«Зима 2025»

Информатикалық кафе

Информатика пәнінен сайыс сабақ 7 сыныпқа "Информатикалық кафе"

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Информатика пәнінің мұғалімі – Умиткалиев Ж.М.

Сынып: 7 а,б


«Информатикалық кафе» сайыс сабағы


Мақсаты:

  1. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

  2. Оқушылардың іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау.

  3. Оқушыны тапқырлық пен төзімділікке, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.


Сабақтан тыс шараның түрі: дидактикалық ойын.


Көрнекілік: кафе үлгісіндегі кабинет, үлестірмелі қағаздар, слаид, сілтемелер, ребустар.


Шарты: кафе үлгісіндегі кабинетте информатика мерекесіне қатысушылар үшін үстел әзірленіп, «көршілер», «достар», «туысқандар» сілтемелері қойылады. Ойынға 3 команда 4 оқушылардан қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз».


Төрешілер үшін «Есепшілер конторасы» болады.


Жүргізуші: Құрметті информатикалық кафенің қонақтары бүгін кафеміздің үш столының тапсырыс берген қонақтары бар. Соларды ортаға шақырып, таныстыруға рұқсат етіңіздер. Олар: информатика мерекесіне қатысып отырған «Көршілер», «Достар», «Туысқандар» командаларымен той басқарушыларға «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз! Біздің тағамдарымыздан дәм татып, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз!


Кафенің «бас аспазы» - мен Жанаслан Мендыханұлы

Төрешілер –


Ендеше, мерекеміз ашық, дастархан жаюлы. Ас дәмді болсын!!!

Ас- мәзірі:

  • Жұмбақтарға толы жеміс-жидектер салаты

  • Қуырдақ-«Кім үлгерді, сол жеді»

  • «Біздің дастарханнан-сіздің дастарханға...» сыбаға сұрақтары

  • «Ебін тапқан екі асар» десерт

  • Тоқбасар «Махаббат балмұздағы»



Командалардың өзін таныстыруы және сәлемдесуі.

Командалар өздерінің тапсырмаларын көрсетеді: команданың аты, ұраны, сәлемі.

а) «Көршілер» командасы: 7 сынып

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және информатикалық кафе иелері! Біздерді информатика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер информатиканың көршілеріміз. Ұранымыз: «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық!»

б) «Достар» командасы: 7 сынып

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және информатикалық кафе иелері! Біздерді информатика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер информатиканың достарымыз. Ұранымыз: «Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын!»

в) «Туысқандар» командасы: 7 сынып

Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар және информатикалық кафе иелері! Біздерді информатика мерекесіне шақырғандарыңызға рахмет айтамыз. Біздер информатиканың туысқандарымыз. Ұранымыз: «Ғылым таппай мақтанба!»


Жүргізуші: Кеш қонақтары! Бүгінгі кештің ерекшелігі «ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы орындаған командаға ұтыс беріледі.


Жүргізуші: 1 турымыз Жұмбақтарға толық жеміс-жидектер салаты. Әр жауап 500 теңге

1. Тапсырыс бер, ас мәзір,

Алдыңызда тұр ............. (мәзір)


2. Бір қоймадан таптық,

Буылған көп.................. (қапшық)


3. Ұқтырар ақпарат жайын,

Байттар тізбегі ........... (файл)


4. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)


5. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан (Компьютер)


6. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)


7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)


8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)


9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)


10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)



Жүргізуші: 2 тур Қуырдақ-«Кім үлгерді, сол жеңді» берілген тапсырманы бірінші дұрыс орындаған топқа бір ұпай қосылады. Әр сұрақ 1000 теңге.


Құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған программа* 

Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка


Негізгі менюге не жатады? * 

Word


Курсордың сол жағындағы символды жояды * 

Enter


Word-та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда қай перне басылады * 

Мәтінді форматтау


Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою 

Baskspace




Жүргізуші: 2 тур «Біздің дастарханнан-сіздің дастарханға...» сыбаға сұрақтары

  1. «Көршілер» тобына тапсырма:

        1. Санау жүйесінің түрлерін атаңдар (позициялық және позициялық емес)
          2. Компьтердің минимум тізімін атаңыз (жүйелік блок, монитор, клавиатура)
          3. Сурет салуға арналған программа (Paint графикалық редакторы)
          4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
          5. Драйвердің қызметі не? (компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар, мысалы принтер драйвері, сканер драйвері)
          6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер? (Dr. Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т. б. жатады)
          7. Алғашқы программист әйел (Ада Августа Лавлейс)
          8. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (3)
          9. Excel-дің жұмыс парағы қанша бағаннан және қанша жолдан тұрады? (16000 баған, 100000 жол)
          10. Монитордың неше түрі бар (3)


  1. «Достар» тобына тапсырма:

        1. Компьютер миы? (жүйелік блок)
          2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
          3. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
          4. Алгоритмның 3түрін атаңдар (сызықтық, тармақталған, циклдық)
          5. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)
          6. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
          7. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
          8. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
          9. Мәліметтерді сығымдау деп нені айтамыз? (мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап, көлемін өзгерту)
          10. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт, килобайт, мегабайт, гегабайт, терабайт)


  1. «Туысқандар» тобына тапсырма:

    1. Компьютерлік графиканың түрлерін ата (растрлық, векторлық, фракталды)
      2. Интерфейс дегеніміз не? (комппьтерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушылардың арасындағы өзара байланыс)
      3. MS Excel дегеніміз не? (сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған  Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа)
      4. Ақпараттық процестер?  (сақтау, алмасу, өңдеу)
      5. 1байт неше биттен тұрады? (8)
      6. Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы (сканер)
      7. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
      8. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
      9. Ақпараттық процесті зертейтін ғылым (информатика)
      10. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)


Келесі тағам: «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.

Бұл сұрақтар белгілі бір сандардан тұрады. Берілген сандарға қарап ойыншылар «нені білдіретін сандар» екенін айтуларына болады. Ойыншылардың тапқырлығы мен фантазиясы бағаланады. Соңғы сұрақтағы сан қазақ мақал-мәтеліне байланысты. Командалар өз билеттерін оқып таныстырған соң 2мин ойлануға болады.


1 Информатика пәнін оқысаң ерінбей,

Компьютерді жетік білерсің тіленбей.

2 Елді ер сақтайды,

Компьютерді антивирус сақтайды.

3Колонкасыз компьютердің үні шықпас.

4.Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды.

5. Білмесең «анықтамадан» сұра

6. Жігітті компьютеріне қарап бағала


Жауабы:

1 Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2Ат ерді сақтайды,

Ер елді сақтайды.

3Жаяудың шаңы шықпас

Жалғыздың үні шықпас.

4.Бірлігі күштіні- жау алмайды

5.Жігітті досына қарап бағала.

6.Білмесең білгеннен сұра.
























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее