«Зима 2025»

Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл (Баяндама)

Мен өзімнің болашағыма сенемін.Осы мамандық бойынша жұмыс жасап жүрмін.

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз –Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ елі жетті. 1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз. Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.

2016 жыл мемлекетімізбен халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бірқатар мерейтойлар мен атаулы күндерге толы болды.

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы . 2016 жылы Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы.

Есімдері халық жүрегінде сақталған, халқымыз бен жерімізді қорғап, өздері сол жолда құрбан болған батырларымыз да, еселі еңбек сіңірген немесе ұлтына рухани мол мұра қалдырған қайраткерлеріміз де көп. Биыл бірқатар арыстарымыздың мерейтойы аталып өтеді. Соның ішінде 1836-38 жылдары еліміздің батысында болған халық көтерілісінің қолбасшысы Исатай Тайманұлының 225 жылдығы өтетіні жоспарланған.

2016 жылы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске (1836 жыл) 180 жыл толады. 2016 жылы ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығы аталып өтеді. Халыққа білімнің нұрын шашқан, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы да кең көлемде тойланады деп жоспарлануда. Қазақтың жыр дүлдүлі, ақын Қашаған Күржіманұлының және әйгілі сазгер Мұхит Мералыұлының 175 жылдық мерейтойлары да аталып өтпек. 2016 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Халық ақыны Қазанғап Байболұлының және ақ күріштің атасы атанған еңбек майталманы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың да 125 жылдығы 2016 жылғы маңызды іс-шаралар қатарында тұр.

2016 жылы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толады.

Бұдан 55 жыл бұрын, яғни, 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы алғаш рет ғарышқа аттанды. Юрий Гагарин адамзат тарихында ғарыш кеңістігіне көтерілген тұңғыш азамат. Ал 25 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңестер Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті. 10 қазан күні Жерге оралды. Биыл Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына 25 жыл толады. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Осы орайда, 29 тамыз Қазақстанның бастамасымен бүгінгі таңда Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні болып белгіленді. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Әрбір іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыруға шақырса, ол халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз. Мәні зор іс-шараларымыз игілікті, мерейтойларымыз мәртебелі болғай!

Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее