«Зима 2025»

Қанаттылар тіршілігі

Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап

береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки


Тақырыбы: Қанаттылар тіршілігі

Күні:

Сынып/топ: Мад 0«А»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


ҰОҚ оқытылу

мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс

дыбыстайды. Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер

қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке

қатысады.


Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап

береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: құс - птица - bird

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Шыбын-шіркей, инелік

Пікір алмасу сұрақтары:

Біздің айналамызды нелер қоршап тұр?

Жыл құстарын ата.

Үй құстарын ата.

Олардың ортақ белгілері қандай?

Өткен ҰОҚ алған білім

Мектепке не үшін барады, онда не істейтінін біледі?

Ресурстар


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

Психологиялық ахуал

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып, көгерсін.

Бұрынғыдай бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Кіріспе бөлім.

а) Мұғалім: Балаларбір жылда неше мезгілі бар. Қазір жылдың қай мезгіл? - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады? - Қазір қай ай?

- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?

 - Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады.

ІІ. Мақсатты болжам.

Д/о «Кім жылдам?»

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанаттылар тіршілігі» деп аталады

Құстар екі топқа бөлінеді:жабайы құстар және үй құстары. Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу, бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.

Үй құстары:тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады.

Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді.



Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.

Д/о. «Қай дыбыстан басталады?»

Д/о «Кім тапқыр?»

Сергіту сәтін өткізу.

Қазым, қазым, қаңқылда,

Көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын, жейсің бе,

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті, болмайды ас.

Арпа менен бидай шаш





ІІІ. Тақырып бойынша

жұмыс.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма.

Тіл ұстарту:

Ма-ма-ма – құс шоқиды алма,

Ме-ме-ме – балам, оған тиме,

Ма-ма-ма – қасына да барма,

Дай-дай-дай – құстарға сеп бидай.

Педагог:

- Балалар, қанаты бар тағы қандай тіршілік иелерін

білесіңдер?

- Құстар немен қоректенеді?

- Қанаты бар масалар, көбелектер, шыбын-шіркейлер,

инеліктер жылдың қай мезгілінде өмір сүреді?

- Құстар мен жәндіктердің арасында қандай ортақ

белгілер бар?

Топтық жұмыс.

1- топ. Бүркіт суретін бояу,ол туралы не білетінін айту

2- топ. Құс суретін жапсыру,ол туралы айту

3- топ. Тоқылдақ суретін бояу,ол туралы не білетінін айту

4- топ. Құс суретін жапсыру,ол туралы айту

ә) Суретпен жұмыс.

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, жем салды, т.б.

3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал.

Көк көбелек, көк көбелек,

Көздері дөп-дөңгелек.

Гүл көрсе, күлімдейді,

Қолыма ілінбейді.

Көк шөптің арасынан

Түр-түсі білінбейді. (Б. Қожабекұлы)

Әліппе-дәптер































Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Педагог қорытынды жасайды.

Балаларды марапаттайды.




Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

Рефлексия.

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан көбелекті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын жасыл қарындашпен.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее