«Зима 2025»

Ілік септігін оқып үйрену

4 сынып Зат есімнің септелуі. Ілік септікті оқып үйренудің 1-сабағы

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

73абақ. САБАҚ: Қазақ тілі Мектеп №17 орта мектеп

ТАҚЫРЫБЫ: Ілік септік

Күні:23.01.2020

Мұғалімнің есімі: Төлеубай Р.

Сынып 4 «А»

Қатысқандар саны: 31

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты

4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ілік септік жалғауларын біледі.

Көптеген оқушылар: Шешім табуға бағытталған сұрақтарды таба алады жəне құрастырады.

Кейбір оқушылар: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері:

Ілік септік жалғауларын біледі.

Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастырып, оған жауап бере алады.

Құндылықтар

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, жаратылыстану

АКТ

Видео

Алдыңғы білім

Септік жалғаулары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10минут


Зейінін шоғырландыру Психологиялық ахуал туғызу.
Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге!
Топка бөлу. «Адамның табиғат-сыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» мақал арқылы топқа бөлінеді: «Табиғат», «Жер», «Адам», «Күн», «Ауа», «Су»

Алдыңғы тапсырма:

(Ұ) «Конверттік тапсырма» тәсілі бойынша кестеге сәйкестендіру аркылы толықтырады

1-топ Септіктерді ретімен орналастыру

2-топ Септіктердің сұрақтарын орналастыру

3-топ Септіктердің жалғауларын орналастырады

4-топ Септіктерге мысал келтіреді

5-топ Оқушы, түлек сөздерін жіктеу

6-топ. Қалпақ, кітап сөздерін тәуелдеу

ҚБ: Бірін-бірі фишка арқылы бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

1.Ілік септік жалғауларын біледі.

2.Шешім табуға бағытталған сұрақтарды таба алады жəне құрастырады.

3.Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Ортасы

10 минут















«Миға шабуыл» статегиясы Видео көрсетілім. Тыңдалым Оқылым, айтылым

41-жаттығу.(Т) Мəтінді оқу.

Сел қалай пайда болады?

Тасқынның жылдамдығы туралы не айта аласыңдар?

Сел тасқыны салдарынан не болады? Ойың мен бөліс.

Сел тасқынының қандай қаупі бар?

Сел апатынан қорғану үшін не істеу керек?

Қарамен жазылған сөздерді(мұздықтардың, тасқынның, селдің) сөз құрамына талдап, сөздердің қосымшалары қай септікте тұрғанын анықтау. Жаңа ақпарат. Ілік септігіне ереже құру және айту

Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұраққа жауап береді. Ілік септігі атау септіктегі сөзге -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды ілік септік жалғаулары деп атайды.

4. Жазылым

42-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Берілген сөйлемдерден ілік септіктегі сөздерді табу.


«Екі тілек,бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Жасаған дəлелдеулерінің екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.


Сергіту:

Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады).

Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолымен ұстайды).

Мен үшін жоқ уағың (қолымен кіші дегенді көрсетеді).

Бəріңе ортақ шуағым (екі қолын көтереді).

Жұптық жұмыс 43-жаттығу

Ілік септігі бар сөз жасау. Берілген сөздерге жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септіктісөз жасау. емен –еменнің, сауысқан – сауысқанның, құндыз-құндыздың, шебер-шебердің

Топтық жұмыс.

1-топ. Венн диаграммасы Атау септік пен ілік септікті салыстыр.





2-топ. Қай сөз артық

Қызыл, үп-үлкен, тар, домалақ, тәтті, жүйрік, көп.

Құйқылжыды, сайрады, талапты, әндетті, шырқады, әуелетті, жырлады.

Ілімнің, әжемнің, есіктің, ғалымның, сенімің, Серіктің.



3-топ. Симантикалық карта

« + » « - »

Әкемнің

інісі

үйге

қонаққа

келді

Зат есім






Сын есім






Сан есім






Етістік






Атау септігі






Ілік септігі






Барыс септігі






Табыс септігі






Жатыс септігі






Шығыс септігі






Көмектес септігі







4-топ.Сәйкестендір

Септіктер

Мысалдар

Атау септігі

дәптерден

Ілік септігі

қаламмен

Барыс септігі

кітапты

Табыс септігі

шкафта

Жатыс септігі

ұлдардың

Шығыс септігі

қалаға

Көмектес септігі

атасы


5

Зат есім

-топ. «Анықта, дәлелде»







6

Зат есім

-топ. «Зат есімнің түрленуі»






Мысалы


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

Толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Аяқталуы

10 минут

ҚБ «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)

(Ұ) Көп нүктенің орнына ілік септікте тұрған сөзді қойып көшіріп жаз:
1. Туған ... түтіні де ыстық.
2. ... өзегі талмас.
3. Ас - ... арқауы.
4. ... шиесін шындық шығарады.
Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

Үйге тапсырма: 44- жаттығу. (Ө;Қ) Жұмбақты оқып, шешуін табу.

Дескриптор:

Ілік септіктегі сөзді табады қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсете алады

КБ: Ілік септігінің жалғауларын ата

Рефлексия ( ұжымда) «Бес саусак» кері байланыс.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

Толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға топта басқарушылық, жұпта жетекшілік міндетін қоямын


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлай мыз?

Топтар бірін-бірі бағалау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болдыма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаты шынай. Оқушылар ілік септіктегі зат есімдерді ажыратып үйренді. Сыныптағы ахуал қалыпты, жұмыс қарқыны қызу жүргізілді. Саралау тәсілім үнемі оң нәтиже береді. Көшбасшылыққа басқалар да ұмтылады. Уақыт жеткілікті болды. Жоспарға өзгертулер мен толықтырулар болмады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Топпен жұмыс 2. Миға шабуыл

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Конверттік тапсырма 2. Видеокөрсетілім

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1. Топтық ойындар мен тапсырмалар сабағымды жетілдіруге көмектеседіү



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее